Педагогика
Мектеп
мұғалімінің өзіндік дамуындағы кәсіби
рефлексия
Бабаева
Жанар Алиқызы,
№184 мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі,
Жаңақорған ауданы, Қызылорда
облысы, Қазақстан Республикасы
Бүгінгі уақыт, қоғам
мектептегі басты тұлға мұғалімге білімді,
еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға талаптар қойып
отыр. Қазіргі уақыттағы мұғалімнің
біліктілік деңгейі де, ішкі жан дүниесі де жетілген,
жан-жақты болуы керек, өйткені қазіргі күні ХХІ
ғасыр ұрпағынан үлкен үміт күтілуде.
Биылғы Президент Жолдауында халықты үнемшілдікке
үндеумен қатар, жастарды ғылым мен техниканы меңгеруге
шақырды. «Білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді
болуға қазірден бастап дағдыланыңдар. Жұмыс пен
сұраныс бар өңірге батыл барыңдар. Шеберліктің
шыңына жете білсеңдер мамандықтың бәрі
жақсы. Біз жүзеге асырып жатқан түбегейлі реформалар
мен атқарып жатқан қыруар істердің бәрі сендер
үшін, болашақ үшін жасалуда», деді Елбасы.
Заманауи оқушыларды рухани жан-дүниесі
бай, білімді, тәрбиелі, жан-жақты дамыған жеке
тұлға ретінде қалыптастыру мұғалімнің
қолында. Келешек ұрпақты біліммен сусындату, өзі
алған білімдерін өмірде, кез келген жағдайда қолдана
білетіндей дәрежеге жеткізу керек.
Орта білім беру жүйесіндегі әлемдік
жоғары деңгейге қол жеткізген танымал білім беру
әдістемелері арасында сындарлы теориялық оқыту
технологиясының орны ерекше. Бұл оқытудағы
күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу
керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік
дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни
пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, қазақ,
орыс, ағылшын тілдерін өз деңгейінде меңгеруімен
қатар, сандық технологияларда құзырлылық
танытатын оқушы ретінде қалыптастыруын қамтиды. Әрине,
осындай тұлғаны қалыптастыру мұғалімге
үлкен жауапкершілік жүктейді.
Қазіргі заманауи педагог әрбір
сабақтан кейін «Өз сабағымда қандай жетістікке жеттім
немесе жете алмадым», «Сабақ ойдағыдай өтті немесе
өтпеді?», «Неліктен сабақтың бұл қадамы
орындалған жоқ?» деген сұрақтарды үнемі
қойып, ізденуі және өз жұмыстарына рефлексия жасауы
керек.
Мұғалімнің өзіндік
әдістемелік дамуыңда ол «Неліктен осындай жағдай орын алды не
алмады?», «Кемшіліктерді қалай жетістікке айналдырамын?», «Келешекте
іс-тәжірибемді қалай жақсартамын?» деген
сұрақтарды үнемі қоя отырып, кәсіби рефлексия
жүргізе білулері керек.
Қазіргі жаңа формация педагогін
«рефлексивті практик» деп атауға болады, яғни ондай педагог
өзінің оқыту және оқу тәжірибесін дамыту,
өзгерту және жетілдіру әдістерін мұқият
және үнемі ойластыратын педагог.
Жаңа педагогикалық технологиялардың
әдіс-тәсілдерін сабақтарда қолдану, олардың
тиімділігін айқындап меңгеруде кәсіптік,
интеллектуалдық, адамгершілік, рухани, азаматтық және адами келбетінің
қалыптасуына игі әсер тигізеді және оқу-тәрбие
үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.
Мұғалімдер өз білімдері мен
кәсіби дайындықтарына сүйене отырып, өз жұмыстары
туралы толғаныста болады. Рефлексивті ойды шешуге жататын
мәселелерді зияткерлендіру тұрғысынан идеялар мен болжамдарды
дамытып, практикалық жағдаяттардың зерттеулеріне бастама
жасалғанда іске асырады. Осылайша оқытуға ерекше ықпал
етеді.
Заман уақытына сай жаңа формация педагогі
әрбір сабаққа үлкен дайындықпен, жаңаша
әдіс-тәсілдермен, түрлі тапсырмалармен келгені абзал.
Өйткені болашақ ұрпақтың дамуы
мұғалімнің белсенділігіне, білім деңгейіне,
шығармашылық іс-әрекетіне байланысты.
Оқытудың
жаңа ақпараттық технологияларымен қатар,
мұғалім өз сабағында интербелсенді оқытуды
пайдаланады, ойын әдіс-тәсілін қолданады. Ойын арқылы
ұстаз қойған мақсаттарына жетеді. Ойынға
қатысушы оқушылар мұғалімдермен өзара
қарым-қатынастарын көтереді, әрі өздерінің
қабілеттерін тексеруге мүмкіндік тудырады, сонымен қатар
ұйымдастыру қабілеттерін арттыра отырып сабақ кезінде
қуаныш сезімін оятады.
Оқу
үрдісінде тиімді ойындардың бірі төмендегідей: А) Іскерлік
оқу ойындары: саяхат және блиц ойындары. Ә) Өндірістік
ойындар.
Рөлдік ойындар
- интербелсенді әдістердің тиімді бір түрі. Рөлдік
ойындар екіге бөлінеді: 1. Әрбір оқушы рөлде ойнайды.
2. Оқушылардың шағын топтары рөлде ойнайды. Іскерлік
оқу ойындары: сабақ тақырыбына жазылған сценарийлерге
қысқа жағдаяттар ойнау.
Ал саяхат
ойындарында оқушылар күнделік жүргізеді немесе достары мен
туыстарына хат жазады. Ал блиц оқу ойындары, олар шағын ойындар,
оқушылардың нақты біліктері мен дағдыларын
дамытуға бағытталады және мынадай түрлері
фотосуреттерді баяндау (отбасы мүшелерін, достарын, өз
үйіңді, бөлмеңді), сұхбат алу (мерекелер
тақырыбында), шындық детекторы (дұрыс, қате) т.б.
болады: Өндірістік ойындарда әлеуметтік және
экономикалық маңызы бар күрделі мәселелерді шешуге
болады. Мектептегі шетел тілін оқыту әдістемесі бойынша ойындарды
екі түрге бөлуге болады. Олар: дайындық ойындары және
шығармашылық ойындары. Дайындық ойындарына
грамматикалық, лексикалық, фонетикалық және орфографикалық
ойындар жатады. Грамматикалық құрылымдарды есте сақтау
қиынға соғады және оқушыны жалықтырады. Сол
себептен ойын бұл тапсырманы жеңілдетеді.
Қорыта айтқанда, мұғалім
өзіндік дамуына кәсіби рефлексия жасай отыра, жаңа
әдіс-тәсілдерді жетік меңгеруге қалыптасып, сапалы
нәтижеге жетуге мүмкіндік береді. Өз жұмысында
рефлексия жасап, заман талабына сай дағдыланады, үйренеді, өз
әрекеттері арқылы дамиды.
1. Уваров А.Ю. Инновационные педагогические практики: распространение//
Школьные технологии. - 2008. - №3. - 55-63 б.
2. Кларина Л. Инновационная деятельность: становление, развитие,
эффективность //Директор школы. - 2001. - №10.- 72 б.