Л.С.Скакова, Н.Т.Бегалиева
М.Мәметова атындағы гуманитарлық
колледжінің оқытушылары
Қызылорда қаласы
Әлеуметтік педагогтың қиын
жасөспірімдермен жұмыс
жасауы және оларды қайта тәрбиелеу
жолдары
Еліміздің
әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету кезінде адам факторы
жаңа негізде қаралып, жаңа адамды қалыптастыру
барысында әр бір жасөспірімнің субъективті талап-тілегін
ескеріп, бейім-қабілетін және тіршілік өмір өрісін,
белсенді саналы шығармашылық қасиетін одан әрі-дамыту
кезек күттірмейтін мәселе. Саналы және мақсатты
бағдарлы тұлғаны қалыптастыру – ең басты
бүгінгі қоғамымыздың жоспарлы қағидасы.
Күнделікті өмірде мінез-құлық ерекшеліктері
және жеке ерекшеліктер мен өзгешеліктер арасындағы байланыстар
байқалады, осы ерекшеліктердің дұрыс құрылмауы
мінез-құлықтың кері әрекеттерінің пайда
болуына әкеліп соғады. Осыдан зерттеу тақырыбының
терең теориялық және тәжірибелік өзектілігі
байқалады.
Тәрбие ұғымы
мәнді де мағыналы ұғым. Әл-Фараби «Тәрбиесіз
берілген білім, ол адамзаттың қас жауы»- деген. Мектеп педагогтары балаларды
оқытып, тәрбиелеу кезінде тәртібі нашар, білім деңгейі
төмен оқушыларды жиі кездестіріп отырады. Бір сөзбен
айтқанда қиын балалар – бұлар оқуға,
еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ
балалар. Олар дөрекі, әдепсіз, барлық жағымсыз
әдеттерге еліктеуге бейім келеді.
Қиын балалар және
мінез-құлықтағы қиындық ұғымы
1920-30 жылдары П.П.Блонскийдің еңбектерінде зерттеле бастады.
П.П.Блонский «Педагогика курсы» еңбегінде шетел ғалымдарының
зерттеулеріне сүйене отырып, қиын балалар проблемаларын шешуді
көздейді. Зерттеуші қиын балалардың
мінез-құлықын мектеппен, отбасы тәрбиесімен,
жанындағы араласатын достарымен байланыстырады. П.П.Блонский қиын
балаларға мынадай мінездеме береді: «Объективті көзқараспен
қарағанда қиын оқушы – ол мұғалімнің
жұмысының жемісті еместігіне байланысты. Субъективті
көзқараспен қарағанда қиын оқушы – онымен
мұғалімге жұмыс істеу өте қиын,
мұғалімнен көп жұмыс істеуді қажет ететін
оқушы». П.П.Блонскийдің ой-тұжырымы бойынша қиын
балаларды қайта тәрбиелеудің бірден-бір жолы – қиын
балаларды мәдениетсіз ортадан мәдениетті балалар ұжымына
біртіндеп қосу болып табылады. В.М.Бехтеров қиын балалар
проблемаларын 1917 жылы көтерді. Ал Л.С.Выготский қиын балалардың
психологиялық ерекшеліктерін теориялық тұрғыда
қарастырып, қалыпты дамып жатқан балалар мен қиын
балалардың тәрбиесі жөнінде баяндамасын 1924 жылы Екінші
Бүкілодақтық съезде жасады. Г.А.Фортунатов «қиын
балалар» қатарына сабағы нашар және тәрбиеге көнбейтін
балаларды жатқызады. Ал И.А.Невский қиын баланың пайда болуы
отбасындағы, мектептегі жүргізілетін оқу-тәрбие
жұмыстарының жеткіліксіздігінен деп түсіндірді. В.Г.Степанов
«қиын балалардың» үш белгісін атап өтеді: «Первым
признаком является наличие у детей или подростков отклоняющегося от нормы
поведения. Для удобства пользуются сокращением «отклоняющееся поведение». Для
характеристики отклоняющегося поведения используют также специальные термины –
«делинквентность» и «девиантность». Под делинквентным поведением понимают цепь
проступков, провинностей, мелких правонарушений, отличающихся от криминальных,
т.е. уголовно наказуемых, серьезных правонарушений и преступлений. Под
девиантностью разумеют отклонение от принятых в обществе норм. В объем этого понятия включаются как
делинквентное, так и другие нарушения поведения (от ранней алкоголизации до
суицидных попыток).
Под «трудными» школьниками
понимаются, во-вторых, такие дети и подростки, нарушения поведения которых
нелегко исправляются, корригируются. В этой связи следует различать термины
«трудные дети» и педогогически запущенные дети». Все трудные дети, конечно,
являются педогогически запущенными. Но не все педагогически запущенные дети
трудные: некоторые относительно легко поддаются перевоспитанию.
«Трудные» дети, в-третьих, особенно нуждаются в
индивидуальном подходе со стороны воспитателей и внимании коллектива
сверстников. Это не плохие, безнадежно испорченные школьники, как неправильно
считают некототрые взрослые, а требующие особого внимания и участия окружающих»
[1].
Бірқатар қазақстандық
педагог-зерттеушілер В.Г.Баженов, А.Жұмабаев, К.А.Жүкенов,
А.М.Карабаев, И.Ф.Назаров, В.А.Пафенов, В.А.Трифанов, В.П.Шевченко,
Л.В.Лысенко, Л.К.Керимов және т.б еңбектерінде қиын балалардың
мінез-құлқы, жағымсыз қасиеттері, қиын
баланы қайта тәрбиелеу мәселелері сөз болады.
Психологияда «Қиын балалар»,
«Мінез-құлқында ауытқу бар оқушылар», «Қиын
тәрбиеленуші» деген сияқты терминдер қалыптасқан. Сонда
қиын балалар деген кімдер? Олардың қандай айырмашылығы
бар? Олармен қандай жұмыс түрлерін жүргізген
дұрыс? Қиын баланың пайда болуына не немесе кім ықпал
етеді? деген сияқты сұрақтар туындауы мүмкін.
Қазақ тілі
терминдерінің педагогика және психология бойынша түсіндірме
сөздігінде «қиын балалар» ұғымына мынадай
анықтама беріледі: «Қиын балалар – тұлғалық
дамуында көрінеу ауытқулары бар екенін көрсететін балалар
санаты. Әдетте, балаларды бұл санатқа қосқанда
олардың оқу-тәрбие процесінің дұрыс өтуіне
кедергі болатын даралық-психологиялық ерекшеліктерінің
сыртқы көріністері негізге алынады. Баланың
мінез-құлқындағы кәнәраттардың
себептері алуан түрлі болады, оның «қиын» деп бағалануы
көбіне нақты психофизиологиялық сипаттамасын
көрсетпейді, ол туралы ата-аналар мен педагогтардың пікірін
білдіреді... [2,128].
Ғалым Л.Керімов қиын балаларды қайта
тәрбиелеудің тиімді жолдарын қарастырып, мынандай талаптар
қояды:
- қиын жасөспірімнің
пайда болу себеп-салдарын білу және әрбір оқушының
өзіндік ерекшеліктерін, тәрбие жағдайын айқындау;
- мінез-құлқында аз
да болса оңды өзгеріс байқалса, соны дамытып, теріс
қылықтарына өзін қарсы қойып, өзін
қайта тәрбиелеуге дайындау;
- отбасы тәрбиесіндегі
кемшіліктерді жою, ата-ана мен бала арасындағы қатынасты
жүйеге түсіру;
- қиын жасөспірімнің
ынта-ықыласын, талап-тілегін, қызығушылығын ескеріп,
қоғамдық пайдалы еңбектерге қатыстырып,
тапсырмаларды бар зейінімен орындауға бетбұрыс жасау;
- өзін-өзі қайта
тәрбиелеуге қабілеті жететіндігіне сенімін арттыру, жеке басын
құрметтеу, біркелкі талаптар қою, педогогикалық
ынтымақтастық қатынаста болу» [3].
Сонымен қатар Л.Керімов қиын оқушыларды
қайта тәрбиелеудің үш кезеңін көрсетеді:
Бірінші кезең – дайындық кезеңі. Бұл кезеңде
оқушы тәртібінің төмендеу себептері анықталады.
Қиын оқушының бойындағы жақсы қасиеттер
айқындалып, осы жақсы қасиеттерін негізге ала отырып,
оқушыны қайта тәрбиелеудің болашақ жоспары
жасалады; Екінші кезең – педогогтың сынып алдындағы
жауапкершілік кезеңі. Педогог өзінің мағыналы ісімен
сынып алдындағы абыройға ие болғанда ғана қиын
жасөспірімдермен жағымсыз қылықтарының ішінен
тәуір қасиетін бөліп алып, соған оқушының
өз назарын аударуға болады. Үшінші кезең –
өзгеріс кезеңі. Бұл кезеңде қиын баланың
ішкі дүниесінде «күрес» пайда болады. Күреске
шыққан екі қарсыластың бірі – бұрынғы теріс
қылықтары да, екіншісі – қалыптаса бастаған жаңа,
жақсы мінез машықтары [3].
Зерттеуші
Қ.Өтеген мектеп тәжірибесіне сүйене отырып,
тәртібі қиын оқушылар ұғымын былайша
топтастырады:
1. Отбасындағы әлеуметтік және психологиялық
жағдайдың дұрыс болмауы салдарынан ата-ананың
қадағалауынан тыс қалған оқушылар;
2. Санаткерлік (интеллектуальдық) процестердің (ойлау
операциялары, әрекет етудің ішкі жоспары, сөйлеу, қиял,
қабылдау, есте сақтау, зейін) даму көрсеткіштерінің
төмен болуына байланысты бағдарлама материалындағы
теориялық білімді қабылдауы мен меңгеруі қиын,
яғни үлгерімі төмен оқушылар;
3. Мінез-құлқында адамгершілікке жат қылықтар
бар қиын оқушылар (өтірік айтушылық, арамдық,
өзімшілдік, мақтаншақтық, тәкаппарлық,
даңғойлық, жалқаулық, т.б.);
4. Эмоциялық дамуында кемшіліктер бар қиын оқушылар
(эмоциялық децентрацияның жоқтығы, эмоциялық
көңіл күйдің шектеулігі, эмоциялық болжап
қоюдың болмауы, синтонияның, яғни басқа
адамның, ең алдымен жақын адамның эмоциялық
көңіл-күйіне назар аудару қабілетінің
жоқтығы, эмоциялық өздігінен басқарылуға
тән құбылыс ретінде өз кінәсін сезінудің
болмауы, жағымсыз эмоциялардың болуы, қорқақтық,
тұйықтық, агрессиялық, гипербелсенділік,
«гипердинамикалық синдром» - эмоциялық басқарылу
жүйесінің бұзылуы);
5. Қоршаған ортаның күткен үмітіне сәйкес
келмеуден қорыққаннан, өзгелер оңай орындап
жатқан істің, өзіне қиын соғатынын
түсінгеннен өзін өзгеден төмен сезінетін, яғни
өзін-өзі бағалауы төмен қиын оқушылар [4,17].
Ғалымдардың (В.А.Сухомлинский,
В.И.Чередниченко, А.М.Прихожан, Г.А.Уманов, Н.Н.Толстых, Л.К.Керімов т.б.)
зерттеу жұмыстарының дәлелдеуінше, қиын
оқушылардың пайда болуына үш фактор себепші болатыны
анықталған:
1) Отбасы тәрбиесінің дұрыс
ұйымдастырылмауы, яғни тұрмыстағы ұрыс-талас,
дау-жанжал, маскүнемдік т.б.;
2) Мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарын
ұйымдастыруда кеткен кемшіліктер, яғни жекелеген
оқушылардың мінез-құлық ерекшеліктерін, ынта-ықыласын,
қызығушылығы мен талап-тілегін ескермеу;
3)
Жұртшылықтың тәрбие үрдісіне толық көңіл аудармауы салдарынан
бос уақыттың ұтымды ұйымдастырылмауы.
Қорыта келгенде, жоғарыдағы
ғалым-зерттеушілердің ой-пікірлерін тұжырымдай келе
«қиын бала» дегеніміз – мінез-құлқында кінәрат
бар, тәрбиеге көне бермейтін, оқу бағдарламасын
дұрыс меңгере алмайтын оқушылар. Қиын
оқушының пайда болу себептеріне келетін болсақ, біріншіден,
отбасындағы тәрбиеге, екіншіден, мектептегі оқу-тәрбие,
қоғамдық жағдай мен өмірдің тұрмыс
жағдайын байланысты.
Әдебиеттер
тізімі:
1.
Степанов В.Г. Психология трудных школьников: Учебное
пособие для учителей и родителей. –М.: Академия, 1997. -320 с.
2.
Қазақ тілі терминдерінің салалық
ғылыми түсіндірме сөздігі: Педагогика және психология
\\ Жалпы ред. бас. А.Қ.Құсайынов. -Алматы: Мектеп, 2002.
3.
Керімов Л. Қиын баланы қайта тәрбиелеу.
–Алматы: Рауан, 1996. -77 б.
4.
Өтеген Қ. Тәртібі қиын оқушыларды
этнопедагогика құралдары арқылы адамгершілікке
тәрбиелеудің педагогикалық шарттары // Педагогика ғылым. канд. …
дисс. –Алматы, 2007. –149 б.