«МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЫН
ЕРЕКШЕЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ»
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының
«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» кафедрасының
ассистенті
Минайдарова М.И.
Қазақстан Республикасының 2011-2050
жылдарға арналған білім
беруді дамытудың мемлекеттік
бағдарламасында мектеп жасына дейінгі балалардың бойына
оқу қызметін меңгерту, ол танымдық белсенділікті
дамытудың басты бағыты болып
саналады.
Бүгінгі таңда
қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген,
бойында ұлттық сана мен психология қалыптасқан
парасатты азамат тәрбиелеп өсіру - отбасының,
балабақшаның, барша халықтың міндеті.Заман алға
қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін
мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі
жаңарту көзделуде. Қазіргі өмірдің
өзінен туындап отырған талаптарды орындау,
жаңалыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие
негізінің бастау бұлағы-мектепке дейінгі ұйымдардан
басталады.
Мысалы, мектепке
дейінгі кезеңдегі кішкентайлар бір ойынды 30-50 минут ойнайтын болса, 5-6
жасқа жеткенде ойынның ұзақтығы 1,5
сағатқа дейін созылады. Мұны ойында адамдардың
күрделірек іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарының
бейнеленуімен және ойынға үнемі енгізілетін жаңа
ахуалдардың қолдау табуымен түсіндіруге болады [3].
Ойын – мектепке
дейінгі жастағы балалардың
негізгі іс - әрекетінің бір түрі. Ойын барысында
баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Ойын
барысында балалар дүниені тани
бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап, сезініп білдіруге
мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді. Бүгінгі
күн талабы – баланың ақыл - ойын парасаттылығын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру,
өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай
ойы жүйрік етіп тәрбиелеу. Сондықтан да баланың танымын
алғашқы күннен бастап дамытудың, бойында оқыту
мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың
құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың
жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды
қызықтырып,уақыт өткізудің құралы
болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің
құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу
жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде
ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілетін
арттыруға жағдай жасау мектепке дейінгі
мекеме педагогтарының негізгі міндеті [5].
Ойын бала үшін еліктеу, инстинкт
күнделікті негізгі іс - әрекет және өмірі деп
дәлелдеген. Н. Құлжанованың айтуы бойынша ойынды
әдептілік, тәрбиелік мақсатқа пайдалану – болашақ
өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеу және
өмірдің талаптарына сай бейімдеу деп түсіндірген.
Абай
Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән
салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай
баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың
өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық
ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады[6].
Адам
іс-әрекетінің ерекше бір түрі – ойынның пайда болуын
зерттеушілердің біразы өз еңбектерінде өнер және
ойын көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы
деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның
бейнелі сәулесі қылаң береді. Жалпы ойынға тән
нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен
үлкендердің түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені
белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, ал сол мақсатқа
жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты.
Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және
эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр.
Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық,
тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау,
ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі
психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді[8].
Ойын – балалар
өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен
табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және
халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын
тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен
тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке
бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер
ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол
мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп К.Чуковский бала денесінің дамуы
мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей
тәуелді екендігін атап көрсеткен[10].
Ойын арқылы
бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына
ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті
сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына
ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай
бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының
өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге
тәуелсіз. Ол озін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық
дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен
құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы,
сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады[11].
Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озған, өмірде де озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі
жастағы баланың ойынға деген құлқы,
қарым- қатынасы, мінез- құлық көріністері
олар өсіп- есейгенде де жалғасы береді.[12].
Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға,
шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады.
Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін
жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік
таным- түсінік, мінез- құлық әдептерін бекітуіне
әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші
әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады,
дүние сырын ашады.
Әр түрлі
іс-әрекеттерді игеру үйрету мен тәрбиенің әсері
арқылы өте тұрса да,ол тек ересектердің қалауына
ғана байланысты нәрсе емес:бала кез келген іс-әрекеттерді
игере бермейді. Бұл екі себеппен
анықталады. Біріншіден ,әуелі неғұрлым қарапайым,содан
соң мейлінше күрделі қимылдар үйретіледі және
баланың қабылдауына мүмкіндігі бар күрделірек
дәрежесі әрқашан бұрынғы қол жеткен
дәрежемен шектеліп отырады. Екіншіден ,бала жаңа іс-әрекетке
үйренуі үшін, ол балдырғанның қажетіне және
мүддесіне сай келуі,оны қызықтыратын болуы тиіс.
Мәселен, мектеп жасына дейінгі бала жаңа іс-әрекетті,егер олар
ойын түрінде көрсетілсе және ойын үстінде пайдаланылса,
басқа жағдайларға қарағанда едәуір
жақсы және жеңіл игереді. Бір зерттеу кезінде мектеп жасына
дейінгі балаларға олар үшін
қиын тапсырма-ұзақ уақыт өздерін бірқалыпта
ұстау ұсынылған [13].
Сәбилік шақта баланың үлкендерге
көңіл бөлуі
заттарға ауысып, ол заттық іс-әрекетке ауысады. Заттарды
қолдануды игере отырып,бала неғұрлым тәуелсіз
болады,үлкендердің іс-қимылына еліктеуге,солармен бірге әрекеттенуге
,өзінің кейбір іс-әрекеттері туралы белгілі
көзқарас білдіруді(көңіл бөлуді,қолдауды)
талап етуге мүмкіндік алады. Келесі қадам-рольді ойынға
көшу .Бала дербестік
көрсете бастайды,ол өзінше үлкен болуға,
оның рөлін орындауға, заттар мен оқиғаларға
ересектерше билік жүргізуге тырысады. Сонымен ,балалардың
қажеті мен құштарлығы үнемі үлкендермен
байланысты. Баланың мүмкіндігі артқан сайын бұл
байланыс жаңа формаға ие болады. Жетекші іс-әрекеттің
жаңа түрлерінің пайда болуына негіз болып табылатын тың
қажеттіліктер дүниеге келеді.Жаңа іс-әрекеттерді игеру
баланың мүмкіндігін арттырады жіне жетекші іс-әрекеттің
пайда болуы үшін алғышарт болып табылады [14].
Ойындардың негізгі мақсаты
балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте
сақтау, қабылдауын дамытуғы, икемділікті арттыруға,
өзінің жеке құрбыларының іс- әрекетін
бағалай, құрметтей, өз ісінің
дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру.
Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол
ойындардан үлкен де мәнді, мағыналы істер туындап
өрбитінін байқаймыз. Өйткені ең алдымен не
нәрсенің болсын жөн бастар қайнар көзі болатыны
белгілі. Сондықтан да ойын бала бойындағы қандай да бір
өнердің бастауы деп білеміз.Сонымен балалардың сөздік
қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма- жаттығуларды қолдану
үлкен нәтиже береді.
Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша
сөйлеу машығын игереді., таным белсенділіктері қалыптаса
түсіп, ақыл- ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік
қасиеттер бойына сіңіреді. Ұрпақтан
ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі
үлкен мәні бар мәдени шығармашылық- саусақ
ойыны. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған
ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан- жануарларды,
құстарды, ағаштарды т.б көптеген бейнелерді бейнелей
алады [15].
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Меңжанова А.Н. Мектеп жасына дейінгі педагогика
Алматы 1992.
2.
Балбөбек бағдарламасы-Алматы 2000.
3.
В.И.Ядышко, Ф.А.Сохина Мектепке дейінгі педагогика
Алматы.1982