Педагогика
Болашақ маманды кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке
даярлауда практиканың алатын орны
Самбеткулова Назира Нургалиевна, магистр, аға
оқытушы
Қазақ
ұлттық аграрлық университеті
Алматы
қаласы, Қазақстан Республикасы
Қоғамды
қайта құруда білім беруге, оның ішінде инженерлік-
педагогикалық, кәсіптік-техникалық білім беруге маңызды
орын беріледі.
Болашақ
кәсіптік оқыту мамандарын даярлауда кәсіптік-техникалық
білім берудің табысты болуы ең әуелі педагог
тұлғасына, кәсіптік білім берудің қазіргі
жағдайларындағы оның кәсіби-педагогикалық
іс-әрекетке даярлығына, адамгершілік мүмкіндігі мен
педагогикалық шеберлігіне және т.б. байланысты.
Сондықтан
инженерлік-педагогикалық білімдері бар маманның
кәсіби-педагогикалық жағынан қалыптасуының
педагогикалық шарттарын, заңдылықтарын және
ерекшеліктерін зерттеу аса көкейкесті проблемаға айналып келеді.
Ауылшаруашылығын
өркендетуде сала мамандарының, қарапайым кәсіп
иелерінің алатын орны ерекше екендігі айтпаса да түсінікті.
Бұл
мәселеге еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев әр кез
жете көңіл аударып келеді. Елбасы Қазақстан
халқына Жолдауында: «Барлық деңгейдегі техникалық
және кәсіптік білім беруде дамытуға бағытталған
тиісті шаралар қолдануымыз шарт» деген болатын. Бұл сөздер
білім беру және атқарушы билік жүйелеріне үлкен
міндеттер жүктейтіндігі белгілі. Президент сөзінің
қалай жүзеге асып жатқандығына назар аударар
болсақ, қазіргі күні техникалық және
кәсіптік білім беру бағыттарында орын алып отырған
олқылықтар да, үлгі аларлық тәжірибелер де
жеткілікті.
Қазіргі
кәсіптік оқыту педагогі еңбегінің тиімділігі оның
педагогикалық даярлығының мазмұнына, университеттегі
оқу процесінде алған педагогикалық білімдеріне, іскерліктері
мен тұлғалық сапаларына тікелей байланысты.
Студенттердің
– болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының
психологиялық-педагогикалық
іс-әрекетінің мәнін, өмірлік мағынасын,
еңбегінің функциональды құрылымы мен мәнділігін
түсінуді ғана емес, сонымен бірге өзін
ғылыми-техникалық және әлеуметтік прогрестің
субъектісі және белсенді қайраткері ретінде түсінуін
қамтамасыз етеді.
Кәсіптік білім
берудің негізгі бағыттарында болашақ кәсіптік
оқыту мамандарын даярлауды жақсарту мақсатында
студенттердің оқу еңбегі мен педагогикалық практикасын
әлдеқайда сапалы және тиімді педагог-тәрбиеші
жаңа білімдермен және жоғары практикалық
даярлықпен қамтамасыз етілуі тиіс. Олардың
психологиялық-педагогикалық және әдістемелік
даярлықтарын едәуір жақсартып, оларды студенттер
ұжымдарына, топ жетекшілігіндегі іс-әрекеттің белсенді
формалары және дағдыларымен қамтамасыз ету керек.
Педагогикалық
практика кәсіптік оқыту педагогының кәсіби
даярлығы жүйесінде мынадай маңызды қызметтерді
атқарады: оқытушылық (теориялық білімдерін
көкейкестілендіру, тереңдету және кеңейту, оларды
нақты педагогикалық мәселелерді шешуге қолдану,
педагогикалық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру),
дамытушылық (болашақ педагогтың танымдық және
шығармашылық белсенділігін дамыту, педагогикалық ойлауын
дамыту), тәрбиелік (педагогтың әлеуметтік белсенді
тұлғасын, ғылыми дүниетанымын, идеялық сенімін,
кәсібіне орнықты қызығушылығы мен
сүйіспеншілігін қалыптастыру); диагностикалық (болашақ
педагогтардың кәсіби бағытталуын, педагогикалық
іс-әрекетке кәсіби даярлығы мен жарамдылығының
дәрежесін анықтау).
Болашақ
кәсіптік оқыту мамандарын даярлауда педагогикалық
практиканың алатын орны ерекше.
Педагогикалық
практика - студенттерді педагогикалық іс-әрекетке даярлау
жүйесінде маңызды орын алады. Бұл практика
оқытуға, үйретуге, дамытуға арналған,
сондықтан оны оқыту-педагогикалық практика деп айтуға
болады.
Практика барысында студенттер
индустриялды-педагогикалық, ауылшаруашылық колледждерінде
оқу-тәрбие процесін зерттейді, кәсіптік оқыту
педагогтарының, өндірістік оқыту шеберлерінің, топ
жетекшілерінің, әдістемелік комиссия жұмысының,
директордың және оның орынбасарларының
жұмыстарымен танысады.
Практиканы өту
барысында қажетті құжаттарды толтыруға негізгі білік
пен дағдылар жүйесін қалыптастыруға
(оқу-тәрбие жұмыстары жоспарларының түрлері),
байқау жүргізуге, талдау жасауға, білік
қалыптастыруға, оқу-тәрбие жұмыстарын
өткізуге жан-жақты дайындалады.
Педагогикалық
және арнайы пәндер бойынша теориялық алған білімдерін
бекітумен қатар (тракторлар мен автомобильдер, ауылшаруашылық
машиналар, мал фермаларын механикаландыру, машина-трактор паркін пайдалану,
машина жөндеу және сенімділік негіздері, т.б.) оқу
орындарында тәжірибе жүзінде машықтанады.
Қорыта
айтқанда, студенттердің практикаға дайындығын
анықтап, оларда кездесетін кемшіліктердің жою жолдарын белгілеуге,
болашақ кәсіптік оқыту педагогның педагогикалық
қабілеттерін дамыту негіздерін қалыптастыруға,
ұжымдағы қарым-қатынаста педагогикалық этика мен
эстетиканы меңгеруге, қызметкерлермен араласуында өзін-өзі
ұстауға, ұжыммен араласу ерекшеліктерін меңгереді.
Әдебиеттер
1. ҚР Президентінің
Жолдауы. Астана, 11 қараша, 2014ж.
2. Ахтаева Н.С., т.б.
«Кәсіптік оқыту» мамандығының педагогикалық
практика бағдарламасы. Қазақ университеті, 2007.
3.
Бұлақбаева М.К. Мұғалім мамандығына кіріспе.
Алматы, 2011ж.
4. Өстеміров К. Кәсіптік оқыту әдістемесі. «РАДиАЛ» баспасы, Алматы,
2006.