Педагогические науки/ 5. Современные методы преподавания

 

Бурлибаева Ш.М., Рыскелдиева А., Мейірбекқызы Г.

 

 «ИНТЕРНЕТ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» ПӘНДЕГІ СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ.

 

ХХІ  ғасырдың басталуы жаппай ақпараттық қоғамға көшумен сипатталады. Оған компьютерлік техника, ақпараттық технология және басқа да ғылыми-техникалық прогресс әсерін тигізуде. Қазақстан Республикасы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі болып табылатын қоғамды ақпараттандырудың жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – еліміздің экономикасының, мәдениетінің, ғылымының дамуының негізгі алғышарты.

Қазіргі білім беру жүйесі ақпараттық технологиялар мен компьютерлік коммуникацияларды белсенді қолдануда. Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы – білім беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы, оқу пәндерінің барлық бағыттыры бойынша электрондық оқулықтар құрылуы және Интернеттің дамуы мысал бола алады.

«Интернет - технологиялар» пәнінен студенттердің өзіндік жұмысы бойынша сайт құрастыру тапсырма берілген.

Алғашқы web-сайт 1991 жылы пайда болды. Оның құрастырушысы Тим Бернерс-Ли өз сайтында HTTP мәліметтерді тасымалдаушы, URL адресациялау жүйесі, HTML гипермәтіндік бейнелеу тілі негізіндегі World Wide Web жаңа технологиясы туралы жазды. Бұл ашылу ақпараттық технологиялардың дамуына үлкен септігін тигізді. Әлемдегі бірінші сайт алғашқы интернет-каталог та болды, кейін Тим Бернерс-Ли оған басқа сайттарға сілтемелер тізімін орналастырды. Сөйтіп виртуалды шындықтың үшөлшемді кеңістігінің танымалдығы арта берді. Өзіндік мақсат қуған жаңа сайттар пайда болды. Технологиялардың дамуы сайттарды жетілдіре түсті, web-беттің көркемделуіне үлкен көңіл бөліне бастады. Сурет графикасы әдемі, сапалы жасалуы бағалана бастады. Осылармен бірге web дизайн дами түсті. Web дизайн түсінігіне сайттың шаблонын жасау және оны графикалық көркемдеу жатады. Қазіргі таңда web дизайн өзіне бірнеше мақсат қояды: қолданушыда объект бейнесін оң қабылдату, сайт құрылымының қарапайымдылығы мен анықтылығы, қолданушы интерфейсінің оңай түсінігі, навигациялық жүйенің ыңғайлылығы және т.б. Осы мақсаттарға жету үшін сайтты құрастырушы компьютерлік графикамен жұмыс жасайтын программа-құралдарының кең таңдауын, html- және java кодтарын қолданады. Бұл оның әлі де даму үстінде екенін көрсетеді. Web дизайн білім мен өнердің қосылысы. Оның негізгі аспектілеріне бес облыс кіреді.Мазмұны. Мұнда сайт мазмұнының қалыбы мен ұйымдастыруы кіреді. Мүмкін болар диапазон-мәтіннің қалай жазылғанынан HTML гипермәтіндік технология көмегімен қалай ұйымдастырылғаны, берілгені және құрылғанына дейін. Көрінетін бейнелері. Бұл сайттағы экран кеңістігінің құрылуына қатысты. Құрылу әдетте HTML, CSS немесе Flash көмегімен жүреді және көркемдік не навигация қызметін атқаратын графикалық элементтерден тұрады. Сайттың көрінетін бейнелері- web дизайнның негізгі аспектісі, бірақ ең маңыздысы емес.

Веб – дизайнның негізгі мәселесі түйіннің соңғы  жасалатын бір жола сыртқы көрінісін кім анықтайтынындағында – дизайнер немесе сайтты қарап көруші клиент. Құру кезінде сіз сайтқа белгілі бір сыртқы көріністі бере аласыз, бірақ ол сіздің сайтыңызды көрушілер сол сіз жасаған күйде сайтты қабылдайды немесе сол күйінде көреді деген сөз емес. Қағида бойынша хабарламаны көрсету үшін қолданылатын шрифтының көлемін, өлшемін және типін бақылай алмайсыз. Сіз сонымен қатар клиентпен қолданылатын монитор өлшемін анық біле алмайсыз, себебі мониторлар өлшемі және олардың туралау жүйесі мүлде басқаша, яғни әртүрлі болып келеді. ал осы аталған факторлар өз кезегінде суреттер өлшеміне, мәтіннің анықтығына және корректілі немесе дұрыс көрінетін түс санына әсер ете алады.
диагоналы бойынша 20 дюйм болатын мониторда тамаша болып көрінетін веб – беттер сол сияқты бірақ диагоналы 14-15 дюйм болатын мониторда сапасыз болып көрінеді. Егер сіз стандартты түстерді пайдаланудан бас тарсаңыз, онда сіздің веб – бетіңіз тартымда емес, ажарлы емес түстерден құралған болып көрінеді.

Мәтіннің сыртқы көрінісін тамаша басқару үшін декоративті мәтінді қолдануға болады. Ол мәтін негізінен графикалық элементке түрленеді және оны басқа суреттер сияқты компьютерге жүктей аласыз. Декоративті мәтін шрифтыны анықтауға, оның өлшемін, түсін және қатар аралық интервалды анықтауға мүмкіндік береді. Оған кез келген эффектілерді қолдануға болады: әріптерді ығыстыру, символдарды бояу, жартылай мөлдір облыстар жасау, көлеңкелер және контурлар, сонымен қатар мәтінді бұрышпен немесе қисайтып орналастыру. Бірақ ол мүмкіндіктер үшін өңделген мәтінді жүктеу кезінде уақыттың көптігімен төлеуге туралы келеді. аталған эффектілердің көпшілігі негізіненкаскадты кестелік стильді алуға мүмкіндік береді, онымен сіз жетінші бөлімде танысатын боласыз.

Декоративті мәтін логотиптер, сайттар аталуын, негізгі тақырыптарды және бөлімдер атауларын жасауға тамаша жарамды. Декоративті мәтінді өз меншікті стиліңізді құру үшін пайдаланыңыз.
Қарапайым мәтін тақырыпшалар, кіші тақырыпшалар және беттің негізгі мәтінін жасау үшін қолданылады. Оны басқару қиын, бірақ ол жылдам тиеледі және ақпараттық өрісті жылдам құра алады.

Беттің өлшемі деген түсінікті енгізейік – беттің толық өлшемі статикалық картиналар файлдарының өлшемінен құралады, олар міндетті түрде әруақта жүктеледі (логотип, навигация заттары, тетіктер), сонымен қатар динамикалық та кіреді, коим ретінде мұнда жарнамалар және әртүрлі баннерлер, сонымен қатар бет үшін жауап беретін код та қарастырылады.

Жобалау кезінде монитордың сандық параметрлерін ескеру қажет – беттің ең үлкен ені кемінде 770 пиксел, навигацияның бүйірлік панелін 570 пикселден ары асырмағанр жұрыс (ол негізінен экраннның рұқсат ету дәрежесіне байланысты болады 800х600 пиксел).