Педагогика. Современные методы
педагогики
Ағманова
Шолпан Рамазанқызы
қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің оқытушысы
Алматы сервистік қызмет
көрсету колледжі
Алматы қаласы, Қазақстан
Профессор
Ж.А.Қараевтың технологиясын қазақ тілі мен
әдебиеті пәнін оқытуда қолданудың тиімді жолдары
Тәуелсіз
мемлекетіміздің тұрақты да қарқынды дамуына
бірінші үлес қосатын ұстаздар.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі
жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың
тағдыры ұстаздардың қолында», - деген болатын.
Мұғалімдерге
қойылып отырған талаптар мен міндеттер өте жоғары. Олар
оқыту технологиясын шебер меңгеру үшін оқыту
әдістерінің барлық саласындағы (кешегісі мен
бүгінгісін) өзгерістерді жетік білулері қажет.
Ұстаздық шеберлікті
игеру оңай емес, жоғарыда айтқандай, қазақ тілін
оқыту әдістемесін жақсы игерумен бірге барлық білім
салаларының жетістіктеріне сүйене отырып, ең тиімді деген
әдіс-тәсілдер жүйесін шығармашылықпен қолданған ұстаздар мақсатына жетеді.
Білім-сала ретінде
тұрғындардың білімдегі қажеттіліктерін
қанағаттандыруға, қоғамның кадрлық
әлеуметін жаңғырту мен дамытуға бағытталған
білім қызметін жүзеге асыратын мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындардың
жиынтығы болып табылады. Білімнің педагогикалық үрдіс
ретіндегі басты мақсаты, оның миссиясы азаматтың
тұлға, қызметкер, азамат ретіндегі
құндылықтарын арттыру болып табылады.
Педагогикалық қызмет – ересек адамдардың өскелең
ұрпақты өздік жұмысқа өз
уақытының экономикалық, саяси, адамгершілік және
эстетикалық мақсаттарына сәйкес дайындауға саналы
бағытталған қоғамдық-пайдалы
қызметінің ерекше түрі.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде
қалыптасуы барысында еліміздегі білім беру жүйесінің ең
басты міндеті-білім беру арқылы жас ұрпақтың білім
деңгейін халықаралық дәрежеге көтеру. Осы
бағытта мұғалімдер алдында оқытудың жаңа
технологияларын қолдана отырып,
жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдай туғызу
қажеттілігі туды.
Уақыт талабы мұғалімнен әртүрлі әдісті, ізденісті талап етеді. Мұғалімнің
бала оқытудың әдіс-тәсілдерін шебер меңгеруі
және жаңа технологияларды қолдануы саналы білім берудің
бірден-бір жолы.
Мен өзімнің ұстаздық іс-тәжірибемде
педагогика ғылымының докторы, профессор Ж.А.Қараевтың
«Әр түрлі деңгейде оқыту технологиясын» қолданамын.
Жалпы педагогика ғылымында
баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты- жан-жақты
дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болса, жаңа
технология бойынша да оқытудың мақсаты-өздігімен
дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру.
Оқытудың бұл
түріндегі ең бастысы оқушыға деген сенім. Әр
оқушы оқу материалдарын әр түрлі деңгейде
қабылдайды.
Тақырып бойынша
жасалған деңгейлік тапсырмалар дамыта оқыту идеясын
жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Әр
оқушының мемлекетік стандарт деңгейінде білім алуына,
өзінің қабілетіне сәйкес жоғарғы
деңгей жағдай жасалады.
Барлық оқушы ең
төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан бастайды. Оларды
толық орындап болғаннан кейін ғана келесі
деңгейдің тапсырмасын орындауға көшеді.
Деңгейлік тапсырмаларды
орындау арқылы оқушының өзіндік темпі, ынтасы, ойлауы,
есте сақтауы қалыптастырылады.
Осындай жұмыстарды
жүргізу әр мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
Сабақты қызықты етіп өткізу үшін
мұғалім өзі жақсы дайындалу керек, яғни
қосымша әдебиеттер оқу, түрлі ойын элементтерін келтіру,
сөзжұмбақ, диалог, ситуациялық жағдаяттар
қолдану.
Деңгейлік тапсырмалар
мемлекеттік стандарт талапына сай жасалады.
І – деңгейдің тапсырмасы
күрделіне түседі. Оқушының бойында ойлау дағдысы
қалыптасады. Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз
ескеріліп, тәрбиелік маңызы болуы қажет. Бұлар
мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, өлең,
салт-дәстүрлер т.б.
ІІ – деңгейдің
тапсырмалары оқушының логикалық ойлау дәрежесінің
жоғары көтерілуіне сәйкес болып келеді, яғни
тақырыпқа байланысты әңгіме құрастыру,
шағын шығарма, сөзжұмбақ құрастыру т.б.
Әр оқушыда
деңгейлік тапсырмаларды жазатын жеке арнайы дәптерлері болады.
№ 1 кестеде оқушының
аты-жөні, сыныбы және өтілген тақырыптары,
деңгейлік тапсырмалардың тұсында орындаған белгі
қойылады.
Оқушының қай
тақырыптың қандай тапсырмасын орындағаны не
орындамағаны белгілі болады.
Осындай тәртіппен мұғалім оқушының
білім деңгейінің көрсеткішін жиналған ұпайларын
оқушы өзінің №2
кестесіне түсіріп, сол нүктелерді қосса, оқушының
даму мониторингі пайда болады.
Деңгейлік тапсырмалармен
жұмыс жасау арқылы оқушының ақыл- ойы,
сабаққа деген ынтасы және жауапкершілігі артады,
оқушының білімінің өсуіне, дамуына бақылау
жасалады, соған сәйкес әділ бағаланады.
Әр деңгей бірнеше
белгілі тапсырмалардан тұрғандықтан
қандай тасырмаға көп көңіл бөлу керектігі
оқушыға да, ұстазға да айқын көрінеді.
Оқушы бір деңгейден
бір деңгейге өз білімін біртіндеп толықтыра отырып,
қабілетін де жетілдіреді. Оқушының табиғи
қабілеттері мен дарындылық қасиеттерінің ашылуына
жағдай туады, көтеріңкі баға алуына мүмкіндік
беріледі және дамыта оқыту принципі орындалады. Профессор
Ж.А.Караев технологиясының жемісі сол. Ол оқушыны күштеп
оқытудан аулақ, өздігімен оқып, дамуына ойлануына
дағдыландырады.
Осы технологияны қолдану
нәтижесінде мынадай қорытынды жасауға болады:
- оқушы өздігімен
білім алуға үйренеді;
- оқушы әр
тақырып бойынша бағаланады;
- мқғалімнің үлгерімі
төмен оқушымен жұмыс жасауына мүмкіндігі болады;
- жақсы оқитын
оқушыға әрі қарай дамуына жол ашылады;
- әр оқушы
мұғалімнің назарынан қалмайды;
- оқушылар арасында
үлгермеушілік жойылады;
- оқушының
пәнге деген қызығушылығы пайда болады.
Тақырыптық
бақылау жұмысы да деңгейлік тапсырмалармен бірнеше
нұсқада беріледі. Бұл жағдайда оқушы тапсырманы
басқа біреудің көмегісіз орындайды және
мұғалім тарапынан
қатаң бағаланып, өздерінің нақты
алған білімдеріне сәкес бағаланады.
Бағадарламаға
сәйкес тақырып бойынша деңгейлік тапсырмаларды
құрастырып, оқушыларға мақсаты
түсіндіріледі. Сабақ тақырыптың күрделігіне
байланысты екі немесе одан көп сағатқа арналады. Тапсырманы
оқушылар арнаулы деңгейлік дәптерлеріне жазып алады да, содан
соң жұмыс дәптерлеріне орындай бастайды.
Технология дегеніміз өзі
өнер, шеберлік және ғылым деген ұғымнан
тұратын грек сөзі. Яғни, шеберлікпен белгілі бір жобада,
мөлшерде жұмыс істеу деген ұғымға сай келеді. Демек,
оқушының алдына мақсат қойғызып, оны міндетті
орындату. Оқыту
технологиясының мақсаты алдын ала құрылған
жоба бойынша жақсы нәтижеге жету. Бұл технологияның
тәрбиелік мүмкіндігі де мол. Ол қазақ
халқының ұлттық тәрбиеге бейімделген құндылықтары арқылы
яғни мақал-мәтелдер, жұмбақтар,
жаңылтпаштар, ертегі, аңыздар арқылы оқушының
мәдени қорын толықтыруға әсер етеді.