Педагогика.
Современные методы педагогики
Баймұхамбетова Жанар
Қуандыққызы
Орталықазия техника-экономикалық колледжінің директоры
Алматы қаласы,
Қазақстан
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде
оқушылардың
функционалдық
сауаттылығын арттыру
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев
Жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған
елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім
қажет. Қазақстанды дамыған елдердің қатарына жеткізетін, терезесін
тең ететін – білім. Даму
кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту
үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр.
Оқытудың әр түрлі технологиялары қаралып, мұғалімдердің іс – тәжірибесі зерттеліп, оқыту
мен оқу үрдісіне енгізілуде.
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында
сапалы біліммен қамтамасыз етіп,білім
көрсеткішінің халықаралық рейтнгімен
жақсаруымен білім беру жүйесін арттыру үшін педагог кадрлардың мәртебесін арттыру,кәсіби
білімдерін дамытуды қолға алу,олардың
кәсіби мәртебесінің
өсуіне, мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру
мәселесіне аса мән берілген. Олай болса, сапалы білім беру
мұғалімдердің деңгейіне байланысты.Мұғалімдер
білім сапасын арттыру барысында мемлекеттік стандартта берілген нәтижеге
жетуде шеберлігі мен біліктілігі нәтижесінде мәселенің шешімін таба алатын ақпараттық-коммуникативтік
жоғары тұлғаның-дамытушылық функцияны атқарады.
Еліміз тәуелсіздігін алып,
өзін бүкіл әлемге
мойындата бастаған кезеңде біздің
қоғам жан-жақты жетілген адамды қажет
етеді.Сондықтан да білім берудегі ұлттық жүйе өте
қарқынды өзгерістер сатысында тұр.
Бүгінгі таңдағы
біздің мақсатымыз-ұлттық құндылықтарды әлемдік деңгейге
шығаруға қабілетті тұлғаны тәрбиелеу.
Мектепте білім беру еліміздің интеллектуалдық әлеуетінің негізі болып
табылады. Сондықтан оның сапасын арттыру бүкіл
қоғамның бірінші кезектегі міндеті болып
табылады.Бүгінгі таңда Қазақстан әлем
таныған беделді елге айналды. Ел экономикасы қарқынды даму
үстінде. Өмір сапасы еселеп
жақсарды.Өзінің ғасырларға бергісіз өрлеуі
барысында республикамыз жаңа бағытын айқындауда. Елбасы «білім-ғылым-инновация»
үштігі билеген әлемге қарай қарқынды бет алу міндеттерін белгілей келіп:
«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруда
табысқа жетуінің
түйінді факторы, ұлттық білім жүйесін жаңартудың табысты өтуі болып
табылады»,-деп атап көрсетті.
Н.Ә.Назарбаев «Білім беру жүйесі жалпыұлттық күйінде қалуға
тиіс»,-деп мәлімдей отырып, мектеп жас ұрпақты жаңа
индустриялық-инновациялық экономика жағдайындағы өмірге
сапалы білім мен саналы тәрбие беру арқылы қажеттігін
міндеттеп берді. Білім беру деңгейі- экономикалық және
ғылыми-техникалық
прогрестің бастау
көзі, мемлекет пен қоғамның табысты
дамуының кепілі. Білім беру саласында кенжелеп қалу елдің
бәсекеге қабілеттілігіне, ұлт болашағына және
мемлекеттің қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.
Еліміздің білім беру
саясатының мақсаттары мен міндеттерін шынайы
анықталды.Еліміздің білім беру әлеуетін дамытудың
стратегиялық міндеттері, мемлекет пен қоғамның келісімделген
әрекеттерін жүзеге асыру қажеттілігі анықталды. Білім
берудің сапасы-қоғамдағы білім беру
үдерісінің күйі мен нәтижелігін, оның жеке
адамның адамзаттық, тұрмыстық және кәсіби
біліктілігін дамытудағы, кәсіби біліктілігін дамытудағы
және қалыптастырудағы қоғам қажеттілігі мен
үмітіне сәйкестігін анықтайтын әлеуметтік категория.
Түрлі елдердегі білім беру сапасы айтарлықтай дәрежеде
әр нұсқалы. Сондықтан
мектептегі білім берудің
үздік жүйелерін –мәдени және әлеуметтік
мәселелерге қарамастан не біріктіретінін,сондай-ақ
оларда оқушылардың
нәтижелерін үнемі жақсарту үшін қандай механизмдер қолданылатынын
түсініп алу аса
маңызды.Халықаралық
салыстырмалы бағалау
және халықаралық мониторинг жүргізу арқасында
түрлі ұлттық білім беру жүйелерінің айырмашылығы мен нәтижелері
анағұрлым айқындала түседі. Нақ осы салыстырмалы халықаралық
зерттеулер оқушылардың білім
жетістігінің нәтижелері бойынша мектепте білім беру
жүйесінің тиімділігін көрсетуге,сондай-ақ білім берудің мықты және
әлсіз жақтары туралы, реформа жүргізу нәтижелері
және білім беру күйінің
нәтижелері, әр елдің білім беру қызметін
жақсартуға әсер ететін факторлар мен жағдайлар
туралы қорытынды жасауға
мүмкіндік береді.
Білім беруді дамытудың
мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру ең басты міндеттерінің
бірі – 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жұмыстарын
жеделдету, яғни 2015 жылға дейін бейінді мектепте жұмыс
істейтін мұғалімдерді дайындау мазмұнын «білімдік»
қатыстан құзырлылық қатысқа ауыстыру. .
«Дүние де
өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл
бөлсеңіз» деген Абай даналығының заманы енді
туғандай. Бүгінгі мақсат —
әрбір оқушыларға түбегейлі білім беру және олардың
жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау.
Білім беру саласында қол
жеткізілген бүкіл әлемдік бітімнің оқушылар
үшін білімнің
де,дағдылардың да тең
дәрежеде маңызды екендігіне саяды.
Жиырма
бірінші
ғасырдың
талабы-оқушылардың алған білімдерін өмірде
қолдана білу. Қазіргі таңда оқушылардың білім үрдісі жан-жақты
зерттелуде. Әлем лдерінің
бір-бірімен бәсекелестік қуаты табиғи ресурстармен
емес, адам капиталымен ерекшеленіп отыр.Біздің еліміз де реформалау
үрдісіне бар белсенділігімен ат салысуда..
Білім мен ғылым жүйесіндегі реформа әр кезде
әр түрлі деңгейде жүргенмен, тұтастай алғанда, бүкіл білім жүйесінің құрылымын
өзгертті. Бұл мемлекеттің қалыптасуына,зиялы
қауымның психологиясының өзгеруіне және ғылымның дамуына үлкен
үлес қосуда. Қазіргі ойлау жүйесі-
тұлға дамуының алғышарты болып табылады.
Қазіргі таңда
халықаралық білім беруді зерттеуге арналған
сұраныстың
көбеюі,
ұлт пен мемлекеттің даму үрдісі жаһандану және
интеграцияланған
кезіндегі білім
беру екендігінің айқын көрінісі болып
табылады.Оқушының
өздігінен
білім алуына жетелеу мұғалім қызметіне жаңаша сипат
әкеледі.
Қазақстандағы білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы
біліммен қамтамасыз ету , халықаралық рейтингілердегі білім
көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық
білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін,
ең алдымен, мұғалімдердің мәртебесін арттыру,
олардың қызметі мансаптық өсуі, кәсіби біліктілігін дамытуды
қамтамасыз ету, сондай- ақ мұ-
ғалімдердің
еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру
мәселелеріне үлкен мән берілген. Бүгінгі күні еліміздің
білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға
негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.
Қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі-
адамның құзырлылық қабілетіне сүйену
арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін
ұсыну .Қазақстанның жан-жақты
дамуының бірден-бір жолы -ғылымды әр қырынан
меңгеру .
ХХI ғасыр - бәсеке
ғасыры. Еліміз өзін
бүкіл әлемге мойындата бастаған осы кезеңде
біздің қоғам дарынды, қабілетті, жан-жақты
жетілген адамдарды қажет етеді.
Ұстаз парызы-
балалардың бойындағы ерекше қабілеттілікті,
дарындылықты тани білу, оның
дамуына бағыт-бағдар беру, оны сол бағытта жетелеу -
ұстаз парызы. Ұлы ойшыл
Плутарх кезінде:
«Көптеген табиғи
талант дарынсыз
ұстаздардың кесірінен
жойылып кетеді. Сондықтан әрбір ұстаз бұған жол
бермеуі керек», - деген екен.
Қазақстанда
жүргізілген PISA халықаралық зерттеулері баланы
оқыту мен тәрбиелеу процесіне ата-аналардың қатысуы
функционалдық сауаттылық деңгейіне оң әсер
ететінін көрсетті.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын
арттыру – білім беру процесінің негізі болып табылады.
Қазақстанда кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте
алғаш рет 2012-2016 жылдарға арналған функционалдық
сауаттылықты дамытудың Ұлттық іс-қимыл жоспары
дайындалды, онда оқушылардың құзыреттілік біліктерін,
алған білімдерін шынайы өмірлік жағдаяттарда тиімді
қолдана білу қабілеттерін дамыту көзделген.Функционалдық сауаттылықтың жалпы бағыты
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында атап көрсетілген.
Функциональдық сауаттылық
мәселелерін ұлттық
құндылықтармызға
сай
Қазақстандық
білім беру жүйесі тиімді
енгізе отырып, оң нәтижелерге қол жеткізуде. Себебі, жаңашылдық - білім беру саласының алдында
тұрған жаңа міндеттерді сәтті орындаудың негізгі
шарттарының бірі. Себебі, қазіргі
таңда
Қазақстандық
оқушылардың ойлау қабілеттерін арттырып,
шығармашылықтарын дамыту жұмыстары басты назарға алынып,
олардың алған білімдерін
өмірдің кез-келген
жағдайында тиімді қолдану негізгі
міндеттердің бірі болып отыр.