Л.П.Ақтанова
Қазақстан Республикасы Президентінің
жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясы,
Қазақстан
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ
ОҚЫТУДАҒЫ
ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Бәсекеге
қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы
жоғары елге айналуымыз керек.
Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық
жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз
үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи
өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын
болуға тиіс-деген [3] болатын өзінің жолдауында Н.Назарбаев.
Осыған орай,
елімізде болып жатқан өзгерістермен қатар
оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді
ақпараттандыру, оны дамыту міндеттері тұр. Мемлекет заман
ағымына ілесе алатын кәсіби, білікті, жан-жақты жеке
тұлға қалыптастыруды мақсат етеді. Осындай
тұлғаны қалыптастыру үшін болашақ маман
иелерінің бойында білімділік, біліктілік, саналылық, жауапкершілік
қасиеттерін сіңіруде, яғни кәсіби құзыреттілікті
қалыптастыруда оқытудың жаңа технологиясын
қолданудың ролі ерекше. Ондай технологиялардың бірі – ойын
әдісі арқылы оқыту технологиясы.
Ойын технологиясы
арқылы оқыту – қазақ
тілін үйренуге қазіргі заман тұрғысынан қойылып
отырған міндеттерге жауап бере алатын, бүгінгі күн үдерісін толық ақтай алатын оқыту
жүйесі. Жобалау әдісі арқылы
оқытудың негізгі тірегі
– өз бетімен белсенді істер атқаратын магистранттың өзіндік ізденісіне,
олардың өзін-өзі танытуына, танымдық-практикалық
қабілеттерін жүзеге асыруына қажетті мүмкіндіктер. Бұлар бүгінгі қоғам талап етіп
отырған бәсекеге қабілетті тұлғаны
қалыптастыруда шешуші мәнге ие бола алады.
Ойын технологиясы арқылы
оқыту тыңдаушының
жеке тұлғасын дамытуға бағытталған. Қазақ
тілін жобалау әдісі арқылы оқытудың
әдіснамалық және ғылыми-теориялық негіздерін
анықтау – жоғары оқу орнынан кейінгі оқу
орындарындағы мемлекеттік тілді меңгерту үдерісінде білім сапасын арттырудың кепілі.
Өйткені өзіндік заңдылықтар мен
қағидаларға сүйене жүргізілген жағдайда
ғана оқыту технологиялары нақты нәтижеге қол
жеткізуге жол ашады.
Қазақ тілін ойын технологиясы негізінде оқыту үдерісінде магистранттың қазақ
тілін меңгеруге деген қызығушылығы артып,
жауапкершілік, белсенділік, алға қойылған
мақсатқа ұмтылушылық, шығармашылық, өздігінен шешім таба білу шеберліктері, ойлау
икемділігі мен қиялы ерекше даму
сатысына көтеріледі. Сонымен
қатар, ақпараттық, проблеманы шешу, коммуникативтік,
мәдени-танымдық құзыреттіліктермен қоса
әлеуметтік-мәдени құзыреттіліктерді де қалыптастыруға
жол ашылады.
Ойын технологиясы қолдануда
магистранттар өз бетімен қажетті хабарды жинауға дағдыланып, өздік
шығармашылық қабілеттерін артырады. Ойын технологиясы басты
мақсаты – тәжірибе жүзінде орындауға
бағытталған белгілі бір міндеттерді немесе әр сала бойынша
білімдерін толықтыруды талап ететін маңызды тапсырмаларды орындау
барысында өздігінен білім алуына
жағдай жасау.
Ойын тапсырмаларын орындау
үстінде магистранттар жұптасып,
немесе шағын топпен жұмыс істейді. Табысқа жету
ұжымдағы әрбір мүшенің тілдік қатынасқа
құрылған жоба тапсырмаларын дұрыс орындауына және
ұжымның жаппай ұйымшылдықпен жұмыс істеуіне
байланысты.
Ойын оқытушы сарапшы,
үйлестіруші немесе қосымша мәліметтерді беруші рөлін
атқарады. Өз күшімен жоба-тапсырманы орындауда тіл
үйренушілер өз жұмыстарын жоспарлау, оның
нәтижесін болжау, бірігіп жұмыс істеу сияқты өз бетінше
жұмыс істеу тәсілдерін меңгереді.
Жаңа
кезеңде қазақ тілін сапалы әрі тиімді оқыту
жүйесі ретінде ойын технологиясы арқылы
оқытуды таңдап алудың бірнеше себептері бар. Олар:
Ø Ойын
әдісі арқылы оқыту технологиясының философиялық,
гуманистік, психологиялық мүмкіндіктері магистранттардың жеке
тұлғасын дамытуға бағытталады.
Ø Ойын жұмысын орындау
арқылы магистрант өздігінен шешім жасауға үйренеді,
жобаның орындау логикасын анықтайды. Ол тілді меңгеру үдерісінде қазақ тілін оқып-білудің
негізгі әрі белсенді субъектісіне айналады.
Ø Бұл әдіс
магистранттың білім деңгейін дамытуға көмектеседі,
себебі ол өз бетінше әрекетке түсіп, ізденеді.
Ø Аталған әдіс
бойынша магистрант тақырыпты өзі таңдауына мүмкіндік
алады.
Ø Ойын
әдісі
аясында ынтымақтастықта, бірлікте жұмыс істеу идеясы болады,
шығармашылық белсенділікті тудырады.
Ø Ойын әдісін
сабақта қолданылғанда оқытушыға да,
магистрантқа да жауапкершілік жүктейді әрі өзіне деген
сенімділігін арттырады.
Ø Ойын әдісі өзара
жарысты, талас-пікірді, ең бастысы,
белсенділікті талап етеді.
Адамзаттың көптеген жылдар
бойғы ойнау тәжірибесі ойынның білімдік
құндылығын дәлелдеді. Ойынның шығу сырын
ғалымдар жүздеген жылдар бойы зерттеп келеді. Оның шығу
тарихы жайлы көптеген пікірлер бар.
Ойын – оқу үдерісіндегі оқытудың
формасы әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория.
Сонымен бірге ойынды оқытушы мен тыңдаушының бірлескен
оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға
болады, қазақ тілі сабағында ойын формаларын енгізу барысында
интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте
зор. Мысалы, бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі
негізгі әрекеті - ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар
біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға
бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық
ойындар арқылы жүзеге асырылады.
Ойынның
мақсаты: бағдарламада алған білімдерін
қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау.
Міндеті: тыңдаушының
қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.
Оқыту үдерісін белсендіру мен оны жеделдетуге
дең қойған қазіргі кездегі білім беру мекемелерінде
ойын әрекеттері мынадай жағдайларда қолданылып келеді:
Ø пән
бойынша берілген ұғымды, тақырыпты және
оқулықты тұтас бір тарауын өздігімен меңгеру
технологиясы ретінде;
Ø одан да
кең технологияның элементтері ретінде (кей кезде бүкіл
технология бойынша);
Ø сабақ
немесе оның бір бөлігі (кіріспе, түсіндіру, пысықтау,
жаттығулар жасау, бақылау жұмысы) ретінде;
Ø сыныптан
тыс технология түрінде (ұжымдық ойындар).
«Педагогикалық ойын технологиясы» деген
ұғымға педагогикалық ойын түрлері арқылы
берілген педагогикалық үдерістің көптеген
әдістері мен тәсілдері жатады. Ойынға қарағанда,
жалпы педагогикалық ойындардың айтарлықтай ерекшелігі –
нақты қойылған оқыту мақсаты және
оның негізделген, айрықша белгіленген, оқу – танымдық
бағытты сипаттайтын педагогикалық нәтижесі.
Сабақ барысындағы ойын түрлері
тыңдаушыны оқу әрекетіне көтермелейтін (ынталандыратын)
құрал ретінде ойын тәсілдері мен жағдаяттары
арқылы жасалады. Сабақ түріндегі ойын тәсілдері мен
жағдаяттары мынадай негізгі бағыттар бойынша жүргізіледі:
Ø сабақтың
дидактикалық мақсаты тыңдаушылар алдына ойын
міндеттері
түрінде қойылады;
Ø оқу
әрекеті ойын ережелеріне бағынады; оқу материалы оның
құралы
ретінде
қолданылады;
Ø оқу
әрекетіне дидактикалық міндетті ойынға айналдыратын жарыс
элементтері
енгізіледі;
Ø дидактикалық
міндетті ойдағыдай орындаған жағдайда, оны ойын
нәтижесімен
байланыстырады.
Оқу үдерісіндегі ойын технологиясының
алатын орны мен рөлі, ойын элементтері мен оқудың
үйлесімдігі көбінесе оқытушының педагогикалық
ойындардың қызметі мен олардың жіктелуін дұрыс
түсінуіне байланысты.
Ойын
әдістемесіжағынан педагогикалық ойын типологиясы да кең
көлемді. Солардың ішінен ең басты (маңызды)
қолданылатын типтері: пәндік, сюжеттік, рөлдік, іскерлік,
имитациялық және драмалық ойындар.
Қолдану деңгейі жағынан: барлық
деңгейлер. Философиялық негізі жағынан: бейімделуші. Кез
келген дидактикалық ойын арнайы мақсатты көздейді және
нақты міндетті шешеді. Ойынның сабақ басында
қолдануы өткен сабақты еске түсіреді. Сабақтың
ортасында – көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады,
сабаққа ынтасын арттырады. Сабақтың соңында
–тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау
мақсатын көздейді.
Сонымен,
ойынның негізгі формуласы тыңдаушыны тіл үйренуге
қызықтыру және осы тіл үйрену сабақтарын ойын
ретінде өткізу арқылы меңгерту. Сонымен қатар,
ойын жаңа сабақ материалын еш қиындықсыз,
оның күрделі, ал сөздері қиын немесе көп
болғанына назар аудартпай-ақ қабылдауға мүмкіндік
жасайды.
Ойын мен адам мәдениетінің өзара
байланысы ғылыми түрде анықталды. Олардың
тұлғаны дамытудағы маңызы анықталды, оның
психологиялық және әлеуметтік факторлармен келісімі
жөнінде кең қарастырылуда. Ойын технологиялары әлі де білім беру саласында
жаңа инновация болып табылады.
Педагогикалық технология
ұғымы түрлі педагогикалық ойын түрлерін
педагогикалық процесте әдістер мен тәсілдердің
кең көлемді топтарын біріктіреді, оның жалпы ойындардан
ерекшелігі оқытуда нақты мақсатының қойылуымен
және оның оқу-танымдық бағыты сипатталған,
негізі салынған педагогикалық нәтижесіне сай
анықталады. Сабақ барысындағы ойын әдістері
тыңдаушыларды оқу қызметіне ынталандыру құралы
ретінде ойын әдістері мен жағдайларының көмегі
арқылы құрылады.
Ойын әдісі арқылы
тыңдаушы нені меңгереді:
Ø тыңдаушылар
нақты қызмет тәжірибесін меңгереді;
Ø тыңдаушылар
тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып
қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді;
Ø оқу
процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге
мүмкіндік береді;
Ø тыңдаушы
әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады;
Ø уақытты үнемдеуге
үйретеді;
Ø тыңдаушылар үшін психологиялық
жағымды;
Ø ойын
барысында шешім қабылдау тыңдаушылардан аса жауапкершілікті талап
етеді;
Ø тыңдаушылар үшін қауіпсіз;
Ø кейде
қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп
уақыт мөлшерін алады;
Ø ойын
материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда
күрделірек;
Ø кейбір ойын
түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі.
Қазақ тілі сабақтарында
рөлдік ойындардың маңызы зор. Ойын тыңдаушылардың
сол орындалатын іс-әрекеттер арқылы тіл үйренуге деген сенімін
қалыптастырады.
Қазақ тілі
сабағындағы ойын технологиясының мақсаты
тыңдаушылардың сабақта үйренген сөздерін ауызекі
сөйлеуде, күнделікті қарым-қатынаста дұрыс
қолдануға үйрету.
Биылғы 2015 жыл түрлі
мерекелерге толы мерейлі жыл болып есептеледі. Мысалы: Абай
Құнанбайұлының 170 жылдығы, Қазақ
хандығының құрылғанына 550 жылдығы
тағы басқа мерекелерді айтпасқа болмайды. Осыған орай,
сабақта Абайдың «Қара сөздерін», өлеңдерін,
аудармаларын, Қазақ хандығы құрылуының 550
жылдығына арналған түрлі слайдта жасалған ойын
түрлері бойынша «Сөз мерген», «ХХІ ғасырдың
көшбасшысы» және тағы басқа ойын түрлерін
жүргіземіз.
Сонымен қатар «Қоржынды кім тез
шешеді?» деген ойын түрін айтып өтсек. Үш қатар болса
(немесе 3 топ) үш қоржын дайындаймыз. Әр қоржында
аударма жұмысы, сөз тіркесін құру, буынға
бөлу, мәнерлеп оқу, диалог болады. Қай топ тез
дайындалып, дұрыс айтып шығады (7-10 минут). Бұл ойынды
оқытушы белгілі бір модуль бойынша тыңдаушының қандай
деңгейде меңгергенін тексере алады.
Сабақтарда қолданатын ойын элементтері
тыңдаушылардың белсенділігін арттырып, оларды ынталандырады,
теориялық білімдерін практикада қолдануға үйретеді. Кез
келген ойын элементі сабақта екі түрлі мақсатқа
бағытталады. Оның біріншісі – тыңдаушының
сабаққа қызығушылығын, ынтасын арттыру,
тілін дамыту, екіншісі – оқушыларды тапқырлыққа баулып,
зейініне, ойлау қабілетін арттыру.
Ойын элементтерін тиімді қолдану
қандай сабақта болсын өте тиімді, себебі тез жазу, оқу,
мақмұндау дағдылары қалыптаспаған
тыңдаушыларды бірыңғай жаттығу жұмысы жалықтырады,
ал ойын технологиясы керісінше пәнді сүюге,
қызығуға ықпал жасайды.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.
Назарбаев Н.
«Қазақстан-2050» стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты.
Қазақстан халқына Жолдауы.
«Егемен Қазақстан» – Астана қ., 2012 жылғы 14
желтоқсан.
2.
Аймағанбетова Б., Бейсенбаева А. Жеке адамның дамуы. Алматы
1991
3.
Қазақстан Республикасы «12 жылдық жалпы білім беру»
концепциясы