Филологические науки/1. Методика  преподавания языка и литературы

 

Пилтан Юсуф

 

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері, Қазақстан

 

Фердаусидің «Шахнама» дастанын аудару мәселелері

        

Әбілқасым Фирдауси  940-шы жылы Иранның Фирдаус қаласында дүниеге келіп, 1020-шы жылы дүние салды. Әбілқасым Фирдауси (940-1020) — шығыс ақыны. “Шаһнама” дастанын (ақын Дажини бастаған) 35 жыл бойы жазған, ол 55(110 мың жол) мың бәйіттен (қос тағаннан) тұрады. Бірінші - нұсқасы 994 ж., екінші - нұсқасы 1010 ж. біткен, тұңғыш рет 1829 ж. Үндістанда жарық көрді. Дастан 3 бөлімнен құрылған: бірінші- мифологиялық аңыздар, екінші- батырлық жырлар, үшінші- тарихи шежірелер. Сонымен қатар романтикалық, драмалық сарындағы бірнеше поэмалар, дидактикалық және философиялық толғаулар енгізілген. Негізгі сюжет иран және тұран халықтарының басынан кешкен 4 мың жылдық тарихи оқиғаға байланысты өріледі. Жүсіп Баласағұни “Құтадғу білік” дастанында (1069) “Шаһнаманың” түркі тайпаларына жақсы мәлім екенін айтады. Қазақ халқы “Шаһнамамен” ертеден таныс. Поэма қаһармандары қазақ ауыз әдебиетінде жиі кездеседі (мысалы, “Атымтай мен Наушаруан” ертегісі, “Иранғайып шаһ Ғаббас” дастаны т.б.). “Шаһнаманы” қазақ тіліне аудару ісі 19 ғасырдың 30-жылдарынан бастап қолға алынды. 1856—1870 ж. Ораз Молда “Шаһнаманың” үш аудармасын жасады, 1888 ж. Сердәлі ақын бір тарауын, 1914—1915 ж. Мұқамеджан Сералин (1872—1929) “Рүстем және Зораб” деген бөлімін аударды. “Шаһнаманы” тәржімалауда Тұрмағамбет Ізтілеуов (1882—1939) көп еңбек сіңірді. Оның аудармасы 40 мың жолдық 3 бөлімнен тұрады (“Жәмшиднама”, “Рүстем-дастан”, “Дарап-нама”). Осылардың ішінен “Рүстем-дастан” 1961 ж. жарық көрді. Ақын Б. Алдамжаров “Мәнушеһір” тарауын аударды (1972). Абай Құнанбаев Әбілқасым Фирдауси ұстаз тұтты. Сондай-ақ “Шаһнама” дастаны Жамбыл Жабаев, Кенен Әзірбаев сияқты халық ақындарының шығармашылығына біршама ықпал етті. Әбілқасым Фирдаусиге қазақ ақындары С.Мұқанов, Қ.Бекхожин, Қ.Жармағамбетов, Ө.Күмісбаев т.б. жыр жолдарын арнаған.Тұрмағамбет Ізтеуовтың екі еңбегі осы ғылыми еңбекте пайдаланып, иран тіліндегі нұсқамен салыстырып қаралады. Ізтеуовтың бірінші еңбегі кітабханылық нөмермен  (891-55 p-84  909) 1961 жылы, Алматы. Сондай-ақ 398 і-44, 2004 жылы ,Алматы қаласы, нөмердегі еңбектерінің арнайы бөлімдері таңдалып барлық жағынан сараланады. Тұрмағамбет Ізтеуовтың аударған шахнамасындағы таңдап алынған бөлімдер мыналар:

Шахнаманың қысқаша түсіндірме нұсқасы

         Киюмарс Ираның алғашқы патшасы отыз жыл билік етті.Оның ұлы Сиямак Диюдың қолынан қаза тапты.Сиямактің ұлы Хушанг таққа отырды.Хушанг отты тауып.Яки отың алғашқы рет ол тауып шағарды.(негізін қалауы)Ол отыз жыл боиы патшалық жасады.Тахмурес диюдың отыз жылдық билігі басталды.Ол құстарды бағындырушы еді.Ол жазумен оқуды диюдерден үйренді.

         Отыз жыл біткен соң билік Жамшид деген тұлғаға жететді.Ол жетпіс жыл боиы билік жасап,термірден әскери қару жарақ жасауға кіріседі.Ол тігуді,тоқуды халыққа .йретеді.Қалаларды абаттаиды.Ол наурыз мерекесінің негізін қалаушы.Захак( иғындағы екі жылан)Мердастың ұлы өз Араб билікке келген соң Ирандық патшалық кезең аяқталады.Ол мың жыл боиы жас жігіттердің  миін өз иғындағы жыландарға сорпа жасап беремін деп өлтіретін еді.Бірақ Каве Ахангар ,Феридун Абитин ұлымен Франк (Тахмурес ұрпағы)көтеріліс жасап Захакті тұтқынға алады.

Феридуның үш ұлы боды. Ираж(Иран),Сәлам(Риммен шығыс),Тур(Қытаймен Түрік)

         Ал Ираж екі ағайының қолынан қаза тауып Фереидуның қоластындағы жерлер бөліне бастаиды.Соыстармен шаиқастар Ираждың өлімінен кейін кең етек жаиды.Феридун өлер алдында Ираждың өыздан өалған немерсінің ұлы Манучерды Сам деген батырдың қолына табыстырады.Осылай алғашқы патшаның қадамы шахнамаға ашылады.Манучер таққа отырардан бұрын Сәламмен Турдың бастарын шауып тастаиды.Мнучер жүз жеирма жыл билік жасаиды.Осы аралықта Зал Самның ұлы таудан (Самұрық құсының жанынан )халықтың арасына келеді.Осы ораида Залмен Рудабе үйленіп Рустем деген батыр дүниеге келдеді.Рустем жалпы шеше жағынан Захак яғни Арабтан  ,әке жағынан патшалардан(ақ сүйектерден)туылады.Манучерден кейін Нузар таққа отырады.Ол жеті жыл билік жасаиды.Ол халыққа қысым жасап күн бермеиді.Елдің ақсақалдары Залға барып Нузарды биліктен таидыруға ақылдасады.Олар Залдың патша болуын қалаиды.Бірақ Залдың тоқымында патшалық қаның болмауынан оны қабылдаиалмаиды.Осы кезеңде  Иранмен Туран арасында шаиқастар көбеиді.

         Пашанг Түріктердің қолбасшысы және ол Афрасиябтың әкесі болып саналады.Түріктердәң басқада әйгілі жандардың есімдері мыналар:

Аржасб,Герсиюз,Барман,Калбад,Висе,

Турандықтардың өш алу әңгімелері басталады.

         Афрасияб шабуыл жасаған кезде Сам атты батыр дүниеден озады.Афрасияб өзінің інісі Ағриресті(Ирандықтарға көмектескені үшін өлтірңді)өлтіреді.

         Нузар өлген соң Тахмасебтың ұлы Зу патшалық таққа отырады.Ол бес жыл адал патша болды.Бірақ құрғақшылық басталық Иранмен Тураның со,ысы тоқталып қалады.Гаршасб билікке келді.Тұрандықтар Ираның патшалары жие аяқ астынан қаза тапқаны үшін қуанып өз паидасын көріп отырды. Осы орайда Иранмен тағы соғыс бастайды.Рустем Өзінің Аты Рашпен сахнаға аяқ басады.

         Рустем бұдан бұрында сахналарда өз күшін көрсеткенімен осы кезде ол алаң соғысындағы алғашқы жауінгер боп саналды.Патшалар әлсіз болған саиын балуандардың күші қлғаиды.Рустемнің әкесі Зал кезінде оны Алборз тауына жіберіп Кеғобатты(Фереидун патшаны ұрпағы)құтғаруын талап етті.Кеиғобаттың екә жүз жылдық патшалығында Рустем Турандықтарға дәлелсәз өз күшін көрсетті.Соның арқасында әлем балуаны боп саналды.Кеиғобат қаитыс болған соң оны ұлы кавус билікті қолға алды.Осы кезеңде Рустемнің басына жеті кезең қиындық басталады.Осы ораида рустемнен басқада балуандар атап аитқанда Гиве,Гударз,Тус,Бижан,Милад,Горгин өздерінен батрылық ,ерлік көрсетті.Кикавусдан кеиін Кеихосро билікке отырады.(Сиявоштың ұлы)

Ол жүз алпыс жыл билік басына отырады.Онда тарихи жырдастандарға толы кезе деп аитуға болады.Осы кезеңдегі жырдастандарың қатарына:

Сиявоштың 0аитып оралуы,Бижанмен Палашаның соғысы,Тежаомен арадағы шаиқас,Түрік балуандары,Пиран Висенің кезең бе кезеңдегі Тус әскерімен соғысы және оларды жеңуі,Рустеммен Кешанидың арасындағы соғыс,Алавимен кавустің арасындағы соғыс,Қытай Қағанаттары,Пуладвандың паида болуы және Рустамнен жеңілуі,Кеихосромен Афрасиябтың арасындағы шаиқас,Пиранмен Афрасиябтың жеңліуі .Турандықтар Сиявоштың басын кесгені үшін кунәлі саналып өз жазалаыр алады.Кеихосро патшалық тақты Лахрасебке берді.Өзі сол кезде әлі тірі болып ұжымаққа аттанады.Соны еріп жүрген Ирандық батырлар қармен боран арасында жоғалып кетеді.Гаштасп Лахарсеб ұлы беинатыс жан ретінде Римге барып сол елдің патшасының қызы Кетаюнды алып Ираның патшасы боп тағаиындалады.Гаштасб билікке келіп жүз жеирма жылдан кеін иранда Зароастеризм діні мемлекеттік жіне ресми дін ретінде қабыланады.

         Эсфандияр Гаршасбтың ұлы өзінен көп ерлік көрсеткені үшін және Зароастеризм дінін дамытғаны үшінм,сондай ақ Қытаимен соғыста жеңіске жетіп шынаиы мүмін аталды.Оған қарамастан Гаршасб оны түрмеге қамаиды.Гаршасб тұтқынға алынған кезде оның ұлы Эсфандияр әкесімен өз қарындастарын құтқару үшін түрмеден қашып жеті кезең қиындықтан өтіп Рустеммен шаиқасады.Рустем оны қанға батырады.гаштасб жүз жирма жыл билік жасаиды.Рустем Өзінің өгей інісі Шоғалдың аиласынан құдыққа түсіп (құдықта наизамен өткір жару жарақ  )жан табыс етеді.Сонымен шахнамада балуандық кезең аяқталады.

         Патшалар Шахнамада батырлармен бірге тең салмақта қарастыралады.Шахнаманың кез келген жерінде патшалармен батырлар бірге кездеседі.Кей кезде Шахнама батырлардың ерігін баяндаиды ,кеиде бұл баиланыс үзіліп батырлар патшалармен бірге жауға қарыс шығады

Киюмарзден Феридунға деиін(Алғашқы және соңғы патша)батырлар жаилы сөз қозғалмаиды.Ал Манучер патша билікке келегн сәтте Самның патшаны қорғауға қатысты ролі басталады.Батыр Сам Рудабемен(Захактің қызы)үиленіп арада Рустем деген киіпкер паида болады.Ол жас кезінде Афрасиябті аттан таидырып құлатады.Афрасияб қашып үлгереді.Рустем Кавуспен Сиявоштың құтқарушысы болыып қалады.Бұл кезеңде патшалармен батырлар арасында қарама қаишылықтар ұлғаиып Судабенің өліміне алып келеді.

         Кихосор өз патшалық тақын сақтап қалады.Бұл Шахнамада сирек кезесетін құбылыс. Рустем бұл кезеңде Кихосроны тыңдап оған еш қарсы шықпаиды.Кихосро Сиявоштың ұлы жіне Рустемде оны тәрбиелеуде өз үлесін қосты.Гаштасб кезіндеде патшалармен батырлардың арсында шаиқастар болып тұрды.Гаштасб өз ұлы Эсфандиярды Систан өлкесіне жоллдаиды.Бұл ораида Рустемды тұтқынға алу үшін өз ұлын долдаиды.Аралыұта Рустеммен Эсфандияр қаза табады.Ал Зал шалдың тірі қалуы Шахнамада батрылардың балуандық жолдарының мәңгі екенін аиқындаиды.

Шахнаманың жағымды кейіпкерлері:

         Рустем ең әйгілі кйіпкері боп табылады.Ол Зал мен Рудабенің ұлы,Әке жағынан Гаршасбқа ал шеше жағынан Меһраб Каболи мен Захакке туыс боп келеді.Ол шахнамада өзінен көп ерлік көрсетеді.Атап аитқанда;Спанку қорғанын басып алып,Кикабуспен басқада батырларды құтғарып  Туранға шабуыл жасап Сиявоштың өшін алады.

         Кавеһе Аһангар де тағы Шахнамадағы кйіпкерлердің бірі боп саналады. Ол залым басшыға яки  захакға қарсы шығып халық көтерілісің ұиымдастырып дәрафше кавяни деген көтерілісшілер тобын жасақтаиды.

 Феридун де тағы бір кйіпкерлердің бір:

         Фереидун Абтин ұлы Кавеның арқасында Захакті жеңіп Дамаванд тауында оны абақтыға жабуып мөзі әлем патшасы боп қалады.

        

Әдебиеттер:

1-    Флоранс музеиіндегі қолжазба. Доктор Азизолла Жовеини. Тегеран баспасы екі томдық 1995 жылы. Шахнаманы талдау.

2-    Шахнама мәскеу вариянты. Екі томдық. 2003 жылы Һермес баспасы.

3-    Бес томдық Шахнама. Доктор Сеид Мұхаммед Дәбир Сиқи.Ғылыми побликациялар және фирма баспасы. 1991 жыл. Мәскеу және жумол вариянттары.

4-    Рүстем-Дастан. Фердуси шаһнамасының желісімен жазылған қаһармандық жыр. Бірінші және екінші том. Алматы жазушы баспасы 2004. Автор: «Тұрмоғамбет Ізтілеуұлы».

5-    Шахнама. Фердауси шахнамасының желісімен жазылған тарихи дастан. Екі томдық. Астана Сарыарқа баспасы. 2009ж. Автор: «Тұрмоғамбет Ізтілеуұлы».

6-    Фирдоуси. Кей-Хосроу. Шахнама эпипеясынан дастандар. Аударған бегділдә Алдамжаров. 1976ж. Жазушы баспасы.