Филологические науки /7. Язык, речь, речевая коммуникация

 

Э.К. Тортаева, А.И. Майлыбаева

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз

 

КӨПТІЛДІЛІК – БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ҚОҒАМ ҚҰРУДЫҢ НЕГІЗІ

 

«Қазақстан әлемде жоғары білімді, халқы үш тілді де: қазақ тілін – мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін – ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін – жаһандық экономикаға нәтижелі өтудің көмекші тілі ретінде еркін меңгерген ел болып танылуы керек».
                                              Н.Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»

 

«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа саналы, мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы. Тілдің адам өміріндегі ең шешуші рөль атқаратыны баршамызға аян. Ол танудың, түсінудің, дамудың құралы. Көп тіл білу біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады.

Сондықтан, бүгінгі таңда ақпараттық және коммуникативтік құзыретілікпен қатар көпмәдениеттілік те жаһандық білім беру қауымдастығының тануынша білім беру саласының негізгі құзыреттілігі және жаһандық білім кеңістігін қалыптастырудағы басты бағыттардың бірі болып саналады. Көпмәдени және көптілді білім беру мәселесінің өзектілігі бүкіл әлемнің экономикалық, мәдени және саяси салаларының интеграциясына бет алуымен тығыз байланысты. Біздің тануымызша, көптілді білім беру бірнеше тілді қатар оқу арқылы арнайы білім алу және әр түрлі елдер мен ұлттардың тарихи-мәдени және әлеуметтік тәжірибелерін меңгеру және соның көмегімен әлемдік мәдениетке мақсатты түрде қосылу үдерісі.
           Кәсіби педагогикалық шеберлікті, шынайылықты талап ететін қазіргі заманда ұстаздың әрбір ісін, жоспарын мұқият зерделеуін қажетсінеді. Яғни жаңаша білім беруде  оқытушыларға қойылатын талаптар. Сондықтан көптілді білім берудің мақсаты: әлем бірлестігінің жағдайында бәсекеге түсе алатын көптілді тұлғаны дамыту. Міндеттері: әр оқушының жеке қабілеттерін көптілді дамытуды қамтамасыздандыратын жағдай жасау; әртүрлі деңгейдегі мәселелерді шешуге бағытталған оқушылардың жобалары. Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару – біздің казіргі кездегі міндетіміз.                                                        

         Қазіргі кезде оқушыларға ағылшын тілін оқытудың әртүрлі деңгейлеріне сәйкес оқытудың жаңа технологияларын, ақпараттық және компьютерлік жүйелер арқылы ізденіс жұмыстарын жандандыра түсудің барлық мүмкіндіктері жасалған. Шетел тілін оқытуда лингафондық құрал-жабдықтар, аудио, видео кешені – оқушылардың ауызша және жазбаша  аударудағы білім жетілдіру, сөздік қорын қосымша жаңа сөздермен байыту, толықтыру, ой-өрісін дамыту мақсатында қолданылады. Сондай-ақ оқыту процесінде мультимедия бағдарламасының көмегімен, ғаламтордан алынған әлемдік жағдайлар, педагогикалық технологиялардың  түрлі әдіс – тәсілдері, комуникативтік бағыттағы оқыту элементтері кең қолданылады. Тілге байланысты оқу процесінде жүйелі жетілдіру жұмыстары жүргізіліп отырады, атап айтсақ ашық сабақтар, пікір-сайыстар, семинар, конференциялар, практикалық сабақтар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, өзара сабаққа қатынасып талдау, оқушылардың зерттеу жұмысымен айналысулары, сонымен қатар студенттердің жеке ізденіс жұмыстарына басшылық ету.

Қазақстанның болашағы көптілді білім берумен қатар 12 жылдық білім беру саласында осы мақсатты жүзеге асыру  мәселесі болып саналады. Сондай-ақ  12 жылдық білім беру үлгісіне ауысу мұғалімнен инновациялық, шығармашылық тұрғыдан ойлауды талап етеді. Кәсіби педагогикалық шеберлікті, шынайылықты талап ететін қазіргі заманда ұстаздың әрбір ісін, жоспарын мұқият зерделеуін қажетсінеді. Яғни жаңаша білім беруде  оқытушыларға қойылатын талаптар. Сондықтан көптілді білім берудің мақсаты:

–         әлем бірлестігінің жағдайында бәсекеге түсе алатын көптілді тұлғаны дамыту.

Міндеттері:

–         әр оқушының жеке қабілеттерін көптілді дамытуды қамтамасыздандыратын жағдай жасау;

–         әртүрлі деңгейдегі мәселелерді шешуге бағытталған оқушылардың жобалары.

Күтілетін нәтиже:

Көптілді меңгерген, өзін-өзі әлеуметтік  және кәсіби билеуге, өздігінен дамуға, өздігінен жетілуге қабілетті тұлға. Бүгінде елімізде ағылшын тілді мамандарды даярлау ісіне ерекше мән берілуде. Алайда, бізде қазақ және орыс тілдерін игеру сияқты ағылшын тілін үйрену, сондай-ақ осы тілде сабақ беруде көптеген кемшіліктер бар. Оның салдарын барлығымыз сезініп отырмыз. Көптілді білім беру жүйесі аясында білім саласындағы оқу-әдістемелік құралдар қайта қарастырылады. Себебі осы саладағы ағылшын тілін оқыту жұмысы әлемдік талапқа сай емес. Осыған байланысты келешекте осы мәселені шешу үшін нақты іс-шаралар өткізілу керек. Сондықтан жоғары білім беруді жаңартудың негізгі құжаттарында ең негізгі мақсат  білікті маман даярлау деп көрсетілген болатын. Ол жауапкершілігі мол, өз мамандығы бойынша халықаралық стандарт деңгейінде тиімді іс-әрекетке қабілетті болуы, кәсіби деңгейінің өсуіне ынталы болуы, әлеуметтік және кәсіби бейімділігі жоғары, үш тілді: мемлекеттік тілді-қазақ тілін, ұлтаралық қатынас құралы ретінде орыс тілін, дүниежүзілік экономикалық кеңістікке кірігу тілі ретінде ағылшын тілін еркін меңгерген тұлға болуы тиіс. Бұл міндетті шешудің маңыздылығы Қазақстанның жаhандану жағдайында ұлттық білім жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ұмтылысымен анықталады.

Компьютермен сабақ өткізу арқылы оның қолданылуын үйрене отырып телесабақтарды тың, жаңа деңгейде өткізуге, оқытушы  мен оқушының қарым-қатынасының педагогикалық және методикалық тұрғыдан сараланып алынған алуан түрлі қызмет түрлерінің қолданылуы жүзеге асады. Компьютерді қолдану барысында өздерін қызықтыратын әр түрлі мәселелерді шешуге болады және талқылайды. Компьютермен бала жазады,оқиды,түрлі тестер орындайды. Техникалық құралдарды пайдаланудың ең тиімді жағы уақытты ұтасың, дәл, тиянақты оқу-материалдарын алдын-ала дайындап, оқушыға беріп отырсаң өзінен-өзі жасауға тырысады, қызығады, жасамай,үлгермей отырған оқушы болмайды, себебі оның алдында бәрі дайын тұр. Сонымен қатар мұғалім қазіргі мектептегі ақпараттық құралдарды жетік меңгеру, Power Point, Active Studio бағдарламаларымен жұмыс істеп қана қоймай үнемі интернет жүйесіндегі жаңалықтар мен өзгерістерді өзінің кәсіби шеберлігіне қолдана білу, білім кеңістігін кеңейту, ашу бағытындағы өзгерістер мен әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге талпыну керек. Соңғы кезде уақыт көрсетіп отырғандай, мұғаліммен салыстырғанда оқушыда көп ақпарат болатыны кейінгі көрсетілген тәжірибелер дәлелдеп отыр.

Қорыта айтатын болсақ,  көптілді білім беру бағдарламасы аясында үштілді меңгеру  тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейде көтерілуіміз керек. Бұл оқушылардың халықаралық жобаларға қатысуын кеңейту, шетелдік әріптестермен ғылыми байланыстарын нығайтуға, шетел тілдеріндегі ақпарат көздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірімен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қ.Р «Тілдер туралы» Заңы

2.Қ.Р «Білім туралы» Заңы

3.12 жылдық білім. ғылыми-әдістемелік, ақпараттық-сараптамалық журнал, №3  2008ж

4.12 жылдық көшуге арналған білімді дамыту бағдарламасы.

5Мектептегі шет тілі. Республикалық әдістемелік-педагогикалық журнал. №4 (22), 2006

6.Мектептегі шет тілі. Республикалық әдістемелік-педагогикалық журнал. №2(44), 2010