Какжанова Ф.А., ф.ғ.к.,

Әуесхан А.Ә., магистрант

Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ, Қарағанды

 

 

ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТIЛДЕРIНДЕГI СӨЙЛЕМДЕРДIҢ ТҮРЛЕРI

 

Cоңғы кезде ұлтаралық қарым-қатынастардың дамуына байланысты әртүрлі тілдік топтарды және құрылымы әртүрлі туыс емес тілдерді, атап айтқанда қазақ және ағылшын тілдерін салғастыра зерттеуге көп көңіл бөлінуде.  

Типологиялық салғастыру негізінде туыс емес тілдерді салғастыра отырып, олардың жүйелік-құрылымдық тұлғасын айқындауға, ол тілдерге тән нақты төл ерекшеліктерді көрсетететін типологиялық доминант (басым) белгілерді зерттеп анықтауға мүмкіндік болады.

Зерттеушілердің тұжырымдауынша, туыс емес тілдерді (генетикалық, құрылымдық жағынан) салғастыра оқыту – шетел тілдерін оқытуда тиімді әрі бірден бір дұрыс жолы [1].

Қазақ тілін басқа шетел тілдерімен салыстыра және салғастыра зерттеу арқылы ана тіліміздің қолдану аясын кеңейтіп, дәрежесін көтеруге әсер ететіні сөзсіз.

Сондай-ақ туыс емес екі тілді салыстыра және салғастыра зерттеу арқылы ол тілдердің құрылым-құрылысын танып білуге, ол тілдерде сөйлейтін этностың ерекшелігін,   кейбір ұқсастықтарын анықтауға болады.

Әрбір тілдің өзіне тән құрылымы бар, осы қазынаны тіл талай заманнан бері жинақтап, өз бойына сақтап келеді. Жыл өткен сайын тіл жетіле келе, қолданыла келе, құдіретті күшке айналады. Осылай оның құрылым-жүйесі қалыптасады. Сондай тілдің біреуі    қазақ тілі.  

Тіл құрылымы да қарапайымнан күрделіге қарай ауысып отырады: дыбыстан – сөзге, сөзден –сөйлемге ұласады. Осылай бір-бірінен ажырамайтын бір тұтастық десек болар. Мұны көне замандардың өзінде-ақ байқалған құбылыс деуге әбден болады.  Тіл еш уақытта адамнан, ал адам тілден бөлінбеген. Тіл адамдар арасындағы тілдесімді, сөйлесімді жүзеге асыратын, олардың бір-бірімен тілдік қарым-қатынасын қамтамасыз ететін құралға айналды. Тіл адамдардың өзара пікірлесіп, ой бөлісуіне қызмет етеді. Тіл мен қоғам байланысты екені белгілі. Қоғамның даму барысында тілде де талай өзгерістер пайда болып, тіл лексикалық және грамматикалық тұрғыдан үздіксіз дамып отырады.

Сонымен тіл-тілдің өзара бір-бірімен байланысты екі жағы болады. Оның бірі – тілдің  сөздік, екіншісі – тілдің грамматикалық жақтары. Тілдің осы екі жағының бірлігінен біртұтас тіл құралады да, айтылатын ой түсінікті болып, тіл нағыз қатынас құралы ретінде қызмет ете алады.

Тілдің сөздігі мен грамматикалық құрылысының осындай ерекшеліктері мен қызметтері, әрқайсысының өз жүйесі болатындықтан, тілдің сөз қабатын лексикология ғылымы, ал грамматикалық құрылысын грамматика ғылымы зерттейді.

 Грамматика деген ұғым тілдің құрылысы ретінде де, ғылым ретінде де үш саладан тұрады: 1) с ө з ж а с а м  процесінің тәсілдері - сөз тудырудың жолдары мен түрлері, тілдің сөз байлығын молайту амалдары;  2)  м о р ф о л о г и я  -  сөздің грамматикалық мағыналары мен фор­малары, грамматикалық категориялар, сөздің морфоло­гиялық құрамы мен сөз таптары, олардың түрлену жүйесі мен сипаты;  3) с и н т а к с и с  -  сөздердің бір-бірімен байланысу тәсілдері мен түрлері, сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылысы, түрлері, сөйлемдегі сөздердің қызметі.

Тілдегі сөздік құрам, тілдік айналым әр халықта әр түрлі қалыптасқан грамматикалық заңдылықтарға сүйенеді. Сондықтан бір тілде бар көрініс екінші бір тілде болмауы немесе басқаша тәсілмен берілуі әбден мүмкін.

Қазақ тілінің де, сондай-ақ ағылшын тілінің де  өзіндік грамматикалық-синтаксистік қалыптасқан жүйесі бар. Тілдердің сөйлем жүйесін қарастыратын осы саласы сөз тіркесі синтаксисі және сөйлем синтаксисінде қарастырылады. Бұл екеуінің арасында табиғи байланыс сақталған. Адамдардың ойы, пікірі сөйлем арқылы жарыққа шығады.  

Сөйлем – біршама тиянақты ойды білдіретін синтаксистік бірлік.

Кесте 1. Сөйлемге тән ерекшеліктер

 

Кез келген тілде сөйлемге тіркестер ұйытқы болады, олар ойды мақсатқа байланысты жарыққа шығарады. Зерттеушілер бұл мақсаттылықты синтаксистік өлшеммен хабарлы сөйлем, сұраулы сөйлем, бұйрықты сөйлем және лепті сөйлем деп атайды.

Қазақ және ағылшын тілдерінде осылардың әрқайсысының жолдары бар. Қандай жағдайда да тіл тілдегі сөйлем жүйесі осы жоғарыдағы құрылымдардан асып кете алмайды. Грамматикада бұл сөйлемдер жай сөйлем синтаксисінің нысаны болып табылады. Бұл сөйлемдердің тілде қолданылу жиілігі бірдей болмайды. Зерттеушілердің тұжырымдауынша, хабарлы сөйлемдер бұйрықты және лепті сөйлемдермен салыстырғанда тым жиі қолданылады. Өйткені адамдардық күнделікті қарым-қатынасында хабар-мәлімет басым болады. Ал сұраулы сөйлемдер өзара түсінісуге және  хабар-мәліметті түсінудің кілті іспетті. Бұл сөйлемдердің айтылуы да әр түрлі – дауыс ырғағы қарапайымнан жоғары екпінге (интонацияға) дейін көтеріледі. Қазақ тілінде сұраулы сөйлемдер мағынасына қарай ашық сұрақ, қарсы сұрақ, күмәнді сұрақ, таңырқаулы сұрақ, риторикалық сұрақ болып ажыратылады [2, 4].

Ағылшын тілінде сұраулы сөйлемдердің бірнеше түрі бар: 1) жалпы сұрақ (general question); 2) арнаулы сұрақ (special question); 3) альтернативтік сұрақ (alternative); 4) жалғаулық (disjunctive). 

Ағылшын тілінде жалпы сұрақ  және арнаулы сұрақтарда  сөздердің кері орын тәртібі, яғни баяндауыш бастауыштың алдында тұрады.  Жалпы сұрақ көмекші немесе модаль етістіктерінен басталады.

Do you study at the University? Сіз университетте оқисыз ба?

Yes, I do. No, I don’t.               Ия.    Жоқ.

Екі тілде де сұрақ көтеріңкі интонациямен айтылады да –«ия» немесе «жоқ» деген жауапты талап етеді. Арнаулы сұрақтар сұраулы сөздерден кейін жалпы сұрақтағы сөздердің орын тәртібін сақтай отырып жасалады.

Ағылшын тілінде сұраулы сөйлемдерді құрастырғанда екі нәрсені білу керек:

1.     Сөйлемнің қай  мүшесіне сұрақ қоймақшысыз:

бастауышқа  (subject);

баяндауышқа (predicate);

толықтауышқа (object);

анықтауышқа (attribute);

пысықтауышқа(adverbial modiffiers).

 

2 Қай шақта, етісте, аспектіде?

Мысалы:

1.     I am writing the the letter to my friend now.

 

Continuous

1. I (subject)  - Who is writing?

2.am writing (predicate) – What am I doing?

3. the letter (object) – What am I writing?

4. my (attribute) – Whose friend am writing to?

5. friend (object) – To whom am I writing?

6. now (adverbial modifier of time)  - When am I writing?  [3,163-164].

 

сұраулы сөз

Көмекші етістік

бастауыш

Баяндауыш

басқа мүшелер

What

does

the student

do?

 

 

Кесте 2. Ағылшын тіліндегі арнаулы сұрақтардағы сөздердің орын тәртібі:

 

Альтернативтік сұрақта көмекші немесе модаль етістіктерінен басталады да -or -шылауы арқылы жасалады.

Does he work at the plant or at the University?

Ол заводта жұмыс істей ме әлде университетте ме?

Жалғаулық сұрақ көбінесе ауыз екі тілде  қолданылады. Ол екі элементтен тұрады:

1)     мақұлдау немесе мақұлдамау; 2) оған сенімсіздік білдіру:

You didn’t like the report, did you?

  He is a good doctor, isn’t he?

 

Бірінші элемент болымды түрде болса, екіншісі болымсыз түрде болады: She will be an doctor, won’t’ she?  Yes, she will. No, she won’t.

Ал бірінші элемент болымсыз болса, екіншісі болымды түрде қолданылады: The students mustn’t be late for classes, must they?

Сонымен тілдерді типологиялық зерттеуде ең басты мәселе – салғастырып отыоған тілдер арасындағы ұқсастықтар мен айрмашылықтарды анықтау.

 

Әдебиеттер:

 

1.     Широкова А.Н. Сопоставительная типология разноструктурных языков. М., 2000. 200 с

2.     Шәукенұлы Қ. Синтаксис. –Алматы: Арыс, 2004. – 248 б.

3.     Какжанова Ф.А. Ағылшын тілінің функционалды грамматикасы.                  –Алматы: Эверо, 2015. 404 б.