ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚТЫҢ  КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

 

з.ғ.к. Сартбаева У.К., Еркебаева Н.А., Баймагамбетова Ж.Б.

 

М.Әуезов атындағы ОҚМУ

 

Көлеңкелі экокомиканың пайда болуы мен екпінді шарықтауына өзіндік жауап ретінде кәсіби қылмыстылық та күрт өсе түсті. Астыртын бизнес иелері шапқыншы топ жасайтын шабуыл объектісіне айналды. Қылмыс жасау үшін ұйымдасқан топтар, өздерінің саласы мен айналасындағы экономикалық қана емес кәсіби қылмыстылықты қадағалаушы «алмаспайтын бақылау» әдістерін қолданатын болды. Олай болмаған жағдайда жұмыс істетпей, оларды сыртынан құқық корғау органына жеткізеді де отырады. Ұйымдасқан қылмыстық топтардың басшылары өзінің ауданы мен қызмет саласы үшік жанталаса күреседі, тіпті қанды керіске де, кісі өлтіруге тапсырыс беруге де барады, негізінде олар үшін артық айқай-шу қажет емес, аумақтық және өзге де алауыздықты жөнге салу үшін біреуді төрешісі «заңды ұры» болып табылатын айдап салу мен ұлттық сот ұйымдастырады.

А. И. Гуровтың деректері бойынша, ресейлік «мафия» қауымдарын бұрынғы спортшылар, кәсіби қылмыс қайталаушылар (рецидивистер) мен сыртынан қарағанда қарапайым әрі заң тыңдағыштықпен күн кешетін «дағдылы» шаруақорлар басқарады. Олардың басты күші — аппаратпен сыбайластық байланыс пен қылмыстық жолмен түскен қырауар ақшада. Қылмыстық табыстың үштен екісі, РФ прокуратурасының ғылыми-зерттеу институтының деректері бойынша, лауазымды адамдарды сатып алуға жұмсалады екен.[1]

Алматы қаласындағы ІІБасқара Бастығы ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі басқармасының бастығы С. Қожахметовтың айтуынша, Қазақстан ешқашанда Ресейдегідей «бай» қылмыстық дәстүрге ие болып көрген емес. Дегенмен, кеңестік кезеңдегі «одақтық деңгейдегі» абақтыларда «заңды ұрылар» мен «беделділердің» отырғаны анық. Егер Ресейде «заңдылардың» саны мыңға жетіп құласа, біздегі тәж киген ұрылар үшеу-ақ: Бикен, Маймыш және Серік-басшы, бірақ олардың топтарының өзі «бөрік астында», Алайда, Қазақстанда нақты билігі мен лауазымы жоқ ұрылардың қараушы ретінде қойған беделді қылмыскерлердің «жандайшаптары» аз емес [2, 2-4б.].

Осыған қарамастан, Қазақстанда «тап-таза түріндегі» ұйымдасқан қылмыс жоқ деген негізгі қорытындылауына сенімсіздікпен қарауға болады. Көптеген кәсіпорындар, базарлар, кейбір банктік және коммерциялық құрылымдар, ішімдіктер сату мен есірткі бизнесін ұрылардың бөліп алуы, олардың үстінен бақылау орнатулары жәке басқа да әрекеттерде қылмыстық ортаның өкімет өкілдерімен ауыз жаласып кететіндігіне дау жоқ, және мұндай оқиғалардың Қазақстанның қай өңірінде болмасын орын алып отырғаны жасырын емес. Мұндай жағдайда жергілікті топтардың бастаушылары бопсалау мен қорқытуды пайдалана отырып, еңбексіз жолмен табылған табысты алып қою, біреудің қарызын қайтарып алуына көмектесу, экономика саласындағы өздерінің қылмыстық арамтамақтарын орналастыру сияқты әрекеттермен айналысады. Бұл жерде кейде банкирлерді, ірі шенеуніктер мен шаруашылық басшыларын тапсырыспен өлтіру республикада таңсық емес көрініске айналып барады. Осындай құбылыстардың нәтижесінде ірі-ірі деген көлеңкелі іскерлер, сыбайласқан шенеунік мен жалпы қылмыстық ортаның бастаушылары арасындағы ымырашылдыққа қол жеткізілді.

Қазақстан Республикасында бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін құрылған топтардың құрамы 2 адамнан басталып 10-12 адамнан аспады. Әрине, аса қауіптілікті ұйымдасқан қылмыстың жоғары эшалоны: түрлі қылмыстық топтардың әректтерінің жалпы қылмыстылық стратегиясы мен тактикасын құрушы, олардың іс-әрекеттерін үйлестіруші, қылмыстық қылықтардың қалыптаспаған жаңа нысандарын ойлап шығарушы қылмыстық ұйымдардың бастаушылары, олардың «ойлаушы ортасынан» күтуге болады [3,16-17б.].

Дегенмен, қылмыстық әрекеттердің көп бөлігін ұйымдасқан қылмыскерлермен емес, ұйымдасқан қылмыстылықпен жасалып, ол бірінші кезекте қоғамдағы адамгершілік-психологиялық ахуалға кері әсер етіп және экономикаға кеселін тигізеді [4, 65-68б.].

«Ұйымдасқан қылмыстылық» ұғымының құрамдас бөлігі болып табылатын және белгілі бір нысанда өтетін ұйымдасқан қылмыстылық (әлеуметтік-құқықтық құбылыс) пен ұйымдасқан қылмыстық қызметті бір-бірінен айыра білген жөн. Топ, банда, топтасу, ұйым, қауымдастық — ұйымдасқан қылмыстылықтың нысандары және ұйымдасқан қылмыстық әрекеттің де нысандары. Ұйымдасқан қылмыстылықтың нақты қызметі қылмыстық топ, қауымдастық құру, нақты бір қылмыс жасауда соларға басшылық жасау, қылмыстың ізін жасыру және басқалар болып табылады.

Ұйымдасқан қылмыстық бірлестіктермен жасалатын көбірек орын алатын қылмыстардың түрлері бұдан бұрын атап өтілді. Аймақтардың өзіне тән ерекшеліктері өзіне тән көбірек тараған ұйымдасқан қылмыстық құбылыстарды қамтиды [5, 90-91].

Ұйымдасқан қылмыстылыққа криминалистикалық сипаттама беру кезіндегі пайдалынылатын В. И. Куликовтың ұсынған ұйымдасқан қылмыстық әрекеттің негізгі элементі деп аталатын идеясының келешегі мол болып көрінетін сияқгы. Бұл жердегі негізгі элемент деп ұйымдасқан қылмыстық қауымдастықтың мақсатқа қол жеткізуінің біртіндеп енгізілген немесе таңдап алынған, Қылмыстық кодексте көрсетілген бір немесе соған жақын бірнеше қылмысты жасаудың негізгі әдісі болып табылады [6, 39б.].

Осы өлшемді пайдалана отырып ұйымдасқан қылмыстық бірлестіктерді үш ірі топқа бөлуге болады:

1)    әрекеттері күш көрсетпейтін пайда күнемдік сипаттағы бірлестік (ұрлық, парақорлық, контрабанда, есірткі саудасы және т. б.);

2)    пайда күнемдікпен күш көрсететін әрекетті құрайтын негізгі элементтерді қалыптастыру (бандитизм, адам ұрлау, қарақшылық шабуыл жасау, кепілідікке адам алу, алаяқтық және т. б.);

3)    әрекеттері пайда күнемдік емес, күш көрсетумен сипатталатын қылмыстық қауымдастық (еңбекпен түзеу жұмыстарына кедергі жасайтын, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыратын, заңсыз қаруланған бірлестіктер және сол сияқты басқа да әрекеттер ұйымдастыру және солардың қызметін жүргізу).

Осы тізімнен көрініп тұрғанындай, негізгі элементтер ұйымдасқан қылмыстың әрекеттердің, сондай-ақ олардың механизіміне енетін құралдарын және олардың криминалистикалық сипаттамасын анықтайды.

Дегенмен, кейбір топтар мен қылмыстық құрамалардың жекелеген негізгі элементтері белгілерінің кейбір бірігулерін де ескеру керек. Мәселен, белгілі бір дәрежеде есірткі саудасын күш көрсетпейтін құрамаларға жатқызу мейілінше даулы мәселе болып табылатыны белгілі. Колумбиялық, перуиандық және басқа оңтүстік американдық ескірткі картельдері ормандарда бақайшағына дейін қаруланған шағын қарулы күш ұстап және тіпті үкімет әскерлерімен кішігірім «соғыс» ашып отырғаны белгілі. Есірткі мафиясы қылмыстық «ассортименті» — тапсырыспен кісі өлтіру, қоқанлоқы, кепілдікке адам ұрлау, бәсекелестердің көзін жою, сондай-ақ есірткі мафиясына заңсыз аңшылық, стратегиялық шикізаттар мен өнердің құнды шығармаларын контрабандалық жолмен әкелу және әкету қолданылып келді және одан әрі қолданылуда. Кез келген құраманық ұйымдасқан қылмыстық қызметінің механизмінде, әдетте оларды қылмыстық емес «әрекетін қамтамасыз ететін» бөлігін, ұйымдастырушылар кінәсін дәлелдеу ісінде және ұйымдасқан қылмыстық әрекеттерді тергеу кезінде, қылмысқа қатысушылардың бәрін әшкерелеу мен қылмыстың жасалуына жағдай туғызатын себептер мен шарттарды жоюда басты криминалистикалық маңызға ие болатын іздерді бекітуді бөліп алып қарауға болады.   

Ұйымдасқан қылмыстық қызмет механизмінің қатарына қылмысқа дайындалу, оны жасау мен жекелеген қылмыс операцияларынық ізін жасыру, жалпы касса ұйымдастыру, ондағы қаражатты коммерциялық банктерге орналастырып көбейту, осы кассалардан құрама мүшелеріне ақы төлеп түру әдістері (тәсілдері) жатады. Ұйымдасқан қылмыстық қызметте сонымен бірге ақиқатты анықтауға қарсы тұратын жалпы әдістермен (тәсілдер) бірге өтірік-жалған көрсету беру; қылмыстың ізін жасару; қылмыс жасағансу; қылмыс жасайтын құпия қаруларда жасыру; қылмыскердің бет-пішінін өзгерту; қылмыс орнында болмағандығын айту; құрбанның мәйітін танымастай етіп бұзу мен денесін мүшелеп тастау сияқты арнайы әдістер қолданылады. Сонымен бірге, жәбірленуші мен куәгерлерге, сондай-ақ құқық қорғау огандары қызметкеріне қатысты қатыгездік әдістер, ұйымдасқан қылмыстың қызметтің жасырын түрлерін ашық нысандармен жабу арқылы жасыру, басқарушылардың өздерінің қылмысқа қатыспауы, құраманың беті ашылып, белгілі болып қалған мүшелерін астыртып жағдайға көшіру сияқты әдістер қолданылады. Осы аталған әдістер мен тәсілдерді күш көрсететін пайдакүнемдік бағыттағы ұйымдасқан қылмыс әрекетінде пайдалану, сөз жоқ ұйымдасқан қылмыс әрекеттерін ашатын — криминалистикалық маңызы бар іздердің пайда болуына әкеп соғады.

Жалпы алғанда, ұйымдасқан қылмыстық қызметтің криминологиялық сипаттамасы — бұл ұйымдасқан қылмыстық қызметті әшкерелеу мен оның әрекеттерін болдырмау мақсатындағы кәдімгі криминалогиялық мәні бар белгілер туралы мәліметтердің жүйесі. Мүндай сипаттаманың негізгі элементтері ұйымдасқан қылмыстық қызметке тән қасиеттер, осындай құрамалардың қүрылымы, оның құрамдарының атқаратын қызмет, ұйымдасқа қылмыс қызметіне қатысушылар мен топ бастаушыларының әрекет ету әдістері (тәсілдері) мен тұлғаға тән қасиеттері (рөлдік, кәсіби, сыбайлас байланыстар, қылмыстық тәжірибесі мен белсенділік дәрежесі туралы мәліметтер) болып табылады. бұл жерде басты назар топтарды (қауымдастықты, ұйымды) ұйымдастырушын әшкерелеуге және оның кінәсін дәлелдеуге аударылуы керек [5,90-91б.].

Дәл осы ірі-ірі ұрлықты ұйымдастырушылардан, көлеңкелілер мен қауіптірек деген жалпы қылмыстық қылмыскерлерден біртіндеп-біртіндеп ұйымдасқан қылмыстылықтың жоғары эшалоны — қылмыстық жазалануға жататын нақты қылмыстарды тікелей жасаудан аулақ жүретін, өзіндік ерекше элиталар қалыптасты. Оның өкілдері әшкереледі қиынға түсетін қызметтерді ұйымдастыруды өз міндеттеріне алды. Адамдардың мұндай тобы өздерінің ықпалын кеңейтіп, дәстүрлі кәсіби қылмыстылықтар — ұрлық, алаяқтық, валюталық операция, есірткі өндіру мен сату, өнер шығармалары мен көне туындылар саудасы, қару-жарақ сату сияқтыларға бақылау жүргізіп және талап қойып отырды.

Ұйымдасқан қылмыстылыкты түсіне білу түрлі көзқараста жүзеге асырылады. Әр автор оны қылмыстық ортадағы ұйымдық-құрылымдық құрылысының; осы субъектінің қызметіндегі көріну ерекшеліктері негізінде, өзін ұйымдасқан нысанның басты мазмұнында көрсететін қылмыстық әрекет түрлері бойынша, ұйымдасқан қылмыстық қызметтегі арнайы қызметі негізінде аныктайды. Мұндай іс-әрекеттер едәуір дәрежеде шартты және бәрін қамтитын болып табылады, ең бастысы өзгермелілікті және ұйымдасқан қылмыстылықты өзгермелі жағдайға адам сенбес бейімделгіштігін көрсетпейді.

Қазақстан Республикасындағы ұйымдасқан қылмыстылықты жалпы қылмыстылықтың жай-күйін біліп алмай қарастыруға болмайды. Қазіргі кезде нашақорлық пен жезөкшеліктің кең тарауы, ұрлық-қарлықтың жаңаша дәстүрлерінің туындауы, таяудағы және алыс шетелдегі халықаралық қылмыс саласындағы қылмыстық қауымдастықтарының интеграциясы, ұйымдастырушылығының жоғары деңгейге көтерілуі сияқты ағымдардың өсуімен сипатталады [7, 14б.].

Қызметтік қылмыстық жасырындылығы олардың көбінесе ұйымдасқан, мемлекеттік орган құрылымдарында түрлі орын алатын, бір-бірін қолдаушылығы және басқа да қылмыстық міндеттемелермен байланыстылығы күшті, әрекеттері айлакерлікпен және ептілігімен сипатталатын сыбайлас адамдар тобына байланысты. Қазіргі кезде көптеген қылмыстық ымыраласу банктік бұрмаланған операциялармен (әсіресе, коммерциялық банктер арасында), жалған құжаттармен (лицензия беру мен шикізат, өнім жөнелтуде) бүркемеленеді. Сыбайлас жемқорлар әрекеттердің өте құйтырқы әдістері мен тәсілдерін қолданып, «іздерін жасырады». Мәселен, бүркемеленіп жасалған ұрлық деп, құнының белгілі бір пайызын алумен немесе өзінің жақындары мен туыстарына көрінеу бағасын төмендетіп, аукционсыз-ақ мемлекеттік объектілерді сатуды; құрылтайшысы өзінің жақындары мен туыстары болып табылатын жекелеген қорларға, шағын кәсіпорындарға немесе өзге де коммерциялық құрылымдарға ақша қаражатары мен шикізаттарды (материалдарды) аудару; бұрмаланған авизо, жалған құжаттар бойынша банктерде ақша алу немесе иемдену; жалған кепілдік міндеттеме бойынша несиеге алынған ақшаны иемдену кету; жалған лицензия бойынша ұрланған шикізатты (өнімді) мемлекет шегінен алып шығу саналады. Экономика саласында кәсіпорын мен ұйымның нақты табысын қасақана төмендетіп көрсетудің, тіпті жалған кәсіпкерлік сияқты не бір айлалы да құйтырқы жолдарын пайдалана отырып салық төлеуден жалтару түріндегі пайдакүнемдік қылмыс кеңінен орын алған. Әдетте, мұндай қылмыстар криминалистикалық тұрғыдан өте мұқият ойластырылып және жоспарланып, оларды орындайтын қылмыстық топтар белгіленіп жүзеге асырылады. Ал осы әрекетті жүзеге асыратын топ ішіндегі міндеттер де өзара бөлісіліп, оған қатысушыларды қорғау мен көтермелеу шаралары, жауаптылық нормаларын ұстау шегі және басқа да қажетті жағдайлары белгіленеді [8, 21-24].

Әзірше, бірлескен және жоспарлы қорғаныс билік кабинеттерінің құпиясын қол жеткісіз етіп отыр. Дегенмен, кезіндегі жекешелендіру науқанында халық игілігін тиынға алып, сом құрап, байып алып, халыққа қарызын қайтармағандардың кім екендері де белгілі. Ондайлардың жоғары жақтағы арқа сүйейтіндері кім екендігі де аян. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі Мемлекеттік комиссиясының төрағасы О. Әбдікәрімовтың айтуы бойынша, заңнамалардың жетілдірілмегені соншалықты, олар тіпті көптеген шенеуніктердің алаяқтық,әсіресе заңсыз, бірақ орындалуы міндетті негізсіз нұсқаулар шығара беруге жағдай туғызып отырған сияқты. Нәтижесінде шенеуніктердің қызметтері заң бойынша емес, ведомстволық, ішкі нұсқаулар мен ережелердің көмегімен ғана жүргізілетік болып көрінеді. Шынында да түсініксіз, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік күрес жүргізудің сыйлы күрескерлеріне, сонымен бірге заңгерлерге сыбайлас жемқорлықтың жолдарын жабатындай, жариялылық пен шыншылдықты ашып көрсететіндей заңнамаларды жетілдіру мен нақтылау жөнінде өздерінің ұсыныстарын енгізуге кім кедергі жасап отыр.

Г. Оңланбекованың пікірінше [9, 15-16б.], қайта қүрудың орындалмай қалған мүмкіндіктері мен сыбайласқан әрекеттерінің кесірінен қарапайым адамдардың қайыршылық пен жұмыссыздық салдарынан кедейленуіне қатысты негізгі жауапкершіліктің үлесі мемлекеттік шекеуніктер мен басқа да лауазымды адамдардың мойнында қалып отыр. Жекелеген мемлекеттік шенеуніктердің ең бірінші ойлағын халықтың мақтаждығы емес, өздерінің бас пайдасының қамы болды.

Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан-2030» стартегиясында сыбайлас жемқорлықтың аса қауіптілігін ескерте келіп: «...сыбайлас жемқорлық — міне біздің өткен тәрбиеден алған режиміміз бен соңғы жылдары жасырын түрінен айдан анық ашық түрімен көрінуге көшкен бюрократиямыз "сапасының" бір шоқ сыйы» деп айтып өткен болатын [10, 3б.].

Билік реформасы кезеңдерінде бірқатар лауазымды адамдар үшін халық пен отанға қызмет ету жауапкершілігі мол адамгершілікті істен гөрі тез баю мен бастапқы қор жинап алудың мықты тетігіне айналғандай болды [11, 113].

Қолданыстағы заңнамалардағы тұжырымдардың дәл осындай анықсыздығы мен екі ұштылығын айдаланған түрлі ведомстволардың шенеуніктері (салық, денсаулық сақгау, білім беру және т. б.) бақылаусыз және заңсыз түрде оларға бизнесмендер мен жеке кәсіпкерлердің міндетті түрдегі ісі деген сипат бер отырып, өздерінің қаптап жатқан жеке нұсқаулары мен есеп беру нысандарын көбейтпек үстіне көбейтуде. Мұндайлар қасақаналықпен, мүлдем шара қолданусыз, және ондай «нұсқаулардың» мазмұндары заңнан алшақ кетіп, шенеуніктердің өздерінің қалаулары бойынша үнемі өзгертіліп отырады. Кейбір жұмысқа деген өтірік ынта танытқан пысықайлардың ісін көргенде шынында да жаның ашиды. Ал олар шындығына келгенде бизнеске ешқандай үлес қосып жүрген жоқ, қайта артқа тартады. Осындай өтірік қимыл-әрекеттерімен сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызып жүреді. Осындайларды көргенде көбіміз сырт қараймыз. Ал жемқорлықпен күресу тек құқық қорғау органдары қызметкерлерінің маңдайына ғана жазылып қойған жоқ қой. Мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлықтың әшкереленген фактілеріне байланысты шара қолданудан кез келген сылтаумен жалтаруы оны қызметінен босату жазасын қолдануға дейін барады. Ал іс жүзіне келетін болсақ, сыбайлас жемқорлыққа туғызған жағдайларға көзді жұмып қараймыз.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1 А.И. Гуров. Профессиональная преступность: прошлое и современность. М. 1990. 

2  Кожахметов С., Мамонтов А. Братва по-казахстански // Казахстанская полиция. — 2001. — №5. — 2-4-беттер

3 Байбатыров С. Особенности рассмотрения уголовных дел об организованной преступности и коррупции // Тураби. — 1998. —№1. 16-20-беттер

4  Антонян Ю.М., Пахомов В.Д. Организованная преступность и борьба с ней // Советское государство и право. — 1989. — № 7. 65-73-беттер

5 Лавров В.П. Расследование организованной преступности. «Проблем,борьбы с организованной преступностью и коррупцией. — Караганда, 1999. 90-91-беттер

6  Куликов   В.И.   Основы   криминалистической   теории   организованной преступной деятельности. — Ульяновск, І994.39-бет

7 Абдиров  Н.М.   Борьба с  наркобизнесом  в  современных  условиях (уголовно-правовые            аспекты)         //Проблемы совершенствования правоохранитвльной деятельности в РК в условиях перехода к рыночным отношениям: Материалы научно практической конференций. 9-10декабря 1996г. Караганда 14-бет

8 Джакишев Е.Г. Проблемы совершенствования криминалистических приемов и средств борьбы с хищениями и иными корыстными преступления сфере экономики. Автореф. на соиск. учен. степ, доктора юрид. наук.Алматы, 1994. 21-24-беттер

9 Онланбекова Г. Коррупцию - вке закона. Непримиримость ко всем ее проявлениям. // Фемида. 1999. №10. 15-16-беттер.

10 Назарбаев Н.Ә. Қазақстан — 2030 / Барлық қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқаты. Президенттің Қазақстан халқына жодауы.Алматы, 1999. 3-бет

11 Амрекулов Н. Пуги к устойчивому развитию, или размышления о главном. - Алматы, 1998. 113-бет