ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

 

з.ғ.к. Сартбаева У.К., Ермекбаев К.Б., Садикова Д.Н.

 

М.Әуезов атындағы ОҚМУ

 

Қылмыстылықпен күреске, бәрінен бұрын, сол қылмыстардың жасалуына мүмкінді тудыратын себептер мен жағдайларды жою арқылы қейбір адамдардың қылмыс жасау пиғылын ісқе асырмау жатады.

Кезінде Чезаре Бекария: «Жазалағаннан қылмыстың алдын алған жөн» деген еді [1].

«Құқық бұзушылықтың алдын алу» түсінігі негізінен, қылмыстылықпен күрестің криминологиялық теориясына сүйеніп қалыптасқан.

Г.А. Аванесовтың пікірінше, «қылмыстың алдын алу» түсінігі «қылмыстылықты жоюдың объективтік және субъективтік мүмкіндіктерінің тарихи қалыптасқан жүйесін, сондай-ақ осы құбылысты, оны туындататын себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жиынтығын» білдіреді.

Қылмыстылықтың алдын алу дегеніміз - қылмыстылықты тудыратын құбылыстарды азайтатын, шектейтін, жоятын қоғамдық процесс [2, 406б.].

Бұл жерде әңгіме қылмыстылықты тіптен жою жайында да болып отыр. Қылмыстық заңның негізгі мақсаты - қылмыстылықты тудыратын себептер мен жағдайлардан арылу және ол үшін қылмыстық, қылмыстық-іс жүргізу, түзеу заңдарының нормаларын және алдын алу шараларын құрал ретінде пайдалану [3, 7б.], -дейді Ю.Гомек.

Біз бұрындары қылмыстылық дегеніміз - күрделі әлеуметтік құбылыс, сондықтан да оның себептерін ең тиімді қылмыстық саясат та жоя алмайды деп санағанбыз. Қылмыстық заң жүйесі қандай да бір қылмыстың алдын алу мақсатында қылмыскерге, сондай-ақ азаматқа ықпал жасай алады, жасауға тиіс те. Әңгіме - сол ықпалдың неге тұратындығында, қаншалықты және қандай әдістермен жасалатындығында [4, 148б.].

Бұл мәселелерде маңызды саяси-әлеуметтіқ және идеологиялық мазмұн бар. Қылмыстық саясат құралдары қылмыстылықтың субъеқтивтк және бірқатар жақындау объективтік себептеріне және оларға мүмкіндік тудыратын жағдайларға ғана ықпал жасай алады.

И.П.  Портновтың пікірінше, «таза» түрде қылмыстың алдын алу дегеніміз - криминогендік факторларды жою және қылмысқа дейінгі кезеңде адамның мінез-құлқын түзету арқылы қылмыстың жасалуына жол бермеу [5,112б.].

Ал, Г.А.  Аванесовтың ойынша, қылмыстың алдын алу мақсатында ықпал жасалынатын объект «өте күрделі құбылыс», оған жеке адам, адамдар тобы, оларды қоршаған орта (оның ішінде тікелей қоршаған орта) және әр түрлі «заттар» - факторлар, себептер мен жағдайлар, мән-жайлар, т.б. жатады.

Алдын алу объектілері жайында сөз қозғағанда, тіптен, нақты қәсіпорын, аудан, қала, қандай да бір аймақ жайында айтуға болады.

Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, қылмыстылықтың алдын алуға анықтама берсек, ол - қылмыстылықтың себептерін және оған мүмкіндік тудыратын жағдайларды анықтау және жою мақсатында мемлекеттік, қоғамдық және басқа ұйымдардың жүргізетін, өзара байланыстағы әр түрлі шараларының жиынтығы.

Заң әдебиеттерінде оның әр түрлі топтамасы қелтірілген. Алдын алу жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру үшін мына негіздерде топтама жүргізген дұрыс: алдын алу жұмысының деңгейі бойынша, оның тетігі, көлемі бойынша, алдын алу шараларының мазмұны бойынша, оларды орындау субъектсі бойынша [6, 142б.].

Алдын алу жұмысының деңгейі бойынша екі шаралар тобы қарастырылады - жалпы әлеуметтік және әлеуметтік криминологиялық сипаттағы топтар.

С.В. Бородиннің пікірінше, бұл дұрыс топтастыру, ол қылмыстылықты оның себептері мен жағдайлары арқылы ғана емес, сонымен қатар, оған қарсы жүргізілетін шаралар арқылы да бағалауға мүмкіндік береді [7, 59б.].

Құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған жалпы және арнайы әлеуметтік шаралардың қөмегімен қоғам қылмыстылыққа басым ықпал ете алады, заңдылыққа, азаматтардың заң, сот алдында теңдігіне, адамгершілікке, әділдікке, құқық қолдану қызметінің қажетті жеткіліктігіне және ақылға сыйымдылыққа негізделген ойға қонымды қылмыстық саясат жүргізуге мүмкіндік туады.

Жалпы алдын алу (жалпы ескерту) - қылмыстық заң арқылы және оны қолдану практикасы арқылы қоғам мүшелеріне тежейтін ықпал жасау.

Әлеуметтік алдын алудың жалпы шараларына - жаңа қоғам орнату, республика халқының сана-сезімін, мәдени деңгейін, хал-ахуалын көтеру бағдарламасын жүзеге асыру жатады.

Қылмыстылыққа ықпал жасайтын, бірақ, іс жүзінде оның алдын алу шараларының жалпы жүйесінде негізгі болып табылатын шараларды жалпы шаралар қатарына жатқызу керек.

Қоғамға жат құбылыстардан әлеуметтік сақтандыру екі аспектіден тұрады: біріншіден, теріс әдет-ғұрыптардың сақталуының, әдепсіз қылықтардың, заң бұзушылықтың, қылмыс жасаудың себептерін және оларға мүмкіндік туғызатын жағдайларды зерттеу; екіншіден, сол негізде нарықтық қатынастарды қалыптастыру қезінде туындайтын мінез-құлықтың қоғамға жат факторларын қоғам өмірінен аластатуға мүмкіндік беретін қажетті әдістер мен құралдар ойластыру.

Экономиканы дамытуға, азаматтардың материалдық және мәдени деңгейін көтеруге бағытталған эқономикалық, саяси, ұйымдық сипаттағы барлық шаралар жүйесі жалпы шараларға жатады.

Жаңа қоғам орнатудағы басты міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған жалпы шараларға, А.С.  Шапошников, айналадағы өнегелі өмірді және де адамның тұлғасына қатысты шаралар -тәлімгерлік, ұстаздық, тәрбие, т.б. шараларын жатқызады [8, 8б.].

Қылмыстың алдын алу жүйесіне қылмыстық мінез-құлыққа әсер ететін және қандай да бір тиімділіқ беретін шаралар ғана кіреді [9, 75б.].

Қылмыстылықтың алдын алудың жалпы шараларына біздің республиқамыздағы барлық әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жатады. Адамға бағдар алған тиімді экономика негізінде меншік нысанының көп қырлылығына, нарықтық қатынастарды қалыптастыруға көшудің шаруашылық тетігін түбірімен қайта құру, адамдардың іскерлік белсенділігін және ынтасын көтеру, еңбек нәтижесіне мүдделілігін арттыру, халықтың әр түрлі тобының әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, реформа барысындағы елеулі шығындарға қарамастан, ерте ме, кеш пе, көптеген пайдақорлық, шаруашылық, лауазымдық және өзге қылмыстар жасаудың негізі болып табылатын криминогендік факторларды жоюға, шектеуге және ықпалсыз етуге қолайлы жағдай тудырады.

Алдын алудың жалпы шараларының негізгі мақсат- тұрмысы нашар адамдарды әлеуметтік жағынан қорғау (әсіресе, баға жіберілген және нарықтық қатынас орнай бастаған кезде), халықтың табысын индексациялау, салық салу саясатын дұрыс жүргізу, халықтың еңбекпен айналысуын және оның тұрмыстық ахуалын бақылау, жұмыссыздарды еңбекке орналастыру, қоғамдық қатынастарды жетілдіру, адамдардың рухани байлығын молайту, мәдениетін, санасын көтеру, т.б. болып табылады.

Жастардың өзінше еңбекке және қоғамдық-саяси өмірге аяқ басар шағында әлеуметтік, экономикалық және басқа жағдайларды жақсарту шаралары, мемлекеттік жастар саясатын қаржы, заң және ұйымдық жағынан қамтамасыз ету жастар арасындағы қылмыстылықтың алдын алудың негізін құрайды.

Айта келгенде, мәдениеттілікті жан-жақты дамыту, саяси сауаттылық, өнегелі тұрмыс, еңбекқорлық, заңды білу қоғамды жаңғыртудың, оны өркениетті етудің маңызды шарты ретінде қылмыстылықтың барлық түрінің алдын алудың қажетті негізі болып табылады.

Криминологиялық әдебиеттерде кейбір ғалымдар қылмыс жасаудың себептерін және оларға мүмкіндік тудыратын жағдайларды жоюға бағытталған қызметті арнайы алдын алу шараларына жатқызады [10, 96 б.].

Ал басқа біреулер арнайы алдын алу шараларын арнайы криминологиялық және қылмыстық-құқықтық сақтандыру деп екі жүйеге бөледі. Арнайы алдын алу шаралары криминогендік факторларды ықпалсыз етуге ғана, қылмыс жасай алатын немесе жасап қалған адамдарды түзетуге ғана бағытталған шараларды қамтиды.

Қазіргі уақытта республикада он жеті миллион шамасында адам болса, яғни, әр үш адамның біреуі оқиды. «Білім беру туралы» Заңда бірінші рет заң практикасында оқу процесіне қатысушылардың құқығы, міндеттері және жауапқершілігі, тәрбиелеу және оқыту үшін ерекше жағдайды қажет ететін балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік қорғау мекемесі, білім беру мекемелерінің құқықтық мәртебесі, халыққа білім беру жүйесін және оның материалдық базасын қаржыландыру тәртібі анықталған.

Республика Президенті былай деп жазды: «Қазақстан халқының рухани күші оның білімділігінде. Сонда ғана келешек буынның барлық мүмкіндіктері ашылады, кәсіби шеберлігі жетіле түседі, аға буынның ақыл-қеңесіне құлақ асып, оны пайдаланады. Білім шыңына, рухани байлыққа теқ білімқұмар, талантты жастар ғана жетеді» [11].

Қазақстан халқын аға буынның озық дәстүрінде тәрбиелеу ісіне шығармашыл зиялы қауым да үлкен үлес қосуда.

Ұжымдар мен жұртшылықтың тәртіп сақтау ісіндегі оң тәжірибелерін, мемлекет мүдделері мен азаматтар құқықтарын қол сұғушылықтан қорғаудағы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жан қияр еңбегін дұрыс көрсете білудің қылмыстылықтың алдын алуда атқаратын рөлі зор [12, 134.].

Бұл міндетті жазушылар, журналистер, кино және теледидар қызметкерлері, т.б. табысты орындауда.

И.П. Портновтың айтуынша, сақтандырудың кешенді жоспары, басқа да көптеген бастамалар сияқты, тоқырау кезеңінде еш даму алмады [13, 79б].

Ол оң нәтиже берген болар еді. Бұл сақтандыру шараларын және қылмыспен күресті қарастырған жоспар болатын.

Әлеуметтіқ сақтандыру саласында мыналарды жүзеге асыру қажет:

1) Заң бұзушылықтың алдын алудың әлеуметтіқ базасын нығайту (әлеуметтік-экономикалық шаралар арқылы көп балалы отбасыларын, зейнеткерлерді, халықтың нашар тұратын тобын мемлекет тарапынан қорғауды қамтамасыз ету; ең аз табысты анықтау және тұтыну мөлшерін ауық-ауық қайта қарастыру; ата-анасының қамқорынсыз қалған және жетім балалар үшін, қарт адамдар үшін мектеп жасына дейінгі балалар үйлерін, басқа да мекемелер жүйесін қеңейту; өнегелік тәрбиені, заңға баулуды жақсарту).

2) Заңды міндетті түрде оқуды ұйымдастыру және заңға баулу (кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың қызметкерлерін, оқитын жастарды және басқа азаматтарды заңға оқытудың жүйесін құру; халық арасында заңдарды, құқық саясатын насихаттау және түсіндіру жұмысын жолға қою; заңды сыйлауға баулуда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін көтеру).

3) Азаматтардың әлеуметтік-құқықтық белсенділігін арттыру (халықты құқық тәртібін сақтау ісіне тартудың жаңа нысандарын дамыту; жәбірленушілерді, куәлерді құқықтық қорғауды заңмен реттеу; заңдылықты қорғау ісінде белсенділік танытқан адамдарға әлеуметтік қолдау жасау).

4) Бас бостандығынан айыру орындарынан босаған адамдарды әлеуметтік ақтау (колониядан босанып келген адамдарды еңбекке қамтудың, оларға тұрмыстық жағдай жасаудың жүйесін құру; сотталғандардың қажетті мамандық алуы мақсатында түзету мекемелерінің жұмысын жақсарту; бас бостандығынан айыру орындарынан келген адамдарды әлеуметтік ақтау және қоғамға көндіктірудің басқа да нысанындағы орталықтарды ұйымдастыруға және олардың жұмысына қолдау көрсету).

Өкінішке орай, қазіргі күшіндегі заңдарда мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ алдын алу қызметінің басқа да субъектілерінің өкілеттіктері анық реттелмеген.

Қазақстанда 1985-1988 жылдар аралығында тиісті құқықтық мекемелер арамтамақ, жатыпішер 19,5 мың адамға ескерту жасаған [14, 33б].

Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың алдын алуда кәсіпорындардың, мекемелердің, ұжымшарлардың кассаларын және басқа да көп материалдық құндылықтары бар объектілерді қорғаудың техникалық құралдары, күзет дабылдағыштары маңызды рөл атқарады.

Пәтерлерді полиция қызметіне өткізген дұрыс, себебі тонаудың өзі кейде ұрлықтан басталады. Қазіргі дабыл қағатын құралдарды пайдаланып дүкендерді, кассаларды, басқа да жайларды күзетуді күшейту керек.

Жәбірленушілердің виктимдік мінез-құлқын өзгертуде біршама қиындықтар бар. Олар ішімдікке немесе есірткі затына мас болса, ешқандай сақтықты ойламай кез келген адаммен таныса кетеді. Сондықтан да өз көлігімен адам таситын, немесе жат адамдармен жиі жолығысатын азаматтарға арнайы нұсқау беріп, олардың күдікті адамдарды немесе мастарды көлігіне отырғызбауын, жолаушыларын алыс, өзі білмейтін жерлерге апармауын ескерту қажет.

Сонымен, зерттеулер жүргізу нәтижесінде қылмыстық құқықтың мәселелерін анықтайтын және бұзақылыққа қатысты мәселелерді ғылыми түрде шешудің әріқарайғы жолдарын қалыптастыратын анықтамаларды енгізуге мүмкіндік береді.

Егер қоғам эқономикалық, әлеуметтік және саяси проблемалар мен қарама-қайшылықтардың уысында қалса қылмыстылық кең етек алады, ешқандай әлеуметтік-саяси жүйе бұл заңдылықтан қашып құтыла алмайды.

Қылмыстылықтың жалпы себептерін және нақты қылмыстың себептерін, сондай-ақ жағдайын ажырату кажет. Нақты қылмыстың себептері мен жағдайы, ол:

а) тұтынушылықты, мүдделерді, нақты адамның құндылыққа бағдарын оң бағыттан тайдыратын, бұзатын, қылмыстық себептілікке негіз болатын орта;

б) қылмыстық себептіліктің өзі;

в) адамның қалыптасу, өмір сүру процесінде және қылмыс жасау процесінде тікелей өзі болатын және мінез-құлықтағы қылмыстық себептіліктің туындауына және іске асуына мүмкіндік тудыратын (нақты қылмысқа мүмкіндік тудыратын) жағдайлар.

Біреулердің тұрмысының нашарлауы солардың есебінен басқа біреулердің баюына әкеп соғады, бұл қайшылық қылмыстың да етек алуына себепші болады, адамдарда үрей, ыза-кек пайда болады, олар сенімнен айырылады, саяси дау-жанжал, қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар, әр түрлі нысандағы зорлық-зомбылық көбейеді. Белгілі бір жағдайларда экономикалық қылмыстылық қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар және жәй күш қолдану қылмыстылығына ұласуы мүмкін.

Ұйымдасқан қылмыстылықпен күресу проблемаларының ішінде ерекше орын алатыны, кең етек алған қоғамға қауіптілерінің бірі және кең көлемде қанат жайып отырғаны- қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар.

Республикамызда криминогендік жағдайдың қауіптілігі оның нашарлауы қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар үшін жауаптылыққа байланысты көптеген теоретикалық мәселелердің жасалуын қажет етеді. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың арнайы субъектісін мұқият талдау қажеттіліктерін талап етеді.

Жариялылық, оны талқылаудан тәуелсіз бұзақылықтың міндетті белгісі болып табылмайды. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодекстің 293-бабының диспозициясында жариялылыққа немесе қоғамдық орындарда жасалған іс-әрекетті бұзақылықтың белгісі ретінде нұсқау жоқ.

Заңның бiркелкi дұрыс қолдануын, бұрын қабылданған қаулылардың жүйеленуiн қамтамасыз ету мақсатында және соттарға, бұзақылық туралы қолданылып отырған Заңның өзгеруiнен туындаған мәселелер бойынша түсiнiк беру қажеттiлiгiне байланысты Жоғарғы Соттың Пленумы қаулылар шығарады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

       1 Чезаре Бекария. О преступлениях и наказаниях. - Москва, 1926. – 251 с.

       2 Аванесов Г.А. Криминология и социальная профилактика. - Москва,  1980. - 152 с.

       3 Воробъев А.И. и др. Уголовно-правовая политика. – Москва, 1991. - 176 с.

       4 Келина С.Г., Кудрявцев В.Н. Принципы советского уголовного право. - Москва, 1988. - 185 с.

       5 Портнов И.П. Профилактика преступлений в милицейской практике // Государство и право. 1995. - № 10. – С. 12-15.

       6 Теоретические основы предупреждения преступности. Москва, Юр. лит.,1977. - 206 с.

       7 Бородин С.В. Контроль над преступностью в демократическом обществе // Государство и право. 1993. - № 10. - С. 59-68.

       8 Шляпочников А.С. К вопросу о классификации мер предупреждения преступности // Вопросы борьбы с преступностью. Изд. 17. - Москва,  1972. - 199 с.

       9 Жалинский А.Э. Специальное предупреждение преступлений в СССР. - Львов,  1976. - 168 с.

       10 Жаминский А.Э. Специальное предупреждение преступлений в СССР. -Львов,  1976. - 168 с.

       11 Назарбаев Н.Ә. – Жаңару жєне прогресс жолы // Егемен Қазақстан. - 1992. – 23 наурыз.

       12 Совершенствование законодательства и практики его применения в Таджикской ССР. - Душанбе, 1989. - 114 с.

       13 Портнов И.П. Город и преступность // Государство и право. –1993. -№ 2.  - С.71-80.

       14 Результаты Всесоюзной переписи населения // Известия. – 1989. - 30 марта.