ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МЕДИАЦИЯНЫ ЕНГІЗУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

з.ғ.к. Бижан Н.Р., магистрант Бижанов А.

 

Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті

 

        Әлемдегі кез-келген ел үшін құқықтық мемлекет құру – қазіргі таңның актуалды, жүрек жарды мәселелердің бірі болып табылады. Аталған мәселені шешуде ең басты проблемалар ретінде қарастырылатыны – халықтың құқықтық мәдениетінің жоғарғы деңгейде болуы. Нормативті құқықтық актілердің қоғамдық қарым-қатынастарды дұрыс және өз уақытында қолдану құқық субъектілерінің арасындағы конституциялық құқықтарын жүзеге асырып қана қоймай, сонымен қатар, тұлғалар арасындағы даудамайлар шешіледі және келісімдерге жеткізіледі.

Еліміздің «Егеменді Қазақстан» ресми газетінің 21.04.2012ж. басылымындағы, ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары И.Меркельдің берген сұхбатына сай, кейінгі бес жылдың ішінде 5000 қылмыстық ісі қайта тергеуге жіберілген[1]. Көрсетіліп отырған стастиканың арғы жағында қылмыстық істерге қатысып отырған тұлғалардың конституциялық құқықтарын шектелгені, істің тергелуінің сөзбайдаңға әкеліп соғады. Сондай-ақ, жауапкершіліктерден босатудан мемлекет тарапынан қаржылық шығындар көлемін азайтпақ. Қазіргі таңда жазасын өтеп журген әрбір тұлғаларға жылына жұмсалатын 700000-нан - 1200000 теңге соммасы көлеміндегі шығындар мемлекет бюджетінде азаяды. Сонымен қатар, құқық бұзушылыққа жеңіл, орта жәрежедегі қылмыстың жолға бірінші рет түскен, азаматтарға мемлекет тарапынан тағы да бір мүмкіндіктердің берілуіне, яғни ізгілік қағидатының жүзеге асырылуын атап өтуге болады. Сондай-ақ, мемлекеттің арасындағы жазасын өтеп жүргендер алдындағы оларға медициналық көмек көрсету болашақта мамандыққа баулу, жұмыспен қамтамасыз ету, жазасын өтеп болғаннан кейін олардың қоғамға етене араласуына көмектесу шараларынан босатылады. Аталған мәселелерді шешу мен құқықтық мәдениетті қалыптастыруда Қазақстан Республикасында 2012 жылдың 5-тамызында ҚР «Медиация туралы» заңының қабылдануы ерекше орын алады[2]. Адамзат баласы осы құқықтық мәдениеттің төмендігінен заңдылық жолынан адасып, барынан айырылып жатады. Платонның пікірінше: «...заңдылық – біреудің мүлкін алмай, өзініңкінен де айырылып қалмау...». Қазақстан Республикасында 2011жылдың 18 қаңтарында қабылданған заңға сәйкес бірнеше қылмыс түрлері ҚР Қылмыстық кодексінен алынып тасталынып, олар үшін ендігі жердегі жауапкершілік ҚР әкімшілік құқықбұзу кодексіндегі көрсетілген жаза тағайындаумен шектелетін болды[2]. Аталған іс-шаралар азаматтардың бірінші рет қателесіп, жеңіл дәрежедегі жасаған қылмыстарына мемлекет тарапынан тұлғалардың оңалуына берілген мүмкіндіктің бір түрі ретінде қарастырамыз.  

Елбасымыздың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына 2010 жылғы Жолдауында: «… Бұл сектор өткен жүйенің көптеген кем-кетіктерін сақтап қалған. Біздің жүйемізде жазалауа айыптары 5%-дан аз болса, түзеу жұмыстары – 0,4%-ды, қоғамдық жұмыстар 0%-ды құрайды. Жазалаудың негізгі түрі бас бостандығынан айыру болып қалып отыр. Ешкім қамау орындарынан босағандарды оңалтумен айналыспайды. Осының салдарынан олар қылмыскерлер қатарын толықтыруда»- екендігін атап өткен [3]. Жоғарыда көрсетілген 2011ж. 18 қаңтарындағы заңға сәйкес Президент        Н. Назарбаев Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Әкімшілік құқықбұзу туралы кодекстеріне қажетті өзгертулер мен толықтырулар енгізу жолымен еліміздегі қылмыстық саясатты ізгілендіруге бағытталған заңға қол қойды. Онда бірқатар жеңіл және орта санаттағы қылмыстар қатарынан алынып, ол заңсыз іс-әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік тағайындалатын болды. Бұл іс-әрекеттер сотталушылардың санын азайтып қана қоймай, қылмыс жасаған тұлғаға қоғамнан оқшауланбай, қоғамдық қатынастарда қалып, өмір сүруіне тағы да бір мүмкіндік беруге бағытталып отыр.  Өкінішке орай, кейбір ресми мәліметтерге сүйенетін болсақ, Қазақстан дүние жүзінде түрмеде отырғандардың санын жалпы мемлекетте тұрып жатқан адамдарға шаққанда үшінші орынды алады екен. Профессор И.И. Роговтың 2003ж. еліміздегі түрмелерде және арнаулы жазалау мекемелерінде 65693 адамның жазасын өтегенін ескере отырып, сол жылы қылмыстық заңнамаларды ізгілендіру саясатына сай сотталғандардың 3 мыңына қатысты жазасының мерзімі қысқартылып, босатылған болатын [4]. Ал, 2011ж. Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына және 2011ж. 18 қаңтарында Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Әкімшілік құқықбұзу туралы кодекстеріне қажетті өзгертулер мен толықтырулар енгізуіне сай еліміздегі қылмыстықтық жауаптылықтан босатылғаннан соң, қазіргі таңда өз жазасын өтеп жатырғандар саны шамамен 30000жуық. Бұл заңдарға енгізіліп отырған өзгерістер 2009жылғы тамыз айында  еліміздің Президенті жарлығымен қабылданған Қазақстан Республикасының 2010-2020ж. құқықтық саясат туралы тұжырымдамасына сай жүргізіліп отыр [5]. Аталған қылмыстық саясат бірінші кезекте ауыр емес және бірінші рет орташа ауыр қылмыс жасаған адамдарға, сол сияқты халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарына – жүкті және жалғызілікті әйелдерге, асырауында кәмелетке толмаған балалары барларға, кәмелетке толмағандарға, егде жастағы адамдарға  қатысты ізгіліктілік бағытында дамуы тиіс. Сонымен қатар оны ауыр және ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін айыпты, қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген адамдарға, сондай-ақ қылмыс қайталап жасалған жағдайда қатайта түсу сөзсіз қажет. Осы жерде XVIII ғасырда Чезаре Беккарианың «жазаның күштілігі оның қатыгездігінде емес, керісінше одан ешкімнің құтылып кетпейтіндігінде» - деген пікірін ескеру орынды болар. Сондықтан біздің көзқарасымызша, соттар өздері жаза тағайындау барысында жеңіл және орта дәрежедегі қылмыстарды қарау барысында барынша ізгілік қағидаларын бетке ұстай отырып жазаны тағайындаулары қажет. Соның ішінде жалпы пайдақорлықпен жасалған қылмыстарға қатысты жасаған әрекетінің қоғамдық қауіптілігі аз болғанда, соттардың қылмыстарды жасаған адамдарға байланысты бас бостандығынан айыру жазасынан гөрі айыппұл жазасын тағайындаған бір жағынан сол жасаған адамның өзіне де үлкен сабақ болып, екіншіден мемлекет үшін тиімділігі орасан зор болар еді, яғни мемлекеттің жазасын өтеуші тұлғаға қатысты киіммен, тамақпен, медициналық, білім беру, мамандыққа баулы және т.б. қажетті қамтамсыз ету шараларынан босатылуы.  

Жаза мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде қылмыспен күресуде қажетті құқықтық құрал болып табылады. Оның тиімділігі қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан тәжірибелік материалдарды теориялық өңдеуден және олардың қолдануын ескеруінен байқалады. Жазаның орындалу мәліметтерін білмей, белгілі бір топтағы өзіне тән ерекшеліктерін және типтік шектерінің иесі болатын сотталған адамдарға жазаның шынайы әсерін ескермей оның тиімділігін жетілдіру мүмкін емес[6].

         Медиация заңының жүзеге асырудағы тұлғалардың келісімге келуі, олардың арасындағы болашақта жасалынуы мүмкін құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын алуды, яғни жазаның мақсатының орындалуына жасалатын шаралар ретінде қарастырылады. Ендігі жерде медиация туралы заңын енгізудегі келесі ерекшеліктеріне тоқтала кетсек.   

         Аталған заңның  9 бабының 7 пункіне өзгерістер енгізу қажет, яғни  қоғамдық қатынастарды реттеуді жүзеге асырушы тұлғаларға бұрын соңды сотталмаған тұлға болу керек, халықтың алдында медиатордың мінсіз (безупречная) репутациясы болуы шарт. Себебі, бұрын соңды соттылығы болған тұлғаға халықтың сенімі болады және оның аталған заңның мақсатын орындауда әділ болады деген пікірмен келісуге болмайды.

         Заңда медиаторлардың өкілеттіліктері ара-жігі ажыратылмаған, кім қандай істер бойынша медиатор қызметін атқаруға құқылы екендігі толыққанды көрсетілмеген. Сондықтан, кәсіби емес негізінде медиатор қызметін атқарушылар (әрі қарай – кәсіби емес медиатор) сотқа немесе алдын ала тергеуге дейінгі кезеңдерде ғана қатыстырылуы қажет. Ал, кәсіби негізде қызмет атқаратындарға (әрі қарай – кәсіби медиатор) барлық кезеңдерге қатыстырылуы қажет. Сонымен қатар, медиаторларға қойылатын келесідей: кәсіби медиаторлар үшін бұрын заңгер немесе құқық қорғау органдары мен сот жүйесінде  еңбек өтілімі бар тұлға, барлық медиаторлар үш жыл сайын аттестациялаудан өткізу талаптарды енгізу абзал болар еді.   

        

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. «Егеменді Қазақстан», 21.04.2012ж. ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары И.Меркель . – Астана. 5 б.

2. Қазақстан Респуликасының 2012 жылдың 5-тамызындағы «Медиация туралы» заңы.

3.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына 2010 жылғы Жолдауы, 30.01.2010ж. Астана.

        4. Рогов И.И. Қылмыстық саясатты ізгілендіру // Астана ақшамы. 2003. 7- қаңтар.

        5. «Қазақстан Республикасының 2010-2020ж. құқықтық саясат туралы тұжырымдамасы» ҚР Президентінің 29.08.2009ж. №858 Жарлығы.

        6. Дулатбеков Н.О. Қылмыстық жаза тағайындау теория практика

мәселелері: Монография. – Астана, 2002. 117-бет.