ПОЛИГРАФИЯ ҚОЛДАНУДАҒЫ ПРОЦЕСТІК МӘСЕЛЕЛЕР

 

аға оқыт. Жумабекова Р.Ж., з.ғ.к., аға оқыт. Шеримкулова Г.Д.,

м.н.с., ГУ «Институт законодательства» Cайдахметова Ф.П.

 

М.Әуезов ат. ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан

 

Қазақстанның процессуалдық іс жүргізу  құқығының ережесіне сәйкес, айыпталушы куәлік етуге  және де  жалған айғақтары үшін ешқандай қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды, осы орайда, полиграфияны сот ісінде қолдану   айтарлықтай  сәйкессіздіктер туындатуда. Яғни, бұл ережеде айыпталушыны өз мүддесіне нұқсан келітретін әрекеттерге баруға мәжбүрлеуге тыйым салынған делінген.

Айыпталушының куәлік етуден жалтаруына әртүрлі себептер негіз болуы мүмкін-яғни, тергеушіге немесе сотқа істің мән-жайын анықтауда көмек көрсетуден және де қылмыс бойынша сыбайластарын ұстап беруден бас тартуы, жыныстық өмірінің кейбір фактілерін құпияды ұстауға ұмтылуы,  жасаған азғындық-әрекеттерінің әшкереленуінен туындаған қорқынышы,  айыпталушы ретінде негізсіз жауапқа тартуға наразылығы және т.б. Өйткені қазқстандық қылмыстық іс жүргізу процесінде жалғандықты анықтау әдісі қолданылмайды, айып тағылған тұлғаның тергеушінің сауалдарына жауап беруден бас тартуы, айыптау материалының нығаюна ықпал етпейді. Полиграфияны тергеушінің бастамасымен қолдану, айыпталушының өз кінәсін жасыру мақсатында жауап беруден бас тартуын түсіндірудің жаңа үрдісінің пайда болуына ықпал етері сөзсіз.Осылайша,кез келген жағдайда  айыталушының  куәлік етуден бас тартуға деген ұмтылысының қауіпі пайда болар еді.

Құқықтық мәселелерді шешудің мынадай нұсқасы да қолданылуы мүмкін-бұл орайда, жауап беруші,  тек жауап берушінің  өзі сұранған жағдайда ғана, айғақтардың растығын анықтайтын құрылғының қолданылуы мүмкін.

Батыс елдерінің құқық қорғау органдарының жалпыға  бірдей тәжірбиесіне сәйкес, егерде белгілі бір тұлға полиграфиялық зерттеуден толығымен өтсе, ол жағдайда оған тағылған айып жойылады, ал егерде зерттеудің нәтижесі оңды болып шықпаса, оның кінәсән анықтау бойынша арыз беріледі.

Полиграфия алемнің 50- астам елдерінде кеңінен қолданылып жүргенін ескересек, оның ішінде кейбір  елдерінің  (Америка Құрама Штаттары, Канада және Жапония), бірінші сатыдағы соттары полиграфияның көмегі арқылы алынған нәтижелерді, басқа да дәлелдемелермен қоса қолданады,  алайда, оны жүрзеге асыру үшін полиграфияны тиісті бағдар беретін ақпараттыу алу құралы ретінде  қолдану үшін арнайы заң шығару тәртібі қажет.

 Қазіргі таңда, Қазақстанда  полиграфияны қолданудың құқықтық негізі ҚР  «жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңының ережесі , сонымен қатар, құқық қорғау органдарының қызметін реттейтін басқа да бірқатар заңдардан құралуы мүмкін.Атап айтқанда, ҚР   «жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңының 11 бабы. 2 тармақшасында, жалпы «жедел-іздестіру іс -шараларына» «арнайы техникалық құралдарды қолдануды», яғни оған көпарналы осциллографты (полиграфия) жатқызуға болады делінген.  Алдағы уақытта, заң шығарушы органмен көзделген жедел-іздестіру іс –шараларының ауқымын  полиграфияны қолданумен жасалған психофизиологиялық тестілеуді  енгізу арқылы, сондай-ақ полиграфия қолдануды өз алдына бөлек жедел-іздестіру іс-шарасы ретінде қолдану арқылы кеңейту қажеттілігі туындауы мүмкін.

 Атап өтетін жайт, психофизиологиялық зерттеу барысында, адамның физиологиялық реакциясын тіркеуде полиграфияны жүргізген оператор  ашық және жариялы түрде жасырулы ақпараттың болуын (болмауын) анықтап өз шешімін шығарады, алайда ол шешім жөнінде тексерудегі адам хабарсыз болады.Полиграфияда жүргізілген сынақтың нәтижелері қандай және қандай дәрежеде жасалғаны жөнінде, тексерудегі тұлғаны хабардар ету тек тексерудің бастамашысымен жүзеге асырылады.

Осылайша, полиграфияны қолданумен айқын түсінік алу әдісі, жария емес  ақпараттарды белгілі бір тұлғадан алуға септігін тигізеді.

Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасында  полиграфиялық аппараттың пайда болғанын ескерсек,    айғақтардың растығын анықтайтын  аталған аспаптық әдісті   шұғыл-іздестіру және тергеу қызметінде қолданудың тиісті Нұсқамасын уақытылы дамыту маңызды болып табылады. Келешекте,  мемлекеттік және мемлекеттік емес салаларда полиграфияны қолдануда, полиграфияны қолданып жүрген органдардың ауқымын кеңейтуде, Қазақстан Республикасының «Полиграфиялық зерттеу туралы» Заңын қабылдау қажеттілігі туындайды.  

Полиграфияда тексеру жүргізу арнайы білімді, сондай-ақ тиісті зерттеулерді жүргізуді  талап етуіне байланысты, сараптама  деп аталатын, процестік іс-әрекеттің белгілері  барын айқындап айтуға барлық  негіздер бар.  Сараптама жүргізуде және де психолог-маманның қатысуымен тергеу әрекетін өндіріске қабылдауда полиграфияны қолдану қолайлы болып табылады.

Полиграфияны қолдана отырып, жүргізілген, процестік жолмен  іс материалына енгізілмеген   зерттеу нәтижелері, жауап берушінің тергелудежүрген қылмысқа қатыстылығын растайтын дәлеледеме ретінде қаралмайды, ол  тек ақпарат бойынша  тиісті бағыт-бағдар беру ретінде қаралады.  Бұл күдіктілердің ауқымын қысқартуға, сондай-ақ  жаңа нұсқаларды ұсынуға жеткілікті болып табылады.

Шетелдік іс тәжірбиеде  полиграфияны қолданудың заңдылығын бағалауда, АҚШ-ның  Жоғарғы Сотының шешіміне тоқтала кеткен жөн, яғни онда, 1998 жылы полиграфия қолданудың заңдылығы мәселесі қайта қаралған. Яғни, егерде  ешқандай мәжбүрлеусіз, өз еркі сақталған жағдайда, сонымен қатар тиісті заңның талабын сақтай отырып,  сынақ рәсімі тиісті технологиялық  дәрежеде  орындалған жағдайда ғана полиграфияда жүргізілген сараптама заңды деп танылуы мүмкін. Қызметкерлерді полиграфиядан қорғау туралы Заңы полиграфияны мемлекеттік емес салаларда қолдану жөніндегі, Конгрессте өткен көпжылғы пікірталастарға өз нүктесін қоя отырып, полиграфияны бизне саласында  қолдануда елеулі шектеулер енгізді.   Яғни, осы  заңға сәйкес, жеке кәсіпкерліктің  секторы, сондай-ақ, мұндай тексерулер жүргізуге рұқсат етілген жағдайлардыңтізбесі анықталған.

Маманға техникалық  құралдарды таңдауда, Заңмен шектеулер қойылмаған. Кез келген техникалық құрал, егерде оны қолданудың әдісі ғылыми негізделген жағдайда, зерттеу мәселелерін шешу үшін қолданылуы мүмкін. Сондықтан, полиграфиялық сараптаманы, сарапшы-психиатрдың немесе психологтың жүргізуіне шектеу қоюға ешқандайда негіз жоқ.

Байланыссыз датчиктің әдісін дамыту, писхолог-маманның немесе психофизиологтың  «тінту» секілді тергеу әрекеттерін жүргізуді жүзеге асыруда , сондай-ақ, күдіктінің немесе айыпталушының қатысуымен жасалатын тергеу эксперименттерін жүргізуде, тануға ұсынуда, полиграфияны қолдануға мүмкіндік жасады. Тергеу әрекеттерін жүргізуді  жүзеге асыру барысында, полиграфияны қолдану арқылы алынған  бағдар беретеін ақпарат, тергеушіге тактикалық жоспарларын іске асыруда және оларға түзету енгізуде өз септігін тигізеді. 

Полиграфия жауап алу процесінде де қоладнылатынын жоққа шығаруға болмайды, алайда , бұл процес  тек келесі дей заңнамалық ережелерге сүйене отырып, жүзеге асырылады:

1.   Полиграфияны қолдану тек жауап берушінің  ерікті, жазбаша келісімін алған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Оның  кез келген уақытта, полигафияны қолдана отырып жасалынатын жауап алу процесіне қатысудан бас тартуына толық құқығы бар. Тұлғаның сынақтан бас тартуы, оның жасалған қылмысқа қатыстылығын немесе кез-келген күмән тудыратын фактілерді жасыруын куәландыратын дәлелдемелер ретінде қарастырылмайды  және де іс құжаттарында бекітілмеуі тиіс,  сонымен қатар оның құқықтары мен бостандығы бұзылмағаны жөн. 

2.   Жауап беруші тұлға, сынақтың болжамды сұрақтарымен жете таныс болуы тиіс.

3.    Жауап алу процесіне қатысуға, міндетті түрде, тергеу іс-әрекеттеріне қатысушы-маман  полиграфияны жүргізетін оператор қызметіндегі   білікті полиграфолог-маман жұмылдырылады.   

4.   14-16 жас аралығындағы жасөспірімдерден жауап алу үшін, олардың заңды өкілдерінің рұқсаты мен келісімі  талап етіледі.

5.   Жауап алу процесі, жауап берушінің ана тілінде немесе жауап беруші мен полиграфия операторының білетін басқа тілінде жүргізіледі.  Оператор мен сұхбат берушінің қарым-қатынасы мүмкін болмаған жағдайда, олар аудармашының көмегіне жүгінеді.   Тергеу іс-әрекеттерін жүзеге асыру бойынша заңда көзделген жағдайларға сәйкес:сауалнама процесіне   тұлғаның туысы,заңды өкілі, педагог, медицина қызметкері, тергеуші, прокурор, қорғаушы қатыса алады. Оларды қатыстыру жөнінде шешім шығаруда, оператор-полиграфологтың пікірі ескеріледі.

6.   Полиграфия операторының қорытынды шешімі, сынақталушының қылмыстың белгілі бір элементіне қатыстылығын анықтаумен шектелуі тиіс яғни (жәбірленушіге соққы берген, жасырын біреудің мүлкн иемденген, мәйітті жасырған және т.б.) содай-ақ нақты мән жайлар жөнінде хабардар болуын  яғни, (оқиға орын алған жердің және жәбірленушінің белгілері, тергеудегі қылмыстық оқиғаның қатысушылары, қылмыс құралдары және т.б.).

7.     Полиграфиялық қолданудың нәтижелерінің  дәлелдемелік мәні жоқ, тергеуші оны, тек бағдарлы ақпарат ретінде ғана пайдаланады;  дәлелдеме болып, тек жауап берушінің куәлігінде қамтылған нақты деректер ғана саналады. Полиграфияны қолдануды куәландыратын  материалдар (жазбалар, таспа) іс материалына енгізілмейді.

Тергеуші тергеу барысында,   полиграфияны қолдану кімнің бастамасымен жасалғалы жатқанына қарамастан,полиграфиялық зерттеуді жүргізуге шешім шығарарда  Профессор В. Комиссаровтың талаптарын ұстануы тиіс. Яғни тергеуші:

  А)  (егерде күдіктіні немесе айыпталушыны тергеу жоспарланған болса)  қорғаушыны шақыртуға, (кәмелет жасқа толмаған тұлғалардан жауап алу барысында) педагогты шақыртуға, (сот  өнідірісінің тілін меңгермеген тұлғадан немесе саңырау-мылқаулардан жауап алу барысында)  аудармашыны шақыртуға;

Б)жауап алуға қатысушы тұлғалардың барлығымен психологиялық  байланыс орнатуға;

В) оларға, тергеу іс әрекеттерінің тәртібін, мазмұнын, шарттарын, сонымен қатар,сынақтау барысында алынған ақпаратты қолданудың мүмкіндіктерін түсіндіруге;

Г) сынақталушының тергеушіні түсінгеніне көз жеткізуге, сонымен қатар сынақтан өтуден бас тартумен байланысты құқығын түсіндіруге;

Д)  тұлғаның полиграфияда «сынақ» өтуге жазбаша келісімін алуға;

Е) тергеу іс-әрекетін жүргізу процесінің барлық қатысушыларына ,олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге, жасалған  іс-әрекеттерді  жауап алу хаттамасында белгілеуге;

Ж)  полиграммалық шифрді көрінеу жалған жолмен шешкені үшін , сонымен қатар алдын-ала тергеудің құпиялығын жария еткені үшін  қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны жөнінде операторға ескертуге;

З)процеске қатысушылардың арыздары мен ескертпелерін протоколға енгізуге міндетті болып табылады.

Тек осы талаптар орындалған жағдайда ғана, тергеуші сынақты өткізуді жүзеге асыра алады. Жауап алу хаттамасына, сынақтаудың бағдарламасы мен оператордың шешкен полиграммалық шифрі қоса тіркеледі. Хаттамаға тергеу іс-әрекетінің барлық қатысушыларының  қолы қойылады.

    Уақыт өте келе, полиграфияда тексеру жүргізу, басқа да криминалистикалық зерттеулердің қатарынан өз орны табылатындығын елестетуге болады.  Әрине, полиграфиялық зерттеуді қылмыстық және азаматтық сот ісін жүргізуде , сонымен қатар мемлекеттік басқару мен барлау қызметтерінің іс-шаралары саласында  қолданылуына заңнамадағы тәртіп бойынша бақылау жүргізу қажет.

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

Варламов В.А., Коровин В.В., Варламов Г.В. Тесты полиграфных проверок. – Краснодар. 2001.

Варламов В.А., Богданов Т.С. Опыт использования полиграфа в оперативно-розыскной деятельности при массовых обследованиях. – М., 1994.

Варламов В.А., Денисов А.С., Богданов Т.С. Бесконтактное измерение психологического стресса. – М., 1994.

Ищенко Е.П. Об использовании человеко-машинных систем для раскрытия преступлений. – М., 1994

Жбанков В.А. Свойства личности и их использование для установления лиц, совершивших таможенные правонарушения. – М., 1999.

Митричев В.С., Холодный Ю.И. Полиграф как средство получения ориентирующей криминалистической информации.  – М. 1993.

Алесковский С., Аубакиров А. Нетрадиционная криминалистика. – Алматы: АЮ – ВШП «Әділет», 2003. – 210 с.