АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУ ОРГАНДАРЫНА ЖҮКТЕЛГЕН ДӘЛЕЛДЕУ МІНДЕТІ
КІНӘСІЗДІК ПРЕЗУМПЦИЯСЫНЫҢ БІРДЕН-БІР КӨРІНІСІ РЕТІНДЕ
з.ғ.к. Имашев Б.Е., аға оқытушы
Альшуразова Р.А., магистрант Тлемисов Д.Б.
М. Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент,
Қазақстан
Дәлелдеу (тұтас алғанда) ақиқатты тану
әдісі болып танылады. Қылмыстық іс жүргізу
дәлелдеуінде екі түрін көрсетуге болады:
а) дәлелдеу – дәлелдемелерді жинау, зерттеу және
бағалау бойынша тиісті органдар мен тұлғалардың
қызметі ретінде;
б) дәлелдеу – іс бойынша
нақты тұжырымдарды, тезистерді логикалық және
процессуалдық дәлелдеу ретінде [1,
56 б.].
Ақиқаттың шын құбылысы ретінде нақты
қылмыс немесе факт қана дәлелденуі мүмкін. Ал
қылмыс құрамы бағаланып, процессуалды мағынада
дәлелдеуге жатпайды. Әрбір қылмыс бойынша іс жүргізу кезінде
дәлелденуге тиісті мән-жайлар бар. Ол мән-жайларды
білудің маңызы, олар қылмыстық іс бойынша алдын ала
тергеуді және сотта іс қарауды
қай бағытта жүргізілу қажеттілігін білдіреді.
Сол мән-жайларды анықтау арқылы ғана
қылмыстық іс жүргізу органы ақиқатқа жету
мақсатын орындай алады. Сондықтан, ол мән-жайлар
қылмыстық іс бойынша дәлелдеу пәнін
құрайды, яғни қылмыстық іс бойынша дәлелдеу
пәні деп әрбір
қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы бар
және сол себептен, анықталуға тиісті
мән-жайлардың жиынтығын айтамыз. Бұл мән-жайларды
анықтау және дәлелдеу қылмыстық іс жүргізу
органдарының қызметіне жатады. Істің мән-жайы мен
құқықтық нормалар арасындағы байланысты
анықтау дәлелдеу бойынша өрбиді. Алдын ала тергеу барысында
қылмыс құрамының бар болуын немесе жоқтығын
дәлелдеу қажет. Қандай да бір болған
оқиғаның дәлелі өздігінен дәлелдеуге
жататынын білдірмейді. Оқиғаның болғандығын
және оның қылмысты сипатта болуын болжауға
рұқсат беретін белгілі бір мәліметтер болуы қажет.
Алдын ала тергеуде қылмыстық іс жүргізудің
дәлелдеу міндетінің субъектілеріне мына тұлғалар,
анықтау жүргізетін тергеушілер, тергеу бөлімдерінің
бастықтары және прокурорлар жатады.
Кінәсіздік презумпциясымен маңызды процессуалды ереже
байланысты, оған сәйкес, қылмыстық іс бойынша
дәлелдеу пәнінің барлық элементін, кінәсіздігі
немесе кінәлілігі туралы мәселені қосқанда,
дәлелдеу міндеті айыпталушыға жүктелмейді, бірақ,
оның құқығы болып табылады. Қылмыстық
істі тергеу мен шешуге жауапты мемлекеттік органдар, іс бойынша келген
тұжырымдар мен қорытындыларды негіздеп, дәлелдеуге міндетті.
Кінәсіздік презумпциясының
дәлелдеу ережемен байланысы анық көрінеді, егер бұл
ереже негативті (ешқандай негізсіз) тұжырымдалғанда:
қылмыстық іс бойынша
дәлелдеу міндеті айыпталушыға жүктелмейді.
ҚР Конституциясының
77-бабының 3-бөлімінің 6)-тармағында
айқындалған: «Айыпталушы
өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес» [2, 30 б.].
Қазақстан Республикасы Конституциясының
77-бабының 3-бөлімінің 6)-тармағына сәйкес, айыпталушы
өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес:
қылмыстық-процессуалдық заң дәлелдемелерді жинау,
зерттеу міндетін, сот, прокукрор, тергеуші және анықтама
жүргізетін тұлғаға белгілейді, ал
ССРО Жоғарғы Сотының Пленумы нақты көрсетеді:
«Айыптаудың негізін дәлелдеу міндеті айыптаушыда болады, ал
айыпталушыға (сотталушыға) өзінің кінәсіздігін
дәлелдеуін жүктеуге рұқсат етілмейді» [3].
Бұл ережелердің жиынтығы қылмыстық іс бойынша
дәлелдеуді жүзеге асыратын
сот, прокурор, тергеуші және анықтама жүргізетін
тұлғаның міндетін, және дәлелдеуге қатысу
құқығын (міндеті емес) құрады.
«Кінәсіздік презумпциясы принципі
бірінші алғышарт ретінде, айыпты тағатын және оны дәлелдеп, қолдайтын
айыптаушының бар екенін болжайды» [4, 214
б.].
Айыпталушы өзінің жауабындағы болжауларды айтып,
дәлелдейді, ол сөзсіз дәлелдеуге қатысады. Бірақ,
бұл міндет емес, өзінің қорғануына
қолданатын, айыпталушыға тиесілі құқық.
Берілген құқыққа тергеудің міндеті,
прокурор мен анықтама жүргізетін тұлғамен
айыпталушыға тағылған айыптан қорғану мүмкіндігін қамтамасыз етуі
сәйкес келеді.
Латын формуласы neto se ipsum prodere tenetur – (ешкім де өзін-өзі әшкерелеуге (ұстап
беруге) міндетті емес) ҚР Конституциясының, сондай-ақ,
қылмыстық заң нормаларында өзінің бекітілуін
тапқан. Кез-келген тұлға, сонымен қатар, айыпталушы
өзіне-өзі қарсы айғақ беру міндетінен босатылады.
Бұл ереже дәлелдеу міндетін айыпталушыға жүктеуді
рұқсат етпеу құқықтық
институттың негізінде болады.
Өкінішке орай, қылмыстық сот өндірісінің
тәжірибесінде азаматтардың құқықтарын
шектеу фактісі әлі де жалғасуда.
«Заңдағы анықтама
айыпталушының жауабын міндеті емес,
құқықтың пәні ретінде, біріншіден,
айыпталушы өз білгенінше кез-келген түсінік беруге, сондай-ақ түсініктер немесе
жекелеген сұрақтарға жауап беруден толық бас
тартуға ерікті; екіншіден, ешкімнің де айыпталушыны жауап беруге
мәжбүрлеуге құқығы жоқ;
үшіншіден, түсінік беруден бас тарту..., қарама-қайшы,
күдікті немесе анық жалған түсінік беру айыптау
үкімі үшін негіз бола алмайды» [5, 56 б.].
Тергеушінің, прокурор мен анықтама жүргізетін
тұлғаның міндеттері айыпталушының түсінік беруіне
байланысты, тек жауап алумен ғана шектелмейді. Бұл
түсініктемелер (айғақтар) мұқият тексеріліп,
зерттелуі керек. Айыпталушының қылмыс жасағандығы
өзінің кінәсін мойындауы оның кінәлілігі бар
дәлелдемелердің жиынтығымен расталған кезде ғана
айыптау негізіне жатқызылуы мүмкін (ҚПК 119б. 4б.).
Айыпталушы тек дәлелдемелерді
жинауда ғана емес, сонымен қатар, процессуалдық бекітуде,
зерттеуде және оларды бағалауда тергеуге көмектесуден бас
тарта алады. Мысалы, айыпталушы өзі қатысқан тергеу
әрекетінің хаттамасының дұрыстығын
өзінің қолымен куәландырудан бас тарта алады, әрі
айыпталушы хаттамаға қол қоюдан бас тартуын дәлелдеуге
құқылы, міндетті емес. Тергеуші процессуалдық
құжатқа айыпталушының қол қоюдан бас тарту
фактісін, тергеу әрекетінің хаттамасында бекітіп, оның
себебін (егер, ол бар болса) көрсетеді. Бірақ, сонымен қатар,
«айыпталушының қолымен куәландырылған оның
айғақтары, сот дәлелдемелерінің мәні бола алар ма екен» [6,
43 б.].
Айыпталушы дәлелдемелерді зерттеуге қатысуға міндетті
емес: жауап алынатын куәға, жәбірленушіге, экспертке,
басқа да айыпталушыға сұрақ қою керек пе;
олардың заттай дәлелдемелерді қарау мен басқа да тергеу
әрекеттерін жүргізуге қатысу қажеттілігі
айыпталушыға байланысты.
Айыпталушы өзінің қарауындағы дәлелдемелерді
тергеуші, прокурор және анықтама жүргізетін
тұлғаға ұсынуға міндетті емес, егер тек
көрсетілген органдар алу және тінту арқылы
дәлелдемелерді мәжбүрлі түрде алып қою
құқығын қолданбаса. Бірақ, айыпталушы
қандай да бір заттарды немесе құжаттарды алып қою
қажеттілігіне байланысты уәкілетті тұлғалардың
заңды талаптарына бағынуға міндетті.
Айыпталушының тергеуге кедергі жасауға
құқығы жоқ. Ендеше, тергеушіге «өзін
әмірге (қарауға) беру» міндеті айыпталушыға
жүктеледі, мысалы, мынадай жағдайда, дәлелдеу мақсатына
қажетті куәландыру немесе оның дене бітімін, денсаулық
жағдайын, психикасын сараптама жүргізу арқылы зерттеу,
сондай-ақ, салыстырмалы зерттеу үшін үлгі алу, жеке тінту
және басқа да процессуалдық әрекеттер (осы
жағдайда айыпталушының қатысуы, оны айдап әкелумен қамтамасыз етіледі).
Дегенмен, жоғарыда көрсетілген жағдайларда
айыпталушыға дәлелдеу міндеті жүктелмейді. Барлық
жағдайларда дәлелдеу міндетінің субъектісі болып тергеуші
шығады, ал айыпталушы оған кедергі болмауы керек. Айыпталушы
дәлелдеу міндетінің субъектісі ретінде емес, тергеушімен бірге
нақты құқықтық қатынастың
міндетті субъектісі ретінде шығады. Берілген құқықтық
қатынастың жүзеге асуы, тергеушімен өзіне
жүктелген дәлелдеу міндетін жүзеге асыруы мен
қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықтауда
қажетті шарт болып қызмет атқарады.
Айыпталушының
мінез-құлығының енжар болуымен де, іс бойынша
ақиқатты анықтау мүмкіндігі болатындай
қазақстандық қылмыстық процесс
құрылған. «Кінәсіздік презумпциясы тергеу, прокуратура
және сот органдарының қызметінің жақсаруына
мүмкіндік тудырады, өйткені, тұлғаны айыпталушы ретінде
тарту және айыптау қорытындысымен бірге істі сотқа беру
негізі, оның нәтижелілігіне байланысты» [7, 26 б.].
Айыпталушының дәлелдеуге қатысу
құқығы бар, бірақ оны қолданбауына да
болады. Бірақ, тергеуші айыпталушының дәлелдеуге
қатысудан бас тартуын, жасалған қылмысқа
қатыстылығы бар деп жанама түрде көрсететін мән-жай
ретінде қабылдамауы тиіс.
Кінәсіздік презумпциясы принципінің регламентациясы айыпты
дәлелдеу тұрғысынан екі әдісті анықтайды:
мәнді және формальды-құқықтық.
Бірінші әдіс – бұл айыпты мәні бойынша дәлелдеу талабы,
қылмыстық сот өндірісін жүргізетін
тұлғаға қатысты, және егер, бұл талап
орындалмаса, онда айыпталушыны кінәсіз деп тану туралы алдын ала ескерту
болып табылады. Бұл әдіс тұтастай дәлелдеу
құқығының шеңберіне жатқызылады.
Екінші әдіс мыналардан тұрады: әр айыпталушы, оның
қылмыс жасағандығы үшін кінәлілігі заңмен
көзделген тәртіппен дәлелденгенге дейін және
соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін
кінәсіз деп саналады.
Егер істе айыптайтын дәлелдемелер жеткіліксіз болса, онда тергеуші,
прокурор және сот айыпталушының кінәлілігіне субъективті
сеніміне қарамастан, оны толық ақтауға міндетті.
Бұл тұлғалар мен органдардың процессуалдық
әрекеттер жүргізу барысында айыпталушыға кінәлі ретінде
қарауға құқықтары жоқ, оны
азаматтардың барлығына тиесілі субъективтік құқықтарынан
(тұрғын үйге құқығы, еңбек
құқығы, ар-намысы мен қадір-қасиеті
және т.б.) айыруға, немесе тиісті әкімшілік органдардың
алдына айыпталушыны, көрсетілген құқықтардан
айыру туралы мәселені қоюға (процессуалдық
мәжбүрлеу шараларын қолданғанда – қызметтен шеттету,
айыпталушының мүлкін тәркілеу және т.с.с.
жағдайларды қоспағанда).
Әрине, тергеуші, прокурор және анықтама жүргізетін
тұлға кінәсіздік презумпциясын логикалық дәлелдеу
тәсілі ретінде – «қарсы жорып» дәлелдеу, яғни
тұжырымдардың аса дәлелділігін, толықтығын
және объективтілігін қамтамасыз етеді. Дегенмен, мұндай
дәлелдеу тәсілін қолдану мүмкіндігінің өзі
құқықтық қағиданың
объективтілігінен шығады, яғни оған сәйкес, айыпталушы
соттың заңды күшіне енген үкімімен кінәлілігі
анықталмағанға дейін кінәсіз деп саналады.
Сондықтан, кінәсіздік презумпциясы объективтік
құқықтық қағида ретінде істің
мән-жайын зерттеу тәсілін көрсетумен шектелмейді, одан
басқа ол, процессуалдық жағдайды (үкімнің
заңды күшіне енуі), яғни айыпталушының кінәлілігі
мен іс бойынша ақиқат толығымен айқындалған деп
санауын анықтайды. Дәл осы соңғы мағынада,
кінәсіздік презумпциясы өзін құқықтық
презумпция ретінде көрсетеді.
Егер прокурор тергеушінің тұжырымдары жеткіліксіз
дәлелденген айыптау қорытындысын бекітіп, қылмыстық
істің құжаттарымен бірге айыптау қорытындысын
сотқа жіберсе, онда сот ақтау үкімін қаулы етеді немесе
істі қосымша тергеуге жіберіп, осылайша, айыпты болмашы немесе сапасы
толық емес деп мәлімдейді.
Осылайша, алдын ала тергеу сатысында дәлелдеу міндетінің
субъектісі болып тергеуші, прокурор, анықтама жүргізетін
тұлға танылады. Заң айыпталушыға (сезіктіге) және
оның қорғаушысына дәлелдеуге қатысу бойынша
құқығын ғана береді. Олар тек дәлелдеу
субъектісі ғана болып, ал дәлелдеу міндетінің субъектісі
болмайды.
Алдын ала тергеу барысында ақтамайтын негіздер бойынша
қылмыстық істі қысқарту кінәсіздік презумпциясы
принципіне қарсы болмайды.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі:
1. Михеенко М.М. Доказывание в советском уголовном судопроизводстве. – Киев.,
1984. С.56.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы:
Республикалық референдумда 1995 жылы 30-тамызда қабылданды. –
Алматы: ЮРИСТ.
3. О практике применения судами
законов, обеспечивающих обвиняемому право на защиту: кодекс РСФСР (с постатейно
систематизированными материалами по состоянию на 1 декабря 1995 г.) – М., 1996.
4. Ларин А.М., Мельникова Л.Б., Савицкий В.М. Уголовный процесс России.
Лекции-очерки / Под ред. проф. В.М.Савицкого. – М., 1997. – 214 с.
5. Ларин А.М. Презумпция невиновности. – М., 1986. С.56.
6. Вареникова С.П. Проблемные вопросы реализации принципов уголовного процесса
// Правовая реформа в Казахстане. – 2004.- № 1.(23). – С.
39-43.
7. Химичева Г.П., Ульянова Л.Т. Конституция РФ и вопросы уголовного процесса /
учебное пособие. – М., 1998. С.26.