КОНТРАФАКТІЛІК ӨНІМДЕР
АЙНАЛЫСЫ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСҚА ТЕРГЕУ ЖҮРГІЗУДЕГІ
ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мирзакулова Б.А., Жумабекова Р.Ж.
М.Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
мемлекеттік университеті
Контрафактілік
өнімдермен байланысты контрафактілік өнімдер шығару
және айналысымен көрінетін авторлық және
сабақтас құқықтарды бұзатын
қылмыстық құқық бұзушылықтарды
қарастырады.
Плагиат
деп – бөтеннің туындыларын толық немесе ішінара
өзінің атынан шығару, сондай-ақ қосарлас
авторлық шығармаларды өз атынан шығару, өз
еңбектерінде
басқаның шығармаларынан үзінділерді сілтеме жасамай
пайдалану танылады. Белсенді түрде көрінетін
мінез-құлықпен авторлық және (немесе)
сабақтас құқық бұзған кінәлі
адам қоғамға қауіпті іс-әрекет жасайды [1].
Қолданыстағы заңнама авторлардың
құқықтарын толығымен қамтамасыз етуде.
Бірақ, экономикалық даму заңнамалық реттеу аясынан тыс
қалып отырған қоғамдық қатынастардың
жаңа саласының пайда болуымен алға бастыруда. Ғылымның, техниканың және
мәдениеттің дербес қызмет нәтижелерін пайдаланудың
жаңа жолдары мен оларды іске асырудың жаңа нысандарының
пайда болуына әкелуде. Заманауи технологиялар заңнамаларда
зияткерлік құқықтарды, авторлық және
сабақтас құқықтарды,
өнертапқыштық және патенттік
құқықтарды қорғау туралы, тауарлық
белгілерді заңсыз пайдалану, яғни контрафакциямен байланысқан
қылмыстар туралы мәселелердің өршіп келе
жатқандығы бәрімізге мәлім. Зияткерлік меншік
рөлінің артып келе жатқандығына, ал сонымен бірге
адамзат қызметінің осы саладағы қылмыс жасаудың
жаңа тәсілдерінің де пайда болып жатқанына дау
жоқ [2].
Кешенді сипаттамалары шеңберінде контрафакцияның
криминалистикалық мәні көбірек элементтерін ерекшелеп
көрсеткен жөн. Олар мыналар болып табылады:
- қылмыстық құқық
бұзушылықтың жасалу әдістері;
-
құқық
бұзушының тұлғасы;
-
қылмыстық қол
сұғу заты;
-
қылмыстық
құқық бұзушылықтың жасалған
уақыты мен орны;
-
жәбірленушінің
тұлғасы [38].
Контрафакцияға тергеу жүргізу
негіздерін қалыптастыру кезінде тергеу жүргізудің
жеке әдістемесін құру үшін маңызды мәні бар
өзіндік бастапқы тергеулік жағдайлар бөліп
қарастырылды, қылмыстың жасалу орнына тән болжамдар,
қылмыстың жасалу әдістері туралы болжамдар,
қылмыстың дәлелдері мен себептері туралы,
қылмыскердің тұлғасы туралы болжамдар ұсынылды. Кінәлі адамдар арасынан мына адамдар тобын іздестіген жөн.:
-
контрафактілік өнімдер
дайындаушыны;
-
контрафактілік өнімдер таратушыны (сатушы,
дистрибьютор, делдалды);
-
зияткерлік өнімдерді жауапсыз
пайдалантындарды [22].
Тергеу тәжірибесі мен арнайы әдебиеттерді зерделеу
көрсеткеніндей, белгілі бір адамдардың контрафактілік өнімдер
шығару мен айналысы туралы негізгі ақпараттар тергеу
жүргізу органдарына төмендегідей жағдайларда белгілі болады:
- экономикалық және сыбайлас жемқорлық
қылмыстармен күрес жөніндегі жедел-іздестіру
шараларының нәтижесінде;
- өзге де бөлімшелерді, соның ішінде ішкі істер
бөлімдерінің тексерулерін нәтижесінде;
- белгілі бір өнімдер иесі өкілдерінен;
- контрафактілік жолмен шығарылуы мүмкін өнімдер
шығару мен айналысы бойынша қызмет жүргізетін фирмалар мен
жеке тұлғалардың жарнамаларын талдау кезінде;
- өзге де қылмыстық іске, ең алдымен
экономикалық бағыттағы қылмыстық істерге тергеу
жүргізу барысында;
- өзге де құқық қорғау
органдары мен ведомстволары, ең алдымен кеден органдары
өкілдерінен;
- шетелдік құқық қорғау органдарынан;
- жекелеген азаматтар мен ұйымдардың
құқық қорғау органдарына жолдаған
хаттарынан немесе өзге де хабарламаларынан.
Контрафактілік өнімдер шығару мен айналысы
әшкереленген кезде, осы қызмет түрімен
шұғылданатын белгілі бір немесе белсенді субъектілері осы
қызметтің «техникалық бағыттына» қарай
ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін, әсіресе
комьютерлік техикаларға байланысты жаңалықтарды көбірек
пайдаланатынын ескеру керек.
Мұндай жағдайлар, әсіресе, Интернет арқылы
өз қызметтерін жиі жарнама арқылы көрсететін
бағдарламалық жабдықтар айналысын кәсіп ететіндерге
тән. Мұндай жағдайларды жедел және тергеу
бөлімшелерінің қызметкерлері осындай қылмыстық
әрекетпен шұғылданатын субъектілерді анықтау үшін
пайдаланулары тиіс [35].
Кейбір авторлар контрафактілік өнімдер шығару мен айналысы
туралы хабарларды енжарлықпен әшкерелеу деп аталатын
түрлерін бөліп көрсетеді. Атап айтқанда, О.А. Дворянкин
мұндай шараларға мыналарды жатқызады:
- бұзушылар үшін «техникалық қақпан»
құру (компьютерлік қарақшыларды әшкерелеу
үшін, мысалы, Интернет сервері мен BBS станциясы пайдаланылуы
мүмкін);
- бұқаралық ақпарат құралдары
арқылы орауыштарды көтерме бағамен, сондай-ақ
авторлық немесе сабақтас құқық
өнімдерінің демпингтік баға бойынша сату мен сатып алу
туралы хабарландырулар жариялау [36].
Тергеудің табысты нәтижесі, біздің ойымызша,
қылмыстық іс бойынша анықталатын мәселелердің
айтарлықтай дәрежеде дер кезінде, негізді, толық шешілуіне
байланысты. Мұндай мәселелерді алға міндет етіп қою
дәлелдеуге жататын мән-жайларды талдап-тексеру үдерісі болып
табылады. Анықтауға жататын мәселелерді іске асыру
контрафакция туралы тергеудің барлық барысында біртіндеп
өтеді. Қылмыстық істерді талдау материалдары,
қылмыстық іс бойынша анықтауға жататын
мәселелердің шеңбері тергеу барысында кеңейе
түсіп және нақтыланып отыратындығын көрсетеді.
Тіпті бастапқы ақпараттарды зерделеудің өзі
анықтауды қажет ететін қылмыс белгілері бар
оқиғалар туралы негізгі мәселелерді анықтауды талап
етеді. Осы тұрғадан алғанда, контрафакцияға тергеу
жүргізудің негізгі және көмекші мәселелерін
анықтау және оларды нәтижелі айқындау жөніндегі
қызмет түрі деп ойлауға болады Сөйтіп, контрафакция
туралы істер бойынша айқындауға жататын мәселелер дау-дамайды
дұрыс шешу үшін нақтылаушы рөл атқарады.
Бұдан басқа, мұндай мәселелерді айқындау тергеу
жүргізу үшін мейлінше әсерлі жедел-іздестіру шараларын,
тергеу әрекеттерін дұрыс таңдап алуды қамтамасыз етеді.
Аталған мәселелерді қарастыру контрафакцияны тергеуді
жүзеге асыратын адамдардың қылмыстық іс бойынша
жұмыстарды нәтижелі жүргізуге мүмкіндік беретін
пайдалы, іс жүзіндегі құнды ақпараттарға ие
болуға жағдай жасайды. Бұл жерде сонымен қатар,
криминалистердің теориялық ізденістері мен тәжірибелерін
байланыстыратын буын болып табылатын криминалистика ғылымының
ережелерін пайдалану кезінде нақты тергеулік жағдайларды сапалы
басқарып жүргізе білу қажеттігін естен шығармау керек
[38].
Контрафакция туралы істер бойынша айқындауға жататын
мәселелердің қатары төмендегідей болып көрінеді.
Ең бірінші кезекте зияткерлік меншіктің заңмен
қорғалатынын анықтап алу талап етіледі. Осы мәселені
шешіп алу қылмыстық іс қозғаудың шешуші факторы
болады деп ойлаймыз. Олай дейтініміз, дыбыс-бейне, музыкалық, әдеби
және басқа да шығармалар заңмен қорғала
бермейді. Сөзіміз дәлелді көрініске ие болуы үшін мына
бір мысалды келтіре кетейік.
Мәселен, қорғау мерзімі өтіп кеткен
шығармалар одан әрі қарай заңмен
қорғалмайды. Өздерінің шығармаларын
қайтарымсыз пайдалануға рұқсат ететін авторлар да бар
және сол сияқты басқа да жағдайлар кездеседі. Шығармаларды
қорғаудың негіздемелері ҚР «Авторлық
құқық және сабақтас құқықтар
туралы» Заңының 7-бабымен көзделген. Сонымен, тиісті
құқық қорғау органдарының
бөлімшелері заңмен қорғалатын нақты
шығармалар жайында толық ақпаратқа ие болуы керек. Шығармалар туралы
ақпараттарда келесідей деректер болуы мүмкін:
-
шығарма даналарына тән белгілер;
-
олардың жинақталып біріктірілуі;
-
оралуы;
-
қосымша сипаттамалары.
Туынды туралы ақпараттарда
шығарманың даналарына тән заңсыз әрі жасырын
белгілері тура деректер болса да жеткілікті деп санаймыз [5].
Анықтайтын келесі мәселе өнімінің
контрафактілік болып табылатынында. Біріншіден, шығарманы
пайдалануға болатын заңның бар-жоқтығын тексеру
керек. Мысалға, шығарманы пайдалану лицензиясы бар ма, ол
заңды түрде берілген бе? Мұндай мән-жайларды
анықтау үшін шығармаларды пайдалану лицензиясын беруге
құқығы бар, ұжымдық негізде
авторлардың құқықтарын басқаратын
ұйымдарды әшкерелеу мақсатында Әділет министрлігіне
(оның аумақтық органдарына) сұрау салынады. Осыдан
кейін ұйымдардан алынған ресми сұраулардың
көмегімен берілген лицензиялар туралы және лицензиялық
шарттар туралы мәліметтер айқындалады. Екіншіден, контрафакция
туралы істерді тергеумен шұғылданатын адамның
лицензиялық құжаттарының қолдан жасалмауын
анықтап, айыруы тиіс.
Сөйтіп, шешілетін мәселе – өнімнің
контрафактілік белгісінің бар-жоқтығы, істің одан
арғы тағдырын шешеді..
Контрафакцияға тергеу жүргізу кезінде бір адамның
басқа біреуге өз құқығын сеніп тапсыру
жөніндегі тізбектің бәрін анықтау керек. Өзін
құқық иеленуші атайтын адамдар шетелдік фирмалармен
оларға құқық беру жөніндегі
келісім-шарттарды ұсынатындарын да ескерген жөн. Мұндай
келісім-шарттар шетелдік компания тіркелген елдің нотариусымен
куәландырылуы тиіс. Бұл нотариус шетелдік фирма басшысының
қойылған қолын куәландырады дегенді ғана
білдіреді, ал ол аталған объектінің қандайда бір
құқығының бар-жоқтығын тексермейді
[39].
Негізгі
мәселелерді айқындағаннан кейін басқа мән-жайлар
анықталуы тиіс. Бұларға ең алдымен жасалған
іс-әрекеттің уақыттағы және кеңістіктегі
сипаттамаларға жататын мән-жайлары, өнімдерді дайындап
шығару әдістері мен жағдайлары жатады. Атап айтқанда,
айқындап, анықтауға мына төмендегі мәселелер
жатады:
-
контрафактілік өнімді
шығару қашан басталды;
- ол қаншаға созылды;
- бұл өнім қай жерде шығарылды және қай
жерде сақталды;
- заңсыз өнімдерді тарату қалай жүргізілді;
- контрафактілік
өнім бухгалтерлік құжаттармен және
басқалармен қандай жолдармен бекітіліп, расталды [40].
Осыдан кейін қылмыс субъектісі мен
субъективтік жақтарын сипаттайтын деректерді анықтаған
жөн (жынысы, жасы, жанұялық жағдайы, асырауында адам
бар-жоқтығы, жұмыс, оқу орындары, марапаттауының,
соттылығының бар-жоқтығы, ниеті, себебі).
Анықтауға сонымен бірге жәбірленуші туралы деректер жатады
(жынысы, жасы, жанұялық жағдайы, асырауында адам бар-жоқтығы,
жұмыс орны). Егер жәбірленуші заңды тұлға болса
меншік нысаны, құрылтайшылары, жарғылық қызметі
анықталады. Қандайда болмасын жәбірленуші
мен кінәлінің арасындағы өзара
қарым-қатынастары, іс үшін маңызы бар
мән-жайларды анықтауға септігі тиетін куәлердің
бар-жоқтығы анықталады.
Жалпы
алғанда контрафакция туралы істер бойынша анықталатын
мән-жайлардың тізімі төмендегіше көрінеді:
-
өнімдердің сипатына
қатысты мән-жайлар;
-
құқық
қорғау органына шағымданушы тұлғаға
қатысты мән-жайлар;
-
құқық
бұзушыны сипаттаушы мән-жайлар;
-
жасалған
қылмыстың зардаптарын көрсететін мән-жайлар.
Айқындауға жататын мәселелер шеңберін
анықтау айтарлықтай күрделі және көп
еңбектенуді талап ететін үрдіс болып табылады. Сірә, осы
қызмет барысында белгілі бір дайындық деңгейінің
және тиісті тәжірибенің болуы керек шығар. Ендеше,
контрафакциямен байланысқан қылмысты тергеумен
шұғылданатын адамдарды мамандандыруды енгізу қажет.
Қылмысқа тергеу жүргізу кезінде тергеуші тәндік
жағдай құрылымдарын білуі қажет. Жағдайға
қатыстылық тұрғысынан алғанда тергеушінің
шешім қабылдау жөніндегі көзқарасын нақты
тергеулік жағдайды тәндік жағдаймен ойша
шығармашылық жолмен салыстыру арқылы анықтауға
болады.
Контрафакциямен байланысқан қылмыстың бастапқы
кезеңінде келесідей тергеу амалдарын жүргізген орынды:
- жәбірленушіден жауап алу;
- іс үшін маңызы бар зарттарды, құжаттарды алу;
- куәлерден жауап алу;
- күдіктіні ұстау және одан жауап алу;
- тінту жүргізу, сараптама тағайындау және оны
жүргізу;
- беттестіру жүргізу.
С.А.
Шейфердің орынды атап өткеніндей, тергеу амалдарын дұрыс
таңдай білу тергеудің мақсатына қол жеткізуде
маңызды орын алады. Тергеу амалдарын таңдау – тергеушінің
қоржынын толтыратын дәлелдемелер жинаудың көптеген
түрлерінің біріне тоқтау, соны осы жағдайға
қолданатын танымдық құрал болатынын мойындау деген
сөз [30].
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1
Ананьева
Е.В. Авторское право и интернет // Интеллектуальная собственность. – 2000.
– № 3.
2
Нұрадин, Н. Н. Контрафактілік өнімдер айналасы саласындағы
қылмысқа тергеу жүргізудің ерекшеліктері: -
Қарағанды : ІІМ Б. Бейсенов ат. Қарағанды Заң
ин-ты, 2009. - 30 с.
3
Возгрин И. А.
Научные основы криминалистической методики расследования преступлений: Курс
лекций. – СПб.: Изд–во СПб. юрид. ин–та МВД России, 1992. Ч. 1. –
100 с.
4
Информация
для СМИ о результатах проведения оперативно–профилактического мероприятия
«Контрафакт» (Астана, 13 июня 2008 г.) // Казахстанская
правда.
№ 126.
5
Крылов
В.В. Расследование преступлений в сфере информации. – М., Городец,
1998. – 264 с
6
Дворянкин О.А. Интеллектуальная
собственность. Авторское право и смежные права. - 2005. - N 8. - С. 21-26.
7
Возгрин И. А.
Научные основы криминалистической методики расследования преступлений: Курс
лекций. – СПб.: Изд–во СПб. юрид. ин–та МВД России, 1992. Ч. 1. –
100 с.
8
Авторлық құқық
және сабақтас құқықтар туралы Қазақстан
Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы N 6-I Заңы
9
Бажанов
С. Оправдана ли так называемая доследственная проверка? // Законность. – 1995. – №8.–
С. 51–54.
10
Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау
және қорғау саласындағы бірыңғай реттеу
қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 30
маусымдағы №448-ІV заңы
11 Шейфер С.А. Следственные
действия, Система и процессуальная форма. – М.: «Юрлитинформ», 2001. – 274 с.