Б.Ж. Халық, Ж.А. Арунова
ЖММ "Болашақ" Академиясы, Казахстан.
Есте сақтау қабілетінің ерекшеліктері
және оны дамыту жолдары.
«Есте сақтау бормен
жазылған тақта секілді, бастырып отырмаса, уақыт өткен
сайын жазуы кетіп отырады» деп Джон Локк айтқандай есте сақтау
қабілеті адамға көп жағдайларды жасауға
мүмкіндік береді. Есте сақтау қабілеті болмаса, біз
ешқандай сөйлемдерді түсінбей басын оқып, артына
жеткенше ұмытып қалатын едік. Басқа мүшелеріміздің
сезімі де маңызды болмай қалатын еді. Жалпы айтсақ, есте
сақтау деген не? Есте сақтау қабілеті–психикалық
өмірдің маңызды сипаттамасы. Есте сақтау қабілеті
өткенімізді есте сақтап болашаққа қадам
басқызатын сиқырлы қорапша деп айтсақ артық
айтпаймыз. Сондықтан есте сақтау қабілеті
мәселесі–психологияның назары көп бөлінген және
көп зерттелген мәселелерінің бірі. Есте сақтау
қабілеттеріне өмірлік тәжірибе алу, сақтау және
жаңғырту қабілеті деген анықтама беруге болады.
Мінез-құлықтың түрлі түйсіктері, тума
және жинақтаған механизмдері есте сақтау
қабілетінде сақтап қалған, мұра бойынша берілген
немесе жеке өмір барысында жинақталған тәжірибе. Адам
өзінің есте сақтау қабілеті, оны жетілдіру
арқасында жануарлар патшалығынан бөлініп шығып,
бүгіндегі шыңға жетті. Осы
функцияның үнемі жақсаруынсыз
адамзаттың прогресі болуы мүмкін емес.
Бүгінге
дейін өзінің ғылыми мәнін
жоғалтпаған, есте сақтау қабілеті эксперимент
арқылы зерттеудің алғашқы амалдарын жасаған. Есте
сақтау қабілетінің ең бірінші психологиялық теорияларының
бірі–ассоциативті теория болды. Ол ХVІІ ғасырда Англия мен Германияда
тарау алып, танылды. Аталмыш теория негізінде ассоциация түсінігі-
Г.Эббингауз, Г.Мюллер, Ф.Шульман және А.Пильцепермен бірлесіп зерттегені белгілі бір психикалық феномендер арасындағы
байланысы жатыр[1]. Басты міндет
ассоцианистердің барлық жұмыстары үшін жалпы болды: ол
барлығына мәлім ассоциацияның пайда болуы, әлсіздеуі,
өзара әрекеттесу жағдайларын зерттеу.Уақыт өте келе
ассоциативтік теорияда бірқатар мәселелертуындады, олардың
негізгісі-балалар есте сақтау қабілетінің таңдаулы
болуын түсіндіру. Ассоциациялар кездейсоқ туындайды, ал есте
сақтау қабілеті әрқашан белгілі бір ақпаратты
таңдайды. Сонымен қатар, есте сақтау қабілетінің
ассоциациялық теориясы оның заңдарын танып білу үшін
көп пайда береді.
Есте сақтау қабілетінің
қызметі ретінде зерттеу француз ғалымы Ж.Пиаже жұмысымен
басталды. Ол есте сақтау қабілетінің ең бастысы
материалды есте сақтауға, өңдеуге және
ұғындыруға бағытталған әрекет ретінде
қарастырды. Есте сақтау қабілеті дамуының түрлі
деңгейінде осы қызметтің сипаты әртүрлі,
бірақ барлық кезең үшін ортақ болатыны
өткенде болғанмен, бірақ Ж. Пиаже есте сақтау қабілетінің
мақсаты өшкен өткенді жеңу деп таныған[2].
Біз есте сақтау қабілеті
төңірегінде мәселе қозғай отырып, Герман
Эббингаузды айтпай кету мүмкін емес. Әсіресе, қисық
сызықты ұмыту немесе Эббингауздың ұмыту
қисығын еске түсіреміз. Эббингауз «таза есте сақтау
қабілетін» зерттеумен көп айналысқан. Ол үшін ол
мағынасыз буындарды яғни екі дауыссыз және бір дауыстыдан
тұратын, ешқандай ассоциация туғызбайтын сөздерді
айтудан бастады (мысалы бов, гис, лоч және т.б) алғашқы
зерттеулерінде осы әдіс арқылы буындар оқылғанда
буындардың көбі оқылып жатқанда ұмыту бас
жағында тез болған екен. Бір сағат өткенде оқылынғандардың
60% ұмытылып, он сағаттан соң біздің есімізде 35%
қалған. Ары қарай ұмытылу процесі баяу және алты
күннен кейін есімізде тек қана 20% -дай ғана мәлімет қалады[3].
Осы теориясымен Г.Эббиингауз эффективті есте сақтау үшін
оқылғанды көп қайталау маңыздырақ болса
керек.
Ұмыту дегеніміз-қабылданғанды,
есте қалдырғандарды қажет болған жағдайда еске
түсіре алмау, танымау немесе еске түсіру мен танудың
қателесіп жаңылысуы. Ұмытшақтыққа
жақындық өмірде кең етек алған. Оған болған оқиғаны
ұмыту, алкоголь, ұйқысыздық, дұрыс
тамақтанбау, керек нәрсені аз ғана қайталау және
т.б жағдайлар себепкер бола алады. Зейінді әлсіретіп,
ұмытшақтыққа жол ашатын көптеген факторлар бар.
Мамандар мұндай факторлар ретінде миға қажетті оттегі,
глюкоза және басқа да қоректік заттардың жетіспеуінен
туындайтын стресс пен депрессия, ағзадағы қуат
көзінің сарқылуы салдарынан мидың функциясының
бұзылуы, миды толыққанды қолданбау, кейбір
жайларға әсіре бас қатырып, осының салдарынан
мидың кейбір бөліктерінің қолданылмай сал боп қалуы,
жүйесіз ойлану сынды жайларды атайды. Сонымен қатар, адам
физиологиясы мен денсаулығындағы түрлі ақаулар да
зейіннің нашарлауына жол ашады. Әсіресе, егде тартқан
кісілердің өзге ағза мүшелерінің нашарлап,
шаршайтыны сынды жас ұлғайған сайын мидың да бірқатар
функциялары нашарлай бастайды.
Интерференциялық теорияларға
сәйкес, ұмыту проактивтік
және ретроактивтік
интерференцияның ықпалымен жад ізінің өшірілуінің
салдары болып табылады. Р.Аткинсон бойынша ұзақ мерзімдік жад
мәңгі, ал ұмыту былайша болады: еске түсірудің
кілті сынама ақпарат болып табылады, осының арқасында
ұзақ мерзімдік жадтың қоймасында тиісті іздеу
жинағының белсенділігі күшейеді: сынама
ақпараттың лайықты таңдалмауы және одан кейінгі
сәтсіз қайта жаңғырту ұмытуға әкеп
соғуы мүмкін. Бірақ бұл теорияға ғана
негіздемейміз, себебі ұмытудың феномендерін түсіндіретін
басқа да жайттары бар.
Есте
сақтау қабілетін нашарлататын факторлармен қоса, оны
күшейтетін факторлар да баршылық. Демек, мнемотехника-қажетті ақпаратты есте
сақтаудың жеңілдетіп, белгілі бір ассоциациалар келтіру
арқылы есте сақтаудың көлемін ұлғайтатын
арнайы әдістер мен тәсілдердің жиынтығы. Мнемотехниканы
өзімізге керек бір затты есімізде сақтай алмай жатқанда
қолданамыз. Бұл
әдісті тиімді әдіс десе де болады. Тағы бір факторлары
ретінде салауатты өмір салтын ұстану, жүйелі жұмыс
істеу дағдысы, жүйелі ойлану және миды дұрыс
жұмыс істеткізуді атауға болады. Дэвид Майерстің айтуы
бойынша: «Адам негативті естеліктерді еске алғаннан шаршап, ал позитивті
естеліктерден қуат алады екен», сондықтан да есте
сақтауымызға адамның жақсы ойлағаны да
әсерін тигізеді[6]. «Ми көп жұмыс істегеннен шаршайды» деген
ұғымды осыған қарап теріс пікір десек те артық
айтқандық емес. Ми көп жұмыс істегеннен емес, ми
мүлде жұмыс істемегеннен де шаршайды. Еңбек ету миды мешеу
қылмайды, керісінше ойсыздық, бейқамдық,
ғапылдық, жұмыс істемеу миды сорлатпақ.
Қолданылмаса кез-келген нәрсенің тотығып, шіритіні
сынды есте сақтау қабілеті де дұрыс қолданылмаса істен
шығады.Керісінше, ми жұмыс істеген сайын дамып, жетіле
түседі. Күн өткен сайын толысып, кемелденеді.
Қорытындылай келе, есте сақтау
қабілеті-өткен тәжірибеге жаңғырту амалы,
ақпаратты ұзақ сақтау қабілетін және саны
мен мінез саласына оны бірнеше рет енгізу қабілетінде көрінісін
табатын жүйке жүйесінің негізгі қасиеттерінің
бірі.
Есте сақтау—жадында түту. Ес үрдістерінің
бірі, жаңадан түсіп жатқан ақпаратты жадыға
енгізуді белгілейді. Қандай да бір үрдіс бойынша
жұмыс істей отыра, адам есте сақтау қабілетін дамытып,
жаттықтырады.Түптеп келгенде, есте
сақтау қабілеті дегеніміз-нейрондарда сақтаулы тұратын
мәліметтерді қажетті жағдайда қолдану үдерісі
болып табылады. Есте сақтау қабілетіміздің төмен не
жоғары болуы тек өзіміздің еркімізде. Есте ұзақ сақталатын
қуаныштарымыз көп болсын!
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.А.Р.Лурия.Маленькая книжка о большой памяти.- М.,1968. Стр.5.
2. Ж.К.Брангье Беседы с Жаном Пиаже. Психологический журнал,
2000, том 21, №2, с. 138-144
3. Р.С. Немов.
Психология.- 4-е изд.- М.: ВЛАДОС, 2003.-Кн. Стр.686.