Б.Б.Сағымбай, А.Т.Төлеуғазы, Ж.А.Арунова

ЖММ "Болашақ" Академиясы, Қазақстан

Жасөспірімдердің өзіне-өзі қол салу мәселесінің психологиялық ерешеліктері

 

  Жасөспірімдер психологиясы – жас мөлшері бойынша балалық шақ пен бозбала шақтың аралығынан табылатын 12-15 жастағы, орта буын және жоғары сынып оқушыларының психологиясы.                                                  Жасөспірімдер бұрын санаса бермейтін кішкене бала емес, әйтсе де оның қоғамдағы жағдайына қарап, үлкендер оны әлі де бала санайды. Ал бала болса есейгендігін айтып, өзін жеке адам ретінде көрсетуге тырысады, кейде өзімшілдікке салынып, дөрекілік мінез де көрсетіп қояды. Бұлардың «үлкен кісі» болып көрінуі кейде қате, жалған жолмен кетуі де мүмкін (мәселен, кейбір осындай балалардың шылым тартуы, үлкендермен қарсыласуы т.б.).Оқушы басында туындайтын кейбір көмескі ойлар да (жыныс мүшелерінің жетілуіне орай) бұған қосымша себеп болады. Олардың ересек болуға ұмтылуын ретті жерде қолдап кейбір балалық эмоцияларын, ар-намыс, абырой, борыш, ұят, жауапкершілік секілді жоғары сезімдерге айналдырып отыру керек. Әрбір мұғалім, әсіресе сынып жетекшілері жасөспірімдердің жеке ерекшеліктеріне тән бейімділіктеріне қарай оларды түрлі қоғам жұмыстарына тартып, қоғамдық пайдалы еңбекке қызу араластырып отырғаны мақұл. Бұл жастағы балалардың оқу әрекетін еңбекпен дұрыс ұштастыру арқылы ғана оларды еңбексүйгіштікке, тәртіптілікке, ұжымдыққа т.б. қасиеттерге тәрбиелеуге болады[1].                   Өз өмірін қиюға бағытталған саналы ерікті түрдегі әрекет қазіргі таңда бүкіл жаһандық қоғамдық мәселеге айналып отыр. Атап айтар болсақ, ересектер тарапынан баланың саналы деген деген талап-тілек, мұқтаждықтарын өнегелі тұрғыдан ескермеу, олардың жас мөлшері мен балалық психологиясына көңіл бөлмеу сияқты кемшіліктерден болып жатады. Балалардың өзіне –өзі қол салуға бейімділігі мына төмендегі мәселелерге байланысты болады. Бірінші – баланың достары жоқ, ешкіммен араласпайды және ата – анасымен сырласпайды. Ешкімге сенбейді және барлық проблемаларын өзі шешуге үйренген. Бала сіздің оны өте жақсы көретініңізді және оған әрқашанда көмектесетініңізді, сол үшін жаныңыз ауырып, үрейленетіңізді, мейіріміңізді сезінуі керек. Екінші – баланы ешнәрсе қызықтырмайды. Оның кез келген сұраққа жауабы біреу ғана: «маған бәрібір» . Оның ұмтылысы болмаса да жақсы оқуы мүмкін. Үлкендердің барлық өтініштерін орындай береді, себебі өзінің еш ынта ықыласы жоқ. Барлық нәрсеге селқос қарайтын бала артық мінез де көрсетпейді. Ата – аналар мұндайда баламыз көркем мінезді деп ойлайды. Үшінші – бала ауырғанды жақсы көріп, үнемі бір ауруларды ойлап тауып, жақындары қасында болғанда өзін жақсы сезінетінін көрсетуге тырысады. Ата – аналар бірте - бірте «ойдан шығарылған» ауруларға мән бермейтін болады. Міне, сол кезде бала одан да өткен жанкешті қадамдарға барады. Төртінші – өмірге деген көзқарасы, үміт оты өшкен жан осындай қадамға барады. Оған ата- ана қамқорлығының дұрыс болмауы және мұғалімдердің міндеттерін беріліп орындамауы, баланың ішкі жан дүниесіне үңілмеуі себеп. Өздерін – өздері өлімге қиятын ұл балаларға ер – азаматтың дұрыс тәрбиесі керек. Өзіне – өзі қол салуға баратында әрі әлсіз, әрі батыл адамдар[2].

   Бала тәрбиесінің дұрыс жолға түсуі, оны қоршаған ортаға, әсіресе отбасы мен ұстаздар қаумының парасаттылығына байланысты. Педагогикалық этиканы сақтай отырып, баламен сөйлесу, оған жылы қабақ таныту, қолдау, оның көңіл – күйінің бұзылу себептерін анықтауға мүмкіндік береді. Баланың қиналып жүрген сәтінде көңіліне демеу болар, ақыл – кеңес берер досы, ұстазы, ата – анасы болса, оның өз өміріне қасақана қол сұғып, өзіне – өзі өлімге қимасы анық. Сондай – ақ, жасөспірімдер арасындағы суицид материалдық жағдайы жоғары отбасында да орын алып жатқандығы ескеріліп, баланың мұңдай әрекетке баруы ата – аналардың балаларына көп көңіл бөлмей, сырласпауы жағдайында да үлкен әңгіме болып отырғаны белгілі. Сондықтан да біз жасөспірімдердің өтпелі кезеңіндегі қиындықтардың алдын алу жұмыстарын қолға ала отырып ата – аналарымен тығыз байланысты жұмыс жасауымыз керек.                                                                                                       Зерттеулерге сүйенсек, өзіне – өзі қол жұмсау оұиғасының 41% жұмбақ жағдайда, 18 % жан күйзелісінің салдарынан, сондай-ақ 19% кесімді жазадан қораыққаннан, 18% отбасындағы жағдайлардан,6% махаббат ауруының салдарынан болған[3].                                                                                                      Өзіне – өзі қол жұмсар алдында мына жағдайлар жиі кездесетінін ұмытпаңыз:                                                                                                             1. Сабақ үлгерімі төмендейді.                                                                          2. Қарым – қатынас шектеледі.                                                                        3. Қызығушылық деңгейі баяулайды.                                                             4. Көңіл күйі болмайды.                                                                                  5. Тәбеті төмендейді немесе ашқарақ болады.                                                6. Ұйқысыздыққа ұшырайды.                                                                         7. Өлім туралы әңгіме айтады немесе қорқытады.                                          8. Жеке заттарын ретке келтіреді.                                                                    9. Достарына алғыс сезімін білдіріп жылы коштасады.                                  Баланы жасынан өзі қызығатын нәрсеге қарай баулып, бос сенделуге жол бермей, әр уйдегі үлкенді – кішілі мәселенің бәріне араластырып ортақ мүдде үшін жауапкршілікке тәрбиелеу керек. Мектепте баланы тек ұрысу, ұялту арқылы жәбірлеп, жігерін құм етіп, оны өмірден безінетін жағдайларда болып тұрды. Алдында үлгі – өнеге алатын, сырласатын, үлкен адамға тән қадір – қасиет, жүріс – тұрыс, мәнері мен әдеттерін үйренетін, шаруашылыққа икемдейтін әкенің рөлі ер балаға ауадай қажет. Отбасында қандай, қай жағдайдағы бала болсын, онымен санасып, оның жеке ерекшелігін ескеріп, ақылдасып отырған мақұл. Жеткіншек бала өзінің өмір тәрбиесінің аздығын, білімінің әлі таяздығына қарамай ересектерден кем білмеймін, қолымнан бәрі келеді деп есептейді. Баланың осы кездегі ерекшелігін педагогикалық талапқа сай басқара білмеген адамның баласы опық жейтін оқиға баруы даусыз. Мысалы, әке ұлының, шеше қызының жан дүниесіне үңіліп, жан сырын аша білсе, баланың өмірге деген сенімі күшейеді.                                                           «Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма?» деген сұраққа «Жоқ өз өмірінің мәні туралы ойланбайтын, толғанбайтын мағыналы өмір сүруге әрекет етуге тырыспайтын адам болмайды», - деп жауап бере едік. Олай болса, бір уакыт өміріміздің мәні туралы ойларымызды ортаға салып көрейікші. Еңбектен, махаббаттан, табиғаттың сұлулығынан немесе достар арасындағы толық түсінікті сыр шертісулерден тыс қалған адам бақытты өзге жақтан іздейді. Адасу осыдан басталады. Алдымен шылым шегуден, спирттік ішімдіктен жанға сая табу, кейін есірткі қабылдауға ұласуы әбден мүмкін. Міне, осы сияқты қысқа өмірде депрессиялық жағдайлар көп кездеседі. Депрессия кезіндегі негізгі – проблемалардың бірі – адамның өзін – өзі өлтіруге құштарлығы. Адамның ауасы таза, суы мөлдір, аспаны ашық, айы мен күні орнында, гүлінің хош иісі бұрқыраған жер бетінде аяқ басып, жүруінің өзі бақыт. Адамға еркіндік, материалдық және рухани байлық керек. Бірақ оларды жасау әркімнің өз қолында[4].

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Мектептегі психология в школе 10(76) 2014 Алматы

2. Психология.Энциклопедиялық сөздік. Бас авторлары: Қ.Жарықбаев; О.Саңғылбаев- Алматы 2011- 212 бет.

3. Конончук Н.В. О психологическом смысле суицидов // Психологический журнал. - 1989, - № 5. - С. 95 - 102.

4. Сраубаев Е.Н., Сергалиев Т.С., Абдилда А.Ж., Байменова Д. М., Белан Н.Г. Особенности распространения самоубийств в Республике Казахстан // Медицина и экология. – 2009. - № 4.