Ибраев Жеңіс Шуиншибекович, Айнақұлов Мәлік Қырықбайұлы

Жамбыл медициналық колледжінің «Дене шынықтыру пәні оқытушысы»

 

БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАНУҒА ДАҒДАРЛАНДЫРУ

 

 Қазіргі кезде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттерінің бірі-   жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру. Олардың денсаулығың сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға және де сапалы білім алып келешекте пайдалана білуге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын насихаттауда, салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру  мәселелерін жетілдіретін, осы саладағы басымдылықтарды анықтайтын ғылымда, өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу формалары мен жаңа әдістерді ұстанатын білімде қажет.

Орта оқу орны студенттерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы алған білімдері, болашақ азаматтардың денсаулығын сақтауға тірек болады.

Орта оқу орны студенттерінің салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру бұл:

Жеке тұлғаның табиғи ортамен жан жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру;

Салауатты өмір салты-ол денсаулықтың үйлесімді дамып сақталуы  мен орнығуын қамтамасыз ету мақсатында , денсаулықты нығайтуға бағытталған іс-шараларды жүргізу.

Орта оқу орны студенттерінің денсаулығын сақтау мен қалыптастырудың басты мақсатында тұлғаның психологиялық , дене-қимыл  әрекеттерінің мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктерін ескеріп, гигиеналық ұғымдарды салауатты  өмір салтының уәждамаларын түсіндіру. Олардың мінез –құлқында белгілі бір гигиеналық тұрақтылықты қалыптастыру, өзіне-өзі қызмет ету , денсаулығын сақтау, нығайту, мәдени гигиеналық мінез-құлық  дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

 Салауатты өмір  салтын қалыптастыру үшін қандай жағдайларға назар аудару  керек? Өмір салты дегеніміз не? Бұл жеке адамның тіршілік етуге бағытталған мүмкіндіктерін қалыптастыру. Біздің ойымызша адамның әлеуметтік - психологиялық және биологиялық жақтан салауатты өмір салтын қалыптастыруға мына жағдайлар негіз бола алады:

-         Белсенді қозғалыс нәтижесінде ағзаны шынықтыру дене тәрбиесі немесе спортпен шұғылдану;

-         Гигиеналық талаптарды жүзеге асыру;

-         Жеке және әлеуметтік талаптарды жүзеге асыру;

-         Дұрыс жыныстық тәрбие алу;

-         Зиянды әдеттерден аулақ болу.

Салауатты өмір салтының  бүгінгі маңызды мәселелерінің бірі-жастар арасындағы ішімдікке салыну десек, қазіргі зерттеулерде  қарағанда , оған салынудың әлеуметтік – потологиялық  мына себептерге байланысты екені белілі болып отып:

-         Әлеуметтік экономиялық ;

-         Отбасындағы психологиялық орта;

-         Жұмыссыздық, мақсатсыздық немесе шектен тыс бос уақыт ,т.б

 Сондықтан орта оқу орны студенттердің салауатты өмір салтын қалыптастыруына куш салып , зиянды әдеттерден сақтандыруымыз керек.

Денсаулық тәрбиесі  – ортақ мәселе.Халық санының өсуі, оның сапасы мен денінің  саулығы мемлекеттің әл-ауқатының дамуына мұрындық болады.

Сондықтан да Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегәнде соның 4 негізгі күшін атап көрсетті: « Оның бірі- жер үстіндегі байлық деп отырғанымыз -адам , оның білімі мен іскерлігі,

Таланты мен мәдениеті, денсаулығы».

    Жалпы орта оқу орнының басты міндеті болашақ мамандық иелерін заман талабына сай оқыту –кәсіби даярлықтарын жетілдірудің құрамдас бір бөлігі болып табылады.

Білім- қоғамды тұрақтандыратын, рухани мұраны сақтайтын, ұрпақты ұрпаққа  сабақтастыратын құрал. Қолда бар мүмкіндікті пайдаланып оқытудың жаңа  әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану, жаңа технологияны әркімнің өз сабағында пайдалану арқылы дене шынықтыру сабақтарының сапасын арттыруға болады . Жастарды халықтың дәстүр үрдісінде адамгершілікке, салауатты өмір сүруге  баулу, дені сау  ұрпақ тәрбиелеу – дене тәрбиесі пәні оқытушыларының  басты міндеті. Олай болса,оқыту  мен  тәрбиелеудің ой иелегінен өтетін әдіс тәсілдерін,жаңашыл педагогтардың  тапқан  әдістемелерін біліп қана қою жеткіліксіз ,оны әркім  мүмкіндігінше күнделікті сабақта  пайдалану қажет.

Студенттердің  пәнге деген қызығушылығын арттырып , білім сапасын көтеруге  сабақтан тыс спорттық шаралардың  да маңызы зор. Соның ішінде  баскетбол , волейбол, футбол, тоғызқұмалақ ойындарынан әр түрлі жарыстар өткізіп отыру керек . Осындай жұмыстар жүргізу нәтижесінде  студенттердің  белсенділігі артып, cпортқа  деген бейімділігі қалыптасады.Студенттердің танымдық қабілеттері артып, салауатты өмір сүру, адам денінің  саулығы осы спортқа  байланысты екенін түсінеді. Нәтижесінде студенттердің білім сапасы артып, оқу барысында жоғары сапаға қол жеткізуге болады. Жаңаша әдістерді сабақтарда үнемі қолданысқа енгізуде теория мен прпктиканың ұштасуына мән бергенде ғана жұмыстың мазмұндылығы көрініс болады. Міне сол себептен біз жастарымызды дене шынықтыруға, спортқа қызықтырып баулуымыз керек.

Егер біздің жастарымыздың денсаулықтары жақсы болса, онда біздің еліміздің болашағы да жақсы болады деген сөз.

Ұзақ өмір сүрудің негізі- денсаулықты сақтау.Ал денсаулықты сақтау- ұзақ өмір үшін күрес. Ұзақ өмір сүру үшін қозғалыс жасап,денені шынықтыру  қажет.

Саналы түрде дене жаттығуларымен, спортпен айналысу әр азаматтың жеке басының міндеті.

Өмірдің жалғасы, болашағы, келешегі-ұрпақтың денсаулығын сақтау өте ауқымды мәселе. Қазақта «баланы жастан» деген мақал тегін айтылмаған, оны дұрыс тәрбиелеп, ойда , жігер бойда қайрат болуын, тепсе темір үзетін мықты болуын қалайды. Дені сау бала өзі де отырмайды, лақтай секіріп, жүгіріп, үнемі қозғалыста жүреді. Оған тіпті, арнайы жаттығудың қажеті жоқ. Өйткені оның көңілі котеріңкі, өсіп жетілуі, дамуы –бәрі ойдағыдай. Енді осы туа біткен  қорды сақтап қалу үшін- үлкен азамат болғанша адам үнемі қимыл- қозғалыспен, дене тәрбиесімен айналысу керек.

Сондықтан біз жастарға»Сымбатты , әдемі және дененің сау болуын  қаласаң- салауатты өмір салтын ұстан!»- деп айтқымыз келіп отыр.

Қорыта айтқанда, өмір өлшемі – салауаттық, слауаттық- өмір заңы. Салауатты өмір сүрмей тұрып,  өміріңе қажетті нәрсені ала алмайсың.

Адам баласының жарасымды тұрмыс құрып, үйлесімді дамуы үшін  біздің елде барлық жағдай жасалған.Өнердің, спорттың сан-салалы түрімен айналысуға болады.Олардың қайсынан болса да жан дүниең ляззат тауып сезіміңе әдемі түйсік аласың. Одан өмірің мәнді, бола түседі.Олай болса, арақсыз, есірткісіз, темекісіз әрі мазмұнды, әрі сәнді өмір сүруге болады. Алдамшы құмарлықтан бас тартып  өзін-өзі билей білу- адам бойындағы ізгі қасиет, үлкен  парасаттылық.Біздің елбасымыз Н.Ә.Назарбаев салауатты өмір сүрудің арқасында жас жігітше таудың шынына шығып, шаңғы теуіп, теннис ойнап, суға шомылып, атпен серуендеп, ауырмай өмір сүрудің үлгісін көрсетуде.Ендеше ,Абай атамыз айтпақшы, «Тамағы тоқтық,жұмысы жоқтық- аздырар адам боласын» дегендей, еңбексіз, белсенді дене қозғалысынсыз мықты  денсаулық, бақытты өмір жоқ.

Денсаулық- басты байлық өмірдегі,

Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.

Салауатты өмір салтын насихаттап,

Атанайық жақсы азамат өңірдегі.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұзақ үрдіс , бірақ бұл нағыз денсаулықты сақтайтын және нығайтатын жолдардың бірі.Ол білімгерлердің өз  денсаулығын сақтауға жауапкершілігін едәуір дәрежеде арттырады. Академик Н.М.Амосов айтқандай, «Денсаулығың мықты болу үшін өзіңнің күшің болуы қажет, оны ешнәрсемен ауыстыруға болмайды».

                                      Пайдаланылған  әдебиеттер

1.В.А.Сластенин, И.В.Исаев, Е.Н.Шиянов, Общая педагогика   М-2002

2.Г.М.Коджаспирова Педагогика  М-2004

3.П.Матвеев. Теория физической культуры .М.ФИС.1990.

4.Әбденбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесінің жалпы негіздері. Алматы.2007ж.

5.Р.Аманбаев. Спорт теориясы мен  әдістемесінің жалпы негіздері.Алматы.2006ж.

6.Жұмабаев  М. Педагогика – Алматы: Ана тілі, 1992

7.Ғаббасов  С. Халық педагогикасының негіздері. – Алматы:                                   Әл-Фараби, 1995.

8.Айтмамбетова  Б., т.б. Қазақ  педагогикалық  энциклопедия  сөздігі. –Алматы: РБК, 1995