Сельское хозяйство

а.ш.ғ.к. А.Т.Даулетбекова, студент А.Жабаева

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, Қазақстан

ҚАЗАҚТЫҢ ҚҰЙРЫҚТЫ ҚЫЛШЫҚ ЖҮНДІ ЕРКЕК ҚОЗЫЛАРЫНЫҢ ӨСІП-ЖЕТІЛУІ

 

Етті-майлы бағытында өсірілетін қой тұқымдарынан негізгі өнім – ет, жүн және тері өнімдері алынады. Салмағы ауыр, ірі және семіз қойлардан ет шығымы мол болатыны белгілі. Ал тұқымдылығы жақсы малдардан алынатын қозылар да ірі, өсімтал келеді. Сондықтан жаңа туылған қозының тірілей салмағы ата енесінің тұқымына, аналықтың жасына, бір құрсақтан туатын қозы санына, эмбрионалдық даму кезеңдерінде қоректік заттармен қамтамасыз етілуіне, конституциясына және де кейбір биологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады.

Төлдердің туылғаннан бастап малдардың толықтай қалыптасып біткенге дейінгі аралықтағы тірілей салмағындағы өзгерістерге жүргізілген бақылаулар нәтижесінде олардың дамып -жетілуі мен қоршаған ортаға бейімделу мүмкіндіктері жөнінде белгілі бір пікірге келуге болады.

Өсіп келе жатқан малдардың тірілей салмақтарының динамикасын біліп, қандайда бір пікір жасау үшін, белгілі уақыт аралықтарындағы олардың салмақтары өлшеніп алынып отырылады. Сондықтан, біздер өз зерттеулерімізде, жергілікті етті-майлы қой тұқымының ұрпақтарының барлық сұрыптау сапаларымен қоса еркек қозылардың туылғанынан бастап тірілей салмағы өлшеніп алынып, ары қарай олардың өзгеру динамикасы 1 айлық, 4,5 айлық, 6,5 айлық мерзімдерінде бақылауға алынып, осы аралықтағы тәулік салмақ өсімі көрсеткіштері салыстырмалы түрде зерттелді.

Тәжірибелік мал топтарынан алынған қозылардың тірілей салмағының динамикасы 1-кестеде берілген.

 

1-кесте – Тәжірибелік мал топтарынан алынған еркек қозылардың тірілей салмағының динамикасы

килограмм есебімен

Мал топтары

Қозылардың тірілей салмағының динамикасы

туылғанда

1 айында

4,5 айында

6,5 айында

n

М±m

n

М±m

n

М±m

n

М±m

І

30

5,27±0,07

30

15,2±0,64

30

37,7±0,78

29

43,2±0,56

ІІ

30

5,21±0,08

30

14,3±0,55

29

33,4±1,05

29

38,5±1,13

ІІІ

30

5,05±0,07

30

13,7±0,68

30

32,8±0,72

29

37,0±0,86

ІV

30

5,03±0,05

30

13,4±0,47

28

32,7±0,95

27

36,4±1,05

 

Кесте мәліметтерінен туылған кездегі ең ауыр салмақты қозылар 5,27±0,07 кг, І топтағы 7 айлық қошқарларды саулықтарға жұптау нәтижесінен алынғандығы байқалды. Салмақтары бойынша одан кейінгі орынды 1,5 жасар қошқарлардың ұрпақтары иеленсе (5,21±0,08 кг), ІІІ және ІV топтардағы ересек қошқарлардан туылған қозылардың тірілей салмақтары шамалас деңгейде (тиісінше 5,05±0,07 және 5,03±0,05 кг) болды.

Зерттеу нәтижесінде жасына байланысты тірілей салмақтарының артуы бойынша ең жоғары көрсеткіш І топтағы 7 айлық жас қошқарлардан туылған қозыларда болды. Осы топтың саулықтарынан туылған қозылардың 1 айлығындағы орташа салмағы 15,2±0,64 кг, 4,5 айында 37,7±0,78 кг, 6,5 айында 43,2±0,56 кг жетіп, ІІІ және ІV топтағы ересек қошқарлардан туылған қозылар-мен салыстырғанда басым екендігін көрсетті.

Жалпы алғанда 7 айлық жас қошқарлардан туылған қозылар алғашқы жылы өте жоғары қарқынмен өсу қабілетіне ие екендігі байқалады. Осы топтағы 1 айлық қозылардың салмағы 15,2±0,64 кг жетіп, ІІ, ІІІ және ІV топтан алынған қозылармен салыстырғанда тиісінше 0,9; 1,5 және 1,8 кг басым болса, дәл осы көрсеткіштердің айырмашылықтары 4,5 және 6,5 айлықтарында біршама үлкен дәрежеге (тиісінше 4,3; 4,9; 5,0 және 4,7; 6,2; 6,8 кг) жетті. Одан кейінгі мерзім-дерде осы топтан алынған қозылардың өсу қарқыны біршама бәсеңдегенімен, салмақ айырмашылықтарының басымдығы сақталады.

Малдардың өсу қарқындылығына толықтай баға беру үшін олардың тәжірибелік уақыт аралықтарындағы тірілей салмағын және тәуліктік салмақ қосуын анықтау қажет болды. Тек қана тірілей салмақ қосындысы жеке ағзаның өсу қарқынын сипаттай алмайды. Сондықтан тәжірибелік мал топтарының өсу қарқындылығына толықтай сипаттама беру үшін олардың тәуліктік салмақ қосу көрсеткіштерін анықтадық (2-кесте).

2-кесте – Әр түрлі топтардан алынған еркек қозыларының жасына байланысты салмақ қосуы

килограмм есебімен

Мал топтары

Қозылардың жасы

1 айлығында

4,5 айлығында

6,5 айлығында

n

тірілей салмағы

тәулік-тік

n

тірілей салмағы

тәулік-тік

n

тірілей салмағы

тәулік-тік

І

30

9,93

0,331

30

22,5

0,214

29

5,5

0,092

ІІ

30

9,09

0,303

29

19,1

0,182

29

5,1

0,085

ІІІ

30

8,65

0,288

30

19,1

0,182

29

4,2

0,070

ІV

30

8,37

0,279

28

19,3

0,184

27

3,7

0,062

 

Белгілі бір мерзімдер аралықтарындағы абсолютті және тәуліктік салмақ қосуларын сараптау нәтижелері, І топтағы жас қошқарларды жұптау нәтижесінен туылған қозылар өте тез жетілу қабілетіне ие екендігін көрсетті. Бұларда жасына дейінгі мерзімдерде өте жоғары қарқында дене көлемінің артуы байқалады.

Еркек қозыларының жасына байланысты салмақ қосуының графикалық кескіндемесі 1-суретте көрсетілген.

Осы топтың қозылары 1 айлығында 9,93 кг, 4,5 айлығында 22,5 кг, 6,5 айлығында 5,5 кг салмақ қосқан болса, тәуліктік өсім бойынша да бұл көрсеткіштер өте жоғары деңгейде, тиісінше 0,331; 0,214; 0,092 кг болды.


 

1-сурет – Тәжірибелік топтарынан алынған еркек қозылардың тірілей салмағының динамикасы

 

 

 


Осы топтағы қозылардың дене көлемінің жедел түрде артуын, оларға тұқым қуалаушылық арқылы берілген ағзадағы жүретін зат алмасу үрдістерінің қарқынды өтуімен байланыстырамыз. Себебі бұлардың аталары, яғни күйекке түсірілген 7 айлық жас қошқарлар да өте жоғары даму қарқындарымен ерекше-ленген болатын, сондықтан олардың осы қасиеті ұрпақтарында көрініс бере алды.

Алғашқы жылында біршама жақсы даму көрсеткіштерін ІІ топтағы 1,5 жасар ісек қошқарларын саулық қойларына жұптау нәтижесінен алынған қозы-лар көрсетті. Бұл топтың қозылары 1 айлығында 9,09 кг, 4,5 айлығында – 19,1 кг, 6,5 айлығында – 5,1 кг, 1 жасында 12,0 кг салмақ қосқан болса, тәуліктік өсім көрсеткіштері де жоғары деңгейде, тиісінше 0,303; 0,182; 0,112; 0,073 кг болды. Тез жетілу сияқты шаруашылыққа пайдалы қасиеттерінің ІІ топтың қозыларынан да көрініс тапқаны, осы қасиеттің белгілі дәрежеде тұқымға берілетінін қосымша айғақтайды. Себебі бұл жұптауда да 1,5 жасар жас қошқарлар ішінен дене бітімі талаптарға сай келетін, тірілей салмақтары да өз тетелестерінен ауыр, яғни, жақсы даму көрсеткіштеріне ие ұрықтық қошқарлар таңдап алынған. Даму көрсеткіштері бойынша соңғы орында ІV топтағы ересек қошқарларды саулықтарға жұптау нәтижесінен алынған қозылар орналасады. Осы топтың қозыларының 1 айлығындағы тірілей салмақ қосуы 8,37 кг болса, тәуліктік өсімі 0,279 кг құраған. Бұл топта 6,5 айлық мерзімдеріне дейін ең төменгі өсім байқалса, екінші (1,5 жасында тірілей салмағы 10,3 кг және тәуліктік 0,057 кг) және үшінші (2,5 жасында тірілей салмағы 10,2 кг және тәуліктік 0,028 кг) жылдары салмақ қосулары біршама арта бастады. Бұл осы топтың қозыларының салыстырмалы түрде кеш дамитындығын көрсетеді.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Шаршанкулов М.А., Есентаев Е.Е. Скороспелость молодняка курдючных овец //Овцеводство. –М., 1991. -№4. –С.20.

    2. Ерохин А.И., Богачевская Т.Б., Каметов С.И., Майтканов Н.М. Продуктивность полугрубошерстных мясо-сальных овец нового типа //Овцеводство. –М., 1992. -№4. –С.16-17.