Х.ғ.к. Жумагалиева
Ж.Ж.
Х.ғ.к. Жаксибаева Ж.М.
Е.А. Бөкетоа
атындағы Қарағанды мамлекеттік университеті,
Абай атындағы
Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Қазақстан
Биохимия пәнін оқытуда
диалогтық оқыту әдісін қолдану
Биологиялық
химия пәнінен диалогтық
оқыту әдісін қолдана отырып, Биология
мамандығының БН-31 тобының студенттеріне үш сабақ
өткіздім. Барлығы 16 студент қатысты. Сабақ барысында
сыни тұрғыдан ойлау, оқыту үшін бағалау
және оқуды бағалау, сұрақ қою, топтық
жұмыс, миға шабуыл, ақпараттық-коммуникациялық
технология, кері байланыс, рефлексия, ыстық орындық, куб
әдісі, Блум таксономиясы, ұшақ әдістері қолданылды.
Диалог арқылы оқыту студенттердің
өз пікірін білдіруіне, ынтымақтастық
пен серіктестікті тудыруына, оқушылар бір-бірінің ойымен де
есептесуге, пікір таласқа
түсу арқылы тақырып бойынша білімін тереңдетуге
көмектеседі [1]. Студенттердің
негізгі идеяларды қалай жақсы түсінгенін бағалау
үшін сабақ жоспарын құрған кезде оқытушы
бағалау критерийлерін енгізіп алады. Оқытушы диалогқа
қатысып отырған студенттердің пікірлерін тыңдайды,
қажет болса бағыт-бағдар беріп отырады, толықтырулар
енгізеді. Диалогтік
оқыту кезінде Мерсер мен Литлтонның пайымдауынша
оқушының пәнге деген қызығушылығы артады,
оның білім деңгейінің өсуіне әсер етеді, берілген
тақырыпты тереңірек түсінуге, тақырыпты ашуға
мүмкіндік береді[2].
Өз сабағымда көбіне зерттеушілік әңгіме
түрі қолданылды. Топтағы студенттер шағын топтарда
жұмыс істеді. Әр төрт топқа тақырып бойынша төрт мәтін беріліп
оқу, оны топ ішінде талқылау және мәтінде берілген
мәліметтерді постерге түсіру және әр топқа
өз постерлерін келесі топқа барып таныстыру тапсырмасы берілді. Постерде көмірсулардың қорытылуы,
алмасуы, сіңірілу, көмірсулардың алмасуының
бұзылуы салдарынан туындайтын аурулар
туралы түсінік
берілді. Постерді даярлап болған соң, оны тақтаға іліп,
әрбір топ студенттері ортаға шығып постерді
қорғайды. Өткізілген сабағымда диалогқа тарту, сыни ойлауын байқау мақсатына
сұрақ қойылды. «Көмірсу алмасуының бұзылуыннан
туындайтын аурулардың қандай түрлерін білесіндер?» деген сұрағыма
студенттердің жауабы әртүрлі болды: А деген студент «Көмірсудың
ағзадағы артық мөлшерде болмау керек, себебі
артық мөлшерде семіздік, қант диабеті, аллергия, дисбактериоз, тісжегі ауруларына
әкеледі» десе, Г деген студент «Көмірсудың
ағзадағы жеткіліксіздігі болмау керек, себебі дистрофия, колит, іш қату ауруларына
әкеледі» деуі студенттердің әртүрлі түсініктері
қалыптасқаны көрсететілді.
Үшінші сабақтың
тақырыбы «Майлардың жіктелуі, қызметі және алмасуы Майлардың
жіктелуі, қызметі және алмасуы». Блум таксономиясы осы
сабақта қолданылды. Сабақ сергіту сәтімен
басталды. Сергіту сәтінде
студенттер ортаға шығып, «жылылық шеңберін»
құрып, ән шырқалған кезде биледі. Бірінші тапсырма ретінде (Блум таксаномиясы түсіну) студенттерге миға шабуыл тәсілі бойынша «Май
қышқылдары» атты бейне көрсетілім көрсетілді. Студенттер
көрсетілген бейне көрсетілім бойынша
бір-бірімен әңгімелесу, яғни пікірлесу арқылы диалог
құрды. Студенттер берілген тапсырманы орындау барысында бір-бірімен
сұхбат жүргізді. Топтар ішінде талқылап,
әр
топтан бір студент шығып, сұрақтарға
мүмкіндігінше жауап берді.
Жаңа сабақты ашу мақсатында Блум таксономиясы бойынша түсіну бөлімінде студенттерге мәтіндер
таратылып берілді. Студенттерге интернет және басқа да ресурстармен
жұмыс жасау ұсынылды. Әр топ тапсырмаларын әңгімелесу,
пікір алмасу, талдау арқылы диалог құрды. Таратылған
мәтіндер бойынша студенттер тақырыпты өз топтарында
талқылап, презентация жасап қорғады. Блум таксономиясы бойынша қолдану бөлімі. Сабақтарымда студенттердің
қызығушылығын арттыру мақсатында, әр
сабақтың тақырыбын ашу үшін сөз жұмбақтар,
сұрақ - жауап, тексеру сұрақтары дайындалды. «Ұшақ» тәсілі бойынша топ мүшелері сұрақтарын түрлі
түсті қағаздан ұшақ жасап, оған
сұрақтарын жазып бір біріне жіберді. Топ мүшелері
сұрақтарды қабылдап алып, өзара талқылап,
бірлесіп жұмыс жасады, бір-бірімен қарым-қатынас орнатып,
өзгенің пікірін сыпайлықпен тыңдап, ұтымды
және дәлелді түрде жеткізіп, ортақ бір мәмілеге
келу нәтижесінде берілген сұрақтарға жауап
қайтарды. Диалогтік оқыту барысында студенттердің
оқыту стратегиясын түсінгендігі байқалды, өйткені
берілген тапсырмалар уақтылы орындалып, сабақ
тақырыптарында сұрақ
жауап, зерттеушілік
әңгімелесуді қолданып отырды. Тәжірибемде
көрсеткендей, әдеттегі бірсарынды сынып сабағындағы
белсенді емес студенттер диалогтік
кезінде (Барнс, 1971) өте белсенді болды [3]. Өйткені осындай
сабақтар кезінде ол тең құқыққа
ғана қолы жетіп қоймай, алдыңғы қатарлы,
әрекетшіл болып басқаларды өзіне тартатын мүмкіндікке
ие болды. Оқығаны туралы өзінің, пікірін, ойын
дұрыс айта білді.
Сабақтың соңында кері байланыс алу үшін студенттерге
түрлі-түсті стикерлер таратылып, әрбір топ мүшесі
өздерінің ой-пікірлерін «Екі жұлдыз, бір тілек»
әдісімен стикерге жазып толтырды.
Қорыта келе,
оқушылардың білетін, білмейтіндігін анықтау үшін
жақсы қарым-қатынас, тілдік дағдыларының болуын
талап етеді. Әңгімелесу негізгі құрал болып табылады,
оның көмегімен оқытушы студенттердің оқу
үдерісін қолдай және дамыта алады. Сыныпта диалогті пайдалану
арқылы мұғалімдер оқушылардың білім сапасына
ерекше оң әсер ете алады. Оқушылардың білімі мен ойлау
қабілетін зерттеуге шынайы ұмтылу оқу үдерісіне барынша
қызықтыру үшін ынталандыру болып табылады.
Әдебиеттер:
1. Тренерге арналған нұсқаулық,
2015 жыл – 122 б.
2. Студенттерге
арналған нұсқаулық, 2015 жыл -184 б.
3. «Алимов А.К. Интербелсенді
әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану, Алматы, 2009.
– 263 б.