Нарық экономикасындағы бәсекелестік
және оның туризмдегі маңыздылығы мен рөлі
Асанходжаева И.Ф., Арапова Г.М.
(М.Әуезов атындағы ОҚМУ)
.
Резюме
Это статья рассматривает рыночная
конкуренция и значение туризма и его роль в экономике.
Summary
This article discusses the
market competition and the importance of tourism and its role in the economy.
Біздің
көз-қарасымыз бойынша туристік қызметті халықаралық тұтынушылар қаражатын белгілі бір елге
белгілі бір мақсатпен жұмсайтын
қысқа
уақыт негізінде ұлттық шекараны кесіп өтетін белгілі бір
тұлға болуы мүмкін. Туристік
қызметті тұтынушылар
– іскер адам немесе маман. Ол
әдеттегідей
қонақ үй мен
авиалинияны брондап, саяхаттайтын жеріне ұйымдастырылған бағдарламамен саяхаттауын бастайды. Шетелдегі бұл
саяхаты іскерлік міндеттемелерін аяқтағаннан
кейінгі серіктестерімен кез-келген
курортта демалуы мүмкін. Демалушылар
әртүрлі
бағытта болады. Мысалы:
күн көзіне қыздырылу, қарды көруге ұмтылатындар, көккем жерлерге баруды ұнататындар, дүкендерді
аралауды жақсы көретіндер және т.б.
Арнайы бағыттағы туристік нарық белгілі бір хоббимен
айналысатын және арнайы
бағыттағы
топтың барлық түрі
және коллекция жиюшыларды
да қосады. Мысалы: Миссисипи штатындағы
Белзони
қаласындағы жыл сайын
өтілетін
әлемдік фестивальге 30 мыңнан астам адамдар келеді.
Көпшілік жергілікті
комерциялық іс-әрекетті
әрқашаңғы
Туристік
назараударарлық жерге айналдырды.
Туристік іс-әрекет –
ол саяхатқа шығатын адамдарға
қызмет
көрсетуге тікелей бағытталған экономикалық іс-әрекет ортасы. Туристер әртүрлі тауар
мен қызметті тұтынушылар болып табылады.
Мемлекет, ұйым және
әр бір адамның мінез-құлқын айқындайтын ұлттық
өнімнің барлығын
жүзеге асырумен қамтамасыз ететін
қоғамдық
өндірістің
өндірушілер мен
бөлімдері, тұтынушы мен
өндіріс
арасындағы байланысты - нарық қалыптастырады.
Төмендегідей үш
негізгі жағдай ескерілсе,
нарық тиімді жұмыс
істейді деп саналады:
-
Өндірушілердегі ашық
бәсекелестік;
-
Көрсетілетін қызмет
пен шығарылатын өнімнің қауіпсіздігі мен сапа
шеңберіндегі
ереженің бірдей болуы;
-
Тұтынушылардың
ерікті талғам мүмкіншілігі.
Егер нақты
түрде айтар болсақ, онда туристік
қызметті жылжыту бойынша
агенттер төмендегідей:
-
жеткізушімен немесе қауыммен көрсетілетін Туристік қызметін хабарлай отырып, клиенттерге
сымтетік, пошталық немесе компьютерлік ақпараттық қызмет көрсетеді.
-
көпшілік және туристік
өнім арасында немесе
мемлекеттік тасымал, туристікагент, туристікоператор
қызметі мен оны
жеткізушілер арасында байланыс
орнатады.
-
кітапхананы интерактивті компьютерлік мәлімет, видео жазылым,
сурет, карта, брошюра, жол
серік, мәліметтерді
және т.б. қамтитын жеткізуші немесе обьект
жөнінде
ағымдағы
ақпаратпен үзбейді.
-
туристік индустрия маманы үшін индивидуалды бару жолдарын
ұйымдастырады, көбінесе бұқаралық ақпарат құралының
өкілі және
мадақтау саяхаты бойынша
мамандар, туристікоператорлар.
-
таңдалған
маркетингтік территорияда радио
мен салалық прессада
негізгі бағдарламаны жасушылар
мен тұтынушылар үшін
прес-релиздер шығарылады[1].
Нарықтың маңызды функциясының бірі –
ақпараттылығы болып табылады. Әр кез бағаның
өзгеріп тұруынан нарық
экономиканың
жағдай туристікалы өндірушілер мен
тұтынушыларды
ақпараттандырып
тұрады.
Өндірушілер
нарықта тұруы үшін шығын деңгейі жайлы
әрқашан ойлануы тиіс,
егер ол белгілі қоғамдық нормалардан
шектен тыс шықса, онда ол тауар
немесе қызметте өтім
орын алмай, к\о
шығынға
ұшырайды.
Нарықтағы кәсіпорынның жалпы
әрекетінің принципі нарық құрылымында
айқындалады. Нарық құрылымы – ол оның
ішкі құрылымы, әр қайсы өзіндік ерекшелікке
иеленетін оның элементтері
арасындағы
тұрақты
байланыстың болуы деп
түсіндіріледі. Оны мінездейтін
бірнеше критери бар,
бірақ оның ішінде
кең танымалы бәсекелестік ортасы б.т, яғни
олар: сатушылар мен
сатып алушылардың саны,
сатылатын тауардың ұқсастығы мен
бәсекеге түсетін әртүрлі дәрежесі, жаңа
бәсекелестердің енуі
үшін барьерлер
(тосқауыл) деңгейі, бағаға әсер ететін сатып алушылар мен сатушылардың қабілеті, шығын
құрылымы мен шығын мөлшері.
Нарықтық экономиканың ең басты принципі – тауар өндірушілердің
еркін бәсекелестігі. Бәсекелестік – бұл өндірушілер арасындағы
күрес немесе
жабдықтаушылар,
кәсіпорындар,
фирмалар арасындағы өнім
өндіру және оны тиімді өткізу үшін
күрес[2].
Нарық жүйесінде
бәсекелестік
тұтынушылар
үшін сайыс. Бұл
нарықтағы
өзіне лайықты орын алу үшін күрес, ол тауардың сапасы
мен арзандығына байланысты. Ол тұтынушылардың
талабымен есептесіп, тауардың сапасын жақсартуға,
еңбек
өнімділігін
арттыруға, өндірісті
ұлғайтуға,
өнім бірлігіне шығынды азайтуға
ынталандырады.
Бәсекелестіктің
негізгі екі түрі
бар:
1)
Бір сала ішіндегі
бәсекелестік – бұл бір
саланың тауар өндірушілері арасында болады. Онда
ең жоғары еңбек өнімділігі бар, ғылими-техниканы қолданатын кәсіпорын
жоғары табысқа жетеді,
ал артта қалған кәсіпорындардың
табыстары төмен болады,
тіпті күйреуі мүмкін.
2)
Салааралық бәсекелестік
– бұл халық
шаруашылығы салалары аралық күрес.
Мұнда төмен деңгейдегі пайда табатын саладан
капитал пайда деңгейі жоғары
салаға
құйылады. Оның қорытындысында жаңа сапалы тауарлар
көптеп
шығарылып, негізінде жаңа
тауарлар пайда болады,
сапасы жоғарылайды,
халықтың табысы көбейген сайын сұраныс өседі, осылай жаңа
сатыға өсе береді.
Еркін бәсекелестіктің негізгі белгілері – бұл шексіз
нарыққа
қатынасушылардың
әр қайсысы кәсіпкерліктің қай
түрімен болмасын айналысуы
және
кәсіпкерлікті
қоюға еркі бар.
Әрбір кәсіпкер немесе
бәсекелестікке
қатынасушылар
өз ақшаларына қосымша пайда тауып, байлығын арттыруға
тырысады. Еркін бәсекелестік жағдайда
ұсыныс пен сұраныстың ауытқуы бір салада өнімді көп шығарып дағдарысқа ұшыраса, екінші салада тауар
жетіспейді. Бір фирманың табысы өссе, екіншісі
күйрейді, сондықтан
өндіріс пен капитал
шоғырланып
орталықтанады да монополия
құрылуына
әкеледі, яғни нарықты басып алады, әлсізді шығарады. Егер нарыққа талдау
жасаса, нарықтағы әрбір
фирма өнімінің үлесін және сатушылар мен
сатып алушылар саны
сияқты
көрсеткіштерге
сүйене отырып, оның
негізгі төрт түрін
аламыз.
1)
Жетілген бәсеке;
2)
Таза монополия;
3)
Монополистік бәсеке;
4) Олигополия.
Жетілген бәсеке нарығы – ол
стандартталған
өнімді сатып алушылар мен сатушылардың
үлкен санын құрайтын нарықтың құрылымы. Ол
нарық тауардың жоғарғы ұқсастық деңгейімен
мңнезделеді
және ол барлығына ашық. Жетілген
бәсекеге қажетті нәрсе-баға жөнінде сатушылардың арасында келісімнің болмауы.
Жетілген бәсекедегі негізгі нарық белгілері
аталады.
1) Әр түрлі
өндірушілердің
қасиеті бойынша ұқсас тауарлары.
Нарықта
ұқсастықты
иемденуші тауарларды кімнен
сатып алсада тұтынушылар үшін бәрі –
бір, сондықтан тұтынушылар бірдей
тауарлардың ішінен бағасы арзанын
таңдайды. Егер тұтынушы тауардың
бағасы жайлы ақпаратты болса, онда сатушы
бағаны көтеру тәуекеліне бара алмайды, сондықтан шығынға
ұшыраған фирма бағаны көтеру арқылы
ол жағдайдан өзін - өзі құтқара алмайды.
Бағаның
өсуі кезінде төмен
бағаға тауарды сататын
өндірушілерге ағылып келуі
сөзсіз, және керісінше
бағаның
төмендеуі сатып алушылардың ағылып
келуімен сипатталады.
2) Сатушылар мен
сатып алушылар саны
өте маңызды және
оның ешқайсысы тауардың нарықтық
бағасына шешімді түрде
әсер етеалмайды. Әр бір жеке сауда салалық нарықтығы сатылым көлемінің жиынтығымен салыстырғанда аз,
яғни бір фирманың шешімі - өзінің
өнімін азайтып
немесе көбейтіп өндіру арқылы
нарықтық
жағдайға
ешқандай да
айтарлықтай әсер ете
алмайды, сондықтан жетілген
бәсеке
жағдайында жеке өндіруші нарық
процесіне әсер ете
алмайды. Ол нарық
бағасы бойынша қаншалықты сата
алса, соншалықты өнімін сатады.
3) Нарықтың әр
түрлі бөлімінде бағаны туристікалау
кедергісіз жүреді. Жетілген
бәсеке нарығында
өндірістің
барлық факторы толығымен ерікті немесе максималды
түрде жылжымалы. Бір – біріне тәуелсіз
сатушылар нарыққа кедергісіз
келеді және кетеді.
Бәсекелеске
нақты фирма емес,
тлоығымен
нарық қарсы тұрады. Жаңа
өндірушінің
салаға енуі оңай,
ал саладағылар үшін – шығынға ұшырай бастағаны
шығады.
4) Сатушылар мен
сатып алушылар сұраныс, ұсыныс, тауар, баға
және т.б. жөнінде бірдей
ақпаратты иемденеді. Жетілген
бәсеке нарығы анықтылықпен мінезделеді: өндірушілер
өзінің табысы мен шығынын біледі,
тұтынушылар
барлық фирманың бағасы жөнінде
жақсы хбардар болады,
тұтынушылар тауарды қаншалықты бағаға сатып алып жатқаны жөнінде
өндіріс
факторларының иегерлері нақты
ақпаратты иемденеді[3].
Нақты өмірде жетілген
бәсекенің барлық талаптарын
қанағаттандыратын нарық жоқтың қасы.
Жетілген бәсеке оңтайлы
экономиканы пайымдайды. Негізінен
бұл туристік аймақтың Туристік
потенциалын дамыту үшін
көмек көрсетуге ықыласты халықаралық
авиакомпания
басшылығымен
ұйымдастырылады және бұлар
жер бетінде тасымалдаумен айналысатын фирма мен
жергілікті ресторан, қонақ үймен
бірлесуіне және қолдануына сүйемелдеуі тиіс.
Қолданылған
әдебиеттер:
1. Дүниежүзілік
Туристік Ұйым мәліметтері
2.
«Правда»
(Ресей Федерациясының ақпараттық газеті), 04.12.2012
жарық көрген басылым
3.
Қазақстан
Республикасының Статистика Агенттігі // Электронды ресурс: www.stat.kz.