Г. Амалбекова – э.ғ.к., Б.
Қонысов - магистрант
М.Х.Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университеті, Қазақстан
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ
КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ
ҚЫЗМЕТ ЕТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ауыл
шаруашылығы АӨК-тің маңызды бөлігі болып
табылады. Тек АӨК-те ғана емес, сонымен қатар, барлық
ұлттық шаруашылықта ойып тұрып орын алған
салалардың бірі. Онымен қоса, тұрғындардың
халықтық тауарларға деген сұранысының
75%-ға дерлік бөлігі ауылшаруашылық өндірістің
еншісінде [1].
Агрөнеркәсіптік
кешен, өз кезегінде, өнім өңдіру және қайта
өңдіру өнеркәсібіне арналған шикізат
өндірісінің саласын қамтитын, Қазақстан
экономикасының басты құрамдас бөлігі болып табылады.
Агроөнеркәсіптік кешенде материалдық өндіріс саласында
қызмет атқаратындардың
30% жұмыс істейді, сонымен қатар, өндіріс
қорларының бестен бір бөлігі жүзеге асады және
ұлттық табыстың жалпы көлемінің үштен бір
бөлігін толтырады. АӨК дәрежесінің өсуі
арқылы халықтық шаруашылық потенциалының жалпы
жағдайы, мемлекеттің сауда саласының қауіпсіздік
деңгейі және қоғамдағы
әлеуметтік-экономикалық хал-ахуал анықталады.
Агроөнеркәсіптік
кешен құрылымы негізгі үш саладан тұрады.
Бірінші сала
(I) – қорды құратын салалар – тракторлық және
ауылшаруашылық көліктерді жасаудан, минералды тыңайтқыштар
және өсімдік пен жануарларды қорғау құралы
ретіндегі химиялық заттарды өндіруден, ауыл
құрылысынан, жем және микробиология өндіру
өнеркәсібінен, онымен қоса, жер өңдеу
құрылысынан тұрады. Қорды құру салаларынан
басқа, АӨК-нің бірінші саласына: техникалық
жөңдеу қызметі және жабдықтау, агрохимиялық
қызмет, жер өңдеу қызметтері жатады. Қорытынды
өнімнің 10%-ке жуық көлемі және негізгі
өндірістік қорларының 15% бірінші саланың
үлесінде.
Екінші сала
(II) – жеке меншік ауылшаруашылық өндірісі. Бұл салаға
өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және
ауылшаруашылық жем өндірісі жатады. Қорытынды
өнімнің 50%-ға жуық көлемі және негізгі
өндіріс қорларының 65% осы салада өндіріледі.
Үшінші
сала (III) - ауылшаруашылық шикізатын дайындауды, тасымалдауды және
қайта өңдіруді қамтамасыз ететін салалар
жиынтығын қамтиды. Бұл салаға тамақ
өнеркәсібі, дайындау және сауда ұйымдары жатады.
Қорытынды өнімнің жалпы көлемінің 40% және
негізгі өндірістік қорларының 20% осы саланың үлесінде [2].
АӨК-тің
жеке салаларға бөліну процесінің экономикалық
құрамының мәні, біріншіден, АӨК-тің
қорытынды өнімін жасау кезіндегі әрбір саланың
рөлін анықтаудан тұрады, екіншіден, бұл кешендердің
ішінде құрылымдылық теңгерімділігінің
қажеттілігі туындайды, себебі,
АӨК-нің жалпы қарқынды дамуы және
оның тиімділігі жеке салалардың рационалды арақатынасына
тәуелді болып келеді.
АӨК ерекше қиындылығымен сипатталады. Оның құрылымына кіретін салалардың арақатынасы, оның құрылымының құрамын анықтайды. АӨК әр түрлі жағынан қарастыруға болады. Ұйымдастырушылық-экономикалық құрылымы жоғарыда аталып кеткен үш саладан тұрады. Ал ұдайы өндірістік-функционалды құрылымы агроөнеркәсіптік ұдайы өндірістің бес сатысынан тұрады:1) өндіріс құралдарын жасау;
2) ауылшаруашылық өндірісі;
3) ауылшаруашылық щикізаттан тұтыну өнімдерін жасау;
4) ұдайы өндіріс процесінің барлық сатыларының өндірістік-техникалық қызметпен қамтамасыз ету;
5) АӨК қорытынды өнімін тұтынушыға жеткізу.
АӨК-тің ұдайы өндірістік-функционалды құрылымы АӨК қорытынды өнімін өндірудің негізгі технологиялық сатыларының арақатынасын көрсетеді және оның құнын белгілеу кезіндегі әрбір сатының рөлін анықтайды.АӨК-нің аумақтық құрылымы белгілі бір аумаққа қатысты салалардың жиынтығынан тұрады, яғни, республика, облыс және аудан көлемінде. АӨК-нің аудандық және облыстық аумақтық құрылымы республиканың агроөнеркәсіптік кешенінің негізгі құрамдас бөліктері болып табылады. АӨК-тің азық-түліктік-шикізаттық құрылымы азық-түліктік кешеннен және азық-түліктік емес тауарлар кешенінен тұрады. Азық-түліктік кешен: бидай өндірісінен, картоп өндірісінен, жеміс-көкөніс консервісі өндірісінен, арақ-шарап өндірісінен, ет, сүт, май өндірісінен тұрады. Азық-түліктік емес кешен: мал азығы, текстильдік, былғары, тері және т.б. өндірістерден тұрады.
Агроөнеркәсіптік
кешеннің өзіне ғана тән ерекшеліктері бар.
Сондықтан, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында
осы ерекшеліктерге мән берген жөн.
Ауыл шаруашылығы
кәсіпорындары қызмет етуінің бірінші ерекшелігі –
өндірістің басты, теңдесі жоқ құралы – жер.
Басқа құралдарға қарағанда, жерді
дұрыстап қолданса, ол тозбай, өзінің сапасын
сақтайды. Ауыл шаруашылығында қолданылатын жер ресурстары
өзінің құнарлылығымен және орналасқан
орны бойынша ерекшеленеді. Бұл дифференциалды тұрақты табыс 1
пайда болуына әкеледі; топырағы құнарлы және өткізу нарығына
жақын орналасқан жерлердің иесі болып табылатын тауар
өндірушілер қосымша табысқа кенеледі.
Екінші ерекшілікке – ауыл
шаруашылығында өзіндік ерекшелігі бар өндіріс
құралы ретінде биологиялық заңдылыққа сай
дамитын тірі ағзалар (өсімдік және жануарлар) жатады.Ауыл
шаруашылығындағы ұдайы өндірістің
экономикалық процесі табиғи процеспен қиылысады.
Үшінші ерекшелігі
ауылшаруашылық өндірістің кеңістік бойынша
бытыраңқы болуынан тұрады; ол түрлі
табиғи-климаттық жағдайларында жүзеге асады. Сондықтан,
өндіріс процесі барысында механизация құралдарын
таңдау, ауылшаруашылық мәдени және асыл
тұқымды жануарларды таңдау, химизация және жер
өңдеу кезінде үшінші ерекшелікті ескерген жөн.
Төртінші ерекшелігі
– ауылшаруашылық өндірістің қорытындысы табиғат
жағдайларына тікелей тәуелді болып келеді. Ал
өнеркәсіптік өндіріске бұл фактор әсер ете
қоймайды. Сонымен қатар, табиғи-климаттық жағдай
өндірістің орналасуына және мамандандырылуына да әсер
етеді. Көптеген ауылшаруашылық мәдениеттер белгілі бір
жағдайды өркеңдейді.
Бесінші ерекшелігі – ауыл
шаруашылығында жұмыс науқаны өндіру кезеңімен
сәйкес болмайды, бұл өз кезегінде өндірістің
маусымдылыққа бөлінуіне әкеледі. Аталмыш жағдайлар,
әсіресе, өсімдік шаруашылығында жиі байқалады.
Күздік дәнді-дақылдар мәдениетін өсіру кезінде
маусымдылық анық байқалады. Олардың өндіріс
кезеңі - жерді дайындап, егінді егу кезінде, яғни, шілде-тамыз
айларында басталып, келесі жылғы шілде айында егінді жинау кезінде
аяқталады. Осы уақыт ішінде жұмыс кезеңі
тоқталып, бірнеше рет қайта басталады. Ал өсімдіктердің
дамуы және өсуі табиғи шарттарымен анықталатын
өндіріс кезеңі үзіліссіз жалғасады. Бұл
өндірісті ұйымдастыруға, техниканы және еңбек
ресурстарын қолдану кезінде әсер етеді.
Маусымдылық
қайта өндіру өнеркәсібіне өзіндік әсер
етеді. Себебі, жыл ішінде ауылшаруашылық шикізаты бірқалыпты
келмейді. Мысалы, қант зауыттары тамыр жемістерді жинап, зауытқа
тасымалдау кезінде, яғни, қыркүйек-қараша айларында
шикізатпен қамтылады; сүт зауыттары – сүт өндіру
көлемі көп болатын көктем-жаз кездерінде шикізатпен
қамтылады.
Ауыл
шаруашылығының алтыншы ерекшелігі – шаруашылықта
өндірілген өнім жиі сол салада қолданылады
(тұқым, мал азығы, жас төлдер, органикалық
тыңайтқыштар және т.б.); бірақ, өнеркәсіп
өзінің негізгі шикізат көзін басқа саланың
кәсіпорындарынан алады.
Өндіру технологиясының спецификасы осы ерекшелікпен
байланысты болып келеді. Ауыл шаруашылығындағы техноло-гиялық
процесс тірі ағзаларға тән биологиялық
факторларға негізделеді.
Жетінші ерекшелігі –
саланың жоғары қор сыйымдылығы және капитал
айналымының төмен жылдамдылығы, мұндай ауыл
шаруашылығы басқа салаларға қарағанда инвесторлар
үшін тиімсіз болып келеді. Сондықтан, мемлекеттің көмегіне
жүгінуге тура келеді.
Сегізінші ерекшелік
техниканы қолдану шарттарымен байланысты. Ауыл шаруашылығында
өндіріс құралы жылжымалы болып келеді (тракторлар,
көліктер, комбайндар және басқа да ауылшаруашылық
техника), ал еңбек заты (өсімдіктер) қозғалмайды.
Ауылшаруашылық техниканың өзіндік ерекшеліктері бар, сол
себепті, көптеген көліктер өнімнің бір түрін
ғана өндіреді. Барлық саланың жеке көлік
кешендері бар. Сондықтан, бір өнімге шаққандағы
жалпы техникаға деген сұраныс, өнеркәсіпке
қарағанда, жоғары болып келеді.
Ауыл
шаруашылығының тоғызыншы ерекшелігі – аз
мамандандырылған кәсіпорындары бар өнеркәсіптерге
қарағанда, ауыл шаруашылығында қоғамдық
еңбекті бөлу басқаша болып келеді. Көптеген
ауылшаруашылық кәсіпорындар бір мезгілде ауыл шаруашылығы мен
қатар мал шаруашылығын өсіріп, тауарлық
өнімнің бірнеше түрін өндіреді. Бұл
қосалқы өнімді (мысалы, дәнді-дақылдар
қалдықтары және көң) тиімді пайдалануға,
сонымен қатар, егістік өсімдіктерін өсіруге келмейтін жер
ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Оныншы ерекшелік –
ауылшаруашылық өнімдеріне деген сұраныс бағасының
тұрақсыздығы. Аталмыш жағдайда
тұрақтылық коэффициенті бірден төмен (дамыған
мемлекеттердің көбісінде тұрақтылық коэффициенті
0,2-0,25). Бұл тұтынушылар өз тұтынатын өнімдерін
сатып алуды 10% көбейту үшін, ауылшаруашылық
өнімдерінің бағасын 40-50% төмендету керек екендігін
білдіреді. Нәтижесінде саланың дамуының қаржы шарттары
төмендеп, нарықтың тұрақтылығын
сақтау үшін көп күш салу керек.
Соңғы, он
бірінші ауыл шаруашылығының ерекшелігі – үлкен бәсекені
тудыратын біртипті тауар өндірушілердің көп болуы. Туындап отырған
жағдай белгілі бір ауылшаруашылық кәсіпорны немесе оның
тобы нарықта бір бағаны орнатуды мүмкін емес етеді.
Монополияны жасау да мүлдем мүмкін емес.
Жоғарыда
аталған ауылшаруашылық кәсіпорындары қызметінің
ерекшеліктеріне берілген сипаттамаларды қорытындылағанда,
ауылшаруа-шылық өндірісінің саласында нарықтық
экономиканы қалыптастыру – күрделі эволюциялық түрлену
процесі. Ол жеке меншік қатынасының түрленуінен тұрады.
Ауылшаруашылығы
даму мақсаттарының көп түрлілігінен аграрлық
түрленуге деген дұрыс көқарастың болуын
қажет етеді. Олар ауыл шаруашылығының кешендік сипаттамасына
сай және экономикалық, әлеуметтік және
экологиялық тиімділік талаптарына сай болу керек.
Әдебиет
1.
Баутин В.М. Развитие
предпринимательства работников АПК -основа созидательного характера аграрных
преобразований /В.М.Баутин // сбор. «Никоновские чтения 2007». М.:- 1997.
2.
Государственная
агропродовольственная программа Республики Казахстан на 2015-2020гг:
офиц.текст.- Астана.- 2014.-179б.
3.
Есиркепов Т.А. Государственное регулирование аграрного сектора в
условиях перехода к рыночной экономике /Т.Есиркепов, Б.Зиябекова, -Алматы:
2009.- 196 б.