Аймақта автокөлікпен қызмет
көрсетуші кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі
Утегенова К.А. Қорқыт
Ата атындағы ҚМУ-нің аға оқытушысы, э.ғ.к.
Мемлекеттің
өркендеуі мен экономикалық қауіпсіздігінің негізгі
кепілі ретінде нарықта өндірілетін өнімдер мен көрсетілетін
қызметтердің бәсекелік қабілетін арттыру
мақсаттары қарастырылады. Қазақстан Республикасы
экономикасының тұрлаулы дамуының негізгі тұтқасы,
нақты өндіріс секторларымен қатар, қызмет көрсету
аясын дамытумен байланысты болуы қажет. Оның нақты көріністері
салалардың бір-біріне ықпалдастығын арттыруда, олардың
ішкі нарық қажеттілігін толық қанағаттандыру
міндеттерін экономикалық қолдауда, өнімдер мен
қызметтердің бәсекелік қабілетін арттыруды ынталандыру
арқылы мемлекеттің бәсекелік артықшылықтарын
қалыптастыруда бейнеленеді.
Қазақстанда
қалалардың қарқынды дамуы мен еліміздің
болашақ жаһандануына олардың тұрақты тенденциясын
есепке алғанда, қалалық жолаушы көлігінің дамуы
жергілікті атқарушы органдар қызметінің бірден бір
маңызды басым бағытына айналуы тиіс.
Қызылорда
облысы аумағында 212 кент және аудан, елді мекендер мен облыс
орталығын жалғайтын барлығы 215 тұрақты автобус
қатынасы ұйымдастырылған. Олардың ішінде:
ауданаралық маршрут-71, ауданішілік (кентішілік)-106,
қалаішілік-25, қаламаңы және саябақ
қатынасына-9 және 4-і облысаралық маршруттар облыс
орталығынан Астана, Алматы, Түркістан, Шымкент қалаларына
қатынайды [1].
Осы маршруттарда
әр түрлі сыйымдылықтағы 1407 автобуспен 30-дан астам
заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қызмет
көрсетуде. Ауданарлық маршруттардағы автопарк
тұрақты түрде жыл сайын 10-15 пайызға
жаңартылуда, мәселен, биылдың өзінде 283
автобустың 41-і алмастырылды.
Статистика
департаментінің деректеріне сүйенсек, облыс бойынша 2014 жылы
барлық көлік түрімен 258 млн. жолаушы тасымалданды, бұл
өткен жылмен салыстырғанда 12,2 пайызға артық
(2013ж.-230 млн. жолаушы). Сондай-ақ, жолаушылар айналымы 4,7
млрд.жолаушы-км құраса, 2013 жылмен салыстырғанда өсу
қарқыны 11,7 пайызды құрап отыр (2013ж.- 4,2 млрд.
жолаушы-км) [2].
Кесте 1 - Автомобиль көлігімен
тасымалданған жолаушылар саны мен оның айналымы
|
|
Аудан |
Автомобиль көлігімен
тасымалданған жолаушы, млн.адам |
Автомобиль көлігімен жолаушы
айналымы, млн.жкм |
||
|
2013 жыл |
2014 ж |
2013ж |
2014жыл |
||
|
1 |
Қызылорда
қаласы |
167,1 |
188,5 |
2 942,4 |
3 288,4 |
|
2 |
Арал |
6,675 |
7,40 |
225,9 |
250,3 |
|
3 |
Қазалы |
6,014 |
6,67 |
111,3 |
125,1 |
|
4 |
Қармақшы |
4,0 |
4,41 |
98,0 |
113,5 |
|
5 |
Жалағаш |
11,15 |
12,3 |
201,7 |
223,9 |
|
6 |
Сырдария |
3,98 |
4,42 |
71,0 |
79,4 |
|
7 |
Жаңақорған |
17,3 |
19,2 |
293,4 |
329,5 |
|
8 |
Шиелі |
13,4 |
14,7 |
229,4 |
251,2 |
|
9 |
Барлығы |
229,619 |
257,6 |
4 173,1 |
4 661,3 |
|
Ескерту – http://www.kyzylorda.stat.kz
мәліметтері негізінде |
|||||
Автомобиль
көлігімен жолаушылар тасымалы бойынша облыс аумағында барлығы
218 тұрақты автобус қатынасы ұйымдастырылып, 212 елді
мекеннің аудан және облыс орталықтарымен көлік
қатынасы орнатылған. Оның ішінде: ауданаралық
(қалааралық) – 71 маршрут, ауданішілік (кентішілік) – 115,
қалаішілік – 26, қала маңы және саябақ – 6
автобус маршрутынан жасақталған.
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары
басқармасының «Қызылорда
облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары
басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметін одан әрі
дамытуға күш салуда. Қызылорда облысы әкімдігімен
өз құзыреті шегінде облыстьң жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік реттеу және сала
аралық үйлестіруді жүзеге асыруға уәкілдік
берілген облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган
болып табылады және өз қызметін Қазақстан
Республикасыньң Конституциясына, Қазақстан
Республикасыньң заңдарына, Қазақстан Республикасы
Президентінің және Үкіметінің, Қызылорда облысы
әкімдігі мен әкімінің актілеріне, өзге де нормативтік
құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
Жолаушылар тасымалдау мен қалалық жолаушы
көлігінің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын арттыру
жергілікті жерде экономикалық өсуді қамтамасыз етуші
маңызды фактор болып отыр. Сондықтан жолаушылардың
қажеттілігін қанағаттандыруды жүзеге асыратын
автокөлік кәсіпорындары үшін автобустар мен маршрут таксилер
қозғалысының оңтайлы кестесін қалыптастыратын
бұл басқарма сәйкесінше облыс, қала және аудан
әкімшілігінің көлік және байланыс департаменттерінің
жанынан құрылады.
Кез келген
жағдайға бейімделген жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету және ұйымдастыру үшін
автобустың әр түрлі маркалары мен модельдерінің болуын
қажет етеді. Оның үстіне бұл қалыптасқан
экономика жағдайында қалалық жолаушылар тасымалы
қоғамдық көлігіне тікелей қатысты. Бірақ,
қалалық әкімдіктер сыйымдылығы, арнайы конструктивтік
қондырғысына байланысты (мысалы, мүгедектерді
тасымалдауға арналған арнаулы құрылысының болуы)
маркалары және модельдеріне жеке
тасымалдаушыларға нақта талаптар да қоя алмайды.
Сонымен,
жолаушылар тасымалының негізгі міндеттері: облысішілік
ауданаралық маршруттарда қазіргі заман талаптарына сай барлық
сервистік қызметке сәйкес жаңа автобустармен қамтамасыз
етуге ықпал ету; жолаушы тасымалдау қызметінің сапасын
жақсарту жөнінде шаралар жүргізу.
Біздің
елімізде жолаушы автокөлік саласының бәсекеге қабілетін
арттыру, қызмет сапасын көтеру сынды іс-шараларды жүзеге
асыру ең алдымен, мемлекеттік қолдауды талап ететіндігін
уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Ұлттық көлік
саласына ғылыми-техникалық және инновациялық
жетістіктерді енгізу тасымалдау қызметінің сапасын қамтамасыз
ететін кәсіпорындардың ғана емес, осы талпыныстарды
қолдап отыратын мемлекеттік саясаттың да ажырамас бір
бөлігіне айналуы қажет. Бәсекеге қабілеттілікті
арттыруда инновациялық жетістіктердің маңызы зор. Жаңа
технологиялар мен жаңа өнімдерге қаныққан
инновациялар аймақтың шаруашылық субъектілерін
өндірілетін өнімнің шығындары мен сапасы жөнінен
бәсекелік артықшылықтармен қамтамасыз етеді.
Жолаушы
автокөлігі кәсіпорындарының сенімді жылжымалы
құраммен қамтамасыз етілуі алдыңғы қатарлы
ғылыми-техникалық және инновациялық жетістіктерді
енгізуге негізделуі тиіс. Өйткені инновациялық процестерді
жетілдіруге итермелейтін жәйт, бұл - көлік
құралдарының тозуы. Қазіргі кезеңде көлік
кешенінің әлеуметтік, экономикалық және
техникалық деңгейін жоғарылату арқылы қызмет
сапасын арттыруға және аталған саланы қаржыландыру
мақсатында инвестиция тартуға мүмкіндік беретін бұл
бағыт бәсекелік қабілеттің маңызды бөлігіне
айналған.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 Қазақстан
өңірлері 2014 жылы. Статистикалық жинақ
мәліметтері
2 http://www.kyzylorda.stat.kz
мәліметтері негізінде ғаламтор ресурсы
3 «Қызылорда облысының жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік
мекемесі туралы ережесі. http://www.tranc.gov.kz.orda