Экономика /Экономиканы мемлекеттік реттеу

 

Толеманова А.О.

 

Қазақстан

 

Кәсіпкерлік ұлттық экономика дамуының маңызды факторы ретінде

 

 

Кәсіпкерлік нарықтық экономиканың мемлекеттің қарқынды дамуына әсер ететін, көбінесе жалпы ұлттық өнім сапасы мен құрылымын анықтайтын, сондай ақ экономиканың өсу қарқынының маңызды элементі болып табылады. Кәсіпкерлік өндіріс факторларының, еңбек формаларының және ұйым қызметінің өзгеру үрдісін жеделдетіп, «тыныштық бұзушы» болып табылады және үнемі экономиканы жаңа өлшемге өткізеді.   

Кәсіпкерлік үрдіс ретінде идеяның туындауынан бастап, әрі қарай іске асырып, тұтынушыға нәтижелерді ұсынатын әрекеттерінің күрделі тізбектілігін ұсынады  (сурет 1.). Бұл үрдіс табыс алу бөлімінде нәтижеге қол жеткізумен аяқталады. Сәйкесінше, кәсіпкерлік, үрдіс ретінде бұл А.Маршалл кәсіпкерлік табыс деп атаған табыс алу мақсатындағы нарық субъектісінің сұранысын қанағаттандыруға бағытталған қызметтің ерекше түрі [1].  

 

 

Сурет 1. Кәсіпкерлік үрдіс сатылары

 

Халықтың іскерлік белсенділік формаларының бірі ретінде кәсіпкерліктің дамуы заңнамалық нормативтік актілердің кешендеріне арналған шешімдердің, мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

Кәсіпкерлердің кәсіпкерлік әлеуеті мен уәждемелік механизмін қалыптастыруда маңызды рөлде мемлекет ойнайды.  

Шағын және орта бизнесті (ШОБ) дамытуда Қазақстанның басқа елдерден едәуір қалып кетуі туралы пікірдің таралуына қарамастан, бұл сектор қазіргі кезде елімізде өнеркәсіптің жалпы санының  60%-ға жуығын құрайды және оған өнім өндіру мен қызмет көрсетудің жалпы көлемінің 40% жуығы келеді.

Кәсіпкерлікті әрдайым тек табысты арттыру мен шығынды азайту позициясынан қарастырады, дегенмен, 1973 жылы Давоста табыс кәсіпкерліктің соңғы мақсаты ретінде емес, қоғам алдында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің  басқарушылардың моральдық кодексі туралы Манифест қабылданған. Басты құндылықтың өзгеруі кәсіпкерлік феноменін зерттеудің жаңа тәсілдері мен ағымдағы экономикалық шындыққа оның әлеуетін зерттеуді талап етеді [2].

Кәсіпкерліктің дамуының белсенділігі мен реттелуі оның ішкі ортаның кері әсеріне қарсы тұра алу мүмкіндігі мен оған белсенді жеке әсерін ұсынады. Сонымен қатар кәсіпкерлікті шаруашылық өмірдің әрекеттегі факторы ретінде нақты дамуын қамтамасыз ететін бағыттардың бірқатарын атап өтуге болады. 

1.           Ірі кәсіпорындар соңғы сұраныстарды, өндірістік қуаттарды, құрылғылар, технологиялар, кадрлар және т.б. ұсыну жолдарымен шағын бизнестің ұйымдастырушысы бола алар еді.  

2.                Инвестициялық белсенділікті арттыру. Қазіргі кезде инвестициялар бірнеше бағытта жүзеге асырылады: республикалық мақсатты бағдарламасы аясында мемлекеттік қаржыландыру, аймақтық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыру, шетелдік ұйымдарды несиелеу, венчурлық қаржыландыру, амортизациялық аударымдар.

Қаржыландыру аналарының көптеген санына қарамастан, бизнеске арналған инвестициялық климатты қолайлы деп атауға болмайды. Оған себептер өте көп, олардың бірнешеуін келтірейік: әрбір арна дербес жұмыс істейді және олар жалпы бірыңғай, үйлестірілген жүйелер болып табылмайды; капитал көздерін қалыптастыру барысы сияқты соңғыларын тәжірибелік іске асыруда да көптеген қиыншылықтар және т.б. кездеседі. 

3.     Протекционизм саясатының құрамды бөлігі салықтық жүйе болып табылады. Салықтар мемлекет пен кәсіпкер арасындағы қарым-қатынастың мәнін көрсетеді.

Салық жүйесінің жетілмегендігі барған сайын айқын болып келеді. Ол өндірістің дамуына тәуелді болуы керек. Кәсіпкерлерге сараланған салық салу аймақтарға (әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі едәуір жоғары аймақтарға; бастапқы табиғи ресурстарды басым өндірумен және өңдеумен айналысатын аймақтарға; депрессиялық аймақтарға; аграрлық типтегі аймақтарға) байланысты болғандығы өте қажетті[3].

Кәсіпкерліктің дамуындағы теріс фактор ретінде салық салу бойынша қабылданатын заңдар мен заңнамалық актілердің тұрақсыздығын атауға болады. Олардың ұдайы өзгеруі кәсіпкерлерге сенімсіздік білдіріп, болашақта істерінің қарқынды дамуына кедергі жасайды және жоспарларын бұзады. Сондықтан тіркеу кезеңіндегі кәсіпкерлікке салық салу тәртібі, егер енгізілген өзгеріс өнеркәсіптік қызметтің бұрынғы шарттарын қиындатса, ағымдағы жылдарда өзгеріске ұшырамауын қалыптастырған жөн.

Шетел тәжірибелеріне сүйеніп кәсіпкерлікті ынталандыру Қазақстанда «пионерлік» санаттағы өнеркәсіптерге «салықтық демалыс» ендіру үлкен маңызға ие болар еді. «Пионерлік» статусын елде бұрын өндірілмеген және өте тапшы өнімді өндіретін өнеркәсіптерге ұсынған жөн. Қазақстанда кәсіпкерлік пен инфрақұрылымды қолдау даму үстінде және әрі қарай мемлекеттің араласуын қажет етеді. Қолданылған мемлекеттік шаралардың нәтижесінде қызметтің негізгі көрсеткіші мен ШОБ көптеген санының шаруашылық жағдайлары біртіндеп жақсара түсуде.

Жоғарыда келтірілген ШОБ дамуы мен өсуінің дұрыс жақтарын негізге ала отырып,кәсіпкерлік ұлттық экономика өсуінің маңызды факторы болып табылатындығын айтып өтуге болады. Кәсіпкерліктің инновациялық сипаты, оның шығармашылыққа, бастамшылдыққа, тәуекелге қабілеті ерекше мәнге ие бола алады. Бұл еліміздің болашақтағы жетістігіне алып келеді, ол үшін әлеуетті кәсіпкерлерге бизнес құруға, ал бизнесі барларға одан әрі дами түсуге ынтасын арттыру қажет.

Әлем экономикасында шағын және орта бизнестің ЖІӨ-ге үлес қосу мен жаңа жұмыс орындарын құру үрдісіндегі көзқарасынан қарағандағы сияқты ұлттық экономиканың бәсекелестігін арттыру мен жаңа технологияларды ендіру көзқарасы бойынша да рөлі өте үлкен. Осылайша, дамыған мемлекеттерде ШОБ субъектілерімен шығарылған өнімнің жылдық көлеміне ЖІӨ 43% аса (Канада), 57% дейін (Германия) құрайды. Қазақстанда оның үлесі үш еседей аз және 15%-ды құрайды. ШОБ секторында қамтылған халық үлесі бойынша біздің еліміздің жалпы қамтылу көрсеткіші дамыған елдерге қарағанда едәуір төмен: соңғы 5 жыл ішінде Қазақстанда бұл көрсеткіш 23% деңгейінде қалып отыр, ал дамыған елдерде 47% астам (Канада), 75% дейінгі (Жапония) деңгейді құрайды.

Осындай тәсілмен, шағын және орта бизнестің тұрақты секторы кез келген ел өмірінің деңгейі мен сапасының өсуін арттыруға қабілетті. Шағын және орта кәсіпорындар ірі корпорациялардың экономикалық себептері күшімен өндірілмейтін тауарлар мен қызметтер нарығын қамтамасыз етеді. Мұндай қызметтерсіз көптеген компаниялар республикалық және аймақтық деңгейде кәсіпкерлікті қолдаудың формалары мен бағыттарын жаңғырту және үнемі кеңейтуді алдын ала анықтайтын сапалы және заманауи деңгейде жандандыра алмас еді.

 

Әдебиеттер

 

1.      Маршалл А. Принципы экономической науки - М., Изд-во: Прогресс, 1993. - 1248 с.

2.      Крупанин A.A. Менеджмент в предпринимательстве - М.: ИНФРА-М, 2009 - 230с.

3.      Сәбден О. Кәсіпкерлік : оқу құралы / О. Сәбден. - Алматы : Эксклюзив Б, 2009. - 320 с