Қазақстан халқын әлеуметтік қорғаудағы қаржылық механизді жетілдіру жолдары

э.ғ.к., доцент Молдабекова А.Ш., оқытушы Нурманалиева Г.А.

 

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.

 

Мемлекеттік әлеуметтік саясат - әлеуметтік топтар арасындағы қарым-қатынастарды қолдап, қоғам мүшелерінің әл-ауқатын және өмірлік деңгейін жоғарылату үшін жағдайлар жасау, сонымен қатар қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынталардың қалыптасуында әлеуметтік кепілдіктер құру болып табылады. Осыған байланысты қоғамдық өндірістің шарттарын реттеу мақсатында мемлекет пен жүргізілетін іс-шараның құрамды бөлігі ретінде жүзеге асатын мемлекеттің әлеуметтік саясаты тұтасымен елдегі жалпы экономикалық ахуалмен тығыз байланысты. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын реттеу бойынша мемлекеттің қызмет бағыттарының негізгі бағыты болып есептеледі.

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты- халықты жұмыссыздықтан, бағаның өсуінен, қорғауға бағытталған мемлекеттің, кәсіпорынның, ұйымның, үкіметтің жергілікті мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық тәсілдер кешені.

Әлеуметтік саясат- қоғамдағы әлеуметтік дамуды басқаратын, оның мүшелерінің материалдық және мәдени қажеттіліктерін қамтамасыз ететін сонымен қатар, әлеуметтік дифференциация үрдістерін реттеуге бағытталған саясат болып табылады.

Әлеуметтік саясатты іске асыру кезіндегі ең күрделісі- шешімді талап ететін әлеуметтік бастаулар туралы сұрақтарды шешу болып табылады.

Қазақстанның әлеуметтік саясатының стратегиялық мақсаты болып әлеуметтік бағдарланған экономиканың қалыптасуы болып табылады. Әлеуметтік мемлекет халықтың материалды жағдайы үшін  жүргізілген реформалардың кері әсерлерін азайтуға және позитивті әсерлерін күшейтуге ұмтылуы керек яғни халықты аурудан, мүгедектіктен, жұмыссыздықтан, қарттықтан әлеуметтік қорғауға негізделген.

Қазақстанның әлеуметтік дамуының мақсатын саяси басқарумен анықтайды, ол жергілікті басқару органдары мен өндірістік ұжымдар  көпшіліктің жағдайын жақсартуға байланысты және әлеуметтік саяси тұрақтылықты сақтауға байланысты қоғамдағы әлеуметтік серіктестікті жоғарылатуға байланысты әлеуметтік мақсат пен нәтижелерге жетуге бағытталады.

 Әлеуметтік саясаттың мазмұны, оның мақсаттары мен міндеттері функциялар жүйесінде ашылып, айқындалады. Олардың ішінде маңызды болып саналатындары:

1. Қоғамдық әлеуметтік топтардың, жеке адамдардың  мүдделерін қорғау, келістіріп үйлестіру;

2. Әлеуметтік өрістегі қоғамдық қайшылықтарды оңтайлы шешу, азаматтар мен мемлекет арасында «диалогты» орнатып, іске асыру;

3. Халықтың әр түрлі қатарларын интеграциялау, олшардың мүдделерін жан-жақты дамытып үйлестіру, қоғамның әлеуметтік дамуын басқару;

 Кең мағынадағы әлеуметтік саясат - қоғам мүшелері өмірінің барлық жақтарына ықпал жасайтын шешімдер мен  іс шараларды қамтиды. Бұл: тауарлармен, тұрғын үймен, әлеуметтік құрылымның қызмет көрсету түрлерімен және орындарымен ақшалай табыстармен азаматтардың өмірлік қызметіне кепілдік беретін жағдайлар жасау;

 Өзіндік әлеуметтік саясат оның нақтылы түрлері: отбасылық саясат, жастар саясаты, қарт адамдар және мүгедектерді әлеуметтік қорғау саясаты.

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты, әсіресе, өзгерістер кезінде айқындала түседі. Бұл өзгерістер еңбек қызметі процесінде, атап айтқанда, осы жағдайда оның гуманизмдік мазмұны анықталады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, халықтың әлеуметтік, кәсіби, ұлттық, жынысы, жастары бойынша жіктелетін топтарының мүдделері мен қажеттіліктерін есепке алу қайшылықтарға толы күрделі процесс. Халықтың әртүрлі топтарының қажеттіліктері, оларды іске асыру мүмкіншіліктері терең зерттеле берсе, сонда ғана олар әлеуметтік саясаттың міндеттерінде дәл және толық қамтылып тұжырымдалады.

 Қазақстан Республикасының қазіргі әлеуметтік саясатының құрамына кіретіндер:

-         халықтың неғұрлым «әлжуаз» топтарына қолдау көрсету;

-         әлеуметтік қолдау жүйесінің нарықтың экономикалық талаптарына сай қайта бағдарлануы;

-         тұрғын үй құрылысы және жылжымайтын мүлік рыногын дамыту мәселелері;

-         денсаулық сақтау саласын ұйымдастыруды осы заманғы қағидаттар мен стандарттарға сәйкестендіру;

-         халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

-         бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің халықаралық стандарттарын енгізу;

-         еңбек ресурстарын дамытудың тиімді жүйесіне көшу;

 Мемлекеттің әлеуметтік саясаты жұмыс орындарын ашуға және еңбекке қабілетті халықты ел экономикасына тартуға бағдарланған жағдайда ғана тиімді бола алады. Әлеуметтік саясаттың ұғымы мемлекеттің күнделікті жұмысында кеңінен қолданылатын категорияларына жатады және де ресми құжаттарда пайдаланады.

 Әлеуметтік саясат көптеген ғылыми пікірталастардың тақырыбы болып отыр. Мұның себебі әлеуметтік саясат казіргі қоғамның жағдайларының ең маңызды өрісі ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, әлеуметтік саясат мемлекет қызметінің маңызды бөлігі болып табылады. Әлеуметтік саясат қоғамның даму деңгейімен, ондағы халықтың өзіне тән менталитетімен тығыз байланысты болып келеді. Бұл бәрінен бұрын мемлекеттің өзінің әлеуметтік дамуындағы алдына қойған мақсаттары мен міндеттері.

 "Әлеуметтік саясат" термині өте кеш құрастырылып қолданыла бастады. Алайда, адамзат дамуының барлық кезеңінде әлеуметтік саясат түрлері мемлекет қызметінде тұжырымдалып, іске асырылып отырылған. Олардың негізгілеріне рухани және діни көзқарастардың, қалыптасқан дәстүрлердің әлеуметтік әділеттік жөніндегі түсініктері алынған. Басқаша айтқанда белгілі бір әлеуметтік саясат мемлекеттің осы өрістегі іс әрекеті негізі болып туындаған, кейіннен билеушілердің және өкіметтің қызметіне айналған.

Әлеуметтік саясат - бұл әлеуметтік дамудың мақсаттары, олардың талаптарына сайкес келетін әлеуметтік көрсеткіштерге қол жеткізу, қоғам мен мемлекеттік идеологиалық көзқарастарының жиынтығы.

Қазақстанның қазіргі әлеуметтік саясаты бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясында тұжырымдалған. Ол осы стратегияның үш басымдығы болып табылады. Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты халықтардың нашар қорғалған қатарларын әлеуметтік қолдауға бағытталған. Әлжуас топтар: көп балалы отбасылар, қарт адамдар, зейнеткерлер, әйелдер мен жастар.

 Әлеуметтік саясаттың мазмұнын қарастырған кезде өте бір кең мағынада пайдалануға болады. Әлеуметтік құндылықтарға табиғи емес құндылықтардың барлығы жатады. Оның барлығы адамдарға арналған әлеуметтік саясатты іске асыру процесінде қарастырылған.

Сонымен әлеуметтік саясаттың шекараларына жеке адамдардың және қоғамның өміріндегі мәселелер енгізеді.

 Әлеуметтік саясат өрісі өмір сүрудің төменгі деңгейін қамтамасыз етуге және қоғамның әлсіз қорғалған мүшелерін қолдауға бағытталған саясаттан бастап, қоғамның қызмет көрсету мен дамуын қамтамасыз ететін шекараны алып жатады.

 Қоғамдық дамудың мақсаты - барлығы жеке адамдар үшін қолдау көрсету мүмкіншіліктерінің өсуі және олардың адамдардың тегіне, әлеуметтік статусына физикалық және интеллектуалдық қабілетеріне байланысты көрсетіледі, сондықтан да қазіргі қоғамның әлеуметтік саясаты жеке адамдардың еркіндік дәрежесін жоғарлатуға, олардың таңдау мүмкіншіліктерін кеңейтуге, өзін-өзін жан-жақты дамыту потенциалын іске асыруға бағытталған.

  Әлеуметтік саясаттың сипаты мен мазмұны – мемлекеттің әлеуметтік басқару процесіне араласу дәрежесіне байланысты. Осыған байланысты қазіргі таңда дамыған мемлекеттердегі мамалекеттің әлеуметтік саясат түрлерін екі түрге бөлуге болады. Біріншісін, шартты түрде қалдықты деуге болады. Бұл жағдайда әлеуметтік саясат нарық орындай алмайтын функцияларды жүзеге асырады. Бұл масштабы бойынша шектелген және контингентті қамтитын саясат, әдетте белсенді емес және орын толтыратын сипатта. Оның концептуалды негіздері консерватизм идеяларының әсерінен қалыптасады. Бұл нұсқаның өкілі(танымал шартты деңгейімен) американдық модель болып табылады. Екінші топ - институтционалдық. Мұнда әлеуметтік саясат халықты әлеуметтік қызметпен қамтамасыз етуде ерекше рөл атқарады және жеке институттар жүйесіне қарағанда әлеуметтік экономикалық және саяси мағыналар құралында тиімдірек болып келеді. Бұл конструктивті және қайта бөлінетін саясат. Концептуалдық көзқараста бұл топ көп жағдайда әлеуметтік демократиялық идеологияның әсерінде болады.

Бұл екі топ кейбір компоненттердің болуымен немесе жоқтығымен ерекшеленбейді, керісінше, олардың қатынасымен,мемлекеттің әлеуметтік сфераға араласу деңгейімен қайта бөлу процестердің ролімен   мемлекет қызметіндегі әлеуметтік мәселелердің басымдылық деңгейімен ерекшеленеді.                          

Әлеуметтік саясаттың басты нысаны- халық және халықтың әртүрлі бөліктерінің әлеуметтік жағдайы. Әлеуметтік жағдай- бұл тұрғындардың және оның құрама бөліктерінің тіршілік әрекетінің негізгі мінездемесі.

Әлеуметтік жағдай тіршіліктің қоғамдық жағдайларын және қоғам             бөліктерінің құрылымдық дамуын қалыптастыратын жүйесінің өте маңызды факторларының әсері ретінде қалыптасады.

Әлеуметтік жағдайды қалыптастыратын қоғамдық жағдайлардың ішіндегі ең маңыздылары мыналар:

-         Қоғамдық құрылыс. Мұнда қоғамдық рольдердің негізгі үлестірімі бірінші кезекте қанаушылар мен қаналушыларға бөлу, үстемдік ету мен бағыну бекітілген.

-         Қоғамдық билік. Әлеуметтік тұрақтылықты ұстап тұрушы әдіс ретінде.

Тікелей диктатурадан әлеуметтік серіктестікке дейін өзгеретін биліктегі үстемдік етуші топтың басымдылық немесе үстемдік үлгісі өте маңызды.

-         Шаруашылықтағы билік(меншік). Меншік - бұл әкімшілік-шаруашылық

қатынастар,яғни шаруашылықта маңызды шешімдер қабылдаушылар мен оларды орындаушыларға бөлу. Мүлікті бөлу билеуші мен бағынушылардың арасында көрініс табады. Меншіктің  негізгі анықтаушылары болып мүлік емес, әкімшіл-шаруашылық қатынастар болып табылады.

-         Экономикалық жағдай - тіршілік пен дамуды қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар мен бірлестіктердің әлеуметтік жағдайларының қалыпты эволюциясын суреттеуге қажетті жағдайлардың жиынтығы. Мұнда тек қана кірістер емес, сондай-ақ білім, денсаулық сақтау, коммуналды-тұрмыстық қызметтермен, үймен қамтамасыз ету, жабдықтау жағдайлары кіреді.

-         Экологиялық қауіпсіздік- өндірістік сферадағы, тұрғылықты жерлердегі,

табиғи ортадағы экологиялық қауіпсіздік деңгейлері;

-         Әлеуметтік қауіп - қатерден қорғану (әлеуметтік қорғаныс) – қоғамдағы

жағдайды сақтау мен жақсарту талаптарын қозғау кезіндегі субьектілерге сүйемел болатын әлеуметтік тәртіп. 

 Әлеуметтік саясаттың мазмұнын ашу үшін кейбір маңызды аспектілердегі өзара әрекеттерін суреттеу қажет. Ол аспектілер мыналар:

-         Әлеуметтік саясатқа нақты қатысатындар, ғни оның шеңберінде нақты әрекет етушілер мен әлеуметтік пассив субьектілерді анықтау;

-         Ең беделді адамдар (класстардың,әлеуметтік топтардың);

-         Субьектілердің әлеуметтік жағдайларын шешу жолдары;

-         Субьектілердің қазіргі таңдағы ең маңызды әлеуметтік мәселелері;

-         Әлеуметтік саясаттағы мемлекеттің орны;

-         Әлеуметтік саясаттың беделді субьектілердің мақсаттары, стратегиялары және бағдарламалық артықшылықтары;

-         Әлеуметтік күштердің нақты тарихи арақатынасы;

-         Әлеуметтік дамудың қалыптасқан тұрақты тенденциясы және бағыттары;

-         Қоғамдағы тұрақтылықтың деңгейі, оның тұрақтылығы мен тұрақсыздығының маңызды факторлары (бұл әлеуметтік қауіпсіздік,тұрақтылық мәселелері);

Әлеуметтік саясаттың пәні дегеніміз ғылымның құрамдас бөлігі, заңдылықтар, қоғамның мазмұнды қарым-қатынасы, сонымен қатар қоғамдық тәжірибенің процестері мен факторлары. Мұнда әлеуметтік топтар жағдайына байланысты қатынасқа түседі. Қазақстанның әлеуметтік дамуының мақсатын сяси басқарумен анықтайды, ол жергілікті басқару органдары мен өндірістік ұжымдар көпшіліктің жағдайын жақсартуға байланысты, әлеуметтік-саяси тұрақтылықты  сақтауға байланысты қоғамдағы әлеуметтік серіктестікті жоғарылатуға байланысты әлеуметтік мақсат пен нәтижелерге жетуге бағытталады. [1]

 Мемлекеттің әлеуметтік саясаты бұл - өзінің мақсаты ретінде кірістердің дифференциясын әлсіретуді, нарықтық экономикаға қатысушылары арасындағы қарама-қайшылықты жұмсартуды және экономикалық салдарда әлеуметтік қақтығысты болдырмауды мемлекеттің мақсатты бағытталған қызметі, бұл халықты жұмыссыздықтан, бағаның өсуінен қорғауға бағытталған мемлекеттің, кәсіпорынның, ұйымның, үкіметтің жергілікті мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық тәсілдер кешені. Мемлекеттік әлеуметтік саясаттың нарықтық экономикаға қатысуымен, азаматтардың жағдайларын түзетудің, белгілі тәсілдерін, халықтың барлық топтарына әлеуметтік кепілдіктер  жүйесін құруды мақсат ететініне, әлеуметтік әділеттілік қағидасы жүзеге асады.  

 

Әдебиет

1.      «Нұрлы жол, Болашаққа бастар жол» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жыл 22 қарашадағы Қазақстан халқына Жолдауы

2.      «Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан ары тереңдетудің 2012-2014 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы №1241 қаулысы.