Аташева Д.О. – э.ғ.к., доцент, Муратова Д.Б.-
э.ғ.к., доцент
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,
Қазақстан
КЛАСТЕР ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУ ҮЛГІСІ РЕТІНДЕ
Қазіргі уақытта ақпараттық
құрылымдар бизнесті жүргізу келістері мен формаларын
өзгертуге өз тарапынан әсері күшті, яғни
бәсекеге қабілеттілік физикалық ресурстардан материалды емес
компоненттерге ауысуда: білімді алу және тарату жүйесі, озық
технологияларды қолдану жүйесі, ғылыми өңдеулер
мен инновацияларды енгізу, алға жылжыту және брэнд
қалыптастыру, маркетингтік және консалтингтік қызмет
көрсету жүйелері.
Сыртқы орта факторларын талқылай келе, қатысушы
кәсіпорындардың кластердегі өзара байланысты қызметі
бизнес үшін келесі қолайлы жағдайларды жасайды: кадрлық
инфрақұрылым жақсарады, шығындар азаяды, тауардың
жеке сапасынан ғана емес, тауарды алға жылжытудың
дамыған жүйесінен қосымша бәсекелік
артықшылықтар алу мүмкіндігінің қалыптасуы,
халықаралық нарыққа шығу мүмкіндіктері,
зерттеу және өңдеу инфрақұрылымдарының
пайда болуы, сыртқы орта өзгерістерін зерттеу негізінде
басқару шешімдерін қабылдау.
Моделде экономикалық құрылымды құру
логикасы бойынша кластерлер ірі кәсіпорынды діңгек ретінде
пайдалану арқылы немесе дербес шағын кәсіпорындардың
интеграциясы жолымен құрылады. Біздің ойымызша, туристік
кластерге қатысу шағын және орта бизнес кәсіпорындары
ішінен нақты экономикалық көрсеткіштер бойынша
басымдықтарға ие болған кәсіпорындар негізінде
кластерлік өнімнің өндірілуі тиімді және
бәсекелік қатынастар сақталады. Моделдің басым буыны
туристік фирмалардың жеткілікті көлемімен қалыптасады. Ал,
дербес шаруашылық субъектісі ретінде туристік фирмалардың
қазіргі заманғы қызметі күрделі екені белгілі,
олардың қызметінің айрықша ерекшеліктеріне жоғары
тәуелділік, яғни елде саяси, экономикалық,
қаржылық, экологиялық өзгерістер туристер ағымын
басқа аймақтарға бұруы мүмкін, сондықтан
кәсіпкерлер стандарттық емес шешімдер тауып, нарыққа
мүлдем жаңа өнімдер ұсыну арқылы туристерді тарту
мүмкіндіктерін іздестіріп табуға бейімді болулары тиіс.
Нарықтың функциялануының қазіргі
ерекшеліктерімен байланысты, мәселелерді шешудің маңызды
жолдары бағдарламалық шараларды басқару мен
қаржыландыру. Осыған байланысты мемлекеттік және жеке
менеджменттің сай деңгейін қалыптастыру қажеттілігі
туындайды және жүргізілетін шаралар келесі жағдайларды
қамтамасыз етуі тиіс:
·
орталық және
аймақтық деңгейдегі билік қызметін нақты
түзетулермен қамтамасыз ету,
·
жеке инициативалардың
дамуына ықпал жасау,
·
саланың
ақпараттық кеңістігін қалыптастыру,
·
сыртқы және ішкі
рыноктарда қазақстандық туристік өнімді алға
жылжытудың тиімді жүйесін өңдеу;
·
инвестициялау және
салық салу мәселелерінде қажетті нормативті-
құқықтық актілерді қабылдау.
Экономика туризмге қолайлы ықпал жасауы оның
жан-жақты дамыған жағдайда ғана орын алады.
Басқаша айтқанда, туризмнің экономикалық тиімділігі
оның елде әлеуметтік – экономикалық кешендегі басқа
салалармен өзара байланыста болуымен және олармен қатарлас
дамуына тәуелді.
Туризмнің дамуы елдің экономикасына және
бәсекеге қабілеттілігіне әсер етуімен байланысты.
Мұндай әсер ету тікелей және жанама әсер ету
әдістерімен анықталады. Елдің экономикалық
көрсеткіштеріне тікелей әсер ету белгілі шекте ұлттық
есептеу жүйесінде де (ҰЕЖ) бейнеленеді. Жанама әдіс
туризмнің экономикаға және әлеуметтік аяға
туризмнің жанама әсер ету коэффициенті болып саналатын, туристік
мультипликаторды есептеуді меңзейді.
Республиканың әлеуеті мен мүмкіндіктерін талдау
негізінде бәсекеге қабілетті болу үшін
Қазақстанда туристік кластерді дамытудың алғышарттары
анықталды. Туризмді кластеризациялау қажеттілігін талдай келе, осы
бағытта мемлекет тарапынан қолдау міндеттілігі дәлелденіп,
қорытындылар жасалды. Туристік кластерлік саясатты қолдануда
мемлекетаралық сараптамалар тәжірибесіне сәйкес, оның
негізгі принциптері анықталды. Олар кейін туристік кластерлік саясатты
құруда ескеріліп отыруы қажет: туристік кластерлерді
қалыптастыру шаралары мемлекет тарапынан жүзеге асырылмай, ол
рыноктық құрылымдардың көмегімен қалыптасуы
керек; туристік компанияларды қаржыландырумен және рыноктық
бәсекелестікті арттыруға ғана бағытталмауы қажет;
мемлекет өз кезегінде кластерлерді жүзеге асыруда және лидер
болуда алдыға ұмтылмауы тиіс: ол өз қызметін
катализатор немесе делдал ретінде: инновациялық жүйенің
болуын, инфрақұрылымның ең тиімдісін қолдану,
соның негізінде кластерлік үрдістерді күшейту; кластерлік
саясаттың бағыты тек қалыптасқан кластерлерге
ғана бағытталмауы қажет, не енді ғана қалыптасып
жатқан кластерлерге өзінің кері әсерін тигізбеу керек.
Қазақстан Республикасының табиғи-климаттық
және экономикалық жағдайларындағы ерекшеліктерді
ескере, жобаны жасаушылардың ұсыныстарын талдаумен туристік
кластерді құру мүмкіндігі негізделді. Қазақстанда
туристік қызметті кластерлік келіспен дамыту және қолдау
қажеттілігі дәлелденіп, осы саладағы мемлекеттік реттеу
механизмдері талданды. Саланы мемлекеттік реттеу механизмдері келесідей
болмақ:
- несие қаржылық;
- инвестициялық;
- салық-бюджеттік;
- ұйымдық құқықтық
реттеу. Туристік кластердің
дамуын тежеп отырған негізгі факторларды талдауда, туристік
кластердің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыруда
туындайтын проблемалар төрт топқа жіктелді: бірінші топ туристік
рыноктың маңызды ресурстарымен байланысты, екінші топ туризм саласындағы
кәсіпкерлердің туристік рыноктағы институттармен өзара
қатынасымен сипатталады, үшінші топ саяси-әлеуметтік,
мәдени-танымдық және құқық
қатынастарымен байланысты, төртінші топ туристік фирманың
ішкі мәселелеріне (проблемаларына) қатысты.
Туризм саласы жақсы дамыған елдер тәжіриебесі мемлекет
тарапына туризмге жасалатын демеушілікке байланысты екенін көрсетеді.
Мұндай елдерде жасалған бағдарламаларда туризмді
жақсарту үшін шекаралық кедендік режимді нығайту,
инвестиция жағымды жағдайлар туғызу. Ұлттық
кәсіп орындары арналған несие жеңілдігін жеткізу, кадрлар
айындауды, жарнама жасауды, инфрақұрылымды дамытуда
қаржыландыруды ұлғайту секілді толып жатқан іс
шараларды атқару жағы жақсы қарастылылған.
Дәл осындай кешенді тәсілді қолдану үшін әлемдік
туристік кластер нарығына шығуға ұмтылыс жасау
мүмкіндігін, біздің елге шетелдік туристтерді тарту
мүмкіндігін туғызады.
Әдебиет:
1. Ли
С. Кластеры – новые формы организации инновационного процесса // Высшая школа
Казахстана. – 2004
2.
Бельгибаева
А. Кластер как инструмент повышения конкурентоспособности // Материалы
международной научно-практической конференции «Национальная
конкурентоспособность Казахстана: теория, практика, перспективы». – Алматы:
КазНУ, 2010.
3.
Дюсембаев А.А.
Конкурентоспособность экономики страны на кластерной основе. Стратегия устойчивого развития региона: материалы международной научно –
практической конференции – Караганда, 2005.