Экономические науки/4.Инвестиционная деятельность и фондовые рынки.

 

Теңізбаева Ж.С., экономика магистрі,

Алибекова В.Н., қаржы магистрі

 

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан Республикасы

 

Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясат 

және оны жетілдіру  жолдары

 

 

Экономикадағы құрылымдық өзгерістерді сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі мен деңгейі  көбінесе мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асыру мен болашақтағы кезеңдерге белгіленген  мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі нақтылы макроэкономикалық шараларға байланысты. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік экономикалық саясат- макроэкономикалық; салық  және аймақтық деңгейлерде құрылымдық саясатты қалыптастыру негізгі  болып табылады.

Макроэкономикалық салада оңтайландыру ісі халық шаруашылығының салалық құралымына  да әсер етеді. Өйткені мұнда өзгерістерді жүзеге асырудың маңызды тетігі - макроэкономикалық жағдайға айтарлықтай әсер табылады. Республикамыздың жағдайында салалық   құрылымның тиімді жағдайын анықтау – экономиканың шикізаттық бағытын жою және өнеркәсіпті дамыту мәселелерімен тығыз байланысты.

Мемлекеттің құрылымдық саясаты, ең алдымен макроэкономикалық деңгейде инвестициялық шешімдер қабылдап, жүзеге асыру арқылы, яғни  құрылымдық және инвестициялық саясаттарды тығыз байланыстырғанда ғана шынайы болатындығы айтылды.

Инвестициялық саясат маңызды үш бағытта жүргізіледі:

· мемлекеттік бюджттік қорларды пайдалану арқылы;

· ішкі несие қорлары мен жеке заңды тұлғалардың өзіндік қаражаттарын тиімді қолдануды ынталандыру арқылы;

· шетелдік инвестициялар тарту мен тиімді пайдалану механизмі арқылы; 

Осы бағыттар ішінен басымдысын таңдап алу және халық  шаруашылығының барынша тиімді аймақтық - салалық құрылымын қолдау мақсатында олардың үйлесімін қамтамасыз ету – мемлекеттің инвестициялық саясатының негізін құрайды. Оны қалыптастыру барысында Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін күрделі ұлттық бағдарламаларды іске асыру қажеттігі де ескеріледі.

Іс жүзінде, белгілі мақсатқа қол жеткізуді  көздейтін мемлекеттің құрылымдық- инвестициялық саясатының бағыттары  мен көрсеткіштері сандық жағынан айқындалып, атқарылатын мерзімі бойынша анықталуы тиіс. Ал бұл, өз кезегінде, мүдделер, ресурстық база, механизмдер, объекті мен осы саясатты жүзеге асыру процесінің өзі де салалардың, аймақтар мен тұтастай халық  шаруашылығының орта және ұзақ мерзімдік даму жоспарларында көрініс табатындығын  білдіреді. Мысалға, нарықтық қатынастар саласы дамыған елдердің мемлекет қызметінде келесідей өзара байланыс анық байқалады.

Экономиканы реттеу жөніндегі мемлекет шараларының  өзара байланыстығы:

Жоғарыдағы өзара байланысты матрицалық модель түрінде көрсетуге болады. Онда оның баланстық нәтижелерін анықтап, экономикалық – математикалық есептеулер жүргізу және мәліметтерді бір жүйеге келтіруге болады. Оны қарапайым кесте түрінде , бухгалтерлік қосарланған жазу әдісі арқылы толтыруға болады.

 Мемлекет қазіргі таңда шетелдік капиталды кең көлемде тарта түсуге, осы үшін кешенді қолайлы факторларды орнатуға бағыт ұстап отыр. Қазақстандағы салымның іс-әрекет қаржыландырудың ішкі және сыртқы көздерінің арқасында өндіру процесін жандандыруға бағытталған.

Кесте 1

Қазақстан экономикасына 2010—2014жж.  инвестициялық ахуал

 

 

2010

2011

2012

2013

2014

Негізгі капиталға салынған инвестициялар

 

 

 

 

 

млн. теңге

4653528

5010231

5473161

6 072 687

6 591 482

млн. АҚШ доллары

31581,5

34171,5

36953,3

33 293,2

36 784,9

өткен жылға пайызбен

97,0

102,9

104,1

106,9

    104,2

Қазақстан Республикасына тікелей шетел инвестицияларының кезең ішіндегі жалпы ағымы9)

 

19059

26 467

28 935

24 137

-------

 

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 2010 жылы 4653528 млн.тг-ден 2014 жылы 6591482 млн.тг, яғни 1937954 млн. тг –ге артып отыр. Бұл елдегі экономикалық-әлеуметтік жағдайдың жақсы екендігін көрсетеді.

Жамбыл облысының инвестициялық қызметтерінің негізгі көрсеткіштерінің серпіні келесі 2 кестеде сипатталады.

Кесте 2

Жамбыл облысының инвестициялық қызметтерінің негізгі көрсеткіштерінің серпіні

 

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар 

Тұрғын үй құрылысына жұмсалған инвестициялар

млн. теңге

өткен жылға           %-бен

млн. теңге

өткен жылға            %-бен

2000

2 338

89,5

323

144,7

2001

5 242

208,8

374

108,9

2002

9 350

171,7

467

17,5

2003

32 675

342,9

7 969

17р

2004

18 062

53,3

1 293

15,6

2005

22 182

117,0

3 048

225,0

2006

25 553

110,1

4 529

141,8

2007

29 940

111,5

5 556

116,3

2008

123 726

383,0

6 207

103,5

2009

222 800

171,5

6930

106,3

2010

146 797

63,5

6 021

83,8

2011

106 606

69,1

7 556

119,4

2012

152 437

134,8

9 738

121,5

2013

248 842

155,9

11 073

108,6

2014

208 554

80,6

12 145

105,5

 

Жамбыл облысындағы негізгі капиталға жұмсалған инвестиция 2000 жылы 2338 млн.тг-ден 2014 жылы 208554 млн.тг-ге, яғни 206216 млн.тг-ге артқан. Облыстың инвестициялық ахуалы көтеріліп келе жатқанын сипаттайды.

Қазіргі кезеңде тікелей инвестицияның басымдылық маңызы мойындалып келеді.

Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында шетелдерден капитал тартудың маңызына көңіл бөлді. Мысалы ол:”Біздің басты көңіл бөлуіміз шетел инвестициясын қорғау мәселесі. Сондықтан да мен өз Қаулыммен Мемлекеттік инвестициялық комитет құрдым және оған тікелей инвестицияны Қазақстанда пайдалану құқы туралы саясатты жүргізетін бірден бір мемлекеттік ұйым мәртебесін бердім”,-деді.

Тікелей инвестиция  алушы елдерге қарыздық міндеттеме  алғызбайды, сонымен бірге шетелден  басқару және техникалық тәжірибелер  алуға мүмкіндік береді. Бұндай  технология беру артықшылығы  капитал ағынының келуінен де  басым түседі.

Қазіргі жағдайларда  ҚР Үкіметінің құрылымдық саясаты біздің ойымызша келесідей мәселелерді  қамтуы тиіс:

- дайын өнім  шығару арқылы экспорттық әлуетті  арттыратын салалар дамуына басымдық  беру;

- ішкі нарық  талаптарын қанағаттандыратын және  импортты алмастыратын өнім өндірісін  кеңейту ;

- негізінен  отандық өндіріс есебінен халық  шаруашылығы барлық  салаларының  өндірістік аппаратын жаңарту;

- халық қажеттіліктерін  қанағаттандыруға бағытталған салалар дамуын қамтамасыз ету ;

-экономиканың  аграрлық секторының дамуын тездетуге  бағытталған қаржы және несие  қорларын арттыру және т.б.

     

 

Әдебиеттер тізімі

1.     Қазақстан Республикасының “Инвестиция туралы” заңы. 2003 жыл және 2005, 2006 жылдардағы енгізілген өзгертулермен

2.     Журнал “Хабаршы” 2000-2014 жылдар

3.     Инвестиционный рейтинг Казахстана // Офиальный сайт ЗАО «Казинвест », 2013 г.

4.     Интернет сайт WWW.WFIN.KZ

5.     www.egov.kz