ОҚУ ҮРДІСІНДЕ CISCO SYSTEMS ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ
Жоранова Н.Ж.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жолдауынан «Ауқымдану
және ғылыми техникалық прогресс әсіресе жаңа
телекоммуникациялық технологиялардың дамуы біздің
аумақты әрі аз қоныстанған еліміз үшін бірегей
мүмкіндіктерді ашып көрсетті. Яғни бұл технологияларды
ұғыну, оларды біздің қоғамымызға
толық кіруіне қол жеткізу,
ғылыми-техникалық кадрларды қолдау маңызды»
делінген.
Бұл мәселені қазақстандық ғалымдар
әдіснамалық, педагогикалық-психологиялық тұрғыдан
сипаттама беру, оны кешенді түрде қарастыруды және де білім
жүйесін ақпараттандыруды зерттеген. Олар негізінен,
ақпараттық технологиямен оқытудағы үрдістер,
білімді ақпараттандырудың педагогикалық шарттары, оқу
процесстерін технологияландыру, әлеуметтік ақпараттық
мәдениетін қалыптастыру және т.б. көп көңіл
бөліп , зерттеген .
Ақпараттық
технологияның дамуы техникалық білім берудің деңгейімен
және АТ мамандарының бәсекеге қабілеттілігін
жоғарлату, үкімет,өндіріспен оқу орны бірлесіп
және мақсатқа бағытталған білім беру
бағдарламаларын жасау қажеттілігі туындап отыр.
Cisco – адам
қатынасының, байланысының және
ынтымақтастығының тәсілдерін ауыстыратын желілік
технологиялар саласындағы әлем көшбасшысы.
Cisco академиясы
CCNA Discovery
and Exploration, Security, Security, CCNP, IT Essentials курс бағдарламаларын жүргізеді. IT
Essentials курсы өз бетінше ДК құрылғыларын
талқылауға және периферинді құрылғылармен,
түзетулерді іздеуді орындау және оларды дұрыстау
әдістерінің білімі мен біліктілігін алуға арналған.
Студенттер дербес компьютермен негізгі жұмыстарды орындауға,
операциялық жүйелердің әртүрлі
нұсқаларын орнатуға, желілік хаттамалар, OSI моделдері туралы білім ала алады және ТСP/IP
қызметтік бағдарламалары, компьютерді ауқымды және
жергілікті желілерге қосу тәсілдерін меңгереді. CCNA Exploration Certified Network Associate(CCNA) курсы CCNA Discovery және CCNA Exploration екі курстардың жиынтығы.
CCNA Discovery курсы құрылымды
базалық білім алуға, кіші және орта өндірісте желілік
құрылғыларды тиімді пайдалану және оны баптау. Курс
негізгі желілік концепциялармен, әртүрлі типтегі компьютерлік
желілердің тәжірибелік қызметін, кішігірім инфрақұрылымды шағын
өндірістен немесе күрделі корпоративті желілік моделдерді
қолдануды үйретеді.
CCNA Exploration курсы базалық
біліктілікті алуға, желілік құрылғыларға
және оны тиімді пайдалануға қажетті баптауларды
үйренуге арналған. Студенттер коммутаторлар конфигурациясын
және көп хаттамалы желілердегі Cisco бағыттауыштарын,
жергілікті біріктіруші және аймақтық
бөлетін желілерді (LAN және WAN), желі қауіпсіздігін
және өндіріс өнімділігін жоғарлатуды меңгереді.
Қазіргі кезде оқу үрдісінде заманауи электронды оқу
құралдары және автоматтандырылған білімді бақылау
қолданылады. Білімді
бақылау міндетті түрде Cisco Желілік Академия
бағдарламасының оқу порталы арқылы жүргізіледі.
Студенттер тәжірибелік сабақтарда
нақты желілік құрылғыларда жасау арқылы теңгесі
жоқ тәжірибе жинақтайды. Certified Network Associate Security
(CCNA Security) курсы желілік қауіпсіздік облысында кеңейтілген
және тереңдетілген білім алуға арналған. Аталған
курста қауіпсіздік технологиясы, тұтастықты қамтамасыз
ету үшін желілік құрылғылардың мәселелерін
шешу және мониторигі, құпиялылықты және
мәліметтерді алу мүмкіншіліктерін сипаттайды. Студенттер желілік
қауіпсіздіктің кешенді саясатын, келеңсіздіктердің
болмауын, статистикалық VPN біріктірулерін баптау, қол жетімділікті
бақылау үшін жергілікті желі құрылғыларын
конфигурациялау қажет, кері әсер ету, басқада жергілікті
желілілердің құрылғыларын және жүйелерін
сақтау, сонымен қатар желілік қозғалыстың
құпиялылығын және тұтастығын қолдау
болып табылады.
Cisco Certified Network Professional (CCNP-
Cisco Certified Networking Professional- Cisco желі бойынша кәсіби
сертификаталған компания) корпаративті
желімен дамуын басқару және баптау бойынша біліктілік және
кеңейтілген және тереңдетілген білім алуға
арналған. Бұл курс жоғарғы деңгейлі
күрделілігімен, онда студенттер CCNA курсы бойынша білім береді. CCNP кәсіби желілік деңгейді
оқытуда орналастыру біліктілігін және үлестірілген
аймақтық және жергілікті желілерді конфигурациялау және
желіге қашықтан қол жеткізу арқылы қызмет
көрсету, мұндай технологиялар мен хаттамаларға TCP/IP, OSPF,
EIGRP, BGP, ISDN, Frame Relay, STP, VTP түрлерін жатқызуға
болады.
Cisco Systems технологиясын оқу
процессінде қолдану өз бетінше ақпараттық және
желілік концепцияны зерттеу және білім алушылармен сынақ
жүргізіледі.Осы мақсатта қойылатындар:
-
жаттығулар
және құралдарды үйрену;
-
презентация,
оқытушылармен бірге тәжірибелік сабақтар және
талқылау;
-
желілік
академия сыныбында желілік құралдарды пайдаланып тәжірибелік
сабақтар жүргізу;
-
білімді
интерактивті бағалау және үлгерім журналы;
-
сыныптағы
сабақ үшін қосымша бағдарламалық
қамтамасыздандырылуы.
Cisco CCNA Discovery және CCNA
Exploration, CCNA Security, CCNP, IT Essentials Желілік Академиясының
бағдарламасы интерактивті курстары оқу процессінде
«Информатика», «Операциялық
жүйелер», «Есептеу жүйелер мен желілердің негіздері»,
«Желілік қосымшаларын жобалау» сияқты пәндерін бірегей
әдістемелік циклдарын біріктіруге мүмкіндік береді.
Студенттер «Информатика» пәнінде ақпараттық технология
негіздерін: компьютер сұлбасы, периферилі құрылғылар,
коммуникациялық біліктіліктерін меңгереді. Студенттер Cisco Желілік
Академиясының бағдарламасы бойынша тәжірибелік
сабақтарда дербес компьютерлердің компоненттері үшін
бағдарламалық қамтамасыздандыруды, өндірістік процедура
және еңбек шарттарының қауіпсіздік негіздерін
қамтамасыз етуді оқытады.
Студенттер өзіндік жұмыс
сабақтарында оқытушының жетекшілігімен компьютерлік
жүйелерді, жүйелік ресурстармен, корпустардың
мінездемелерімен және тағайындаулармен және ішкі
компоненттермен, порттармен, кабелдермен, енгізу құралдары,
шығару құралдарымен танысады.
«Операциялық жүйелер» пәнінде көп танымал
операциялық жүйелер мен қосымшалардың жаңарту
және орнату процедуралары кіреді. Студенттер операциялық
жүйелердегі келеңсіздіктерді түзету және іздеудің
жүйелік құралдарын пайдалануды білуі тиіс. Операциялық
жүйелердің әртүрлерімен олардың тағайындалу
есебінен шектеулер және әрекеттестірулерді қарастыруға
болады. Студенттер Cisco Желілік Академиясының бағдарламасы бойынша
тәжірибелік сабақтарда операциялық жүйелерді орнатуды
пайдаланушы интерфейсінің графикасы бойынша жаңашылдықтарды,
операциялық жүйелер үшін профилактикалық қызмет
түрлерін стандартты процедураларын қолданады, операциялық
жүйелердің қателіктерін дұрыстауды үйренеді.
«Есептеу жүйелерімен желілерді
ұйымдастыру» пәнінде студенттер есептеу машинасының,
жүйелер, желілерді ұйымдастырудың
артықшылықтарымен, ақпаратты енгізу және шығару,
өңдеу процестерінің өзара әрекеттестігін
және бөлек құрылғылардың принциптерін
тұрғызумен танысады. Студенттер Cisco Желілік Академиясының
бағдарламасы бойынша тәжірибелік сабақтарда аналық платалар,
аналық платаларға компоненттерді қосу, ішкі дискілерді
орнату, бейімделу платы, шеткі паелдер және сыртқы кабелдермен
компьютерді қосу.
«Желілік
қосымшаларды жобалау» пәнінде желілік қосымшаларды жобалау
әдістемесімен және дамыту бағытымен байланысты
сұрақтарды қарастырады, дүние жүзінің
алдыңғы қатарлы компаниялардың
құралдарының базасында желілерді жобалау әдістерін
меңгеру. Оқу процессінде арнайы құралдармен
жабдықталған лабораториялық класстар қолданылады, онда
заманауи телекоммуникациялық құралдармен-Cisco коммутаторлар
мен бағыттауыштарда тәжірибелік сабақтар жүргізіледі.
Студенттер Cisco Желілік Академиясының бағдарламасы бойынша
тәжірибелік сабақтарда желілер үшін қолданылатын
профилактикалық қызмет көрсетуде кең тараған
технологиялар пайдаланылады.
Бағдарламалық
өнім Cisco және зерттеу телекоммуникация желілерін пайдалануды
және желілік құрылғылар мынадай ерекшеліктерді
ұсынады:
ü логикалық топология модельдеу: CCNA-күрделі деңгейіне кез
келген мөлшер желісін құру жұмыс кеңістігі;
ü нақты режимде уақытты модельдеу;
ü cимуляция pежимі;
ü физикалық топология модельдеу: т.б. қаланың,
ғимараттың, стенд, сондай ұғымдар пайдаланатын жеке
құрылғылар;
ü желі ұйымын жақсы түсіну үшін қажетті GUI
жақсарды, құрылғының жұмыс принциптері;
ü көп тілді қолдау: іс жүзінде кез келген тілдік
қалаған пайдаланушыға осы бағдарламалық
қамтамасыз ету мүмкіндігі;
ü түрлі компоненттерін
қосу / жою мүмкіндігі бар желілік жабдықтарды
жақсартылған сурет;
ü Activity Wizard қызметі шебері студенттер мен оқытушылар
үлгілер желілерін құру және болашақта оларды
пайдалануға мүмкіндік береді.
Әдебиеттер тізімі:
1.Cisco Желілік Академиясының
бағдарламасының арнайы сайты http:/cisco.netacad.net
2.Гордеев А.В. ОС:учебник для
вузов, СПб.: Питер, 2004.-416 с .