История/Этнология и этнография
Профессор Ельмуратова
Б.Ж.,
6М060800-Археология
және этнология мамандығының
2 курс
магистранты Немертов Н.С.
С.
Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қазақстан
Республикасы, Павлодар қаласы
АКАДЕМИК
Х. АРҒЫНБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ЭТНОГРАФИЯСЫНЫҢ ДАМУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
Тəуелсіздік алған күннен бергі уақыт ішінде еліміздің өткен тарихын қайта зерделеу, ақтандақтардың ақиқатын айқындау мəселесі елімізді танытар мемлекеттік деңгейдегі маңызды істердің бірі
болды Өйткені бостандық желінің есуі арқасында төл
тарихымызды өзіміз жалтақсыз саралауға, оған ұлттық таным тұрғысынан баға беруге
кең жол ашылып,
соңғы мүмкіндіктер туды. Осы уақыт аралығында ұлт
тарихын жаңаша парақтап, зерттеп,
зерделеуде түрлі ғылыми ұйымдар мен мекемелер, жекелеген ғалымдар өзіндік үлестерін қосты. Міне, осындай қазақ халқының қалың да қатпарлы тарихын оқырман қауымға жеткізуде, ұлттық құнылықтарды ұлықтап, ата-баба тарихының ақтаңдақ беттерін
анықтау жолында ат салысқан ғалымдар арасында тарих ғылымдарының докторы, көрнекті этнограф ғалым Халел
Арғынбаевтың орны оқшау, шоқтығы биік.
ХХ ғасырдың елуінші жылдары
қазақтың көрнекті ғалымы, академик Ə.Х. Марғұлан бастаған ұлттық этнограф-ғалымдар шоғыры қалыптасты. Ұлттық этнография ғылымы көшбастаушыларының бірі Халел Арғынбаев сынды жас ғалымдар туған халқының тұрмысы мен салт-дəстүрлері, əдет- ғұрыптары жөнінде түбегейлі ғылыми зерттеулер жүргізе бастады.
Х.А. Арғынбаев кең көлемдегі зерттеуші ғалым. Ол тек этнология
ғылымына ғана емес, оның қаламынан
туындаған еңбектері тарих, этнология ғылымдарына негізделген. Солардың ішінде «Қазақ отбасы» (1996) атты монография халқымыздың кешенді өмірін қамтыған. Бұл
ғұламаның көп
жылдық қомақты еңбектерінің бірі болып, ол автордың 20-30 жыл бойы ел арасынан,
архивтерден жəне бұрын-соңды баспа жүзін көрген əдеби
мұралардан жинаған қыруар этнографиялық деректердің негізінде жазылған тарихи-этнографиялық зерттеу
еңбегі [1]. Монографияның негізгі мақсаты – қазақ халқының ұмытылып бара жатқан озық əдет-ғұрыптарын кеңінен насихаттару, одан ғибрат алуға үндеу. Кітаптың ғылыми-танымдық маңызы, əсіресе қазіргі қазақ қауымы үшін тəлім-тəрбиелік мəні
зор. Жастардың отбасын құрып, бақытты өмір
сүріп, отбасы құруда бұл туындыдан алары жеткілікті. Осындай, қазақ халқының отбасының эволюциялық даму жолын көрсеткен ғұламаның еңбектері еліміздің «алтын» қорында сақталуда. Х.А. Арғынбаевтың ерекшеліктерінің бірі, ол өз халқының өте
бай салтын, əдет-ғұрпын, заттай жəне
рухани мəдениетін, тілін
жетік білетін ғалым болатын. Сондықтан да, оның жарық көрген ғылыми мұралары халық арасына кең таралатын.
Халекеңнің айналысқан, жан-жақты зерттеген
мəселе – отбасының кешегісі
мен бүгіні. Отбасы
тəрбиесі ғасырлар бойы
өмір сүріп келе
жатқан адам баласының əлеуметтік ортасы. Халықтың салт-əдет ғұрыптарының іргетасын
қалауы.
Сондықтан, отбасы тəрбиесі халықтың ой тəжирибесінен, ұлттық дəстүрмен бірге дамып, ұрпақтан-ұқпаққа жалғасып келе жатқан тарихи мұра десек те болады. Отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, мəнін
қорғаған, отбасының
ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тəрбиелеген. «Отан отбасынан
басталады» деген
сөздің мəнісі де осында
[1].
Этнография нəзік ғылым, оны өз халқының ішінен
шыққан маман-этнографтар шығып зерттеген кезде ғана бағы жанады. Осы тұрғыдан алғанда Х. Арғынбаев қазақ этнографиясының көшбасшысы болды.
Х. Арғынбаевтың көп жылдар зерттеген мəселесінің бірі қазақтың төрт түлік мəдениеті. Зерттеуші бұл жұмысты бастаған кезде, 1950 жылдары
бүкіл Қазақстанда мал шаруашылығы атам заманнан келе жатқан дəстүрлі əдістермен бағылатын еді, сондықтан қазақ жерінің түкпір-түкпірінде
жүріп малшылармен, көнекөз қариялармен жүздесіп, бай тəжірибелерін жазып алды. Бұрынғы зерттеушілер байқамаған қазақ жерінің үш жүзге бөліну принципіне сəйкес, əр аймақтың жетекші
түліктері болатынын анықтады.
Арқаға барсаң жылқышымын деме, Жетісуға барсаң қойшымын деме, Үшқиянға барсаң түйешімін деме,
Ұлттық этнография саласында Х.А. Арғынбаев қазақ халқының тұрмысы мен мəдениеті, қоғамдық, отбасылық қарым-қатынастары туралы аса бағалы зерттеулер
қалдырды. Ол кеңестік қилы кезеңнің бұралаң соқпақтарынан өтті. Сол кездегі ғылым саласындағы таптық қатаң талаптың аясында туған халқының салт-дəстүрлері мен əдет-ғұрыптарын ғылыми дəлдікпен зерделей
білді. Қазақ қоғамының рухани байлығы оның бірнеше іргелі монографиялары мен 200-ден астам ғылыми-танымдық мақалаларында, зерделі пайымдауларында терең көрініс тапты. Қазақ халқындағы отбасы мен неке туралы бірқатар еңбектері жарық
көрді. «Қазақ халқындағы отбасы мен
неке» (Алматы, 1964), «Қазақ отбасы» (Алматы, 1996) еңбектерінде Халекең 20–30 жыл бойы ел арасынан жинаған этнографиялық деректер
мен мұрағат құжаттары, тарихи-əдеби мұралар негізінде қазақ халқының отбасылық дəстүрін салиқалы түрде зерттеп шыққан. Бұл зерттеулерде халқымыздың дəстүрлі отбасы жəне отбасылық қарым-қатынастары, некелесу түрлері мен оған
байланысты салт-дəстүр, əдет-ғұрыптары терең қамтылған.
Əр кезеңде өмір сүрген шетелдік ғалымдар мен саяхатшылар өздерінің күнделіктерінде осынау табиғатпен етене жақын, дана қазақ халқы туралы тамсана
жазғаны белгілі.
Қазақтың ата салты, қонақжайлылығы, отбасылық дəстүрі мен əдет-ғұрыптары оларды өте қайран қалдырды. Халел ағамыз бүкіл саналы ғұмырын
осы бай мұраны жинақтауға арнап,
өзінің зерттеулерінде
жалпыұлттық салт-дəстүрден өз
жан дүниесіне азық боларлық алтын арқау іздеген оқырманға, осынау қасиетті қазынаны тереңірек меңгеруге жол салып берді.
Халқымыздың ХІХ ғасырдың екінші
жартысындағы этнографиялық өмірі – күнделікті тұрмысы мен əдет-ғұрпы, отбасылық қарым-қатынастары ұлы
Абайдың шығармаларында айқын суреттелетінін білеміз. Ақынның 150 жылдық мерейтойы қарсаңында шыққан «Абай» энциклопедиясындағы «Халық қазынасы» атты көлемді мақаласында Х.А. Арғынбаев Абайдың өмір сүрген кезеңіндегі халық тұрмысын, салт-санасын өлеңдері мен ғақлияларында сол қалпында көркем бере білгенін
тағылымды түрде көрсетеді.
Сондай-ақ, Х.А. Арғынбаев өмірінің соңына қарай жасап кеткен
аса құнды түйінді
еңбегі «Қазақтар» (тарихи-этнографиялық шолу. Алматы, 1995) атты монографиясы еді. Бұл
зерттеу қазақ халқының тұтас этнос ретінде қарастырылатын этнографиялық өмірін, оның
материалдық жəне
рухани мəдениетін, отбасы,
некелік қарым-қатынасын жан-жақты зерттейтін құнды басылым. Еңбекте халқымыздың шаруашылық кəсібі мен ұлттық киім-кешегі, тұрғын үй мен азық-түлігі, əдет- ғұрпы мен салт-дəстүрі, діни наным-сенімі жайында ел арасынан жиналған экспедициялық мəліметтер, мұрағат деректері
молынан қамтылған [2].
Елі үшін қызмет еткен зерделі ғалымның «Қазақтар» еңбегімен егіздің сыңарындай өлмес мұрасының бірі – «Қазақ шежіресі» жайлы зерттеуі.
Егіні жиналып алынған аңыздан дəн
терген торғайдай, ғұмыр бойы ел ішін аралап, жарғақ құлағы жастыққа тимей халық аузынан, ежелгі салт- тұрмыстан дерек жинаған асыл азаматтың еңбегі бүгінде еш кеткен жоқ. Жаңа мыңжылдықтың басы саналатын
2000 – Мəдениетті қолдау жылында ұлты
үшін аянбай тер төккен ағамыздың еңбегі (С.Мұқанов, В. Востровтармен бірге) «Атамұра» баспасынан «Қазақ шежіресі хақында» деген атпен жарық көрді. Қазақ халқының ұлттық тарихын
зерттеуде тайпалар мен рулардың шығу тегі, шежірелік деректер ерекше
рөл атқарады. Осы тұрғыда «Қазақ шежіресі хақында» еліміз бүгінгі тəуелсіздік алған тұста үш жүздің шежіресін тереңнен тартып, байыпты,
бірегей еңбек саналады. Бұл этнография саласының нар тұлғалары саналатын тарих ғылымдарының докторлары Х.Арғынбаев пен М. Мұқановтың 40 жыл ғұмырларын сарп еткен бұл шежіре нағыз ұлттық, ғылыми тұрғыдан үлкен таным-білікпен
жазылған ұлағатты басылым.
Еліміз еркіндікке қолы жеткен бүгінгідей белесті кезеңде халқымыздың біртуар
азаматы, этнография ғылымының көшбасшысы Халел Арғынбаев ағамыздың есімі жаңа қырынан жарқырап көрінері анық. Зерделі ғалымның мұрасы ғылыми ортада ғана емес, теңіз түбінен маржан тергендей
талмай еңбектенген қазақ сахарасының сан тарабында, көнекөз қариялар мен ізгілікті жандардың жүрегінде сақталып, өзі
өткен сүрлеу-соқпақ даланың дүбірлі жолында сайрап жатқаны
ақиқат.
Əдебиеттер:
1. Арғынбаев Х. Қазақ
отбасы. – Алматы: Қайнар, 1996.
2. Арғынбаев Х. Қазақтар (тарихи-этнографиялық шолу). - Алматы, 1995