Дузбаева Камилла Толебаевна
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық
университеті, Қазақстан
«Компьютерлік графика және геометриялық
моделдеу» курсының әдістемелік жүйесі
Қазақстан Республикасындағы
соңғы жылдардағы экономикадағы және
әлеуметтік жағдайлардағы оң өзгерістермен
едәуір жетістіктер елімздің білім беру жүйесін жетілдіруді,
информатика пәнін оқытуда компьютерлік технологияның
мүмкіндіктерін толық, әрі тиімді пайдаланып, университет
табалдырығында өткізіліп жүрген дәрістердің сапасын
көтеруді талап етуде. Қазіргі нарықтық экономика, бәсекеге
қабілетті елу елдің қатарына ену адамзат баласының
білімді тереңірек меңгеруіне, алған теориялық
білімдерін күнделікті тұрмыста, қызметте, өмірде
дұрыс қолдана алуына ерекше назар аудару керек екендігін мойындатып
отыр. Ғылым мен білімге айрықша маңыз берілуде, өйткені
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің дәстүрлі
халыққа Жолдауында «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған
елдің тығырыққа тірелері анық [1]»,- деген болатын. Компьютерлiк техниканың барлық
салаға екпiндi енуi, соның iшiнде бiлiм беру саласына енуi
компьютерлiк оқыту технологиясын және компьютердi бiлiм беру
саласында колданудың психологиялық-педагогикалық негiзiн
iргелi зерттеудi талап етедi. Компьютермен сұхбаттасудың
интерактивтiк процессiн және компьютердiң
көрнекiлiк мүмкiндiктерiн жоғары деңгейге көтеретiн жаңа ақпараттық
технологиялардың бiрi компьютерлік графика
екеңдiгi белгiлi.
Осы
күнде белгiлi компьютерлiк бағдарламаларды зерттей келе компьютерлiк
окыту жүйесi оқытушы бағдарламалардың жеке дара
түрiнен ғана емес, комплекстi, көп функционалды болу
қажеттiлігін талап етеді.
Психология
көзқарасы түрғысынан қарағанда оқытушы
компьютерлiк жүйелерге қойылатын ең негiзгi талаптарға:
• кері байланысты ұйымдастыру;
• оқудың мотивациясын
қалыптастыру;
• компьютерлiк оқыту жүйесi негiзiнде жеке оқыту;
• сұхбаттасуды жүргiзуді жатқызады.
Бұл орайда, студент пен компьютердің сұхбаттасуын
ұйымдастыруға койылатын талаптарды қарастырайық.
Студент
пен компьютер арасындағы оқыту сұхбаттасуын проектiлеуде оны
симметрия параметрi бойынша бағалау маңызды [2;37].
Компьютердiң функциясына оқу бағыты мен тақырыпты
анықтау, сұхбаттасуды кұрастыруды жатқызсақ,
сұхбаттасу ассиметриясы компьютердiң пайдасына шешiледi. Студенттен
тек қана пассивтiк жауап қайтару талап етiледi. Мұны педагогикалық тұрғыдан
дұрыс деп санауға болмайды. Сұхбаттасу қадамдарын
бастауда студент пен компьютерге
тең мүмкiндiк берiлуi керек. Студенттің сұхбаттасуды кез-келген уақытта бастауға
мүмкiндiгi бар, ал компьютердiң кез-келген уақытта
сұхбаттасуды бастауға мүмкiндiгi жоқ. Бұл жерде студенттің сұхбаттасуға дайындығы, оның
сұхбаттасуға мұқтаждығы, сонымен бiрге
компьютердiң сол сәтте сұхбаттасуды жүргiзу
мүмкiншiлiгi сияқты факторлар iске қосылады.
Сұхбаттасуды
құрастыруда студент өзiнiң iс-әрекеттерiнiң
толық жарамдылығын түсiнiп, өз
iс-әрекеттерiнiң субъектiсi ретiнде сезiнетiндей, орындайтын
iс-әрекеттерiн кеңiнен жоспарлап, қажет болғанда оны
логикалық соңына жеткiзе алатындай, немесе, ойын қандай да
бiр критикалық нүктеге жеткiзiп, үйреншiктi деңгейде
өзiн бағалай алатындай болуы керек.
Студентті
сұхбаттасуға тарту мәселесiн шешуде мiндеттi түрде студентте
сол сәтте сұхбаттасу қажеттiлiгi бар ма екендiгiн
анықтап, сұхбаттасу оның ойын бұзбайтындығын
ескеру қажет. Сұхбаттасудың
бағытын анықтауда дайындық деңгейi ескерiлуi керек. Студенттің дайындық деңгейi тапсырманы
орындаудың қандай кезеңiнде болғандығымен анықталады. Студенттің
сұхбаттасуы өзiндiк мақсат емес,
оның шектен тыс жиiлiгi өзiн-өзi ақтамайтындығын
ескеру керек.
Оқытушы
жүйелерде сұхбаттасудағы өзара байланысты
ұйымдастыруда келесi ескерiлмеген жағдайлар кездеседi:
- компьютердің шектен тыс
көмек беруi, яғни студентке қате жiбергенде шешу жолын
толық көрсетуі;
- жеткiлiксiз
көмек, яғни түсiнiктеменiң және
көмектiң түсiнiксiз болуы.
Сондықтан,
сұхбаттасуды ұйымдастыруда төмендегi жағдайларды ескеру
керек:
- кездесетiн
қиыншылықтың ерекшелiгiн анықтап, студентті ескерту;
- оқытушы бағдарламаны көмек беру мүмкiндiгiмен студентті таныстыруды iске асыру қажет [3;124].
Студент
пен компьютер арасындағы сұхбаттасу байланысын бұзатын
негiзгi себептердiн бiрi - бағалау пiкiрлерде адекваттықтың
болмауы. Адекваттықтың
жоқтығы оқытушы бағдарламада
оқушыны шектен тыс мақтау элементтерi. Егер студент еш қиындықсыз тапсырманы
орындағанда компьютер оны мақтаса, студенттің жұмысқа жауапкершiлiгi төмендейдi.
Бүгінгі
күні білім ордаларында информатикаға,
оның ішінде «Компьютерлік графика және
геометриялық моделдеу» курсын оқыту
әдістемесіне де ерекше мән берілуде. Бар мәселе
Халықаралық стандарттар деңгейінде, әлемдік
деңгейде білім беруге қол жеткізу.
Қазіргі
уақытта информатика сабағын оқытуда компьютерлік технология
арқылы көрнекілік принципті жүзеге асыруға болады,
өйткені компьютер оқыту құралы ретінде, әрі
көрнекі құрал қызметін атқарады. Сондай-ақ соңғы кездері арнайы
машиналық графикамен жабдықталған график салушы бар
компьютерлер де жасалынған. Компьютердің мұндай
мүмкіндіктерін, мүсінші өзінің туындысын түрлі
материалда жасап көргісі келетін, ең
алдымен оның моделін компьютерге ендіріп, әртүрлі
сәулелер түсіру арқылы өзінің болашақ
мүсінінің жобасын тік бағытта айналдырып, алдын-ала
көре алатындығында. Фигураны кескіндеуде
де осы әдісті пайдаланып, сәулелі қалам арқылы айналу
денелерін экранға салады. Компьютер көмегімен тек қана сурет
салып қоймай, кеңістіктегі фигуралардың кескінін
салудың толық мүмкіндіктерін қарастыруымыз қажет.
Өйткені кеңістіктегі фигураларды кескіндеуде компьютердің рөлі ерекше. Графикалық кескіндерді компьютер
экранында кескіндеудің ерекшелігі сол, мұнда тек
жазықтықта ғана емес, кеңістікте берілген фигураны
бейнелеген кезде, оның көрінбейтін көмескі жақтарын
кескіндеуге мүмкіндік бар. Психологтардың зерттеуі бойынша
кеңістік ұғымын елестете білу, бұл-ұғымды
модельден тани білуге қарағанда, кеңістік
ұғымдарын елестету әлдеқайда жоғары екендігін
білдірсе, ал оны компьютерде бейнелей білу, оның компьютерлік
сауаттылығының деңгейін арттырып, кәсіби машығын қалыптастыратындығын
аңғаруға болады.
Компьютерлік
технологияның ең маңызды дидактикалық ерекшелігі
оның ақпаратпен жоғары дәрежеде қамтамасыз
етілгендігінде. Бұл өз
кезегінде оқу үрдісінде уақытты тиімді пайдалануға,
оқыту сапасын арттыруға септігін тигізеді.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Н.Ә. Назарбаев. Жаңа әлемдегі
жаңа Қазақстан // Ақиқат, 2007. -№4. -33 б.;
2. Методические
рекомендации по организации самостоятельной работы студентов в условиях
кредитной системы обучения. – Алматы: 2004;
3. Ә.Бүркіт. Информатиканы оқытудың
теориялық негіздері мен әдістемесі. Шымкент, 1998;