Тоқтыбаева Гүлжахан Сәулебекқызы
Академик
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік универитеті,
аға оқытушы, педагогика ғылымының
магистры
Студенттердің шынайы
көріністер арқылы
көрнекі-абстрактылы ойлау қабілеттерін дамыту
Елбасы
«Қазақстан – 2050» стратегиясының жаңа бағытын
ескере отырып, кәсіби-техникалық және жоғары білім
ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға
деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге
бағдар ұстауы қажет [1].
Көрнекілік – педагогикадағы
дидактикалық тәсіл. Ол ақпараттың,
дәрістің, үгіт-насихаттың, жарнаманың
танымдылығы мен пәрменділігін арттыру жолы, оқытуда заттар
мен құбылыстардың әр қайсысының өзіне
тән жаратылыс бітімін, әр қилы сыр-сипаттарын сезім мүшелері
арқылы байқау, қабылдауға баулиды. Адам қоршаған
ортаны, дүниені, құбылыстарды бес сезім мүшесі
арқылы түйсінеді. Оның ішінде ақпаратты ең
көп қабылдайтын сезім мүшесі – көру түйсігі.
Болашақ инженердің,
сызу және бейнелеу өнері оқытушының,
сәулетшінің, дизайнердің шығармашылық
тәсілінің кеңістіктік пішіні мен оның
жазықтықтағы бейнесін байласынтыратын заңдарды білмей
көзге елестету мүмкін емес. Сол арқылы оқу
үдерісінде болашақ студенттердің көрнекі-образды ойлау
арқылы сызбаларды орындау
білімдерін, дағдыларынғ іскерліктерін қалыптастырудағы
сызба геометрия және инженерлік графика пәнінің маңызды
рөлі байқалады.
Ойлау– объективті шындықты
белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен
игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның
танымдық әрекеті. Ойлау формалары мен құрылымдарында
адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік
тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті
дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген.
Сыртқы дүниені толык тануға түйсік, қабылдау,
елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен
құбылыстарды тек ойлау аркылы ғана білеміз. Түйсік,
қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен
құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады.
Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары
мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның
қажетті қатынастары мен байланыстарын толықтай ашып бере
алмайды. Ойлау тарихы адамның пайда болып, дамуының тарихымен
байланысты. Ойлау – қоғамдық-тарихи қалыптасқан
адам миы қызметінің жемісі. Ойлау мен тіл өзара терең
байланыста, тіл – адам ойлауының құралы. Адам ойы сөз
арқылы өрнектеледі, сөздің ар жағында ой жатады.
Сөз бен ойды теңестіруге болмайды, алайда сөзсіз ойлау іске
аспайды, ой айтылмай, үнсіз тұншығады. Ойды үнсіз
іштегі сөз деп, тілді дыбысталған ой деуге болады. Ойлау тек
табиғи тіл арқылы ғана емес, жасанды тілдер (мысалы,
абстрактылы математика тілі немесе нақтылы-бейнелі “өнер тілі”)
арқылы да іске асады. Ойлау күрделі тарихи-әлеуметтік
құбылыс болғандықтан, оны зерттеумен көптеген
ғылымдар – психология, логика, таным теориясы, лингвистика, кибернетика,
физиология, т.б. шұғылданады. Философияда ойлау белсенділігі,
логикасы туралы мәселелер қарастырылып, оның
ақиқаттылығының өлшемі зерттеледі. Бұл
мәселелер философия тарихында әр түрлі тұрғыда
(материалистік және идеалистік, рационалистік және
эмпирикалық, априорлық және апостериорлық, диалекттік
және метафизикалық, т.б.) зерделеніп, ойлау жөнінде әр
түрлі ілімдер орын алған. Ойлау тек адамға ғана
тән қабілет ретінде оның шынайы адами болмысының
қайнар көзі әрі басты құралының бірі, адам
еркіндігінің мүмкіндігі мен шындығының кепілі болып
табылады [3].
Абстракция(лат. abstractio-
қаз. бұру, аудару) - ойлаудың негізгі операцияларының
бірі. Жеке мақсатқа қатысты ақпаратка
жұмылдырылған және басқа ақпаратты ескермейтін
көзқарас.
Абстракция(лат. abstractio) -
шартты немесе «идеал» денелерді қарап, нақты дененің
қосалқы қасиеттеріне көңіл аудармай
оңайлатылған схема арқылы олардың терең негізін,
мәнін таный білетін әдіс. Абстракты ойлау алуан түрлі
құбылыстарды түсінуге, олардың заңдылықтарын
ашуға көмектеседі.Шындықтағы заттар мен
құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі
қасиеттерін ойша бөліп алуға мүмкіндік беретін
ой-тәсілдерінің бірі. Абстракция-адам менталдығының
субстантивті үрдістерінің бірі. Ол адамға обьекттің
қасиеттерін, аспектілерін, күйлерін дербес заттарға ,
обьектіге рефлексивті түрде бөліп, ауыстыру. Бұл
үрдістің нәтижесі-«абстракция» терминімен атауға
болатын, ойлау өнімінің (ұғымдар, теориялар және
т.б) қалыптасуы. Мысалы, адамның көзіне жақсы
әсер ететін түс ретінде жасыл түс туралы айтып, жасыл
түспен боялған нақты затты айтпауымызға болады. Келесі 1 суретте
көрсетілген.

Сурет 1. Абстрактылы ойлау
Абстракты ойлау бұл
ұсақ мәселелерді ескермей ақ тұтас алынған жағдайда карауға
мүмкіндік беретін ойлау түрі. Ойлаудың бұл түрі
нормалармен ережелерге суйеніп жаңа жаңалықтар ашуға
және сол арқылы шетелге шығуға мүмкіндік береді [1].
Абстрактылы ойлау нақты ойлау,
нақты бір ісі бар объектілермен процестерге жаңа абстракциялы операция жасау болып табылады.
Абсртакциялы ойлау нақты
заттар мен құбылыстардың қасиеттерін ой арқылы
ажырататын тәсіл.
Абстракция (дерексіздендіру) -
нақты заттар мен құбылыстардың қасиеттерін ой
арқылы ажырататын тәсіл. Абстракция нәрселер бейнесін тікелей
сезім арқылы танып білу сатысында қолданыла бастайды.Мысалы,
заттың түрі мен тұрпаты оның түсі мен
реңінен бөлек қарастырылады. Абстракцияның ең
жоғары сатысы заттар мен құбылыстардың белгі
қасиеттерін танып білуде олардың айрықша мәнді
және жалпы белгілерін атап көрсетеді. Абстракция нақтылау сияқты
ой-әрекеттерімен тығыз байланысты. Затты, құбылысты
белгісінен, қасиетінен ажырату ой операциясының функциясы.
Абстракция (дерексіз
түсінік). Абстракция деп ой операциясын, заттардың бірқатар
қасиеттерін ойша дерексіздендіріп, қандай да болса бір бізге керек
қасиетін бөліп қарауды айтады. Мысалы, күш-сападан
маңыздырақ дейміз, бірақ нақты қай күш
туралы әңгіме болып отырғанын: адамның күші ме,
жерге тартылу күші ме түсініксіз әрі ол жағын
түсіндіріп жатпауымызға болады. Бұл жерде өзіндік
қасиеті бар бір нәрседен алшақтап жалпы қасиет туралы
айтамыз.
Бұдан
қорытындылайтынымыз әрине студенттердің көрнекі-абстрактылы ойлау арқылы сызбаларды
орындаудың маңызы, сызбаның
кеңістіктік орналасуы мен жазықтықтағы
кескінделуімен жұмыс істеу
дағдылары қалыптаспағандықтан және өте
нашар дамығандықтан, кеңістіктегі заттың кескінін
елестету жеткілікті түрде қалыптаспағандықтан, тіпті
түзуді өлшеуде қиындықтар туатыны байқалады. Көбінесе мектеп түлектері
мамандық таңдауда, бейнелеу өнері және сызу
мамандығына өте аз көлемдегі білім деңгейінің
баллдық көрсеткішін жинаған жағдайда амалсыздан
түседі. Осы студенттердің көрнекі-абстрактылы ойлау, кеңістіктік
елестету, ойлау қабілеттерін дамыту үшін, өмірдегі көз
алдарындағы заттармен мысал ретінде пайдалан , түсіндіру арқылы жүзеге асыруға
болады.
Қолданылған әдебиеттер:
1 Қазақстан
Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына жолдауы: «Қазақстан-2050»
2 Тоқтыбаева Г.С. Бейнелеу
өнері мамандығы студенттерін графика өнері арқылы
көркем шығармашылыққа даярлау. Проблемы и перспективы профессионально-художественного
образования: сборник научных трудов – Караганда: Изд-во КарГУ, 2014. – 163 с.
3 Роэм Д.
Визуальное мышление. Как "продавать" свои идеи при помощи визуальных
образов / пер. с англ. О. Медведь. М., 2013