Жеке
тұлғаның мінез–құлқында
толеранттылық нышандарын
қалыптастыру мәселесі
Қабылбекова З.Б., Досжанова
Ж.Т.
М.Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
мемлекеттік университеті, Шымкент
Тарихи-эволюциялық үдерісте адамдар мен этностар, діндер мен
мәдениеттер арасындағы өзгешеліктер ауқымы тарих пен
табиғаттың толеранттықты түрлі даму мүмкіндігі
бар үлкен және кіші топтардың өзара өмір
сүруінің ерекше эволюциялық механизмі ретінде қарайтындығын
көрсетеді, табиғи және тарихи тұрғыдан
дәлелдейді. БҰҰ-на мүше мемлекеттер білім беру
саласындағы саясат пен арнайы бағдарламалар негізінде
толеранттық пен зорлық-зомбылыққа қарсылық
идеясын насихаттау бағытында 16 қарашаны жыл сайын
Халықаралық Толеранттық күні деп жариялады.
Толеранттық қағидалары Декларациясына сәйкес
(ЮНЕСКО, 1995ж.) толеранттық азаматтардың өзіндік, жекелік
құқығының сақталуы; түрлі
конфессиялар, саяси, этникалық және басқа әлеуметтік
топтар арасындағы тұрақты үйлесімділіктің
қамтамасыз етілуі, түрлі әлемдік мәдениеттердің,
өркениеттер мен халықтардың сыйластық
қарым-қатынаста болуы; кескін-келбеті, тілі, танымы,
дәстүрі және сенімі әртүрлі адамдарды
түсіну мен бірлесе қарым-қатынас жасауға дайын болуы
сияқты адами қасиеттер арқылы көрініп, азаматтық
қоғамның құндылығы мен әлеуметтік
нормасы ретінде анықталады.
Толеранттық түсінігі латынның шыдау, төзу,
көндігу түсініктерін беретін tolero етістігінен шығады.
Неофрейдизм өкілдерінің еңбектеріне сүйене отырып, (В.
Райх, К. Хорни, Г. Маркузе, А. Миттерлих, Н. Браун, А. Баллок, Э. Фромм)
агрессия жауығудың негізінде, ал толеранттық бейбітшілдік пен
зорлық-зомбылыққа қарсылықтың негізі
екендігін көреміз.
Қазіргі шетел сөздерінің сөздігінде
толеранттық tolerantia деген латын терминінен алынған
ұғым, біріншіден, ағзаның кез-келген бір улы
заттың қолайсыз жағдайына төзімділігі, екіншіден,
біреуге, бір нәрсеге деген шыдамдылық, жұмсақтық
деп көрсетілген.
Испан тілінде toleranсia – «өз пікіріне қайшы келетін
идеялар мен пікірлерді қабылдау қабілеті» деп көрсетілсе,
немісше-орысша сөздікте tolerant «біреудің пікіріне шыдау» дегенді
білдіреді. Қытай тілінде толеранттық «басқаларға
кеңпейілділікпен қарау» дегенді білдірсе, парсы тілінде «шыдам, шыдамдылық, төзім,
татуласуға дайындық» дегенді, француз тілінде tolerant «шыдамды,
мейірбан», ал, tolerare «төзу, қолдау көрсету» дегенді
білдіреді.
Толеранттық категориясын талдайтын болсақ, оның
маңызды аспектілерін төмендегідей көрсетуге болады:-
толеранттық шыққан тегіне; - толеранттық адамның
әлеуметпен қарым-қатынасының ерекше түрлерін
көрсетеді; - феноменге тән маңызды қасиет-көрініс
тұрақтылығы; - толеранттық екі деңгейде
көрінеді дейді: тұлға қарым-қатынасы
түріндегі саналық деңгейінде және саналы әрекет
ретінде көрінетін мінез-құлық деңгейінде; - көптеген зерттеушілер
толеранттыққа тәрбиелеуге болады және оны
тәрбиелеу керек, ол үшін арнайы педагогикалық жағдайлар
ұйымдастырылуы қажет деп атап көрсетеді; -толеранттық
түсінігінің негізгі мазмұны көп өлшемді
қоғамдық тұрмысты түсіну, жеке
тұлғаға сыйластық, жеке адамдардың
ерекшеліктеріне, көзқарастарына, ұстанымдарына, сенімдеріне
шыдамдылық; -толеранттықтың мазмұны көптеген факторлар арқылы ерекшеленеді.
Толеранттылықты өзгелердің
мінез-құлық үлгілерін, нанымдары мен
құндылықтарын либералды қабылдау деп те
ұғынуға болады. Жағымды түсінігінде
басқалардың құндылықтарын қорғауды,
плюрализмді қолдауды және олардың ашық көрінуіне
кедергі келтіруге шынайы қарсы тұруды білдіреді. [1].
Оқушыларда толерантты мінез-құлықты
қалыптастыру мәселесін
зерттеу негізгі әдіснамалық жолдарды ерекше атап
көрсету қажеттілігін туғызады.
Классикалық және қазіргі заманғы
педагогикалық зерттеулерде ұсынылған көптеген
пікірлерден біз Б.И. Третьяковтың ойларын негізге алдық. Біз
толерантты мінез-құлықты қалыптастыруды тұлғалық-бағдарлық,
коммуникативті-диалогтік, мәдени, шығармашылық,
қоршаған орта және жүйелік тұрғыдан
қарастырдық.
Тұлғалық-бағдарлық тұрғыдан қарау оқушы
тұлғасының мүмкіндіктерін жан-жақты есепке
алуға және олардың өзіндік ерекшеліктерін
дамытуға арналған қажетті шарттарды қамтамасыз етеді.
Мақсат парадигмасының өзіндік ерекшелігі
оқушылардың қасиеттеріне, қалыптасуына, дамуына,
қабілеттеріне сай бағдарлау ретінде тұжырымдалады. Тұлғалық-бағдарлық
тұрғыдан қарау баланы қорғаудың негізгі
стратегиясы мен тактикасын көрсетеді. Бұл өзінің
ар-ожданын жете түсінетін және басқалардың ар-ожданын,
құқын, еркін құрметтейтін тұтас, еркін
тұлғаны қалыптастыру[2].
Коммуникативті-диалогтік тұрғыдан қарауда педагог пен
оқушының субъект-субъектілік өзара байланысы маңызды болып
табылады. Бұл шарт тәрбиелік кеңістіктің толерантты
мінез-құлық үлгілерімен толықтырылуын қажет
етеді. Ал толерантты мінез-құлық иелері алдымен педагогтар,
сондай-ақ кейбір оқушылар болып табылады.
Біз өз зерттеуімізде «Этнос» ұғымын анықтауда
С.А. Кравченко, М.О.Мнацаканян, Н.Е. Покровский көзқарастарына
сүйенеміз және этнос деп белгілі бір территорияда тілі,
мәдениеті мен психологиялық ортақ қасиеттері және
өздеріне тән тұрақты ерекшеліктері негізінде тарихи
қалыптасқан адамдардың бірлестігін атаймыз.Әрбір этнос
пен этномәдениет біздің ойымызша,төмендегідей өзіндік
қасиеттерімен ерекшеленеді:
- еңбек іс-әрекетінің сипаты және арнайы
дәстүрлері;
- тұрмыс пен үйдегі қолайлылық,
жанұялық бақыт пен жанұя мүшелерінің
өзара қарым-қатынасы туралы көзқарастары;
- ойын-сауық тәсілдері;
- әдеп туралы, сыртқы сезім мен
құмарлықтың байқалуындағы әдемілік
пен кейіпсіздік туралы түсінік;
- жақсылық пен жамандық, ыза мен әдеп, такт,
құрмет пен сабырлылық және т. б. түсіну.
Ұлттық мәдениет аспектілерінің мәселелері
өз мәдениетіңді сыйлау, оның
құндылығына сеніммен қарау және үнемі
басқа мәдениетпен қарым-қатынаста болумен ерекшеленеді.
Мәдени тұрғыдан қарау келесі мәселелердің шешімін
табуға көмектеседі:
-
оқушылардың өз
халқының мәдениетін меңгеруі басқа
мәдениеттерге кірігу шарты ретінде;
-
оқушыларда әлем
мәдениетінің көп түрлілігі туралы ойды
қалыптастыру;
-
мәдени айырмашылықтарға
дұрыс көзқарасты тәрбиелеу, себебі бұл адамзат
дамуына мүмкіндік туғызады және әрбір жеке
адамның тұлға болып қалыптасуына әсер етеді;
-
оқушылардың басқа
халықтар мәдениетіне кіруі үшін жағдай жасау;
-
басқа мәдениет өкілдерімен
тиімді қарым-қатынас жасау біліктілігі мен дағдыларын
қалыптастыру және дамыту;
оқушыларды рухани татулыққа,
шыдамдылыққа, ұлтаралық тығыз
қарым-қатынасқа, адамгершілікке тәрбиелеу [3].
Ата-аналар балалар тәрбиесі үшін жауапкершілігін
жоғарылатып; отбасында тәрбиелеу өнеріне, балалармен
қарым-қатынас жасауға, бос уақытты
ұйымдастыруға, үй тапсырмаларын орындауға
көмектесуге, нарықтық жағдайларда еңбек етуге
даярлауға үйретіп, үлкен мен кішіге
қамқорлық жасау және балаларға азаматтық
қасиеттерді меңгертуді үйретуі қажет.
Қорыта айтқанда,оқушы тұлғасының
мінез–құлқында толеранттылық нышандарын
қалыптастырудың маңызды шарты, бір жағынан, бала
үшін ортаның маңызын, оныңжеке тұлға
дамуына ықпалын зерттеу болып табылса, екінші жағынан орта
көзқарасы оқушының тұлға ретінде
қалыптасуына мүмкіндік жасауы тиіс.
Пайдаланған
әдебиеттер
1.Кадыржанов Р.К.
Этнокультурная политика в Республике Казахстан // Казахстанская модель
этнополитики: научное издание. —
Алматы: КИССИ при Президенте РК, 2002. — С. 69-82.
2.Калмырзаев А.С. Национальный
менталитет и национальный дух // Казахстанский патриотизм: размышления
политолога о свободе, демократии и национальных ценностях в условиях независимости.
— Алматы: НИЦ Ғылым, 2003. — С. 31-46.
3.Касимова Ж.А.
Межнациональные процессы в Республике Казахстан: опыт и перспективы развития:
автореф. … докт. политол. наук: 23. 00. 02. —Алматы, 2001.
—31 с.