Қазақ тілін оқытудың тиімді
жолдары.
Төлеева
Айгүл Закариақызы и Калиева Жумажан Капановна
№30
ЖББОМ
Қарағанды
қаласы
Қазіргі заман талабы
бойынша білім берудің ақпараттандырудың негізгі
талаптарының бірі – оқу үдерісіне мультимедиалық
технологиялар мен коммуникативтік интерактивті әдістемелердің
үйлесімді байланысы.Мұғалімдер өз сабақтарында
мейлінше интерактивті тақтаны пайдалана отырып, жан-жақты ізденіп,
сабақтарын қызықты, әрі тартымды, нәтижелі
өткізуіне болады. Интерактивті тақтаның мүмкіншілігі
шексіз.
Өзім
қызмет жасайтын мектепте жаңа ақпараттық
технологияларды қолдану кеңінен қарастырылған.
Қазақ тілі кабинетінде интерактивті тақта орнатылған.
Сондықтан, бұл тақтамен әр сабақты
қызықты өткізуді ойластырып, жоспарлаймын, себебі қолда
бар мүмкіндіктерді пайдалану арқылы оқушыларды жаңа
заман технологиясымен жұмыс жасауға үйретуге тырысудамын.Оны
көрнекілік ретінде қарастырсақ, ол оқу
нәтижесінің сапасына оң әсер етері сөзсіз. Бұл – бейнеконференциялар, мектептер арасында
бірлескен сабақтар өткізу үшін қолданылатын ерекше
жүйе. Сонымен қатар, пәндік көрнекі
құралдарды бейнематериалдар арқылы көрсетуге болады.Сабақ үстінде
оқушының жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік
туғызу, сабақтың тақырыбына сай нақтылы міндет
қоя білу – ол әрбір мұғалімнің шеберлігіне
байланысты. Өйткені,
оқушыларды терең әрі жинақты біліммен
қаруландыру, олардың шығармашылық қабілетін,
қызығушылық талғамын дамыту, өз бетінше білімін
толықтандыруға дағдыландыру сияқты күрделі
жұмыстар сабақ барысында қалыптасады. Бұл әрбір
мұғалімді ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа
ізденістерге жетелейді.
Орыс
мектептеріндегі қазақ тілін жүргізу мұғалімдерден
көп дайындықты талап етеді. Мұғалімнің
еңбегінің табысты болуының қайнар көзі
оқушының ана тілі мен қазақ тілінің арасындағы
әр қилы ұқсастықтарын, айырмашылықтарын
есепке ала отырып, соларға негіздей оқытқанда ғана
сабақ табысты да тиімді болмақ.Тілді оқытып,
үйретудің сапасын арттыру әр түрлі
жағдайларға байланысты.Сондықтан қазақ тілін
оқыту-үйрету үдерісінде бұл технологияларды
ұтымды қолдану үшін оқытушылардың өз
кәсіби шеберліктерін, ақпараттық-технологиялық
құзыреттілігін үнемі дамытып отыруы талап етіледі.
Сабақта
интерактивті тақтаны дұрыс пайдалану мазмұнды
ұғымдардың қалыптасуына көмектеседі, оқушылардың
логикалық ойлау және сөйлеу қабілетін дамытуға,
нақтылы құбылыстарды қарастыру және талдау
негізінде, кейін практикада қолданылатын тұжырымдарға
келулеріне көмектеседі.
Сонымен, оқуда интерактивті тақтаны пайдалану
арқылы оқушылардың білімі нанымды болады. Сонымен қатар
интерактивті тақтамен орындалатын жаттығулар
оқушылардың білімді меңгеруін жеңілдетеді, деректерді
есте сақтауға ықпал жасайды.Оқушылардың
көпшілігі естігенінен көргенін есте сақтайтыны белгілі. Аудио
– және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте
сақтауды 40-50 % дейін арттырады.Интерактивті тақтада орындалатын
тапсырмалар бір мақсатқа бағытталған, өзара
байланысты әрекеттердің тұтастығын көрсетеді. Ол
әрекеттер тілдік және ой операциясының күрделенуіне
байланысты болады.Оқу тапсырмаларының негізінен, жазба түрде
орындалуын қажет ететін логикалық тілдік жаттығулардың
арқалайтын «жүгі» салмақты,өйткені бұл
жаттығулар арқылы оқушы қазақ тілі
тақырыптарын грамматикалық ерекшелігін танудың нық
әрі сенімді баспалдағын қалайды және оқушы
үшін маңызды болып табылатын жазу, орфография ережелерін
меңгереді.
Білім берудегі интерактивті тақтаны
қолданудың үш кілттік бағытының
артықшылығын қарастырайық.
1.
Презентациялар, демонстрациялар, модельдеуді сабақтарда қолдану
Интерактивті тақта – визуалды ресурс.
Сабаққа қажетті кез келген суреттер, сызбалар, кесте,
диаграммаларды қолдануға мүмкіндік береді. Интернет желісіне
қосылып ақпарат алуға, оқу материалын
қозғалмалы күйге келтіру, абстрактілі ойлау мен түсінуді
моделдеуге , обьектілерді ойлау мен түсінуді моделдеуге, обьектілер
арсындағы байланыс орнатуға болады.
2.
Сабақ барысында оқушылардың белсенділігінің артуы
Интерактивті
тақтамен жаңа сабақ өткізу кезінде тиімді
қолдануға болады. Әр пәннің өз
ерекшелігімен қатар, өзіндік күрделігі де болады.
Сондықтан ұстаздың міндеті осы күрделікті дұрыс
құрастырып, сабақтың әр сағатын тиімді
өткізу. Жалпы интерактивті тақтаны пайдалана отырып білімін
жетілдіру барысында іскерлігін дамыту, тапсырмаларды орындау барысында
теориялық білімдерін тиімді пайдалана білу.белсенділік танытып
тапсырмаларды ұқыпты орындаған оқушылардың
ой-өрісін жан-жақты жетілдіруіне, шығармашылық
қабілетін арттыруына, белсенділігін дамытуына ықпалы зор.
3. .Уақыт
ұтымдығы
Егер сізде интерактивті тақта болса, сізге
күтуге тура келмейді. Мысалы, жаңа тақырыпты, үй
тапсырмасын жазып уақыт алмаймыз. Алдын ала дайындалған
материалдарды қолдау арқылы тіпті қиын тақырыпты
оқушыларға меңгеруге оңай болады. Қолданылған
материалдарды сақтап қоюға болады.
Тіпті
шетелдік оқыту әдісінде сабаққа келмей қалған
оқушыға дайын материалды беріп жіберіп, меңгеріп алуын
қамтамасыз етеді екен.
Қазақ
тілі сабақтарында электрондық оқулықтарды пайдалану
оқушылардың өз бетінше жұмысын және олардың
жоғары танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай,
логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға,
шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Сапалы электронды оқулық
қашықтықтан оқытуға, тіл үйренушінің
өздігінен оқып үйренуіне мүмкіндік
береді.Қазақ тілінің қоғамдық қызметін
кеңейтіп, оның маңызын, қажеттілігін табиғи түрде
арттыру, жан-жақты дамытудың бірден-бір жолы – тілді
үйретудің сапасына қатаң талап қою, тіл
үйренушілердің өздігінен білім алуын ұйымдастырумен
бірге оның нәтижелеріне тұрақты бақылау жасау.
Бақылау жасау – адамның өзінің алдына
қойған мақсатына қарай жүзеге асырылатын
әрекетінің дұрыстығын қадағалау, тексеру.
Компьютер тіл үйренушінің жауабын бағалайды, келесі кезекте
қандай материал ұсынылуы қажет екенін анықтайды.
Оқу үдерісінде компьютер оқытушы, электронды интерактивті
тренажер, эксперт, іс-әрекет серіктесі, құралы,
үйретуші, тексеруші, бағалаушы қызметтерін атқарады.
Қазақ тілін оқытуда
қолданылатын бақылау, бағалау тапсырмаларын, аралық,
қорытынды сынақтарды компьютерлік жолмен автоматтандыру кезінде
тексеруге кететін уақыт мөлшерін бірнеше есеге үнемдеуге,
бақылау мен тексеруде объективтілікке қол жеткізіледі.
Компьютердің мультимедиалық ерекшелігі тест тапсырмаларын алуан
түрлі етіп, сөйлесу әрекетінің барлық түрін
қамти отырып, қатысым әрекетіне негіздей
құруға мүмкіндік береді. Қазақ тілін
ғаламтор арқылы оқыту жүйесінде қолданылып
жүрген онлайн-тестілеу жүйесінің диагностикалық
мақсаты – бақылау, тексеру, бағалау, статистикалық
мәліметтерді талдау, қорытынды жасау арқылы тіл үйрету
үдерісінің нәтижесін, тіл үйренушінің
қатысымдық құзіреттілігінің деңгейін
анықтау болып табылады, ол өз кезегінде кемшіліктер мен
жетістіктердің себептерін айқындауға, тіл үйрету
үдерісінің әрі қарай даму болжамдарын жасауға ықпал
етеді.
Сонымен,
қазақ тілін орыс мектептерінде оқытудың тиімді
тәсілдерінің бірі –интерактивті тақталар мен жаңа
технологияларды қолдану десек, олардың бала жадын
жаттықтыруға тигізер септігі мол екендігін көруге болады.
Сондықтан, қазақ тілін дамытуда және өз
шәкірттеріңіздің мемлекеттік тілді тереңінен біліп
шығуына өз үлесімізді қосайық.