БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАНУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДЫ ЗЕРТТЕУ

 

Қозыбекова А.Ж.

Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицей

Астана қаласы, Қазақстан

 

Аннотация

В данной статье приведены примененные в нашей практике методы развития критического мышления учащихся начальных классов.

Использованные приемы развития критического мышления на уроках показало положительные результаты в овладении учащимися умениями работать с информацией, умением обобщать, делать выводы,  умением составлять вопросы по изучаемой теме, а также готовность и способности к взаимодействию и взаимопониманию, потребности в самосовершенствовании.

Summary

The methods of development of critical thinking of pupils of initial classes applied in our practice are given in this article.

The used methods of development of critical thinking at lessons showed positive results in mastering pupils abilities to work with information, ability to generalize, draw conclusions, ability to make questions on the studied subject, and also readiness and abilities to interaction and mutual understanding; needs for self-improvement.

Кім де кім ойланбай оқыса, адасушылыққа тап болады.

Кім де кім оқымай ойланса, қиыншылыққа тап болады

Конфуций

Өзгерістерге тез және мобильді бейімделетін, ақпарат ағынында және қоршаған ортада өзін жоғалтпайтын  тұлға тәрбиелеп қалыптастыру бүгінгі заман талабының өзекті мәселесі болып отыр. Осыған байланысты бізді сын тұрғысынан ойлануды дамыту бағдарламасы қызықтырды. Өйткені осы бағдарлама арқылы оқу үрдісін тұлғаны қоршаған ортамен байланыстыра отырып жүргізуге мүмкіндік туғызады.

Сын тұрғысынан ойлану - баланың қызығушылығының пайда болуы, белгілі бір сұраққа өзінің көз қарасы болуы, сол өз ойын логикалық мәлімметтермен қорғауы, зерттеу әдістерін пайдалануы деп айтсақ қателеспейміз. Сын тұрғысынан ойлануды қалыптастырудың әдістемісінің негізі ретінде жүйелі стратегиядан тұратын оқыту жұмыстарының тәсілдері болып табылады.

Балалар табиғатынан қызығушылыққа, әлемді тануға бейім келеді, күрделі сұрақтарды қозғап ерекше идеяларды тудырады. 

Мұғалімнің атқаратын рөлі - ерекшеліктерді байқай алатын көмекші болуы, оқушылардың әлемді тайсалмай тануын ынталандырып отыру және өнімді ойлану дағдысын қалыптастыру.

Сын тұрғысынан ойлану көбінесе пікір талас кезінде, мәтінмен жазбаша жұмыс барысында қалыптасады. Осы жұмыс түрлерімен балалар жақсы таныс, сондықтан оларды аз ғана өзгерту қажет.

Сын тұрғысынан ойланудың модулі үш кезеңнен тұрады:  шақыру кезеңі, мәнін түсіну және рефлексия.

Әр кезеңнің өз мақсаттары мен міндеттері бар.

1 кезең — «Шақыру» (таза парақты жою). Бала өзіне сабақтың тақырыбы бойынша сұрақ қояды: «Мен не білемін

2 кезең — «Мәнін түсіну» (түсінуді жүзеге асыру). Бұл кезеңде бала мұғалімнің басқаруымен және өз сыныптастарының көмегімен бірінші кезеңде қойылған сұрақтарға жауап береді. (Мен не білгім келеді).

3 кезең — «Рефлексия» (Ойлану).Сабақ тақырыбы бойынша баланың ойланып жинақтауы.«Не білдім» [1]

Өз тәжірибиемізден бастауыш сыныптарында дүние тану сабағында қолданған тәсілдерді келтіреміз. 

Дүние тану сабағында «жұқа және қалың сұрақтар» әдісін қолдану өте керемет нәтижелер береді. Сол жақта жәй («жұқа»), оң жақта күрделі («қалың») сұрақтар беріледі. Бұл тәсіл сабақтың үш кезеңінде де қолдана беруге болады: шақыру кезеңінде – тақырыптан алдынғы сұрақтарға жауап беру, мәнін түсіну кезеңінде – оқу барысында сұрақтарды белсенді бекіту, , ойлану кезеңінде – өткен тақырып бойынша түсінгенін бақылау.

 

Тақырып  және мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

Мысалы «Қар. Судың агрегаттық түрлері»:

 

Жұқа сұрақтар

Қалың сұрақтар

Қар дегеніміз не?

Судың үш агрегаттық қалпы?

Мұз дегеніміз не?

Су дегеніміз не?

 

Неге қардың түсі ақ?

Неге мұз қатты?

Табиғаттағы жаңбыр, ұлпа қар, тұман құбылыстарын түсіндір?

 

«Идеялар қобдишасы» немесе «Миға шабуыл»әдісі [2]

Тақырыбы  «Топырақ. Топырақтың маңызы».

- Сабақтың басында балалардан сұраймыз: Жер бетінің құрғақ бөлшегі топырақтан тұрады. Топырақ дегеніміз не? Әр топ алдын ала талқылап өздерінің ойларын айтады:

Топырақ дегеніміз – бұл.......

Тақтада барлық ұсыныстар бекітіледі де, жалпы топтардың жұмысын қорытындылаймыз. Сабақ соңында қобдишаны жаңа біліммен толтырамыз.

 

Білемін

Білгім келеді

Білдім

 

 

 

 

Бұл әдіс сабақтың бастапқы барысында оқушылардың жеке немесе топтық жұмысын ұйымдастыруға көмектеседі. Тақырып бойынша оқушылардың не білетінін немесе олардың ойларын білуге жәрдем береді. Информация алмасу былай жүреді:

1) Оқушылар тақырып бойынша барлық білетінін еске түсіреді.

2)Әр оқушы өз дәптеріне бар білетінін жазады (ұзақтығы 1-2 минут жеке жұмыс).

3) Содан кейін екеу ара немесе топпен информациямен алмасу жүреді. Оқушылар бір-бірімен білетін мәліметтермен бөліседі. (ұзақтығы 3 минут топтық жұмыс). Ұйымдастырылған талқылаудан кейін жалпы кесте толтырылады.

Кестені «Шақыру» кезеңінде толтыра бастайды да, «Мәнін түсіну» кезеңінде жалғастырады, «Рефлексия»кезеңінде аяқтайды.

Тақырыбы «Ауа.Ауаның қасиеті.Ауаның қасиетін анықтау.Ауаның маңызы».

Білемін

Білгім келеді

Білдім

Ауаның құрамы

Ауадан қандай заттарды, қандай әдіспен бөліп алуға болады

 

 

«Кластер» әдісін [3] сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады. Жаңа тақырыпты оқыту барысында, мәнін түсіну кезеңінде кластер құрастырып, топтар құрып, талқылап, рефлексия кезеңінде жұмыстың нәтижесін шығаруға болады.

Тақырыбы «Судың қасиеті. Су-еріткіш».

«Борт журналы» әдісі.

Балалар тақырыпты оқу барысынды өз ұсыныстарын, ойларын, мәліметтерді жазады. Бұл олардың жаңа мәтінді мұқият оқуына ықпал етеді. Оқушылар борт журналына келесі сұрақтардың жауаптарын жазады:

Бұл тақырып бойынша мен не білемін?

Мен жаңа тақырыптан не үйрендім, білдім?

Борт журналының сол жақ тұсы шақыру кезеңінде толтырылады. Оқушылар мәтінді оқып, алған информацияны талқылап, түсініп оң жақ тұсын толтырады. Жаңа тақырыпты оқыту барысында топпен жұмыс жасауды ұйымдастыруға болады: бір бала «Ұсыныстар»графасына ұсыныстардың дұрыстылығына байланысты «+» немесе «–»қойып , екінші бала жаңа информацияны жазып отырады. Топтың жұмысының нәтижесі әр жеке оқушының қатысуымен анықталады.

 

Тақырып бойынша не білемін?

Жаңа не білдім?

 

Ұсыныстар

«+», «-»

 

 

 

 

 

 

 

«Синквейн»әдісі. [4] Синквейнді жануарлар, заттар сипаттамаларын құрастыру сабақтарында қолдану ыңғайлы. Мәтінді оқу барысында бала синквейнді құрастыру үшін қажет заттарды сипаттайтын сөздерді бөліп алады.

« Өсімдік -тірі ағза. Өсімдіктердің тіршілігі»  тақырыбында жасалған синквейннің мысалын келтіреміз.

1.Өсімдік

2.жасыл, сары, көк, қызыл

3.өседі, қоректенеді, өнім береді

4.адамға және жануарға қорек болады

5.Қорек

 

«Космос туралы түсінік» тақырыбы

1.Жер.

2.Көк, үшінші.

3.Айналады, Күн сәулесімен жылыйды, қорғанады.

4.Тіршілік бар планета.

5.Өмір.

 

«Иа – Жоқ», «Дұрыс немесе бұрыс» [5], әдісін «Шақыру» кезеңінде үй жұмысын сұрау барысында қолдануға болады. Жаңа материалды оқыту барысында бірнеше бекітулер беріледі, олардың дұрыстығын немесе бұрыстығын анықтайды,  немесе иа –жоқ деп жауап береді. Балалар көбінесе өз білімдеріне сүйене отырып немесе жәй таңдап отырып жауап береді. Жаңа тақырыпты оқуға дайындық жүреді, түйінді кезеңдер анықталады.

«Рефлексия» кезеңінде: балалардың өздеріне бекітулер құрастырып бір бірін тексеруге тапсырма беруге болады.

Оқушыларға мынадай сұрақтар беруге болады. Мысалы, "Марс планетасында өмір бар екеніне сенесіз бе?"Оқушылар "Иа", "Жоқ", "Мүмкін" тақтада ілінген кестеге жауаптарын көрсетеді.

«Тізбек құру» әдісі бойынша оқушылар синквейндер, суреттер салып бір- біріне дөңгелек үстелде береді. Әр қайсысы алдынғы жазған оқушының ойын жалғастырып өз синвейінін жазады. Сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларына «Ыстық орындық» әдісі де өте ұнайды.

Дүние тану сабағында бастапқы сынып оқушыларының сын тұрғысынан ойлану қабілетін дамыту әдістері оқушыға мынадай әсер береді:

- информацияны қабылдау тиімділігі жоғарлайды;

 - оқу материалына, оқу процессіне қызығушылығы оянады;

- сыншыл ойлану қабілеті өседі;

 - өз білім алуына жауапкершілікпен қарауға мүмкіндік береді;

 - басқа сыныптастарымен серіктестікте жұмыс жасауды үйренеді;

 - оқушының білім сапасы жоғарлайды;

- өмір бойы оқуға бейімделген адамға айналуға жәрдем береді.

Сын тұрғысынан ойлану әдістерін қолданып оқыту мұғалімге мынадай нәтижелер береді:

- сыныпта ашық және жауапкершілікті серіктестік орта жасауға мүмкіндік береді;

- оқыту моделі мен тиімді әдістердің жүйесін қолданып, оқушылардың сын тұрғысынан ойлану қабілетін дамытуға мүмкіндік береді;

 - өз жұмысын сауатты талдай алатын тәжірибие алуға көмектеседі;

- Басқа оқытушыларға бағалы шығармашылық информация көзіне айналады.

Сабақта қолданған сын тұрғысынан ойлануды дамыту тәсілдері оқушылардың ақпаратпен жұмыс жасауға, пайымдау, зерттеп жатқан тақырып бойынша сұрақтар қою, бір-бірімен әрекеттесуі мен түсінуі, әрдайым жетілдіріп отыруда оң нәтижелер берді.

Теория жүзінде оңай көрінгенмен, тәжірибие барысында бірнеше қиындықтар туды: мұғалімге сабақты толық өзгертуге тура келеді, дайындыққа өте көп уақыт кетеді, дайын әдістемелік жобалар жоқтың қасы, әр сабақта қолдануға мүмкіндік жоқ. Бірақ мұғалім мен оқушылардың шығармашыл ойлануына үлкен мүмкіндік туады.

 Бұл зерттеуде көптеген тәсілдердің ішінен тәжірибиеде қолданған тәсілдер ғана келтірілді. Қорытындылай келе, мұғалім әр бір балаға жеке дара тұлға екенін сезіндіруге көмектесуді, өздігінен дамуға жағдай жасауды өз педагогикалық міндетім деп білуі тиіс. Ал ой тұрғысынан ойлануды дамыту тәсілдері сол міндеттерді жүзеге асыруға жәрдемдеседі.

 

Қолданылған әдебиеттер

1.                 Заир-Бек С.И., Муштавинская  И.В. Развитие критического мышления на уроке / С.И. Заир-Бек., И.В. Муштавинская. – М.: Просвещение, 2011. – 223 с.

2.                 Муштавинская И.В. Технология развития критического мышления на уроке и в системе подготовки учителя / И.В. Муштавинская. – СПб.: КАРО, 2009. – 144 с.

3.                 Ташенова А. Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту // Білім-Образование -2006. -№6. 3-4 б.

4.                 Бустром Р. Развитие творческого и критического мышления.  СПб: Издательство «Альянс «Дельта», 2003. - 134 с.

5.                 Загашев И.О., Заир-Бек С.И. Критическое мышление: технология развития. - СПб: Издательство «Альянс «Дельта», 2003. - 284с.