Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру жолдары.

«Надан жұрттың күні –қараң, келешегі тұман»

М.Дулатов

Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет– сапалы білім мен саналы тәрбие беру, шәкіртердің талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Баланы жан-жақты жетілдіруде үлкен танымдық баспалдақтарына жетелер дағды – машықтарды қалыптастыруға жол ашатын оқыту мен тәрбие технологиясын жете білу, оны меңгеру, өз біліктілігін арттыру.

Оқушы қабілеті дегеніміз оның педагогикалық ықпал аясында білім алу әрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту әдістері, оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді. «Қазақстан-2030» атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең негізділерінің бірі- жоғары интелектуальды жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу. Сондықтан, ұстаз-мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі- жаңа технология негіздері болып табылады. Орыс  тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қазіргі қоғам талабына сай ой-өрісін дамыту, шығармашылығын кеңейту, дамыту, терең білімді, бәсекеге қабілетті тұлғаны жасау, заман сұранысына сай ізденімпаз тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Қорыта айтқанда, оқыту процесінің нәтижелі болуы ұстаздың сабақ беру шеберлігіне, сабағын қызғылықты жүргізіп, зейін қойдыра білуіне, оқушылардың өздігінен білім алуға үйренуіне байланысты. Қандай да болмасын жаңа әдіс-тәсілдер әрбір оқушының өз бетімен оқып үйренуіне сенімін ұялатып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, қорытынды жасай алуына, сөйлеу мәдениетінің өсуіне ықпал етеді, білім сапасын арттырады. Жаңа әдіс-тәсілдерді мән-мағыналарына, ерекшеліктеріне қарай таңдап қолдана білсек, балаға білім беруде ұтарымыз анық.

Шәкірт бірлесіп үйренуде кішігірім топтармен, жұппен жұмыс жасауда ортақ проблемаларды талқылағанда жаңа пікірлерге шығармашылықпен қарау тұрғысында жаңалықтар ашу барысында жұмыс істейді. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып сол ойларды көрсетеді. Шамалары келгенше қорғап шығуға тырысады. Бірлесіп жұмыс жасағанда мына жайттарды есте ұстаймын:  Сыйластық ; Жауапкершілік ; Топтың барлық мүшелерінің кезепен сөйлеу дағдысын үйрету;  Сөйлесуде әлеуметтік қарым – қатынас жасау, дағдыларын қалыптастыру; Топта ұтымды жұмыс істеу. Өз ойларын ашық айтуға жетелеу. Өздерін және өзгені бағалау. Мұғалімдердің, оқушылардың топ ішінде сөйлеуін бақылау және қажет кезде кірісіп сөйлеп кету;

 Бірлесіп жұмыс жасауда қол жеткізген жетістіктерім:
Оқушының ең алдымен есте ұстау қабілетінің жоғарлауы; Жиі- жиі ой талқасын жасау және терең түсінікпен ойлаудың дамуы арқылы оқушыны сөйлету; Сабақта өз бетімен бақылаусыз отырғаннан гөрі оқушынының жұмыс басты болуы; Бір нәрсеге үйрету мәнді түрде қызығушылығын оянуы; Бірлесіп жұмыс жасау кезінде топ мүшелерінің ұлтына, жынысына, қабілетіне, әлеуметтік жағдайына қарамай олардың бір – біріне дұрыс көзқараспен қарап, ойларын түсінеді.

Оқушылар жұмыс жасау барысында бір – біріне көмектесіп, ойларын ортаға салады, ынталарына күш – қуат бере отырып, өздерінің білім алуын көтермелейді, оқуға, жазуға, тыңдауға, сөйлеуге кең мүмкіндіктер беретін ортада оқушыны өз пікірлерін еркін жеткізуге жағдайлар жасайды.
Сабақ үстінде жан – жақты сұрақ қоюда да мұғалім мүмкіндігінше барлық оқушының жауап беруін қамтамасыз етуі керек. Сұрақ қоюдың қарапайым түрінен терең ойлауға дейінгі түрлері бар екендігі белгілі. Ал ұстаздың мақсаты- оқушының ойлау сатысы ең төменгі деңгейден жоғары терең ойлау деңгейі түсінуден басталады. Одан кейін қолдану, анализ, синтезге дейін жоғарлайды. 

Жаңаша жаңғыртып оқыту, интерактив әдістер, жаңа технологиялар тіл үйренушінің танымдық, білімдік белсенділігін тудыруға, уәждемесін тудыруға бағытталған. Бірақ бұның бәрі оқытушының  шеберлігіне байланысты, оқытушы  үнемі ізденісте болуы қажет. Мұғалім жұмысты ұйымдастыра білуі қажет: мақсат қою, жұмысты жоспарлау, тапсырманы бөлу, оқушының әрекетін бақылау және бағалау, мұғалім шәкірттердің кеңесшісі болады. Жұмысты ұйымдастырып, топқа бөліп, әр топқа тақырып беріп, оларды талқылау көзделеді. Келесі әр шәкіртке жеке-жеке тапсырма  беру, одан кейін жұптық тапсырмаға әр түрлі тапсырмалар беруге болады. Соңында бүкіл топ өз жұмыстарының нәтижесін талқылайды, бір-бірін бағалайды.

Жаңа ақпараттық технологияның  әдіс – тәсілдерін қолданудың  тиімді жақтары:

Оқушының оқуға деген ынтасы артады;

Әр оқушының жеке қабілеті айқындалады;

Үлгерімі нашар оқушыға көңіл бөліп, оларға көмектесу мүмкіндігі туады;

Жақсы оқитын оқушының тереңірек білім алуына жағдай туады;

Әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;

Оқушы өз білімін бағалай білуіне бағыттауға мүмкіндік береді.

Қорыта айтқанда, оқушыларды шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет етуге бағытталған тапсырмалар саны көбейгенде ғана, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз.

Президентіміз Н.Ә. Назарбаев: «Біз өмір бойына жететін білім алу» моделінен «өмір бойы білім алып өту» моделіне көшуге тиіспіз»-деген пікірі өзгерем деген әрбір оқушының да, мұғалімнің де, басшының да  рухани азығы болуы тиіс. Олай  болса  келешек  ұрпағымыздың  жан-жақты,  терең білімді, яғни  интеллектаулды  деңгейін  жоғары  болуына   қойылатын талап  зор.