Х.ғ.к. Жумагалиева Ж.Ж.

Х.ғ.к. Жаксибаева Ж.М.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік  университеті,

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

Қазақстан

Топтық жұмыс әдістерін студенттерді оқытуда тиімділігі

Жаңа педагогикалық тәсілдердің мақсаты мен міндеттері – сабаққа өзгеріс енгізіп, жаңаша өткізу, студенттердің белсенділігін, шығармашылық қызығушылығын арттыру[1].

«Химия» мамандығы бойынша оқитын 3, 4-курс студенттеріне «Су және азық-түлік анализі» пәнінен «Су. Судың физикалық және химиялық қасиеттері. Судың қолданылуы», «Коллоидты химия»пәнінен «Коагуляция. Коагуляция тұрақтылығы», «Мұнай және мұнай өнімдерін анализдеу әдістері» пәнінен «Мұнайдың қоршаған ортаға әсері. Мұнайдың пайдасы мен зияны»тақырыптары бойынша дәріс, семинар сабақтарын өткіздім. Курс аясында үйретілген деңгейлі бағдарламаның жеті модуліоқу үдерісінде тәжірибемен ұштастырылды. Топтық жұмыстардың пайдасы мен тиімділігі студенттер өз ойын ашық айтып, бір-бірін тыңдауды, бірлесіп ұжымда жұмыс жасауды үйренді. Топтық жұмыстың бірнеше әдіс-түрлерін:«Джигсо», «Галерея» «Микс», «SWOT-талдау» тиімді қолдандым.

Эмоциялық жағымды ахуал орнатып, студенттердің белсенділігін арттыру үшін алғашқы сабақ сергіту сәттерінен басталды. Студенттерді жаңа сабақтың тақырыбын пайдалана отырып төрт топқа бөлдім. Топтық жұмыс«Джигсо әдісін» қолдандым.Төрт топқа жаңа тақырыптарға сай дайын мәтіндер (ресурстар қоры) берілді: 1-парақта «Су. Судың физикалық және химиялық қасиеттері», 2-парақта «Судың алу жолдары»,3-парақта «Суды тазалау әдістері»,4-парақта «Судың маңызы және қолданылуы».Осы тақырыптар аясында су, судың қасиеттері, алу жолдары туралы түсінік қалыптастыру, білімін жетілдіру үшінстуденттермен өткізілген топтық жұмыстардың көп көмегі тиді.

Топ студенттеріне берілген алғашқы тапсырма: топ ішінде өзара талдау, студенттер бір-бірімен өзара пікір алмасып, қызу талқылады. Әр топ мүшелері берілген ақпаратпен танысып, өзара талқылай отырып жаңа сабақты игерді. Өзара топта талдап, жаңа тақырыпты толық түсінгеннен соң, топ студенттері жан-жаққа бөлініп, игерген тақырыбы бойынша басқа топтарға түсіндіреді. Келесі тапсырма: жаңа сабақтың тақырыптары бойынша Галерея әдісін қолданып топ мүшелері кезек-кезек өз тақырыптарын қорғайды. Яғни, студенттер «Кластер», «Түймедақ», «Фишбаун», «Шырша» атты постер түрлерін дайындап, жаңа тақырыптың негізгі ұғымдары мен химиялық реакцияларын жазды. Қалған тыңдаушылар тыңдап, топ жұмысына баға берді (стикерге жазба жазу арқылы).

Сын тұрғысынан ойлау – миға шабуыл кезеңінде студенттерге «Су. Судың таңғажайып қасиеттері» атты бейнесюжет көрсетілді. Сосын, студенттер өз топтарында бейнесюжетті талқылап, негізгі түйінді идеяларымен бөлісті.

МИКС әдісі бойынша топ мүшелері тақырыпты шығармашылық деңгейде аша түсті. Сабақтың соңында топ студенттерінің жұмысы «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау критерийлері бойынша бағаланды. Студенттер жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып сабақты меңгерді, білімдерін жинақтап, қорытынды жасады.

Қазіргі жаңашыл педагогикалық әдіс-тәсілдердің басты түп қазығы - аз уақыттың ішінде бірнеше жаңа тақырыптарды тез игеру, көп мәліметтерді қамту. Топтық жұмыстарды өткізгенде студенттердің белсенділігінің артып, пәнге деген қызығушылығының оянғанын көрдім. Себебі студенттер топ ішінде бір-бірімен ойларымен бөлісіп бір-бірін тыңдауға мүмкіндік берілді, өзара пікір алмасты, өз беттерімен ізденуге жағдай жасалды. Тапсырмаларды орындау барысында студенттердің шығармашылық ойларының еркіндігі, енжар отыратын студенттердің тақырыпты талқылауда қызу кірісіп, белсене қатысқаны таң қалдырды.

Оқу үдерісінде қолданылған жаңа интер белсенді әдістердің сәттілігі: студенттердің белсене атсалысуы, сабаққа қызығушылықтарының артуы, өзара пікір алмаса отырып өз ойларын еркін айта алатын дәрежеге жетуі [2]. Педагог мамандарды даярлайтын жоғары оқу орны болғандықтан болашақ мамандардың үлкен аудиторияда қымсынбай ораторлық сөйлеу қабілеттерін арттыру ең маңызды шарттардың бірі. Сондықтан топтық жұмыста студенттердің ашылып, өз ойларын еркін сөйлеп, жеткізе білуі қол жеткен табысымның бірі деп есептедім. Берген мүмкіндіктері: тақырып толық ашылды, топ студенттерінің білімі бір мезетте толық бағаланды, уақыт тиімді пайдаланылды. Сәтсіздігі: топ студенттерінің арасында келіспеушіліктің болуынан эмоциялық жағымсыз ахуалдың орнауы, араздықтың орнауы, ортақ бір шешімге келе алмауы.

Рефлексияның студент үшін тиімділігі:

v      өзін әрі басқа топ студенттерін бағалай алды;

v      қызығушылығы артты;

v      шығармашылық қабілеті дамыды;

v      білім сапасы жақсарды.

Рефлексияның оқытушы үшін тиімділігі:

v      әрбір оқушының пікіріне құлақ түріп, тыңдайды;

v      өзісіне деген ынта-жігері, құлшынысы артты;

v      шығармашылық ізденісті тәжірибеде іске асырды;

v      педагогикалық шеберлігі шыңдалды.

Оқытушының кәсіби дамуы - білім беру жүйесін жаңартудың негізі. деңгей бағдарламасында қолданылған оқыту амалдары көбінесе студенттерге жағымды әсерін тигізді.

Болашаққа қойылған Smart мақсат - студенттермен топтық жұмысты тиімді қолдану және жақсарту, сабақты алдын-ала жоспарлау, қажетті ресурстармен қамтамасыз ету.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     Тренерге  арналған нұсқаулық, 2015 жыл – 122 б.

2.Студенттерге арналған нұсқаулық, 2015 жыл    - 184 б.