Педагогика.
Современные методы педагогики
Агманова
Сатен Рамазанқызы
математика пәнінің мұғалімі
Шығыс Қазақстан облысы ,Үржар
ауданы, Қарақол орта мектебі
Әл-Фараби
және Абайдың философиялық ойларының математикалық моделі
Арманын қатал тағдыр
қалқалған
Жүрегін жүдеу күндер паршалаған
Адамзат ұрпағы үшін
Әл-Фараби
Бір өзі , алуан міндет арқалаған
А.Түгелбаев
«... Бұл кісіден бұрын да ,
кейін де даналар болды .Бірақ олардың ішінде дәл Фарабидей
геометрия , музыка , астрономия сияқты үш ғылым саласына
бірдей ұлы үлес қосқан аса ірі жаңалық ашқан
ғалымдарды табу қиын ...» Бұл жарты ғасырдай
уақыт бойы үзбей Әл – Фараби мұрасын зерттеумен
шұғылданған ғұлама ғалым Ағжан
Жақсыбекұлы Машановтың тұжырымы . Ғалым
Әл-Фарабидің математикалық , әсіресе философиялық
трактаттарын , ұлы бабаның музыка теориясына арналған ойларын
математикалық жолымен өрнектеп , геометриясын аспан әлемімен
аттастыра қазақтың ежелгі аспантаным түсініктер
тұрғысында тұжырымдап Әл-Фараби тұлғасына
сомдап , зерделеп берді.
Әл-Фараби көп қырлы
ғұлама , ұлы ойшыл , философ , өнерпаз , ақын .Ал
біздің заманымызда оған жақын , рухани сабақтас адам
деп Абайды айтар едік . Ұлы адамдар дүниеге мың жылда
бір-ақ рет келеді дегендей қазақ топырағынан
шыққан екі ойшыл данышпанның арасы да мың жыл шамасы .
Ұлы дана Абайды халқымыз осы уақытқа дейін ақын
ретінде танып әдеби шеңберімен шектеліп келді.Ол кісінің
ғылыми,табиғи, философиялық,музыкалық мирастары
бүгінге дейін өз деңгейінде зерттелмей отыр .
Абай қара сөздері ,
ғылыми ойға философиялық толғамға тұнып
тұр . Әл-Фараби ілімінің ізін Абай шығармаларының
бәрінен кезіктіруге болады.
Әл-Фараби «Табиғат тағылымы» еңбегін жазса Абай
«Табиғат лирикаларын »жазды. Бабаның «Әр адамның
ғаламда орны бар» деген тұжырымын , Абай : «Сен де бір кірпіш
дүниеде »деп анықтай түседі . Сол сияқты Әл-Фараби ғаламның
тартылыс күшін магнитте , жер заты темір деп бүгінгі қапысыз
дәлелденген ғылымиойын , Абай : « Қара жер адамзатқа
болған мекен , қазына іші толған әр түрлі
кең . Ішінде жүз мың түрлі асылы бар .Солардың
ең артығы қайсысы екен ?»деп жұмбақтап баба
ойынын шешуі екенін айтады.
Әл-Фарабидің математикалық
ілімінде сандар талданады, заттардың жазық бетін бөлшектеуде
ең кішкене бөлшек үшкіл түрінде болады .Өйткені
үш ноқат арқылы тек бір ғана жазық бет
жүргізуге болады . Сол себептен ерте заманда үшкіл деген сөз
заттардың бөлінбейтін ең кішкене бөлшегі – атомы болып
есептелген .
Әл-Фараби геометриялық
фигуралар арқылы сиқырлы сегіз санының қасиетін
көрсеткен . Ал Абай болса дүниенің сегіз сипатын адам бойынан
тауып «Сегіз аяғын » жазды.Әл-Фараби ашқан
табиғаттың сегіздік заңдылығын Абай дан парасаттылық
уағызына қолданған .
Әл-Фараби
үшкілі .
Ұлы бабамыз , данышпан Әбу
Насыр Әл-Фараби hандаси
(геометрия ) ғылымын барлық ғылымның негізі деп
санайды. Ол кісі осы салада зор мирас қалдырды . Арабша hандаса
(геометрия- жер өлшеу) сөзі hандай – симметрия тәртібі деген
түбірден шығады .
Әрбір заттың өзіндік
өлшемдері бар . Оның сыртқы бетін өлшеу геометрия
ғылымының негізгі әдісі болмақ . Заттың
сыртқы бетін , соның ішінде жердің бетін өлшеу үшін оны үшкілдерге
бөледі . Демек үшкіл өлшеу заттардың бет бейнесін
өлшеудің әліппесі деуге болады. Сол әдісті
қазіргі ғылымда триангуляция деп атайды . Оның мағынасы
үшкілден өлшеу болып шығады.
Әл-Фараби үшкілі күнді
айнала қозғалған жер , жұлдыз , ай
қозғалысын сипаттайды.Әл-Фараби үшкілінің екеуін
айқастырып сызса,сонда төртбұрыш шығады .Бұл
дүниенің төртбұрышын бейнелейді .
Абай
үшкілі
Абай үшкілі деп отырғанымыз
үш саладан басқосқан нәрсе : Қайрат, Ақыл ,
Жүрек . Абай өзінің 17 қара сөзінде осы
үшеуінің өнерін салыстыра келіп , ғылымға билік
айтқызады . Ғылым былай деп шешеді . Үшеуіңде бірдей
керексіңдер .Біріңсіз бірің жеке тұра алмайсыңдар
. Үшеуің бас қосыңдар . Мен сендердің жағында
боламын . Жүрекке басшылық беру керек. Мен сол жүректі
қолдаймын. Ескендір (Македонский) әрекетін алып
қарағанда қайрат бар . Ол : «Талпынған ,
талаптанған ер». Оның қасында ақыл бар .Оған
жетпей жатқаны жүрек сезімі , аяушылық , кішіпейілділік ,
өзінің ішкі дүниесіне ой жіберу , қанағат ету ,
шүкірлік , сабырлық.Абай және Мысыр үшкілін сызбамен бейнелей
отырып ,Абай идеясын математикалық тұрғыда бейнеледік .
Абай үшкілі
Мысыр үшкілі
3

![]()
ақыл
жүрек 4 5
қайрат
Мысыр үшкілі қатар келетін
үш санымен шектеледі . 3,4,5. Осы үшеуінен тік бұрышты
үшбұрыш шығады. 9+16=25 Осы үшеуіне сәйкес
9орынды ,16 орынды , 25 орынды ғажап шаршылар бар . Мысалы 9 ұяда қай бағытта
санағанда үш санының қосындысы 15тең . 16 ұясының тұрақтысы 34; 25ұяныкі 65 тең .
Ақжан Машановтың зерттеу
негізінде Әл –Фараби және Абай үшкілдерін талдай отырып
осыған сәйкес XXI ғасырдың интеллетуальды
тұлғасының моделін жасауда Абайдың
философиялық ойларын пайдалану бүгінгі күннің басты
талабы.
XXI ғасырдың интеллектуальды
тұлғасының моделі
XXI
ғасыр жаhандану ғасыры . Ақпарат құралдары мен
теледидар шапшаң
қарқанмен дамыған бүгінгі заманда небір
жағымсыз : ұрлық , бұзақылық , шабул жасау
, зорлық зомбылық сияқты іс әрекеттер үзбей
көрсетілуде . Осыған еліктеген жастар небір қылмыс
түрлерін жасауда . (ақша бермегені үшін ата анасын
бөлшектеп өлтіруге дейін баруда )
Компьтерлік қатігездік ойындар
балалар мен жасөспірімдер психологиясына үлкен әсер етіп
өзгертуде .
Темекі , арақ , нашаға
уланған әлсіз ,жігерсіз , жасық , дәрменсіз , арсыз ,
даңғой , мақтаншақ жастар көбеюде .
Өз тіліне менсінбей қарап , өзге тілде
шүлдірлеген мәңгүрт жастар өздерін заман
ағымына сай азамат деп сезінуде . Қазіргі таңда
қылмыскерлердің басым көпшілігі жастар . Оған
кінәлі кім ? «Адам баласын заман өсіреді , кім де кім жаман болса ,
оның замандастары бәрі виноват» деген ұлы Абай.
![]()
Ата-ана
Ақыл
Адамның адамшылығы Ғылым жақсы құрбы
ұстаз
дейді
данышпан Абай .
Адам адам баласынан
озады: Адам болам десеңіз :
Бес
нәрсеге асық бол

ақыл талап
терең ой
ар
ғылым
еңбек қанағат
мінез рақым
|
Кішіпейілділік |
Қайырым дылық |
Иманды лық |
|
Алғырлық |
Парасатты лық |
Дарынды лық |
|
Батылдық |
Қайсарлық |
Еңбекқор лық |
Жылы жүрек
Нұрлы
ақыл
Ыстық
қайрат
Абай хакімнің қара сөздері –философиялық
ойларға толы. Адамның танымдық іс –әрекетін яғни ,адам табиғатында кездесетін
жағымды , жағымсыз қылықтарын адамды аздыратын
жәйіттардың бәрі кездеседі.
Адамның ақыл ойының
толысуын, сегіз қырлы бір сырлы
және жан жақты дамуын Абай
бабамыз «толық адам» деп бағалаған.Олай болса, Абай
үшкілін : үшбұрыш , шаршы , бесбұрыш , сегізбұрыш
, шеңбер арқылы Абай бабаның философиялық ойларын
бейнеледік. XXI ғасырдың
интеллектуальды тұлғасының моделі Абай бабаның
«толық адам» идеясымен астасып
жатыр.
Абайдың «толық
адам» туралы идеясы
Тілін құрметтейтін
Таоаотмтмтмтм
Дені сау Білімді Намысты Отанын сүйетін

Адал![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
н
Адамгершілігі мол Ер жүрек Ақылды
Елін, жерін шексіз сүйетін
ұлт жанды халқының қамын ойлап жоғын
жоқтайтын интеллекуальды деңгейі биік тұлғаны
қалыптастыруда Әл –Фараби мен Абайдың философиялық ойларының маныздылығы ерекше.