Педагогика. Современные  методы  преподавания

Сапарова  Динара  Джульбарсовна

қазақ тілі  мен  әдебиеті пәнінің  мұғалімі

      №117 жалпы  білім  беретін  мектебі Алматы қаласы, Қазақстан

 

Тілдік  қарым-қатынаста  диалогтік  оқытуды   тиімді  қолдану


          Егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке апарар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты  тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі  білім беру  жүйесінің алдына  оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр Білім берудің ұлттық модуліне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, практикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог, іскер мұғалім  қажет. Бұрынғы оқушы тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі  оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Қазіргі заман  талабына сай мұғалім «білім бұлағы»  емес, «білім  бұлағына»  жеткізуші, яғни  білім  алу жетекшісі болуы тиіс. Осы кезде мұғалімнің талапқа сай оқушының білім алу белсенділігін жоғарылату  мақсатында  жаңа технологиялар меңгеруі қажеттілігі   отыр.  Осы  талаптарды  орындау барысы мен оқыту  мен  оқу  сапасын  жақсартуда  өз  тәжірибемде  оқытудағы  жаңа  әдіс-тәсілдердің  бірі - диалогтік  оқытуды  кеңінен  қолданамын.

      Диалогтік  оқыту тәсілі тәжірибемде  өз тиімділігін  көрсетіп,  оқушыларымның  пәндік  білімдерді  игеруге  деген  құлшыныстары  мен  қызығушылықтарын арттыруда. Диалогтік  оқыту-  ұжымдық және өзара білім алмасуға жағдай туғызады. Бұл тәсілмен оқыту топпен әңгімелесу, сұхбаттасу, “миға шабуыл” логикалық сұрақ-жауап әдістері арқылы жүзеге асады. Топпен жұмыс жасау арқылы тұйық балалардың да тапсырманы талқылауға еркін араласа бастағанын аңғарып жүрмін. Диалог арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту мақсатында шығармашылық тапсырмалар да орындатамын.  Жұппен, топпен әңгімелесу тәсілін қолдану барысында оқушы мен мұғалім арасында  кері байланыс орнайды. Оқушыға проблемалық сұрақтар қоя отырып, олардың  терең ойлауына, ойын еркін әрі ашық жеткізе алуына мүмкіндік беремін. Осындай жүйелі жұмыстар оқушылардың арасында  кішкентай  дарындардың шығуына да жол ашады

     Ғылыми зерттеу  нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсетуде. Мерсер мен Литлон   өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын  арттырумен қатар  олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетті. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым - қатынас пен достарымен  бірігіп  жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнативті дамуына әсер ететіндігі айтылған. Выготский когнетиві дамудың оқушылар өздерінің «Жақын арадағы даму аймағында» (ЖАДА) жұмыс істесе жағдайда жақсаратынын атап көрсетеді. Диалог барысында оқушылар  нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу»  барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы жүзеге асады.
       Барнс пен Мерсер зерттеушілік әңгіме – мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде оларды өзара дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі  деп айтқан. Ендеше, оқушылардың  өзара әрекет дағдыларын дамытудың  бір тәсілі - топтарға берілген ортақ  проблемалар  арқылы түйінді  шешімге  келетіні анықталды. Тапсырмаларды  орындауда  оқушылар ұжыммен өзара кеңесіп, талдап, талқылап ортақ шешімге келіп, түсіндіреді. Кластерге түсіріп, тақырыптарын қорғайды.
     Оқушылардың өзара әрекет дағдыларын дамытудың тағы бір тәсілі – оқушылардың бір-біріне сұрақ қоюы.
    Сыныпта сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі, сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізуі үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың  екі түрі - төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар қолданылады. Кей кездері төмен дәрежелі сұрақтарды «жабық» немесе «дұрыс емес» сұрақтар деп те атайды. Олар  жаттап  алуға бағытталған  және де оған берілген  жауап бағаланады. Ал жоғары дәрежелі сұрақтар  қойылғанда, оқушылар  ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады.
      Нейл Мерсер, А. Дайалогос  пен Литлтон еңбектеріндегі сапалы оқытудың бір көзі, әңгімелесу яғни, адами когнитивті және әлеуметтік даму негізінде оқушылардың қызығушылығын диалогтық стратегияларды қолдану арқылы жүзеге асыру  қажетті десе, ал Рэгг және Браун ұсынған зертеулеріндегі оқушылардың жауаптары мен түсініктемелеріне қарай әрекет етуінің түрлерін тиімді қолдануды  ұсынады. Ендеше, өз сабақтарымда диалог пен әңгімелесу тиімді екенін, оның өзара әрекеттесу дағдыларын  дамытатынын тәжірибе жүзіне енгізудемін.       

       Бразилиялық  педагог  Фриери айтқандай әр адам оқу процесіне сыни тұрғыда қатысып, адамдармен диалогтық әңгімелесуге қатысуға қабілетті екендігіне негізделген  білім  теориясын  әзірлейді. Фриери  теориясының негізінде осы тәсілге жағымды энергияны енгізуге арналған «педагогиканың мүмкіндіктері» термині жатыр.   
    Өткізген сабақтарымдағы оқушылардың өзара әрекет дағдыларын дамытудың тағы бір тәсілі - аффективті (эмоционалды) сезім арқылы ортақ проблемаларды бірге  шешіп, оқушылар  бірлесе отырып ортақ  қорытындығы  келеді. Сабақтарымда  ЖИГСО  әдісін қолдану кезінде  «Диалогтік оқыту әдісі» жақсы жүзеге  асады. Диалог барысында  оқушылар  күтілген нәтижеге жету үшін күш – жігерін  жұмсайды, ынталанып,  өз ойларын білдіреді, пікірлеседі, білімді  бірлесіп  алады, өз білімін толықтырады.
      Фриери: «Мұғалімнің міндеті - оқушының білімін толтыру, көбейту тенденциясымен емес, білімді тауып, дамыту арқылы тереңдетуге бағытталған көзқараспен оқушылармен диалогқа түсу»,- деп санайды. Осы мақұлдау  «жаңашыл» болып табылады. Ең алдымен, Л.С.Выготский оқытуда  диалогқа  басты  рөлді беруді  ұсынған; ол енгізген «Жақын маңдағы даму аймағы» мен Сократтың ұсынған  «Эленхос» сияқты  түсінігі, диалогтік әңгімеге қатысушылардың  біліміндегі кемшіліктерді көрсететінін дәлелдейтін теорияның мағынасын анықтайды. Фриери осы теорияны ары қарай  дамытуда,  оқушы мен мұғалімнің арасындағы диалог процесінің рөлі мен қатынасын қарастыруда, осындай диалогтың  мақсаттарын анықтауда көп еңбек сіңірген.
      Тілдік  қарым-қатынаста  әңгімелесу- пәрменді  құрал болып табылады, оның көмегімен мұғалім оқушылардың ойлау  дағдыларын  қалыптастыра алады.Сыныпта диалогтік  оқытуды  пайдалану арқылы  мұғалімдер  оқушылардың  білім сапасына ерекше оң әсер етеді. Оқушылардың білімі  мен ойлау қабілетін  зерттеуге шынайы ұмтылу оқу үдерісіне барынша қызықтыру үшін ынталандыру болып табылады.
        Диалогтік  оқыту  тәсіліне сәйкес, сауалнама  мен топтық жұмыс оқушылардың  оқуын  жақсартып, пәнге  деген  қызығушылықтарын  арттырады.

       Ал  сұрақтар  қою  арқылы мұғалім:

- оқушыларды  тақырып  бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады;

- оқушылардың  шынайы  қызығушылығы мен  сезімдерін анықтайды;

- білімге құштарлықты  дамытады  және зерттеуге  ынталандырады;

- оқушыларға  білімін  қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі;

- оқушылардың  сыни тұрғыдан  ойлауына  ықпал етеді;

- оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі;

- оқушылардың  бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын

құрметтеуіне  және  бағалауына  ықпал етеді.

       Білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының танымдық қабілетін дамыту, саналы деңгейге көтеру – бүгінгі күнгі күрделі мәселе. Білімді  жеке тұлғаға бағыттау арқылы өзін-өзі таныған, ақыл-ойын жан-жақты дамытқан “Мендік”  пікірі қалыптасқан оқушы тәрбиелеу  мұғалімдер  алдына тың міндеттер жүктейді және  жаңашылдыққа  жетелейді.

       Жаңаша ізденіс, жаңаша көзқарас жалғасын тауып, ел ертеңі келешек ұрпақтың білім алуындағы жетістіктерге жету жолында -нәтижелі еңбек ететініме сенімдімін.