Педагогические
науки/Социальная педагогика
Тагаева Сауле Абдималиковна
Тараз инновациялық- гуманитарлық университеті,
Қазақстан
Оқушылардың
танымдық белсенділігін арттырудың
педагогикалық
жолдары
Қазіргі
заманғы ғылыми —
техникалық үрдістің қарқыны білім беру
жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа
міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан — жақты жетілген,
ақыл — парасатты, ой — өрісі биік, бәсекеге қабілетті
азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың ең
өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің
шығармашылық ізденіспен жаңаша қимылдауын қажет етеді.
Бала жүрегіне жол
тауып, оның білімге деген құштарлығын арттырып,
өзін өзі тәрбиелеуін ғылыми деңгейде
ұйымдастыру үшін, әр оқушының дара ерекшеліктерін
ескеріп, білім алуға қабілетін зерттей отырып,
тұлғаның негізінің ашылуына жол көрсететін
ұстаз. Ұстаз өзінің
құзырлығының деңгейін бағытты жетілдіріп,
ой, іс бірлігін қатар дамыту қажет.
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас
ұрпақ қолында, ал жас ұрпақтың
тағдыры ұстаздардың қолында» -деген Елбасы Н.Ә.Назарбаев
[1]
Танымдық
белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға, білімге деген
ынта — ықыласының, құштарлығының ерекше
көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған
материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып
тыңдауы, алған білімін кеңейтіп толықтыру үшін,
өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе жасау, жазу,
сызу сияқты жұмыстар істеуі керек. Өйткені өтілген
материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның
жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес.
Танымдық әрекеттің негізінде
оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады. Сабақ
барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса,
оқушылардың ақыл — ой қабілеттерінің мынадай
элементтері дамиды: зеректілік, байқағыштық, ойлау және
сөйлеу дербестігі т.б. Оқушылардың танымдық
белсенділігін дамыту және қалыптастыру мәселесіне
зерттеушілер, педагогтардың, әдіскерлердің көптеген
еңбектері арналған. Мектептің ғасырлар бойғы даму
тарихында алдыңғы қатарлы педагогикалық ой
өкілдерінің танымдық әрекетке қатысты,
әсіресе, танымдық белсенділікті дамыту идеяларын зерттеу
және талдау негізінде төрт
бағытты бөліп көрсетуге болады.
Танымдық
әрекет – шәкірттің білімге деген өте белсенді
ақыл — ой әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен,
мақсаттан, таным қисындарынан және әрекетті
орындаудың тәсіл — амалдарынан тұрады. Танымдық
белсенділікті бір ғана белгімен көрсетуге болмайтын
ұғым, оның алуан қырлы сипатын айқын
көреміз. Сондықтан оқу барысында оқушының таным
белсенділігін арттыруда олардың өз бетінше танымдық
ықылас — ынтасын шығармашылық әрекетін дамытатындай
етіп ұйымдастырады. Баланың қабылдауы негізінен,
мүғалімнің сабақты жүйелі түрде
жүргізуіне байланысты. Оқушылардың жаңа материалдарды
қабылдауына негіз болатындай даярлық жұмыстары
жүргізіледі. Оқушылардың оқу-танымдық
қызметін арттыру дұрыс әрі нақты әрекеттер
негізінде іске асады. Баланың өзіндік сезімдік танымы негізінде
қабылданған білім, дағды, ептілік әлдеқайда
нәтижелі әрі жемісті болады.
Танымдық
белсенділік адамға өте маңызды және күрделі
құрылым ретінде өзінің психологиялық анықтамаларында көптеген тұжырымдамаларға
ие. Маңызды әлеуметтік күшіне байланысты бүл мәселе қазіргі диалектикада, білім беру тәжірибесі мен
тәрбиеде негізгі болып саналып отыр. [3]
Танымдық белсенділік көп түрлі
тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен
тығыз байланысты. Танымдық әрекеттің белгілі бір
ғылым саласы мен таңдаулы қатынасы, танымдық
әрекеті, оларға қатысу және қатысушылармен танымдық қарым-қатынасы
маңызды келеді. Сонымен бірге адамның барлық жоғары
таным процестерінің өзінің даму деңгейінен
белсенділендіруге танымдық белсенділік тұлғаның
шындықты қайта құру әрекеті нәтижесінде
ұдайы ізденіске жетелейді. Балалардың жеке тұлғасында
танымдық белсенділігінің дамуы бес-алты жас аралығында
қарқынды келеді. Бұл әсіресе баланың
логикалық тапсырмаларды белсенді орындауы, жауап кілтін табуға
ширақ келуі, білуге деген ұмтылысы танымдық ойындар
арқылы оқу әрекетінің міндеттерін шешуде айқын
көрінеді.
Сабақ барысында оқушының
бойында танымдық белсенділік пайда болса, сонда оқушыларда
ақыл — ой қабілеттерінің мынандай элементтері дамиды:
зеректік, зейіндік, байқағыштық, ойлау мен сөйлеу
дербестігі, қызығушылығыт.б. Сөйтіп,
оқудағы белсенділік — оқушының іс — қимыл жағдайы
ғана емес, осы іс -қимылдың сапасы, онда оқушының
қызмет мазмұны мен сипатына қатынасымен, өзінің
рухани -ерік, күш-жігерін оқу-танымдық
мақсаттарға жетуге жұмылдыруға деген ұмтылысымен
айқындалатын тұлғасы көрінеді. Өз бетінше
ізденімпаздықпен жұмыс істей білу, яғни оқу материалын
таңдау, жаңаны қабылдау мен меңгеру, алған
білімдерін іс жүзінде қолдана білу, оңтайлы әдістерді
таңдап алу, белгілі бір нәтижеге жетуге ұмтылу т.б. оқушылардың
шығармашылық дербестігін қалыптастырудың алғы
шарты болып табылады. Шығармашылық дербестік, өзіндік
жұмыс істеу шеберлігі мен дағдылары өзінен-өзі пайда
болмайды, ол мақсатты оқу қызметінің нәтижесі
және өз кезегінде шығармашылық, практикалық
сипаттағы әртүрлі тапсырмаларды орындау үрдісінде
қалыптасады. [2]
Оқушылардың танымдық
белсенділігін қалыптастыруға бағытталған сабақтар
түрлерін төртке бөліп қарастыруды ұсынамыз: танымдық, коммуникативтік, шығармашылық, әдіснамалық.
Өзіндік
жұмыс пен шығармашылық сабақтарды өткізу
оқушының танымдық белсенділігін арттырудың
құралы, сапалы білім берудің шарты, оқу үрдісін
ұйымдастыру факторы, оқытудың жекелік бағдары болып
табылады. Танымдық әрекеттегі белсенділік компоненттерін бір
арнаға біріктірген тиімді болады: мотивациялық, еріктік,
мазмұнды-операциялық, бағалау- нәтижелік.
Оқу
үрдісінде оқушылардың танымдық-белсенділігін
қалыптастыру жеке тұлғаның өзіндік ақыл-ой
дербестігін, шығармашылық әлеуетін көтереді.
Оқушылардың танымдық-белсенділігін қалыптастыратын
педагогикалық шарттар жиынтығы мен тиімді әдіс-тәсілдерді,
оқытудың түрлі формаларын қолдану арқылы
оқушылардың білім деңгейін көтеріп, танымдық ой-
өрісін арттыруға болатынын
эксперимент жұмыстарының қорытындыларынан көруге
болады. [3]
Оқушылардың танымдық
белсенділігін қалыптастыруда өзіндік жұмыстың
маңыздылығын зерттей келе мынадай ұсыныстар
туындады:
• оқушыларға конференциялар,
дебаттар, дөңгелек столдар, іс-шаралар жыл сайын жүргізіліп
отырылуы керек.
• өзіндік
жұмысқа бейімдеудің дидактикалық жүйесін тиімді
жүзеге асыратын оқытудың жаңа технологияларын жасап
іске ендіру.
• танымдық
белсенділігі мен өзіндік жұмыстарын дамыту барысында кешенді
мақсатты бағдарлама жасау.
• баланың қабілеті мен
білімін көтеру мақсатында оқу жоспарларын жасау.
• оқу үрдісінде
ауқымды түрде педтехнологияларды қолдану, компьютер
арқылы ақпараттандыру, қосымша танымдық
сабақтарды көбейту.
Қоғамның әлеуметтік дамуына
сай, келешекте білім берудің жаңа технологиясына сай мектеп
оқушыларының танымдық белсенділігін
қалыптастырудың әдіснамалық,
ғылыми-теориялық жақтары жете зерттеуді қажет етеді.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы ,2014ж.
2. Мектеп оқушыларының
психологиялық ерекшеліктерін анықтауға арналған
психодиагностикалық қызмет. Құрастырған
Л.К.Көмекбаева. Алматы, 2004.
3. А.Әбілқасымова, Р.Омарова.
Мұғалімдердің танымдық ізденімпаздығын
қалыптастыру негіздері. Алматы.,
2010ж.