Филологические
науки/
2. Методика преподавания языка и литературы
Керімбек Ж.С.
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және
өнер институты,
әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университетінің PhD докторанты, Қазақстан
Әдебиеттегі діни образдар: «Ескендір» бейнесі
Ескендір
Зұлқарнайын немесе ІІІ Ұлы Александр(лат. Alexander III
Magnus) —
б.з.б 356-323 жылдары өмір
сүрген Аргеадтар
(Теменидтер) әулетінен шыққан адамзат тарихының
ең ұлы қолбасшыларының бірі.
Ескендір Зұлқарнайын б.з.б. 336 жылдан бастап Ежелгі
Македонияның патшасы, әлемдік державаның басшысы
болған. Исламда Зул-қарнайын – Құран Кәрімде
айтылатын ұлы патшаның лақап есімі. Ескендірді Еуропа
акындары да, Шығыстың Фирдоуси, Низами, Науаи, Жәми
сияқты ұлы ақындары да жырларына косқан. Абай
өзінің «Ескендір» поэмасында ескі үлгінің
ешқайсысын алмай, өзінше жырлаған. Ақын
Ескендірдің өмірбаяндық деректерін дәл келтіреді де,
оның дүние жүзін жаулап алмақ болған
шап-қыншылық саясатын сынауға ауысады:
Сұмдықпен
ғаскер жиып қаруланды,
Жақын
жерге жау болды, тұра аттанды.
Көп
елді күтінбеген қырды, жойды,
Ханды
өлтіріп, қаласын тартып алды.
Жазасыз
жақын жердің бәрін шапты,
Дарияның
суындай қандар ақты.
Шапқан
елдің бәрін де бодам қылып,
Өкіметін
қолына тартып апты[8,259].
Поэмада
аңыз сюжеті сақталғанмен, ақын оны өмір
шындығына жақындатып, реалистік негізде баяндайды.
Уақиға әділдік пен жауыздықтың бетпе-бет
кездесуіне түйіседі де, кейіпкерлердің
мінез-құлқы, іс-әрекеті біртіндеп ашылады:
Ескендір
елде алмаған хан қоймады,
Алған
сайын көңілі бір тоймады.
Араны
барған сайын қатты ашылып,
Жердің
жүзін алуға ой ойлады.
Қан
ішер қаһарлы хан ашуы көп,
Атағынан
қорқады жұрт қайғы жеп.
Сол
күнде қошеметші айтады екен,
Ханның
ханы, патшаның патшасы деп [8,259].
Поэманың
бас кейіпкері Ескендір шығармадағы оқиға арқауы
болып, оның өн бойында көрініп отырады. Ескендір атынан
жалғанып жүрген Зұл-қарнайын – «қос
мүйізді» деген мағынаны білдіреді. Ислам дінінде
Зұлқарнайын деп аталуының себебі төңірегінде
бірнеше риуаяттар бар, олар: рум және парсының патшасы
болғандықтан; жердің батысы мен шығысын билегендіктен;
тіпті басында қос мүйіз секілді нәрсе болған деген
дерек те бар [3,531]. Зұлқарнайынның есімі Құран
Кәрімнің «Каһф» сүресінде 3 жерде кездеседі. Оның
бірі - Құран Кәрімнің «Каһф»
сүресінің 83-аяты:
ذِكْرًا
مِّنْهُعَلَيْكُم
سَأَتْلُوقُلْۖالْقَرْنَيْنِ
ذِيعَن
وَيَسْأَلُونَكَ
Аудармасы: (Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен
Зұлқарнайынды сұрайды: “Сендерге оның жайын
түсіндірейін” де [2,302].
Ескендір патшаның мүйізі
бар туралы аңыз әңгімелер шығыста көп
тараған. Мәселені, ол мүйізін көрсетпеу үшін
шашын алған адамдарды өлтіріп отырған. Ақыр соңында
бір шаштараз аман қалады. Ол Ескендірдің мүйізі бар туралы
құпияны құдықтың ішіне айқайлайды.
Сол құдықта қамыс өседі, ол қамыстан бір
қойшы сыбызғы жасайды. Ал сыбызғы Ескендірдің
мүйізі бар екендігін әуенге салып, жаһанға жар салады.
Ғалым С.Қасқабасовтың жазуынша, бұл
сюжеттің төркіні – ертедегі гректердің есек
құлағы бар Мидас деген патша туралы миф. Мұнда да Мидас
патша құлағын елден жасырып жүреді. Бірақ, амал
не, оның құпиясын сыбызғы елге хабарлап
қояды[1,3].
Құран
Кәрімнің «Каһф» сүресінің 86-аятында Ескендір
Зұлқарнайын жайында тағы мынадай жолдар бар:
حُسْنًا
فِيهِمْتَتَّخِذَأَن
وَإِمَّاتُعَذِّبَأَنإِمَّا
الْقَرْنَيْنِ
ذَايَا
قُلْنَاۗقَوْمًا
عِندَهَا
وَوَجَدَحَمِئَةٍ
عَيْنٍفِياتَغْرُبُوَجَدَهَالشَّمْسِ
مَغْرِبَبَلَغَ
إِذَا
حَتَّىٰ
Аудармасы: Тіпті күн бататын жерге жеткен
сәтте, оны қара балшықты бұлаққа
батқан түрде көрді. Сондай-ақ сол маңнан бір ел
тапты. “Әй Зұлқарнайын, не (ол елді) азаптарсың немесе
оларға жақсылық істерсің” дедік [2,303].
Мұнда
Зұлқарнайын әлемнің батысына барып, онда тұратын
адамдардың залымдарын жазалап, иманды, игілікті жандарға
жәрдем көрсетеді. Бұдан кейін күншығысқа
барып, онда панасыз, қорғансыз жүргендерді кездестіреді.
Осындай орасан аймаққа билік жүргізген
Зұлқарнайын екі таудың арасына келгенде сөзі
түсініксіз бір тайпаға тап болады. Олар Зұлқарнайыннан
өздерін Йажуж бен Мажуж қауымынан қорғауды өтінеді,
сол үшін салық төлеуге әзір екендіктерін білдіреді:
سَدًّاوَبَيْنَهُمْبَيْنَنَاتَجْعَلَأَنعَلَىٰخَرْجًالَكَنَجْعَلُفَهَلْالْأَرْضِ
فِيمُفْسِدُونَ
وَمَأْجُوجَيَأْجُوجَإِنَّالْقَرْنَيْنِذَايَاقَالُوا
Аудармасы: Олар: “Әй Зұлқарнайын!
Йажуж, Мажуж бұл жерде бұзақылық істеуде. Саған
салық төлесек, олар мен біздің арамызға бір бөгет
жасайсың ба?” деді[2,303].
Зұлқарнайын
екі таудың арасына темір толтырып, ол таулармен теңеліп,
деңгейлес болғанда шойын құйып тастайды. Осыдан кейін
Йажуж бен Мажуж бұл қорғаннан өте алмайды, оны
бұзып өтуге күші жетпейді. Дәл осы Құранда
баяндалған хикаят орыс халық ертегілерінде де кездеседі. «Орыс
халық ертегісі» деп аталатын Ескендір жайлы аңыз былай басталады:
«Бұ дүниеде Александр Македонский есімді патша өмір
сүріпті. Бұл біздің ата-бабаларымыздың бабасының
есінде жоқ ерте қадім заманда болыпты. Патша батырлардың
батыры еді. Небір алыптар онымен күш сынасып жеңе алмады. Ол
соғысқанды ұнататын, оның кіл батырлардан
құралған әскері бар еді. Кіммен соғысуға
барса да Ескердір Зұлқарнайын бәрін жапырып, жеңеді. Ол
жер бетіндегі патшалықтың бәрін өзіне бағындырып,
жаулап алды. Жердің түкпіріне барып, бір халықты
кездестіріпті, ол қандай қайсар болса да зәресі
қалмапты: жабайы аңдардан да жауыз, тірі адамның етін жейтін,
олардың атап айтқанда, біреуінің қақ
маңдайында жалғыз көзі бар болса, базбіреулерінде 3
көзден бар, біреуінде жалғыз аяғы болса, кейбіреуінде 3
аяғы бар, олар сондай жылдам жүгіреді, садақтың
оғындай ұшады. Ол халықты «Йажуд-Мажуд» деп атайды. Алайда
Ескендір Зұлқарнайын патша дию тәрізді бұл
халықтан қорыққан жоқ, олармен соғыса
бастады. Ұзақ па, әлде қысқа ма қанша
соғысқаны белгісіз, әйтеуір, дию халық қорқып,
одан қаша жөнеледі. Ол соңынан қуып, тықсырып,
ертегіде тілмен айтып жеткізе алмайтын таудың ішіндегі қуысқа
қамайды. Олар сонда Ескендір Зұлқарнайын патшадан жасырынып
қалады. Ескендір оларға не істеді?
Олардың үстіне бір таудың үстіне бір тауды
қойып, түтікше қалдырады. Сөйтіп, ол өз еліне
кері қайтады. Түтікшеден қатты жел соққанда одан
қорқынышты үн естіледі, олар сонда отырып: "Ескендір
Зұлқарнайын әлі тірі болар!" деп айқайлайды. Сол
Йажуд-Мажуд әлі күнге дейін тірі, олар Ескендірді
қастерлейді, олар ақырзаман болғанда шығады» [4,383-384].
Кейбір
ғалымдар осы шойыннан құйылған тау-қамалды
Дербент қорғаны деп есептейді. Осыған орай,
Зұлқарнайынды Иран патшасы Дарий деп санайтындар да бар. Бір
ғалымдар бұл Қытай қорғаны болуы да мүмкін
деген пікір айтады. Зұлқарнайынның әл-Мунзир бин
ас-Сама немесе Әбу Қариб әл-Химияри екендігіне байланысты
аңыздар да сақталған. Ескендір Зұлқарнайын жайлы
аңыз-әпсаналар Құраннан бұрын түскен
кітаптардың бірі Інжілде де болуы
мүмкін. Інжілдегі кейіпкерлер жайлы жазылған «Агада: Талмұт
пен Мидраштың сөздері, әңгімелері және
құпиялары» еңбекте Александр Македонский туралы мынадай
хикаяттың барын С.Қасқабасов бұдан бұрын
жазған болатын: "....қайтар жолында Александр түстену
үшін бұлақ жағасына тоқтады. Оған
әкелген тұздалған макрель балығын патша
бұлақ суына малып алғанда балықтан хош иіс
аңқыды.
—
Бұл дегеніңіз, — деді Александр, — бұлақтың
бастауы жұмақтан келеді. Бұлақ суына бет-жүзін
жуып, Ескендір соны бойлай жоғары көтеріліп,
жұмақтың қақпасына дейін жетеді.
—
Қақпаны ашыңдар! — деп Александр бұйырады.
—
Бұл — Құдай қақпасы, оған тек
әулиелер ғана кіре алады, — деген жауап естіледі.
—
Алайда мен патшамын, аты әлемге мәшһүр, — деп
Александр, — маған ескерткіш ретінде бір нәрсе беріңдер.
Оған
бас сүйек беріледі. Өз патшалығына келген Александр
таразының бір басына қу басты қойып, екінші басына
өзіне тиесілі барлық алтын-күмістерін қояды.
Сүйек басып кете береді.
—
Мұның сыры неде? — деп Ескендір данышпандарға жүгінеді.
—
Бұл сүйек,— дейді данышпандар, — көзі тоймас ашкөз
адамның көз шарасы.
—
Мұны немен дәлелдейсіздер?
—
Бір уыс топырақ алып, сүйекке салыңыз» [6,171-172].
Дәл осы
сюжетті біз Абайдың «Ескендір» поэмасынан да кездестіреміз. Бұл –
әлем әдебиетінде кеңінен тараған сюжет екенін
осыдан-ақ байқауға болады. Абайдың "Ескендір"
поэмасында былай дейді:
Қақпаның ар жағынан біреу келді,
Күзетшісі сол екен, дыбыс берді.
-
Қақпаны саған ашар рұқсат жоқ,
Бұл -
Құдайға бастайтын қақпа, - деді[5,313].
Ислам
тарихшылары мен әдебиетшілері арасында Ескендірді Александр Македонский
деп санау белең алған. Бұл пікір кейін
аңыз-әңгімелерге айнала келіп, шығыс халықтарының
жыр-дастандарына арқау болған. Әсіресе, Науаи мен
Низамидің шығармаларында айрықша көрініс табады.
Белгілі ғалым Е.Э.Бертельстің дәлелдеуінше, Ескендір туралы
алғашқы аңыздар мен әңгімелерді таратқан
оның өз сарбаздары екен [7,239].
Фирдауси
өз «Шахнамасында» Ескендір туралы бұрынғы
әңгімелердің жинақтап, бір поэма жасаған.
Оның суреттеуінше, Ескендір – көптеген жорықтар жасаған
Иран патшаларының бірі. Ескендір туралы аңыз-әңгімелердің
бұрынғыдан да кең таралуына әсер еткен – Шығыс
шайыры Низами болатын. Ол өзінің «Искандер нама» атты еңбегін
жазуда өзіне дейінгі екі нұсқаны пайдаланған. Бірі –
Динавари, Тавари және Фирдауси шығармалары, яғни,
ирандықтар мен арабтардың әңгімелері. Екіншісі –
Туртуши мен Газалидің діни жинақтарынан тарқатқан
румдықтардың әңгімелері»[1,6].
Х-ХІ
ғасырларда Ескендір туралы аңыздар түркі халықтарына да
жетеді. Махмұт Қашқари өз кітабында «тұтмач»
деген сөздің мағынасын түсіндіре келе, былай дейді:
«Ескендір Зұлқарнайын Зұлматтан шыққанда
адамдардың азығы таусылады. Аштықтан
қорыққан адамдар оған: «бізні тұтма ач» -
депті-міс. Сонда Ескендір данышпандармен кеңеседі, олар бір тағам
даярлайды. Сол тағамды содан бері «тұтмач» деп атап кеткен» [1,10].
Мұндағы «бізні тұтма ач» деген сөз «бізді аш
ұстама» деп аударылады.
Құран
Кәрімді тәпсірлеушілердің басым бөлігі
Зұлқарнайынды Александр Македонский дегенге келіспейді.
Өйткені, Александр Македонскийдің Құран Кәрімде
баяндалған Зұлқарнайынға ұқсамайтын
көптеген тұстары бар дейді. Зұлқарнайын Қызырдан
(ғ.с.) дәріс алған Алланың сүйікті
құлы. Ал Александр Македонскийдің ұстазы Аристотель
екендігі көпшілікке мәлім. Сондықтан Құран
Кәрімге түсінік беруші кейбір тәпсіршілер
Зұлқарнайынды Ибраһим пайғамбар (ғ.с.)
дәуірінде Йеменде өмір сүрген құдіретті бір патша
деп есептейді. Осы айтылған Ескендір Зұлқарнайын мен
Александр Македонский екеуі бір тұлға ма деген
сұраққа келер болсақ, бұл жайында да
көптеген деректер келтіріледі. Алайда, Ислам ғалымдары
олардың нақты немесе аңыз екендігін анықтаудың еш
қажеттілігі жоғын ескертеді.
Ескендір
Зұлқарнайын б.з.д 323 жылдың маусым айында 33 жасында
қайтыс болған. Ғасырлар бойы оның сүзек немесе
безгек ауруынан көз жұмған деген пікір қалыптасты.
Алайда, оған у берген деген болжам да бар, бірақ оның
қалай және немен уланғаны туралы мәлімет жоқ.
Соңғы кездері американдық зерттеушілердің пікірінше,
қолбасшыны Стикс өзенінен алынған сумен улаған. Ежелден
Стикс өзені тамұқтан бастау алады деген наным-сенім де бар.
Бұл өзен әлі күнге дейін Грекияның Пелопоннес
түбегінің тауларында ағады, Мавронери немесе қазақша
«Қара су» деп аталады.
Пайдаланған
әдебиеттер:
1. Қасқабасов С.А. Абай. Алматы: «Алматы баспа үйі»
ЖШС.,2010. – 112 бет.
2. Құран Кәрім: қазақша мағына және
түсінігі. Ауд.: Халифа Алтай. – Сауд Арабия, 1991.
3. Исмаил ибн Касир. Тафсир аль-Куран аль-Азим. – Стамбул, 1987
4.
Сказание об Александре Македонском // Народные русские
сказки А. Н. Афанасьева: В 3 т. — Москва: Наука, 1984—1985. —
(Лит.памятники). Т. 2. — 1985.
5.
Абай Құнанбаев шығармаларының бір
томдық толық жинағы. - Алматы, 1961.
6. Агада. Сказания,
притчи, изречения талмуда
и мидрашей / Перевод С. Г. Фруга. Вступ. ст. В. Гаркин.
— М.: Раритет, 1993. — 319 с.
7. Бертельс Е.Э. Низами. Москва, 1948.
8. Құнанбаев Абай.Шығармаларының екі томдық
толық жинағы: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы
"Көркем әдебиет", 1957.- 368 б.