Биологические науки /1.Систематика и география высших растений

Бекзатова А.М., магистрант

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

Asteraceae Compositae Gikae тұқымдасына жалпы сипаттама беру

 

Күрделігүлділер тұқымдас өсімдіктер гүлді өсімдіктердің қосжарнақтылар класының ең көп тараған тобы. Арктика және Антарктида мұздарының өзге жер бетінің барлық құрлықтарында кездеседі .Қазақстанның кез келген жерінен, атап айтқанда таулы, сайлы, орманды, құмды, сазды, топырақты жерлерінің бәрінен кездестіругеболады. Жер бетінде жақсы таралған және барлық континенттерде, барлық климттық зоналарда кездеседі. Жер бетінде 20 мыңнан астам түрлері таралған. Қазақстан жерінде олардың 843 түрі 139 туысқа біріктірілген. Тұқымдаста 20 мыңнан аса түр, 1 мың туыс кездеседі. Кішігірім ағаштар (кейде бұтақтанбаған колона тәрізді сабағы болады) бұталар, лианалар, жартылайбұталар, көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер. Көп жағдайда олар өрмелеп өседі, кейде суккулентеріде болады. Жалпы көпжылдық  және біржылдық  шөптесін  өсімдіктер болғанмен, сиректе болса, жартылай бұталы (жусан), бұталы (олеария) немесе кішкентай ағаштар  түрінде (зиягүл) кездеседі. Тамыры негізінен томарша тамырлы өсімдік. Сабағы көбінесе жертаған (розетка) түзіп қатты қысқарады. Жапырағы қосалқы жапырақсыз жапырақтары кезектесіп орналасқан, сирек қарама-қарсы (супротивті) немесе буынға шоқтасып (мутовчатые) бекитін түрлері де кездеседі. Олар негізінен қарапайым (жәй), бүтін  немесе салалы пішінді болғанмен күрделі түрлері де ұшырасады. Бұтақтарына жапырақтары әдетте кезектесіп, сиректеу қарама- қарсы немесе топтасып орналасады. Қосалқы жапырақсыз, жай жапырақтары  бүтін жиекті немесе тілімделген болып келеді. Жапырақтары кезектесіп орналасады [1].

Гүлшоғыры – себет, сырт қарағанда гүлге ұқсас. Кейде себеттер жиналып қалқанша (шиток) немесе сыпыртқы (метелка) түзеді. Гүлшоғыры себет тәрізді. Олар дара, ботрикалық және цимозды гүлшоғырына жинақталған күрделі келеді. Себет  гүлшоғырының сабақтан пайда болған гүл табаны «ортақ  гүлтабан» деп аталады. Бұл гүлдердің бекитін орны.Гүлі актиномофты немесе зигоморфты. 4 шеңберлі, 5 мүшелі гүлсерігі қосарланған типтес болады. Күрделі гүлділердің үш түрі: Тілше гүл,сүзгі тәрізді гүл, түтік тәрізді гүл болып бөлінеді. Формуласы: тілше гүл: ↑♂♀ Са0 Со(5) А(5)G(2).  Жалған  тілше: ↑♀ Са0 Со(0+3) А0 G(2) Сүзгі  тәрізді  гүл: ↑ Са0 Со(5-7) А0 G0 Түтік тәрізді  гүл: *♂♀ Са0 Со(5) А(5) G(2). Тостағаншасы 5 жарғақты тостаған-жапырақшалардан (гайлардия) немесе түйіннің жоғарғы жағын жауып тұратын, жарғақты,  қабық түрінде байқалады. Сондықтан, олар тырнақша, қылтанақ түтікшелер, айдарша және жеміске жабысқан ұшқыш түкке айналған. Кейде тіпті байқалмайды.

Тостағаншасы желайдарға (хохолок, паппус) айналып кеткен немесе редукцияға ұшыраған. Күлте жапырақшалары  кірігіп  дамыған 5 күлтеден тұрады. Бес мүшелі кіріккен  күлтелерінің пішіндері әрқилы. Андроцейі-жіпшелері бос орналасқан 5 аталықтан және трубкаға біріккен тозандықтардан тұрады. 5 аталықтан тұрады. Күлтенің түбіне қарай жабыса дамыған аталық жіпшелері болады. Бес мүшелі, күлте түтігіне бекитін аталық жіпшелері бір – бірімен кірікпеген немесе өте сирек жағдайларда өзара кіріккен [2].

Гинецейі ценокарпты 2 жеміс жапырақшаларынан тұрады. Аналығы 1. Гүл түйіні төменгі, 1-ұялы. Ұзын болып келетін аналықтың мойыны аталықтың трубкасының ішінде орналасады, одан жоғары әдетте екі жақтауы бар аналықтың ауызы (рыльце) ғана көтеріліп-көрініп тұрады Тұқымша (семянка), көп жағдайда олардың ұшуын қамтамасыз ететін желайдары (летушка) болады. Түктерден тұратын, айдарлы тұқымша. Тұқымша. Жемістің ішін түгелдей жалғыз тұқым алып жатады, кейде тұқым жеміс серігімен бірігіп кетеді. Үлкен тұқымбүрден тұратын тұқымы эндоспермсіз келеді. Эндоспермі жоқ, ол өте жұқа тұқым қабығы мен ірі ұрықтан  тұрады [3].

Кәдімгі бақбақты алатын болсақ бақбақтың 70-тей түрі бар, оның 59-ы Қазақстанда кездеседі. Жалпы бақбақ жер шарының барлық құрлықтарында кең таралған. Негізінен жертаған түзетін жапырақтары бар көп жылдық шөптесін өсімдік. Күздік егістікте,жаңа тыңая бастаған жерлерде кездеседі. Тамыры сабақтың  түп жағында топтала орналасқан. Сабағы розеткалы, яғни қысқарған. Жапырақтарының түрі мен көлемі әр түрлі болып келеді. Кейбіреулері сопақша, әрі жіңішке болса, тағы біреулерінің ені жалпақтау, біразы тілімделген, шеттерінде ойықтары бар. Гүлшоғыры себет. Гүлі сары түсті гүлдері сабақтың ең ұшында тостағанша тәрізденіп шоғырлана  орналасады. Тостағаншасы дөңгеленіп сабақ ұшында орналасқан. Күлтесі тілше тәріздес, 5 біріккен. Аталығы 5 біріккен, аналығы 2 біріккен. Формуласы: тілше гүл: ↑Са0Со(5)А(5) G(2) .Жемісі-тұқымша. Күрделігүлділер тұқымдастарына жататын көптеген өсімдіктерді адамдар өз мақсаттарына қолдануда.

Арамшөп ретінде гүлкекіре - қыстайтын 1 жылдық, көбіне қыстық өсімдіктердің арасында өседі. Жартылай тұқымы егістікте шашылады, жартылай егістің ішіне түседі де егетін кезде егістікті тазалау өте қиынға түседі. Адам тамаққа пайдалану үшін осындай үлкен тұқымдастың біраз өсімдіктерін ғана өсіреді. Олардың негізгілері-күнбағыс және жералмұрт немесе топинамбур. Бірақ күрделігүлділер тұқымдасының көпшілігі-бағалы сәндік өсімдіктер (георгина, хризантема, қашқаргүл). Бұл тұқымдастың құрамына көптеген дәрілік өсімдіктер (дәрілік түймедағы, дәрілік қырмызгүл, үштілімді итошаған) кіреді.

Күрделігүлділер әр түрлі мақсатта пайдаланылады. Күнбағыс, мақсырдан өсімдік майы алынады. Ассүттіген, бөрігүл - көкөністік өсімдіктер. Дермене, түймедағы, бақбақ, итошаған, қырмызыгүл дәрілік шөп ретінде пайдаланылады. Жералмұрт (топинамбур) - малазықтық дақыл.

Бақытгүл (хризантема), нарғызгүл (георгина) - сәндік өсімдіктер. Күрделігүлділердің арамшөп түрінде өсетіндері де бар. Оларға ойраншөп, қалуен, гүлкекіре, түйетікендер жатады [4].

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Әметов Ә.Ә., Ботаника. Оқулық. - Алматы: Дәуір, 2005. – 512 б.

2. Ағелеуов Е.А., Агитова К.А., Дөненбаева К.Д. Ботаника. Оқулық. Алматы: Дәуір, 1991. – 285 б.

3. Нысанбаев Ә. «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия – Алматы: Қазақ энциклопедиясы,1998. Т1.

4.  Роботнов Т.А. Фитоценология: Учебник. – М.: Изд-во МГУ, 1978. -384 с.