Ерниязова Жанат Нурахметовна

э.ғ.к, қауымдастырылған профессор м.а

Абай Жазира Муратовна

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Экономика мамандығының магистранты

 

Аймақта ауылшаруашылығы жерлерін пайдаланудың экономикалық тиімділігін бағалау

 

Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру процесінде жер басқа да еңбек құралдары  және басқа заттарымен қатар ерекше белсенді роль атқарады. Ауыл шаруашылығы дақыларының шығымдылығы, демек, жалпы ауыл шаруашылығы өндірісінің нәтижелілігі мен тиімділігі жердің ссапасына, оның құнарлығына және сумен қамтамасыз етілуіне байланысты. Ауыл шаруашылығында қызметкер еңбек құралдарының көмегімен еңбек заттарына және сонымен бірге жерге де ықпал етеді, ұтыну құнын, егіншілік және мал шаруашылығы өнімін өндіреді. Экономикалық бағалау деп ауыл шаруашылық өндірістің негізгі құралы ретінде жер сапасын экономикалық көрсеткіштер арқылы бағалауды айтады. Бұл салыстырмалы бағалауға жатады. Жер құнарлығы шығарылатын өнім мөлшеріне сай бағаланады. Өнім – жердің қатысуымен өткен заттандырылған еңбек, өндіріс шығынмен байланысты адам еңбегінің нәтижесі. Бірдей өндірістік шығындарға келетін өнім немесе өнім бірлігіне келетін шығындар мөлшері экономикалық тұрғыдан жер сапасын көрсетеді. Былай айтқанда, жер сапасының айырмашылығы әртүрлі сапалы жерлерге келетін бірдей шығындрдың орнын толтырумен, тиімділігімен себептелінеді. Осы жай жерді экономикалық бағалау әдістемесінің негізін қалаушы болып табылады. Бұл жай бойынша, бірдей шығында қай жерде өнім көбірек алынса, сол жердің сапасы жоғары деп саналады. Алынған өнімдердің айырымы сан түрінде жерлер сапасының айырмашылығын көрсетеді [1].

Жерді пайдалану тек қана өндіріс деңгейімен шектелмей, оның жеке бөліктерін пайдалану сипатымен айқындалады. Бұл жағдай ауыл шаруашылық алқаптардың құрамында, олардың әртүрлі мақсаттарда пайдалануында байқалады. Әртүрлі ауылшаруашылық алқаптарды бағалаудың әдістемелік тәсілдерінде ерекшеліктер пайда болады. Сондықтан жеке бағалауд дақылдармен шектелмей, алқаптар түрлері бойынша да жүргізу қажеттігі туындайды. Жер құнарлығын топырақ – климаттық жағдаймен қатар экономикалық жағдайлар да әсерін тигізетіндіктен жерлерді экономикалық бағалауды табиғи – экономикалық аймақтар бойынша жүзеге асырады. Жерді экономикалық бағалауда оның орналасуы да ескеріледі. Бұл жай ең алдымен ауыл шаруашылық өндірістің шығын мөлшеріне әсер етеді.

Жер учаскесінің орналасуы жер учаскелерінің бірінен кейін бірі өңделу үзділігі үшін өте маңызды және жердің орналасуы мен оның құнарлығы екі сапалық фактор екенін, сонымен қатар олар дифференциалдық рента негізі ретінде қарама қарсы бағыттарда әсер ететіндігін айтып кеткен. Кеңес кезінде сатып алу бағаларын жоспарлау, дифференциалдау мақсатымен жер учаскелері те қана экономикалық салыстырмалы тұрғыда бағаланған болатын. Қазіргі кезде, жер ауыл шаруашылық пайдаланудан дифференциалдық пайданы алу үшін ақша салынатын орынға айналғандықтан, бірінші орынға жердің бағасын табу шығып отыр. Бұл жағдайда әсіресе жердің орналасуын ескерудің мәні өте зор. Жердің бағасын көп жағдайда топырақтың жалғыз құнарлығы емес, өнімді нарықтан өткізетін, қамтамасыз ететін, оның орналасу қашықтығы және өндірістік, әлеуметтік, шаруақұрылымының дамығандығы, мекендегендігі сияқты негізгі факторлар себептейді.

Республикамызда ауыл шаруашылығы жерлерін бағалау жалпы түрде келесі мақсатта жүргізіледі.

1. Нысаналы мақсатта ескере отырып, жер учаскелерін пайдалану тиімділігін анықтау;

2. Жер учаскесін кепілдікке беру арқылы банктік несие алу;

3. Салық салу, жерді жалға алу төлемдерін анықтау;

4. Мемлекеттік мүдделер үшін жер учаскелерін ықтиярсыз алып қою және риквизиция жағдайында төлеу мөлшерін және өтеу бағасын сот арқылы анықтау;

5. Шаруашылық серіктестіктердің жарғылық қорына жарна ретінде жер учаскесін беруде және басқа жағдайларда оның бағасын білу;

6. Жер учаскесін немесе жерді пайдалану құқығын сату кезінде оның бағасын білу.

Жыртылатын алқаптарды жалпы бағалау - өсімдіктану тиімділігі бойынша, жеке бағалау – негізгі ауыл шаруашылық дақылдарды өсіру тиімділігі бойынша жүргізіледі. Табиғи мал азықтық алқаптарды бағалау табиғи шабындық және жайылымдар бойынша жеке жүргізіледі. Жерді жалпы бағалауда қолданатын негізгі бағалау көрсеткіштері:

1. Жыртылатын алқаптардың өнімділігі -  ЖӨ (бірыңғай кадастрлік бағадағы жалпы өнім құны, тг/га);

2. Шығындар орнының толтырылуы – ШТ (1 теңге шығынға келетін өнім құны);

3. Дифференциалдық жайда – ДЖ (жақсы сапалы және орналасқан жерлерден алынатын таза пайданың қосымша бөлігі).

Жерді жеке бағалауда қолданатын негізгі бағалау көрсеткіштері:

1. Ауыл шаруашылық дақылдары шығымдылығы – ШД;

2. Белгілі ауыл шаруашылық дақыл бойынша шығындар орнының толтырылуы – ШТ;

3. Белгілі ауыл шаруашылық дақыл бойынша дифференциалдық пайда – ДП.

Бағалау нысанасы ретінде Шаруашылықта немесе өндірістік бөлімшелерде ауылшаруашылығы пайдаланылатын жерлердің барлық түрлерін салыстыру кезінде а/ш пайдаланылатын жерлердің құнының 100 теңге және 100 га шамалас айдалған жерге шаққандағы өсімдік шаруашылығының жалпы өнімінің нақты шығымын анықтайды. Шаруашылықтың ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлерінің құны жоғары есептелінді және 5330,3 мың теңгеге тең. Есепті жылда алынған (1981,6 мың теңге) өсімдік шаруашылығының жалпы өнімінің құнын пайдаланылатын жерлердің құнына бөліп және алынған нәтижені 100 ге көбейтіп пайдаланылатын жерлерді пайдаланудың маңызды көрсеткіші-пайдаланылатын жерлердің құнының 100 теңге өсімдік шаруашылығының жалпы өнімінің шығымын аламыз. Біздің мысалда ол 37,27 теңгеге тең [(1981,6:5330,3)*100]. Шамалас айдалған жер алаңын есептеу үшін бірыңғай шкала бойынша айдалған жер және табиғижемшөптік пайдаланатын жерлердің экономикалық бағалауының мәліметтерін пайдаланады (кесте 1). Олар барлық шаруашылықтарда жүргізілгенжерді бағалау материалдарында бар. Пайдаланылатын жерлердің жекелеген түрлерінбағалау негізіне (ұпаймен)өнім шығымы алынады [2].

 

Кесте 1 – «Шаған» ЖШС –де жыртылған жерлерді есептеуге арналған бастапқы мәліметтер

                               

                              Көрсеткіштер

бөлімшелер

1

№2

№3

Барлығы ауылшаруашылығы пайдаланылатын жерлер, га

2673

2124

3125

Оның ішінде

 

 

 

Айдалған жер,га

1865

1264

2008

Баға,ұпай

72

89

63

Табиғи шабындықтар,га

286

250

304

Баға,ұпай

24

27

18

Мәдени жайылымдар,га

522

610

813

Баға,ұпай

58

55

47

Ескерту – «Шаған» ЖШС - нің мәліметтері негізінде есептелді

 

2 кестеде шаруашылықтың өндіріс бөлімшелерінде есептеу мен ауылшаруашылығы пайдаланылатын жерлерді пайдалану тиімділігін анықтау мысалы келтіріледі. Ауылшаруашылығы пайдаланылатын жерлерге кіретін табиғи жайылымдар есепке кірмейді, өйткені жайылымда тұтынылған шөптер жалпы өнімді есептеу кезінде есепке алынбайды.

 

 Кесте 2 – «Шаған» ЖШС - нің жыртылған жердің әрбір гектарына өсімдік шаруашылығы өнімінің шығыны

                                

                                    Көрсеткіштер

           Бөлімшелер

№1

№2

№3

Барлығы ауылшаруашылығы пайдаланылатын жерлер, га

 

2673

 

2124

 

3125

Егіс алаңы, га

1714,2

1528,0

1701,9

Өсімдік шаруашылығының жалпы өнімі,барлығы, мың теңге

 

7062

 

5798

 

6956

100 га а/ш пайдаланылатын жерлерге мың теңге

 

264

 

273

 

222

100 га айдалған жерге мың теңге

412

379

409

Ескерту – «Шаған» ЖШС - нің мәліметтері негізінде есептелді

Айдалған жердің шамалас алаңы (Пс) пайдаланылатын жерлердің әрбір түрінің (П,С,ПК) алаңының  оның ұпайының (Бп,Бс,Бпк) туындысының 100 ге бөлінген сомасы, яғни айдалған жердің ең жақсы алаңына бағалаумен анықталады. Ол мына формула бойынша анықталады:

                                         

Пс = (П*Бп) + (С*Бс) + (ПК*Бпк) / 100

(1)

 

100 га а ауылшаруашылығы пайдаланылатын жерге жалпы өнімнің шығымы бойынша ең үздік көрсеткіштер №2 бөлімшеде. Бөлімшелер жұмысының нәтижелері және ондағы пайдаланылатын жерлерді пайдалану туралы шамалас айдалған жерге өнімнің шығымы бойынша өте дәл көрсетуге болады. Бұл жерде ең жақсы көрсеткіштер №1 бөлімшеде.

Жемшөп дақылдарының өнімділігін қалпына келтіру және арттырy — бүгінгі күннің аса маңызды міндеті. Шұғыл шаралар ретінде ауыспалы жайылымдарды енгізіп, игеру ұсынылуда, өсімдікті пайдалану мерзімін ауыстыра отырып, өрістерді реттеу, қажет болғанда белгілі бір учаскені тынықтыру ауыспалы жайылымдардың негізі болып табылады. Жайылымдық қорларды қоршау осы шараларды тезірек іске асыруда маңызды роль атқарады.

Жерді қорғау мына шараларды көздейді:

- жерлерді су және жел эрозиясынан, селден, су басудан, батпаққа, қайталап сорға айналудан және басқа азып-тозу процестерінен қорғау;

- азып-тозған жерді қалпына келтіріп, өңдеу, олардың құнарлылығын және басқа қасиеттерін қалпына келтіру;

- жерді қалпына келтіріп, өңдеу немесе өнімділігі аз жердің құнарлылығын арттыру үшін топырақтың құнарлы кыртысын пайдалану мақсатымен оны сылып алып, сақтау;

- табиғат корғау және тарихи-мәдени мақсаты бар жер учаскелерін пайдаланудың ерекше режимін белгілеу.

Барлық жер иеленушілер, жер пайдаланушылар және арендаторлар жерді пайдалану формалары мен мерзіміне қарамастан өз қаржысы есебінен жерді қорғау және сапасын арттыру жұмыстарын жүргізеді, оларға өз учаскелерінде экологиялық жағдайдың нашарлағаны үшін жауапкершілік жүктеледі.

Жердің жай-күйін, пайдаланылуы және қорғалуын халық депутаттары Советтері, арнаулы түрде құрылған осы Советтерге бағынатын органдар және қоғамдық ұйымдар бақылайды [3].

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1 Қазақстан Республикасының Жер Кодексі. – Алматы: Жеті Жарғы, 2003. – 256 б.

2 Сейфуллин Ж.Т. Земельный кадастр: Управление земельными ресурсами в рыночных условиях. – Алматы: КазНИИЭОАП, 2008. –216 с.

3 Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің мәліметтері, 2016 жыл