Талапбаева Гульнар Едиловна
э.ғ.к, қауымдастырылған профессор м.а
Сейтасқарова Меруерт Талғатқызы
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университеті
Экономика мамандығының магистранты
Күріш өнімінің сапасы мен
бәсекеге қабілеттілігін талдау
Күріштің сапасын басқару жолы көбіне сыртқы
орта факторлары, яғни егілетін дән мөлшері, суару мен
тыңайту әдістері,
тұқымды егу алдында өңдеу, егісті жинау мезгілі,
сақтау мерзімі күні бүгінге дейін зерттелуде. Мұның барлығын
техногенді құрал, әдістермен үйлестіруге болады. Күріш
өнімі сапасының қалыптасуына көптеген факторлар
әсер етеді. Олар: күріш сорттарының
генетикалық–биологиялық ерекшеліктері, табиғи және
агроэкологиялық факторлар, өсіру технологиясының
деңгейі, орып–жинау және өңдеу жағдайлары.
Күріш өнімінің бәсекеге қабілеттілігі – ауыл
шаруашылығы үшін бәсекелік артықшылықтар
туғызып, нарық үлесін жаулау, сақтау,
жоғарылатуға мүмкіндік беретін экономикалық көрсеткіштер
мен тұтынушылық қасиеттердің жиынтығы.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге
қабілеттілігін қарастыруда оның өндірісіндегі
және өткізудегі ерекшеліктеріне тоқтау керек:
-
ауыл
шаруашылығы өнімдері бұқаралық сұраныс
өнімдері қатарына жатады, әдетте тұтынушылар оны сатып
алуда аса көп ойланбайды, соған байланысты өндірушілер
нарықтағы тұтынушы қалауына қол жеткізу
үшін өндірілетін өнім сапасын жоғарылату, ассортиментті
кеңейту,аса сапалы жоғары сорттағы күріш
өндірісін қолға алу сияқты тауар саясатына қатысты
мәселелерді үнемі қарастырып нарық талаптарына
сәйкестендіріп отыруы олардың бәсекеге қабілеттіліктерін
жоғарылатады;
-
ауыл
шаруашылығы өнімдерін тасымалдайтын арнайы көліктер мен сауда
құрал-жабдықтары қажет. Күріш сорты нарық
жағдайлары мен бағаға қарамастан сапасы мен
құнарлылығы жағынан жоғары деңгейде сатылуы
керек.
-
cондықтан
сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігіндегі қателіктер ауыл
шаруашылығы өндірісі үшін аса қымбатқа
түседі, осыған байланысты ауыл шаруашылығы өндірісі
өнімді өткізу жүйесін жетілдіру арқылы бәсекелік
артықшылықтарға қол жеткізе алады;
-
ауыл
шаруашылығы салаларының ішінде күріш өндірісінің
өнім бірлігіне көп
шығын жұмсалатын, өндірілген өнімнің
өзіндік құны жоғары өндіріс болып табылады, сондықтан
өнім өндіру үрдісін оптималдау өнім бағасы
жағынан бәсекелесуге мүмкіндік береді.
Белгілі маркетолог ғалымдардың пайымдауынша маркетинг үш
бағытта көбірек пайдаланылады: жарнама, өткізуді
тұрақтандыру және тұтынушыларға қатты
әсер ету. Маркетингті тиімді түрде пайдалану көрсеткіштері,
маркетинг құралдарын толық түрде қоолдану
және оның тиімілігін қалыптастыратын көрсеткіштерді есепке
ала отырып, жобалай білуді қажет етеді [1].
Нақты және әлуетті тұтынушыларды зерттеп
өнімнің бәсекеге қабілеттілігін
жоғарылатуға ықпал ететін факторларды анықтау
мақсатында Қызылорда қаласы ауыл шаруашылығы
өнімдері нарығында тұтынушылардан пікір сұрау
арқылы маркетингтік зерттеу жүргізілді. Зерттеу үрдісі
оның мақсаттарын анықтау, сұрақтар дайындау,
сауалнаманы тестілеу, байқау сұрауын жүргізу,
сауалнаманың соңғы нұсқасын дайындау, іріктеме
жоспарын және іріктеме көлемін анықтау, сауалнама
жүргізу, алынған нәтижелерді талдау кезеңдерінен
тұрады. Таңдамалы анкеталық сауалнамаға олардың
жауаптары зерттеу үшін негіз ретінде пайдаланылған 300 адам
қатысты. Анкеталық сауалнамаға 18-ден 65-ке дейінгі жас
аралығындағы ауыл шаруашылық өнімдерінің Қызылорда
қаласының тұтынушылары арасында жүргізілді. Сұрау
салуға қатысқандардың ең көбін 31-ден 40
жас аралығындағылар (40%), ең азын – 50 жастан асқандар
құрайды (14%), 18-ден 30-ға дейінгі жас аралығы мен
41-ден 50-ге дейінгі жас аралығындағыларға 23%-дан келеді. Респонденттер
ішінен 75%-н әйелдер, 25%-н ерлер құрады.
Сауалнама екі мақсатты көздеді: ауыл шаруашылық
өнімдері нарығындағы негізгі бәсекелестерді
анықтау және СМЖ ендірген аймақтағы ауыл
шаруашылық кәсіпорындары өнімдерінің сапа
деңгейін бағалау.
Кесте 1 –
«Сіз қандай фирманың күріш өнімін қалайсыз?»
сұрағына анкеталық сауалнама нәтижелері
|
Фирма атауы |
Сұралған респонденттер жауабы % |
|
1. Абзал и К
ТС |
52% - тұтынады |
|
2. Кызылорда-Агросервис, ЖШС |
25 % - тұтынады |
|
3. Baidala, ЖШС |
10 % - тұтынады |
|
4. Кызылорда лидер ЛТД, ЖШС |
8% - тұтынады |
|
5. Акорда капитал, ЖШС |
5% - тұтынады |
|
Ескерту – Анкеталық
сауалнама негізінде автормен әзірленген |
|
1 кестенің талдау деректеріне келетін болсақ мұнда
тұтынушылар қандай да бір компанияның өнімдеріне
айқын басымдық беріп отырғанын көреміз,
респонденттердің 52% - «Абзал и К» ТС-нің, 25%- Кызылорда-Агросервис
ЖШС-нің, 10% - Baidala ЖШС –нің, 8% - Кызылорда лидер
ЛТД, ЖШС-нің, 5% - Акорда капитал ЖШС-нің, сатып алады.
Анкеталық сауалнаманың екінші мақсатына жету үшін
біз тек СМЖ (Сапа менеджмент жүйесі) ендіріп, ИСО халықаралық
стандарттарына сәйкестік сертификатын алған ауыл шаруашылық
кәсіпорындарын бөліп алдық. СМЖ ендірген Қызылорда
облысында кәсіпорындар өндірген күріш өнімінің
бәсекеге қабілеттілігін маркетингтік талдау нәтижелері 2-кестеде
келтірілген.
Кесте 2 – СМЖ ендірген Қызылорда
облысының ауылшаруашылық кәсіпорындарының
өндірген күріш өнімнің бәсекеге
қабілеттілік деңгейін бағалау
|
№ |
Компания |
Қызмет түрі |
Алатын орны (аталмыш кәсіпорынның
өнімдерін қалайтын және тұтынатындар саны бойынша) |
Аталмыш кәсіпорынның
өнімдерін тұтынатын респонденттер % |
|
1. |
Абзал и К ТС |
күріш өндіру |
1 |
52 |
|
2. |
Кызылорда-Агросервис,
ЖШС |
күріш өндіру |
2 |
25 |
|
3. |
Baidala, ЖШС |
күріш өндіру |
3 |
10 |
|
4. |
Кызылорда лидер ЛТД, ЖШС |
күріш өндіру |
4 |
8 |
|
5. |
Акорда капитал, ЖШС |
күріш өндіру |
5 |
5 |
|
Ескерту – Анкеталық сауалнама негізінде автормен
әзірленген |
||||
Барынша сапалы және бәсекеге
қабілетті өнімді «Абзал и К» ТС өндіреді. Аталмыш
кәсіпорынның өнімдерін тұтынатын респонденттердің
89% аталмыш компания
өнімдерінің жоғары сапасын атап өтеді. Респонденттердің біршама көп саны
(73%) «Кызылорда-Агросервис» ЖШС өнімдерінің жоғары сапасын атап өтеді.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1 Смағулов А.Қ., Сағындықов
Қ.А., Төреханов А.Ә. «Ауыл шаруашылық
өнімдерінің сапасын сараптау және бақылау», Алматы,
2009 ж
2 Ғылыми зерттеу институты. Ауыл шаруашылығы
дақылдарының элиталық тұқым шаруашылығын
дамыту жөніндегі аймақтық бағдарламасы: Қызылорда,
- 2010. – 12 ақпан. – 13 б.
3 ҚР Ауыл шаруашылық Министрлігі.
Қызылорда облысында күріш кластерін дамыту жөніндегі пилоттық
аумақтық жұмыс тобын құру туралы ұсынысы:
Астана, №718 бұйрық.- 2005. – 30 желтоқсан. – 20 б.