Ерниязова Жанат Нурахметовна

э.ғ.к, қауымдастырылған профессор м.а

Турекеев Рахман Варленович

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Экономика мамандығының магистранты

 

 Өңірде көлік инфрақұрылымын дамытудың басым бағыттары

 

Облыс бойынша темір жол жүйесінің ұзындығы 1055 шақырымды құрайды, оның ішінде екі жолақты жол 478,9 шақырым (45,4%).

Аймақ темір жол арқылы батыста Ақтөбе облысымен (Сексеуіл бекеті), оңтүстікте Оңтүстік Қазақстан облысы, Алматы қаласы және Алматы облысымен (Түркістан бекеті), орталығында Қарағанды облысымен (Қоскөл бекеті) байланысады.

Екі жолақты жол дәлізі аймақты Қырғызстанмен, Тәжікстанмен, Өзбекстанмен және Ресеймен жалғастырады.

 

1 кесте. Қызылорда облысы бойынша 2012-2014 жылдарда темір жол саласында   жолаушылар тасымалдау көрсеткіші

 

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Облыстан өтетін темір жол жүйесінің ұзындығы

шақырым

783,5

783,5

1055

- оның ішінде 2 жолақты жолдың ұзындығы

шақырым

478,9

478,9

478,9

Облысқа келген жолаушылар

мың адам

2141,5

2292,4

1795,9

 

Облыс бойынша барлық аудандар темір жол қатынасымен толық қамтылған. Темір жол жүйесі жолдарының техникалық жағдайы қанағаттанарлық деңгейде.

Қазіргі кезеңде облыс бойынша 15 жұп пойызы өтеді оның ішінде 9 халықаралық бағытқа қатынайды (Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей). 

Облыс орталығынан облыс аралық байланысты қамтамасыз ететін 3 жұп жолаушы тасымалдайтын пойыз «Қызылорда - Көкшетау», «Қызылорда-Астана» және «Қызылорда-Алматы-Семей», жоғары жылдамдықты жолаушылар пойызы «Тұлпар-Тальго» және 2 жұп «Сексеуіл-Түркістан», «Қызылорда-Түркістан» пойыздарының жүру бағыттары ұйымдастырылған.

Соңғы үш жылда салада жолаушылар тасымалдау көрсеткіші орташа есеппен 2076,6 мың адам құрады сонымен қатар, салада жолаушылар тасымалдаудың едәуір қысқарғанын атап өткен жөн болады. 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда 16,1% қысқарған. 988 шақырымды құрайтын «Жезқазған-Бейнеу» темір жолының іске қосылуына байланысты батыс аймақтармен, Азия мемлекеттерімен жол жүру қашықтығы 600 шақырымға қысқарды және «Қандағаш-Мақат-Бейнеу» бағытында жүк тасымалдау жүктемесі азайды.

2 кесте. Қызылорда облысы бойынша 2012-2014 жылдардағы темір жол саласындағы жүк тасымалдау көрсеткіші

 

Көрсеткіш

2012 жыл

2013 жыл

2014жыл

млн. тонна/ шақырым

%

млн. тонна/ шақырым

%

млн. тонна/ шақырым

%

Темір жол саласындағы жүк тасымалдау

12 693,1

-

12 971,4

102,2

11 686,6

90,1

 

 «Сексеуіл-Қоскөл», «Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу» жаңа темір жол бойын уақытша қосқан жағдайда Қытайдан жүк тасымалдау, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарынан астық тасымалдау, Бейнеу бекеті арқылы Иранға, Ресейге және ТМД елдеріне, Шүбаркөл көмірі Қызылордаға, Батыс Қазақстан бағытына Ақтау порты арқылы, Еуропалық бағыттағы Солтүстік және Шығыс Қазақстанға, Шымкент, Жамбыл, Алматы және Ташкент бағытына Сексеуіл іріктеу бекеті бағыты бойынша жүргізіледі.

Әуе көлігі

Пайдалануға берілген «Коркыт-Ата» әуежайы Қызылорда қаласының оңтүстік шығыс бағытында 12,5 шақырым жерде орналасқан. 1 сағатта 150 жолаушы қабылдайды.

«Эйр Астана», «CKAT», «Бек Эйр» авиакомпаниялары арқылы жетісіне Алматыға, Астана және Қарағандыға 38 әуе рейсі жасалады. Облыс ішінде әуе рейстері қаралмаған.

Соңғы жылдары әуежайдың ұшақ жолақтарына, әуежайдың техникаларына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп үлкен ұшақтарды қабылдауға мүмкіндіктер туды.

Әуежайдың жаңадан халықаралық 250 жолаушы сағатына (қарбалас уақытта 500 жолаушы сағатына) қабылдайтын терминал құрылысы басталды.

2014 жылы қазан айында әуежайға халықаралық дәреже беруіне байланысты 2015 жылдың мамыр айынан бастап жетісіне 3 рет «Москва-Кызылорда» қатынап, жаз айларында Турцияның Анталия қаласына 3 әуе рейстері ашылды. Ұлттық және шетелдік авиакомпаниялармен Стамбул, Дубай, Бейжің және Үрімші бағытындағы рейстеріне қызмет көрсету мақсатында келісім шарттар жасалды. 

 

3 кесте. 2012-2014 жылдары Қызылорда облысы бойынша әуе көлігімен тасымалданған жолаушылар

 

Көрсеткіш

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

адам

%

адам

%

адам

%

Әуе көлігімен тасымалданған жолаушылар

72 259

-

75 923

105,1

81 081

106,8

 

Келешекте Қытайдың Үрімші қаласына жетісіне 2-3 рет халықаралық әуе рейсі, Дубай қаласына маусымдық және де Стамбул қаласына жаңадан тұрақты әуе рейсін ашу  жоспарлануда. Су көлігі. Облыста су көлігі саласында 7 бірлік өзен және 1326 кішігірім көліктер /қайықтағы басқалары/ тіркелген. оның ішінде: 774 моторлы және 552 моторсыз техникалар.

         2020 жылға дейін Инфрақұрылымды дамыту және ішкі су көлік жүйесінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында облыстың су қоймаларында заң бұзушылық нәтижесінде ұсталған қайықтарды сақтау үшін оның ішінде, кіші көлемді қайықтарға арналған арнайы тұрақтар салу жоспарлануда (қайықтардың көп шоғырланған жерлерінде).

 

4 кесте. Саланың даму жөніндегі SWOT-талдауы:

Күшті жақтары (S):

Әлсіз жақтары (W):

1. Аймақтың көліктік инфрақұрылымы жоғары шоғырланғану деңгейімен сипатталады: негізгісі авто, теміржол және су арнасы облыс аумағы бойынша бір бағытта орналасқан;

2. Сапалы жағдайдағы автожолдардың өсу үлесі (54%-дан 62%-ға дейін);

3. Облыста автокөлік қатынасымен барлық елді мекендердің қамтылуы;

4. 2 жолақты теміржолдардың болуы;

5. Облыс бойынша транзиттік теміржолдың өтуі, облысты жақын щетелдермен, Қырғызстанмен, Тәжікстанмен, Өзбекстанмен және Ресей федерациясымен қарым қатынастың қамтылуы;

6. Әуе көлігі арқылы соңғы 3 жылда 12,2%-ға жолаушылар тасымалдау көрсеткіші өсуі;

7. «КоркытАта» халықаралық әуежайының болуы және оны қайта жаңғырту, техникаларының жаңарту жұмыстарының жүруі.

1. Автожол көпірлері мен  өткел жолдардың тозуы (75%);

2. Республикалық және жергілікті маңызды автокөлік жолдарының жағдайының нашарлығы 40%;

3. Облыс бойынша автожолдардың тығыздығының төмендігі 15,7 шақырым  1000 шаршы шақырымға ҚР орташа - 35,4 шаршы шақырымға);

4. Инновациялық және автоматтандырылған процестердің енгізілуінің төмендігі;

5. Кейбір аудандарда ауданішілік жолаушыларды және шалғай елді мекендерде көлік катынасының болмауы;

6. Темір жолдардың электр желісінің жоқтығы;

7. Әуе кемелерінің және теміржол инфраструктурасының тозуы;

8. Халықаралық әуе терминалының болмауы;

9. Ұсталған кішігірім кемелерді орналастыратын жердің болмауы.

Мүмкіндіктері (O):

Қауіптер (T):

1. Жолдардың инфраструктурасын дамытуға «Батыс-Европа-Батыс-Қытай» втомагистралі Европа және басқа елдермен қарым-қатынас жасауға септігін тигізеді;

2. Жаңа автожолдар салынғанда облыстың ішкі және сыртқы қолжетімділігі дамиды әсіресе «Нұрлы–жол» бағдарламасы аясында;

3. 2020 жылға дейінгі көлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасын іске асыру автожолдарды жаңғыртуға мүмкіндіктер береді;

4. Әуежайларда және теміржол саласында жолаушыларды қабылдау резервінің болуы;

5. Облыс бойынша транзиттік тасымалдаудың көлемін жоғарылауы;

6. Әуежайда халықаралық терминалдың ашылуы;

7. Өзбекстан арқылы Орталық Азия нарығына шығу үшін тасымалдау әлеуетін  дамыту.

1. Бюджет шығыстарын қысқарту себебінен автожолдар жағдайының одан әрі нашарлауы;

2. Облыстағы негізгі тасымалдаушылармен (мысалға, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ)  даму бағдарламаларының қысқаруы;

3. Энергия бағасының өсуі себебінен көлік шығындарының өсуі.

 

  Саланың негізгі проблемалары:

Автокөлік саласында:

автокөлік жолдарындағы көпірлердің және өткелдердің тозуы (75%); 

республикалық және жергілікті маңыздағы автокөлік жолдарының қанағаттанарлықсыз жағдайы  40%);

автомобиль жолдарынын көліктік катынас корсеткіштерін көтеру мақсатында жургізілетін жөндеу және қалпына келтіру жумыстарынын қаржы көлемінің жеткіліксіздігі;

автокөлік паркінің тозуы жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасының төмендеуіне әсер етеді;

тасымалдаушылардың бөлектігі (30-дан астам түрлі тасымалдаушы);

автокөлік инфраструктурасының қазіргі заманға сәйкес келмеуі (автовокзалдар, автостанциялар). Облыстың көлік инфрақұрылымын (1 автовокзал және 8 автостанса) өткен ғасырдың 60-70 жылдары салынған, қазіргі заманға сай келмейді;

жол бойында көрсетілетін қызмет түрлерінің дамымауы (кемпинг, эстакада, автотұрақтар, мотельдер, жедел көмек көрсету пункттері және т.б.);

Темір жол саласында:

кейбір бекеттерде жолдардың үлкен жүк пойыздарын қабылдауға-жөнелтуге мүмкіншіліктернің шектеулігі;

темір жол инфрақұрылымының техникалық жағдайы;

электрлендірілген теміржолдардың жоқтығы, бұл тасымалдаудың құнына едәуір әсер етеді;

Әуе саласында:

әуежай инфрақұрылымының қазіргі кезеңнің талабына сай келмеуі, бұл жолаушыларды аз қабылдауға алып келеді;

облысқа ұшатын күнделікті халықаралық әуе қатынасының жоқтығы облысқа келу мүмкіндігін азайтады, аймақтың әлеуметтік-экономикалық байланыстарын шектейді;

ұсталған су көліктерін сақтайтын арнайы тұрақтың болмауы.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1 Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму. Қазақстан халқына Жолдауы, 2015 жыл.

2 Қызылорда облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы// Қызылорда қаласы, 2015 жыл.

3 Қызылорда облысы әкімінің дағдарысқа қарсы іс – қимыл жоспары. 2016 жыл.