Саржанова Г.Ш., Маликтаева П.М., Манатбек А.И. Амиралиева И.У.
Таразский
инновационно-гуманитарный университет, Казахстан
Консервіленген жемістер мен көкөністерді тұтыну
Консервіленген көкөніс өндірушілері нарықты жаулап
алу үшін көптеген құрамдық өзгешеліктер
пайдалануда, көкөністер сан алуан үйлесіммен консервіленеді,
тіптен ең талапкер талғампаз сатып алушыларға да арнайы
жасалады.
Қазақстанның қайта өңдеушілері
әдетте қарқынды жұмысты қыркүйек-қазан
айларында бастайды. Көкөніс консервілері өндірісінің
құрамы республикада біркелкі емес. 1 суретте ҚР
аймақтары бойынша көкөніс консервілері
өндірісінің құрамы көрсетілген.
1-сурет. ҚР аймақтары бойынша
көкөніс консервілері өндірісінің құрамы
Статистикалық деректерге
сүйенер болсақ консервіленген көкөніс тұтыну
Қазақстанның 1 тұрғыны үшін жылына 2,8 келіні
құрайды (көк бұршақ пен жүгері тұтыну
қосылмаған). Тұтыну деңгейінің төмендегі
бірнеше себептермен түсіндіріледі (болжам мен бақылау
деңгейінде):
- Көкөністерді үй жағдайларында консервілеу
дәстүрі үй жағдайларында шырын дайындаудан
әлдірек.
- «Үй бикелері» үй жағдайында көнсервіленген
өнімдерге «дүкендікке» қарағанда көп сенеді.
- Жеке консервілерген көкөністер көбіне мерекелік
дастархандарға арналып алынады. 2 суретте консервіленген
көкністерді тұтыну жиілігі келтірілген.
2-сурет. Консервіленген көкөністерді
түрлі фокус-топтар бойынша тұтыну
Негізгі стратегия ретінде максималды тауарлық дифференциялау
сияқты бәсекелестік стратегиясы пайдаланылады (тағам
өнеркәсібі саласындағы мүмкіндікке байланысты), ол
өнім ассортиментінің кеңейтілуі арқылы жүзеге
асырылады:
- өнімнің түрлері бойынша;
- қаптама бойынша;
- салынуы бойынша. Өндірушілер нарықта өнімнің
көп түрын ұсынатын кәсіпорынның
басымдылыққа ие екендігін меңгерген, бірақ
әрқайсысының эксклюзивтік элементтері бар (мысалы, ерекше
құрам, өнімнің дәмі, оның бірегей
қаптамасы, қызықты заттаңба және т.б.).
Нарықта өнімнің аздаған түрімен де жұмыс
істеуге болады, бірақ мұндай жағдайда әр өнімге
ерекшелік пен жоғары сапа берген дұрыс. Бұл әдіс
әсіресе шағын өндірушілер үшін ұтымды.
Басқа маңызды бәсекелестік құралдарының
ішінде мыналарды бөліп айтуға болады, ол - сапа.
Сапа - Өнімдердің
кең таңдаулы екендігіне үйреніп қалған сатып
алушылар өнімнің сапасына талғампаз болып келеді, бұл
өндірушінің біраз ойлануына мәжбүрлейді. Төлемге
қабілеттілік артуда, демек неғұрлым сапалы өнімге
неғұрлым қымбат бағаны өтеу қабілеті де
артуда. «Галлап» компаниясы жасаған зерттеулерге сай
тұтынушылардың басым бөлігі өнімнің сапасына
назар аударады. Қалыптасқан жағдайда бәсекелестік бағалық
сипатқа ие емес, өнімнің сапасы маңызды болып табылады.
Белгінің танымалдылығы (бренд). Нарықта
анықталған белгі бойынша сатылатын тауарлар аты жоқ
тауарларға қарағанда жақсы өтеді. 3 суретте ҚР
аймақтары бойынша консервіленген жемістер өндірісі келтірілген.
3-сурет. ҚР аймақтары бойынша консервіленген жемістер
өндірісі
Ішкі өндіріс нарықтың консервіленген жемістерге деген
қажеттілігінің тек қана төрттен бір бөлігін
қанағаттандыра алады, дегенмен өндіріс көлемінің
арту қабілеті әлі де болса жоғары. 4 суретте консервіленген
жемістер тұтыну жиілігі көрсетілген.
4-сурет. Консервіленген жемістер тұтыну
Дамыған елдерде сатылатын жеміс-жидектердің
және олардан жасалған өнімдердің қауіпсіздік талаптарымен қоса,
сипаттамасы, тұтыну дәрежесіне қарай сорты мен мөлшері
көрсетіледі.
Қазақстан нарығында танымал
өндірушілердің атын жамылған жалған маркалы
азық-түлік өнімдері, жасанды жолмен жетілдірілген
жеміс-жидектер көптеп жеткізілуде. Алайда бізде оны
қадағалайтын қажетті техникалық құжаттар,
стандарттар жоқтың қасы.
Осы орайда тамақ өнімдерін соның ішінде
сусын өнімдерінің сапасы мен бағасын әлемдік
деңгейге көтеру үшін алдымен осы саланың нормативтік
құжаттарын өңдеп, халықаралық
стандарттарымен үйлестіру қажет.
Қолданылған әдебиеттер:
1 2014-2015 жылғы ҚР статистика.
2 Үй
консервілеу Г.Г. Токарев.- СПб: D66 «ЖШС Баспасы» Полигон «, 2004. -. 220C. Ила
3 Экологиялық таза өнім өндірісінің
экономикалық аспектілері // «Саясат»
ақпараттық-аналитикалық журнал.-2006 ж.№1(9).53-56 б.б.