Талапбаева Гульнар Едиловна
э.ғ.к, қауымдастырылған
профессор м.а
Есетов Ернур Аскерович
Қорқыт Ата атындағы
Қызылорда мемлекеттік университеті Мемлекеттік және жергілікті
басқару мамандығының магистранты
Ұлттық
экономиканың индустриалды – инновациялық даму жағдайында
аймақта өнеркәсіп кешенінің даму үдерісін талдау
Қызылорда облысы Қазақстанның
өнеркәсіпті өңірлерінің бірі болып табылады.
Облыста тау-кен өнеркәсібінің ірі кәсіпорындары
шоғырланған (ЖӨӨ 41,8%, жұмыспен қамтылғандардың
13,2% құрап отыр). Өңдеу
өнеркәсібінің өнеркәсіптегі үлесі 2012 жыл
мен 2014 аралығында 4,5% - 8,0% дейін өсті. Басты мәселе кен
өндіру және карьерлерді қазу саласының өнеркәсіп
құрылымындағы үлесінің көптігінде (2014
жылдың қорытындысына сәйкес 88,5%).
2014 жылдың қорытындысы бойынша ЖАӨ
жұмыспен қамтылғандардың 12,7% және ЖАӨ
41,8%, өндірілген өнім көлемі 574,7 млрд. теңгені
құрады (республикалық көрсеткіш көлемінің
5,3%).
Соңғы бес жыл көлемінде (2010-2014
жылдар) тамақ өнеркәсібінің көлемі 1,9 есе
өскен, мұнайхимиялық өнімдер көлемі 2,9 есе,
құрылыс материалдар өнімі 2 еседен аса өскен.
Өндірістегі тау-кен өндіру қызметінің үлесі
3,3%-дан 8,3%-ға дейін артқан.
2014 жылдың қорытындысымен кен өндіру
және карьерлерді қазу саласының өнеркәсіптегі
үлесі 88,5%, соның ішінде шикі мұнайдың үлесі
(86,7%). Өңдеу өнеркәсібінің
өнеркәсіптегі үлесі - 8,0%, электрмен жабдықтау - 2,8%,
сумен жабдықтау - 0,7%. Жалпы өнеркәсіптің нақты
көлем индексі 97,1%.
1 кесте. 2012-2014 жылдардағы экономикалық
қызмет түрлері бойынша өнеркәсіп өндірісінің
көлемі, млрд. тенге/%
|
Көрсеткіштер |
2012 жыл |
2013 жыл |
2014 жыл |
|
Өнеркәсіп
өндірісінің көлемі (тауарлар, қызметтер) |
1 109,3/ 104,3% |
1 164,1/ 104,9% |
995,0/ 85,5% |
|
оның
ішінде қызмет түрлері бойынша: |
|
|
|
|
Кен
өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу |
1 032,5/ 103,2% |
1 066,7/ 103,3% |
880,8/ 82,6% |
|
Өңдеу
өнеркәсібі |
50,3/ 118,1% |
67,3/ 133,9% |
79,8/ 118,5% |
|
Электр
энергиясымен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау |
21,9/ 130,2% |
23,5/ 107,1% |
27,3/ 116,2% |
|
Сумен
жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың
жиналуын және таратылуын бақылау |
4,6/ 143,4% |
6,5/ 141,2% |
7,1/ 108,4% |
Бұл саланың төмендеуіне кейбір кен
орындарында мұнайдың түгесілуі және
«Құмкөл», «Оңтүстік Құмкөл»,
«Ащысай» кен орындарын іске қосу мерзімінің 20-25 жылға дейін
кейін шегерілуіне орай шикі мұнай өндіру көлемінің
азайып кеткендігі себеп болуда.
Аймақтық орналасу бойынша Қызылорда
қаласы өнеркәсіптегі 90,7%, басқа аудандардың
үлесі 1% төмен: олар Арал, Қазалы, Қармақшы,
Жалағаш, Сырдария аудандары. Жаңақорған мен Шиелі
аудандарының үлесі 4,4 % және 2,7%. Осы екі ауданның
өнеркәсіптегі үлесінің артуы металлургия
саласының аймақтағы стратегиялық дамуына тікелей
байланысты.
Өнеркәсіптің дамуына
«Өнімділік-2020», «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламалары
арқылы қосымша мемлекеттік қолдаулар көрсетілуде.
2014 жылы «Бизнестің жол картасы 2020»
бағдарламасының өңірдегі қатысушыларына
төмендегідей қаржылар жұмсалды:
несиелердің пайыздық мөлшерлемелерін
субсидиялауға 6,9 млрд. теңге – 82 жоба;
несиелер бойынша кепілдік 90 млн. теңге – 31
жоба;
гранттық қаржыландыру 12 млн. теңге –
3 жоба;
бизнесті жүргізуге сервистік қолдау
көрсету 47,5 млн. теңге – 876 мамандандырылған қызмет
көрсетілді;
валюталық несиесі бар кәсіпорындарға
қолдау көрсету – 70,0 млн. теңге;
өндірістік инфрақұрылымдарды
дамытуға – 834,7 млн. теңге.
«Өнімділік-2020» бағдарламасы аясында
Қызылорда қаласында тұрғын үй комбинатының
құрылысына қолдау көрсетілді.
Өңірде индустриялық аймақтарды
құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Қызылорда қаласы мен барлық 7 ауданда оларды
құруға жер телімі бөлініп, бюджет есебінен
Қызылорда қаласы, Арал, Қазалы, Жалағаш және
Шиелі аудандарында олардың инженерлік және коммуникация
қондырғылары тартылды. 2 ауданда (Сырдария және
Қармақшы) индустриялық аймақтың
жобалық-сметалық құжаттары жасалды. Облыстың
индустриялық аймақтарынан 34 кәсіпкерлік субъектілеріне
құны 102,3 млрд. теңге құрайтын
инвестициялық жобаларды іске асыру үшін 137,9 га жер телімдері
бөлінді.
Өңірдегі
индустриялық-инновациялық саясаттың іске асырылуы
«Байқоңыр (Байконур)» ӘКК» ҰК» АҚ-ның
тығыз қатысуымен іске асырылуда. Акционерлік қоғаммен
бірлесе отырып 13 жоба жүзеге асырылды. Нәтижесінде 3 балық
өңдеу зауыты: Қазалыда - 1, Арал ауданында - 2
құрылды. Сонымен қатар, Арал ауданында сервистік дайындау
орталығы, Шиелі ауданында мия тамырын өңдейтін
экспортқа бағытталған зауыт, Қызылорда қаласында
ауыз су тазалауға арналған мембрана құрылғысын
өндіретін құрау зауыты және Жалағаш элеватор
зауыты жаңғыртылды.
Кен өндіру өнеркәсібі
Облыс аймағында көмірсутекті
шикізаттың, түсті металлдардың (мыс, қорғасын,
мырыш, алтын), қара металлдардың (темір, титан, ванадий),
уранның, кварц құмдарының, құрылыс
құмдарының, әктің, ұлу тастың мол
қорлары бар.
Ванадий қоры бойынша Қазақстан
әлемде бірінші орында болса, оның негізгі қоры
Қызылорда облысында шоғырланған. Ванадий кенінің
үлкен қоры Баласауысқандық пен
Құрымсақ кен орындарында орналасқан.
Мұнай өндіру саласының негізгі
өндірушілері болып «Петро Қазақстан Құмкөл
Ресорсис» АҚ, «Торғай Петролеум» АҚ,
«ҚазГерМұнай» БК» ЖШС, «ҚуатАмлонМұнай» БК» ЖШС болып
табылады. 2011-2015 жылдары АДБ аясында «ҚазГерМұнай» АҚ мен
«Саутс-Ойл» ЖШС-де ілеспе мұнай газын залалсыздандыру жобалары іске
қосылды.
Алдағы уақыттары шикі мұнай
қорының түгесілуіне байланысты бұл саланың
өсу қарқыны төмендейтін болады. Минералдық-шикізат
кешені саласын дамыту мақсатында мемлекеттің қолдауымен
Сырдария, Шиелі және Жаңақорған аудандарында
іздестіру-барлау жұмыстары жүргізілуде. Қармақшы
ауданында 3,5 мың метрлік тереңдікте ұңғыма
жұмыстарын жүргізу жобасы қолдау табылды.
Өңдеу өнеркәсібі
Өңірде өңдеу
өнеркәсібі ішінде тамақ, құрылыс материалдарын
өндіру, металлургия, машина жасау, химия және жеңіл
өнеркәсіп салалары жолға қойылған.
2 кесте. 2012-2014 жылдардағы Қызылорда
облысының өңдеу өнеркәсібінің негізгі
көрсеткіштері
|
Көрсеткіштер |
Өлшем
бірлігі |
2012 жыл |
2013 жыл |
2014 жыл |
ҚР
бойынша салыстыру (2014 жыл) |
|
Өңдеу
өнеркәсібінің нақты
көлемінің индексі |
% |
105,8 |
117,2 |
110,0 |
101,0 |
|
Өңдеу
өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі |
мың
АҚШ доллар/адам |
8,0 |
11,2 |
11,3 |
51,5 |
|
Шикізаттық
емес тауарлардың елдегі экспорт көлемінің үлесі |
% |
0,3 |
0,3 |
0,4 |
0,3 |
|
Өңдеу
өнеркәсібінің жалпы өнеркәсіптегі үлесі |
% |
4,5 |
5,8 |
8,0 |
37,1 |
|
Металлургия
өнеркәсібінің өңдеу өнеркәсібіндегі
үлесі |
% |
- |
14,2 |
14,8 |
10,3 |
|
Химия
өнеркәсібінің өңдеу өнеркәсібіндегі
үлесі |
% |
1,1 |
2,8 |
5,0 |
3,9 |
|
Өзге
металл емес минералдық өнімдерді өндіру саласында
өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі |
% |
19,4 |
18,2 |
9,9 |
7,2 |
|
Жеңіл
өнеркәсіптегі өңдеу өнеркәсібіндегі
үлесі |
% |
0,6 |
0,5 |
0,5 |
1,1 |
2014 жылдың қорытындысы бойынша
өңдеу өнеркәсібі саласында 46,8
млрд.теңгенің өнімі
өндірілген. Көрсеткіштің өсуі уран өндірісінің,
индустрияландыру картасындағы жобалардың іске қосылу («Арал
тұз» АҚ тұз өндіру жобасы, «РЗА» АҚ сүт
өнімдерін ө ндіру жобасы, «Хуа-Ю интернационал в Кызылорде» ЖШС
химиялық реагенттер өндірісі жобасы) және ірі
инфрақұрылымдық «Батыс Европа-Батыс Қытай»,
«Бейнеу–Бозой-Шымкент» жобаларына байланысты болды. Өндіріс
құнының арзандауына газ сұйықтығын
пайдалану тікелей әсер етті. Уран кендерін өңдеу
жұмыстарының өсімі бойынша Қызылорда
қаласының үлесі 39,1%, одан кейін
Жаңақорған ауданы 28,7%, Қазалы ауданы 11,8%,
қалған аз үлесі Қармақшы ауданына тиесілі 1,8%. Химия
өнімдерін өндіру 1,5%, негізгі бағалы және түсті
металдарды өндіру 70,8%,машина жасау 15,5%. Сонымен қоса,
өңдеу өнеркәсібінің басқа салаларында
төмен көрсеткіштер орын алуда.
Алайда, кейбір өңдеу
өнеркәсібінде өндірістің құлдырауын
байқалады. Атап айтқанда, өткен жылмен салыстырғанда
құрылыс көлемінің азаюына байланысты өзге металл
емес минералдық өнімдерді өндіру 35,1% төмендеп кеткен.
Бұл көрсеткішке «Бейнеу-Жезқазған» темір жол
магистральі мен «Батыс Европа-Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің
құрылысының аяқталуына байланысты.
Металлургия
2014 жылдың қорытындысы бойынша металлургия
өнеркәсібінде 11,5 млрд. теңгенің өнімі
өндіріліп, нақты көлем индексі 50,9% өсті. Негізігі
кәсіпорындар: «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ еншілес
компаниялары, «Байкен-У» ЖШС, «Уранның закись-окисьі» өнімдерін
өндіреді.
Металлургияның дамуы перспективасы
облысымыздағы, металлургия шикізатын тереңдей өңдеумен
байланысты. Негізінен қара металлургияның – ванадий өндірісі
және мырыш пен қорғасын кен орындағы түсті
металлургия базасының дамуы. Бұл сала аймақтың негізгі
экономикалық базасына айналып, халықтың жұмыспен
қамтылуымен қамтамасыз етуі мүмкін.
Облыста металлургия саласындағы инвестициялық
жобаларды іске асыру жұмыстары жүргізілуде. Аталған
бағдарлама Қазақстан Республикасының Президент
жанындағы тау-кен металлургия кеңесінде мақұлданған.
Алдағы 5 жылдықта қорғасын-мырыш
өндірісінің өнімдерін, ванадий рудасының кешенді игеру,
ферроқорытпа өндірісіне жолға қойылады.
Бастапқы кезеңде ірі жобаларды іске асыру
қарастырылған. Атап айтқанда,
«Самұрық-Қазына» АҚ бірлесіп,
Жаңақорған ауданында «Шалкия» қорғасын-мырыш кен
орнында өндірісі көлемі 4 млн. тонна құрайтын тау-кен
комбинатының құрылысы және кенішті кеңейту
жобасы. Кенішті және бірінші ретте байыту комбинаты фабрикасын іске
қосу 2017 жылдың аяғына жоспалануда. Екінші ретте
аяқтауды 2019 жылға жоспарланған. Жобалық
қуаттылыққа шыққаннан кейін кәсіпорын
1 500 маман мен жұмысшыларды жұмыспен қамтиды.
Тау-кен байыту комбинатының өнімдері - мырыш
концентраты (112 мың тонна жылына) және қорғасын
концентраты (29 мың тонна) металлургия өндірісінде кең
пайдаланылады.
«Балауса» компаниясы Шиелі ауданында
«Баласауысқандық» кен орнында кеңейту кешені мен ванадий
кенішінде жылына 1 млн. тоннаға дейін ванадий өңдеуді
арттыруды көздеп отыр. Компанияның қазіргі уақыттағы
негізгі қызметі ванадий кенішінде келесі өнімдерді кешенді
пайдалану. Атап айтқанда: жоғары дәрежедегі метаванадата
аммониясы, алюмокалий квацы, көмір-кремнийлі композитті флюсті
қолдану ретінде сапалы ферроқорытпа өндіру, төмен
сортты молибден концентраты, мишметалл. Жоба өңірлік
индустриаландыру картасына енгізілген.
2014 жылдың маусым айында ҚР Инвестициялар
және даму министрлігі мен «Байқоңыр ӘКК» ҰК»
АҚ арасында келісім-шартқа және Қызылорда облысы Шиелі
ауданы «Құрымсақ» кен орынында ванадийге барлауға
арналған жұмыс бағдарламасына қол қойылып,
нақты жұмыстар атқарылуда. Жоба аясында ванадий концентраты
мен ақырғы тауарлы өнім жоғары
құндағы феррованадийді өндіретін тау-кен байыту
комбинатының құрылысы жоспарланған. Қызылорда
қаласында қуаттылығы жылына 162 мың тонна төмен
аллюминді ферросилиция өндіретін ферроқорытпа зауытына
Қызылорда ЖЭО (50 га) жанынан жер телімі бөлінген.
Жылына мекеме 160 мың тонна металлургияға аса
қажет төмен аллюминиді ферросилицияны өндіреді.
Ферросилицияны өндіру үшін жергілікті арзан шикізат-кварц құмы,
кокс орнына-күріштің қауызы және сабан
қолданылады. Қазіргі уақытта жоба бойынша
«Қазақстан Республикасының минералды шикізат кешенін
өңдеу ұлттық орталығы» РМК жаңа
технологиясы бойынша ТЭН жасалынып жатыр.
Құрылыс индустриясы мен құрылыс
заттарының өндірісі
Қызылорда облысында металемес пайдалы
қазбалардың (кірпі шикізаты, құрылыс
құмдары, құрамында кварц бар құмдар, т.б.)
барланған баланстық қоры бар 30-дан аса кен орындары да бар.
Бұл кен орындарының көпшілігі темір жол бойынды
орналасқан. Бұл өз кезегінде өңірде кірпіш,
темір-бетон бұйымдарын, қиыршық тастың бірнеше
түрлерін және басқа да құрылыс заттарын
өндіруге жағдай жасайды.
2014 жылы құрылыс заттарын өндіру
саласында 9 482 млн. теңгенің өнімі өндіріліп,
былтырғы жылдармен салыстырғанда нақты көлем индексі
73,0% құрады. Өнім көлемінің төмендеуіне
құрылыс заттарына деген сұраныстың 2013 жылмен
салыстырғанда төмендеуі мен «Бейней-Жезқазған» теміржол
магистралы мен «Батыс Европа-БатысҚытай» халықаралық
автодәлізінің құрылыстарының аяқталуы себеп
болып отыр.
«Батыс Европа-Батыс Қытай» автодәлізі
құрылысы ірі жобасы мен «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік
бағдарламасын іске асыру, Қызылорда қаласы мен аудандарда
газдандыру жұмыстарын жүргізу өңірдегі
құрылыс заттарын өндіру саласының даму
қарқынына оң әсерін беріп, өндіріс көлемі
екі есеге дейін көтерілді.
2015 жылы аймақтық индустриалық карта
аясында Қызылорда қаласында жылына 15,0 млн. дана керамикалық
кірпіш шығаратын зауыт іске берілді. 2015 жылдың аяғына дейін
сэндвич-панель шығаратын зауыты, жылдық қуаттылығы 80,0
мың куб метр темір-бетон бұймдарын шығаратын
тұрғын үй құрылысы комбинаты, Арал ауданында
кірпіш зауыты іске қосылады.
Сонымен қатар, ҮИИДМБ іске асырудың
2016-2019 жылдарға арналған екінші бесжылдық аясында облыста
құны 73,7 млрд. теңге құрайтын, 700-ге жуық
жаңа жұмыс орыны ашылатын 7 жобаны (темір-бетон бұйымдарын
өндіретін, қиыршық тас, құрылыс заттарын,
асфальт-бетон, цемент, шыны өндіретін зауыттар) іске қосу жоспарлануда.
Шыны және цемент зауытының
құрылысына сияқты ірі жобаларды іске асыру, ауданда импорт
алмастырушы және экспортқа бағытталған өндірісті
шикізаттық емес сектордың үлесін ұлғайтпақ.
Сондықтан, «Бәйтерек» холдингімен бірге, «Инвестициялық
Қазақстан қоры» және американдық фирма «Steward
Engineress» (АҚШ) жылына 197 мың тонна шыны өндіретін зауыт
құрылысын бастады. Берілетін уақыты 2017 жыл. Өнімдері:
тақтайшалы, ламинатталған, шынықтырылған, энергия
үнемдеуіш, өткізгіштігі төмен шыны, айналар.
Қажетті шикізаттың (кварц құмы,
доломит, әктас) облыста өндіріледі. Арал қаласында АҚ
«Арал тұз» бірігіп шыны өндірісіне қажет компененттің
бірі кальциленген соданы өндіру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, ол
құрылыс шикізат бойынша шыны зауытының үшін кварц
құмын Арал аудандық байыту тау-кен және
өңдеу зауыты салу жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта жобаның бастамашысы
жобаны қаржыландыру үшін Қазақстанның Даму
Банкімен келіссөздер жүргізуде. Шыны және цемент
өндіретін зауыттарын салу жобаларын іске асыру өңірдегі
шикізаттық емес саласының үлесін өсірумен қатар,
импорты алмастыру мен экспортқа бағытталған өнімдерді
өндіруге мүмкіндік береді.
Химия өнеркәсібі
2014 жылы химия өнеркәсібі саласында 8,7
млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем
индексі 2013 жылмен салыстырғанда 192,8% құрады.
Өңдеу өнеркәсібіндегі химия
өнеркәсібінің үлесі 10,9% (2012 жылы - 1%).
Облыста ҮИИДМБ аясында іске асырылған
Қызылорда «Хуа-Ю интернационал» ЖШС (мұнай өнеркәсібіне
химия реагенттерін өндіру) мен «СКЗ-U» ЖШС (күкірт
қышқылын өндіру) тұрақты түрде жұмыс
жасайды.
Келешек бұл саланың дамуына «Арал тұз»
ЖШС қуаттылығы 200,0 мың тонна, 700 жұмыс орыны
ашылатын кальцилендірілген сода өндіру жобасын іске асыру жоспарлауда.
Қазіргі таңда барлық қажетті құжаттарды
келісі жұмыстары жүргізілуде.
Машина жасау
Облыстың машина жасау саласын негізінен теміржол
саласындағы кәсіпорындар құрайды. Олар: Арал ауданында
«Аралвагон» ЖШС мен «Сексеуіл локомотив жөндеу депосы» ЖШС, Қазалы
ауданында «Қазалы вагон жөндеу депосы» ЖШС мен «Қазалы локомотив
жөндеу депосы» ЖШС, Қармақшы ауданында «ППС-ойл трэйд» ЖШС (цистерна жуу,
жөндеу), Қызылорда қаласында «Ремпассажирвагон-1» ЖШС
және т.б.
Өңдеу өнеркәсібінде машина жасау
саласының үлесі 11,5% құрайды. Облыста 2014 жылы машина
жасау саласында 9,2 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп
(қызметі атқарылып), нақты көлем индексі 2013 жылмен
салыстырғанда 113,9% құрады.
Машина жасау саласында индустрияландыру картасы аясында
«Азов-Арал Агромаш» ЖШС-нің ауылшаруашылығы техникасын
құрастыру жобасы іске асырылды.
Қазіргі таңда «Байқоңыр»
ӘКК» ҰК» АҚ тарапынан машина жасау зауыты жобасын іске асыру
жұмыстары жүргізілуде. Аталмыш зауытта «Қазақстан темір
жолы» жылжымалы құрылымдар үшін қосымша бөлшектер
мен құрылғылар шығаратын жоғары
технологиялық станок жұмыс жасайтын болады. «Қазатомпром»
АҚ қоғам үшін агрегаттар түйіндер және
ерекше құрылғылар шығарылатын болады. Бұл
өнімдерді сатып алушылардың құрамына
агроөнеркәсіп кешендерінің мекемелері мен мұнай саласы,
тұрғын үй комуналды шаруашылық саласы да кіретін
болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
2
Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық
дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы. 10 тамыз 2014 жыл.
3 Қызылорда облысының 2016-2020
жылдарға арналған даму бағдарламасы// Қызылорда
қаласы, 2015 жыл.
4 Қызылорда облысы әкімінің
дағдарысқа қарсы іс – қимыл жоспары. 2016 жыл.
5 Қызылорда облысы Статистика
басқармасының мәліметтері.