Қазақ тілді оқытуда жаңа технологияларды қолдану мәселелері

 Кайрбекова Нургул Марпековна

Қазахстан№ Қарағанды№ №95  мектеп-гимназия

Елбасы Н.Ә.Назарбаев көрсеткендей, Қазақстанның болашағы қазақ тілінің дамуына, тағдырына тікелей байланысты. Сондықтан да мемлекеттік тілдің оқытылу жағдайына көп көңіл бөлініп отыр.Осы тұрғыда жаңа технологияларды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында кеңінен пайдаланамыз.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолдану арқылы, дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу- тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.Бүгінгі күннің талабына сай білім саласында жаңа технологиялар қолданудың маңызы зор.

Заман талабына сай білім беру оқушылардың адамгершілік, интеллектуалдық дамуының жоғары деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы әдістеріне көшуді талап етеді. Ондағы негізгі мақсат оқушыға сапалы білім беру болып табылады. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа кезкелген пәнді ұғындырудың тиімді жолы – жаңа технология негіздері болып табылады.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда жаңа технологияларды пайдалану мұғалім үшін қандай маңызды болса, оқушы үшін одан да маңызды. Жаңа технологиялар оқушылардың білім сапасын арттыруға, өздігінен жұмыс істеу мүмкіндігін молайтуға көп көмегін тигізеді

Соңғы жылдары оқытудың жаңа технологиялары білім беру саласында кеңінен қолданылып келеді. Олардың ішінде отандық әдіскер ғалымдар жасақтаған «Модульдік оқыту технологиясы»(М.Жанпейісова), «Деңгейлік тапсырмалар» (Ж.Қараев), әсіресе қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарына арналған «Сатылай кешенді талдау» (Н.Оразақынова) т.б. технологиялары мұғалімдердің қызығушылығын арттырып, оқу үдерістеріне кеңінен ендірілуде. Мұндай әдіс – тәсілдер мен оқытудың жаңа технологиялары туралы арнайы еңбектер мен ғылыми – әдістемелік тұрғыдан баяндайтын құралдар, түрлі курстар мен білім сатысы оқулары арқылы мұғалімдердің әдіскерлік шеберліктерін ұштауларына мүмкіндіктер мол. Сондықтан түпкі нәтижені таңдаудың, оны мақсатқа сай ұйымдастыра білудің маңызы зор. Оқыту әдістерінің кез келген түрін белсенді әрекетке айналдыру – мұғалімнің әдіскерлік шеберлігі мен шығармашылық ізденісіне байланысты болмақ. Оқыту әрекетінде жеке, топтық, ұжымдық жұмыстарды оқу мазмұны мен мақсатқа сәйкес, үйлесімді түрде жүргізудің қажеттілігі осыдан туындайды.

Біздің өз алдына дербес мемлекетке айналып, егемендігін алған асулы жылдарында мұғалім алдына жаңа талаптар қойылуда. Біздер айрықша кезеңде өмір сүрудеміз. Еліміздің болашағы, оның гүлдене дамуы мұғалім еңбегіне байланысты болып отыр. 1989 жылы «Тіл туралы» Заң ана тіліміздің өркендеп, қанат қағуына байланысты басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрену мәселесі ерекше қойылды. Қазақстандағы қоғамдық – саяси ахуалдың өзгеруі, елдің егемендік алуы, «Тіл туралы» Заңның қабылданып, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуы, сондай-ақ тіл ғылымында тілдің функционалдық-коммуникативтік ерекшеліктеріне көңіл бөліне бастауы, қазақ тілін оқыту әдістемесі идеяларының да түбегейлі жаңаруын қажет етті. 

 Қазақ тілі сабағы қазақ тілі туралы білім берумен бірге, қазақ тілінде сөйлеуге үйрету, сойлегенді ұгу, дұрыс жазу дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Тілдің ең негізгі өзіндік белгілері ұстаз елегенін өткізіліп, оқушылар ойына, білім дәрежесіне сай сипатталады. Үйретуге тиісті тілдік материал қазақ тіл білімінің соңғы жетістіктеріне негізделуі тиіс.

Бүгінгі оқушы кешегі оқушы емес, олар айналада болып жатқан құбылыстар мен өзгерістердің бәрінің себебін білгісі келеді. Ал оны түсіндіріп беру мұғалімнен білімділік пен біліктілікті талап етеді.

Өзінің саналық ғұмырын ағарту ісіне арнаған ұлтымыздың ұлы ұстазы А.Байтұрсынұлы: «Білім –біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік-сол білімді іске асыра білу дағдысы»,-деп бағалаған еді.  Ол үшін мұғалім қазіргі заманға лайық өзінің білім беру ісінде рухани, шығармашылық ізденіспен жұмыс жасап, өмірге еніп жатқан жаңа технологияны меңгерген, білімі мен білігі жоғары ұлағатты тұлға болуы міндетті.

Қорыта келе,қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында жаңа технология әдісін қолданудың жалпыға білім беретін мектептерде тиімділігі жоғары.Дәстүрлі әдістемеге тән нәрселер өзін-өзі оқыту,өзін-өзі дамытумен ғана шектеліп,өзара бір-бірімен тәжірибе алмаса алмайды,басқа топтармен топтасуға келмейді,тек бір жақты бағытты қалыптастырады.Ал, жаңа технологияны оқытудың мақсаты әр оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына жақсы жағдай туғызуды ұйымдастырады.Мұғалім сабақтарында жаңа технологияны қолданудың өзі инновациялық шығармашылықты қамтиды.Жаңа технологиялық үлгіні ұйымдастыруда өмірдегі жағдайларды модделдеуге,рөлдік ойындар,жағдаят пен жағдайлардың негіздемесіне қарап,жалпы сұрақтарды шешуде,ой-өрісіне ақпарат ағымының енуі үлкен серпінді шығармашылықты оятадыСабақтың өзгеше немесе өте қызықты болуына әкелетін әдіс-тәсілдер деп жаңа технологиялық әдістерді айтуға болады.Сондықтан, жаңа технологиялық әдіспен сабақ берудің қазіргі заман талабына сай,жүйелі де сапалы білім беруге, жан-жақты дамыған шығармашылық тұлға қалыптастыруда маңызы аса жоғары.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. «Қазақ тілі мен әдебиеті журналы» , мамыр-маусым,№3 2013 жыл.

2.Құдайбергенева К.С. Инновациялық тәжірибе орталығы-педагогикалық технология көзі. «Алматы»,2001 жыл.

3.Құдайбергенева К.С. Құзырлылық табиғаты-тұлғаның өздік дамуында. Алматы, 2006 жыл.