Джумабаева Нурсулу Салаватовна,
Орал қаласы,
№4 ОЖББМ III деңгейлі сертификатталған
Химия-биология пәнінің мұғалімі
Жаңа технология элементтерінің сабақ барысында
қолдану тиімділігі
Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту
әдістемеліік құралдардағы тың
жаңалықтардың бірі болып табылады. Оқушылардың
сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту технологиясын
қолдаушылар өте көп. Мысалы, М.О.Чошаков
проблемалық-модульдік оқыту технологиясын құру барысында
бұл әдістің оқушылар сыни тұрғыдан ойлай
білгенде ғана жүзеге асатынын атап көрсетті.
Сыни тұрғыдан ойлау
технологиясы – жаңа білім беру технологияларының бірі. Оны XX
ғасырдың 90-жылдары америкалық психологтар Д.Стил, К.Мередит
және Ч.Темпл ұсынған болатын. «Сыни тұрғыдан
ойлау» термині ұғымына ақпаратпен тиімді жұмыс істеуге
мүмкіндік беретін жеке тұлғаның коммуникативтік
қасиеттері мен ойлау жүйесі кіреді.
Бұл технологияның
мақсаты – оқушылардың тек оқу кезінде ғана емес,
өмірде де қажетті болатын
ойлау дағдыларын дамыту. Нақты шешім қабылдай білуі,
ақпаратпен жұмыс істеу, құбылысты әр түрлі
жағынан талдай білу. Бұл технология оқушының
жан-жақты дамуына бағытталған, дұрыс бағалай
білу, жаңа идеяларды ашу, өз ойы мен өз талқылауына
талдау жүргізу осының негізгі көрсеткіштері болып саналады.
Бұл технологияның
ерекшеліктері:
·
Оқу
үрдісі мен жеке тұлға мен ақпараттың өзара
әрекет ету заңдылығына, тану үрдісінің
механизміне құрылады;
·
Технологияның
әр кезеңдерінде мәтінмен жұмыстың түрлі
әдістері мен тәсілдері қолданылып, пікірталас
ұйымдастырылуы мүмкін;
·
Технологияның
стратегиялары бірлесе жоспарлау, талдау, кері байланыс қағидалары
негізінде оқытуға мүмкіндік береді.
Сыни тұрғыдан ойлау –
·
Танымпаздық
көрсету;
·
Зерттеу
әдістерін қолдану;
·
өзіне
мәселелерді қоя білуі;
·
деректердің
себептерін және салдарын анықтау;
·
жауаптарды
жоспарлы түрде іздеуді жүзеге асыру;
·
жалпы
қабылданған шындыққа күман келтіру;
·
өз
ойын қорыту және оны логикалық түрде дәлелдеу
қабілеті.
Сыни тұрғыдан ойлай білетін
оқушы ақпаратты түсіну мен бағалаудың түрлі
әдістерін меңгереді, қарама-қайшылықты
анықтап, өз ойын, өз біліміне ғана емес,
пікірлесушінің ойына да жүгіне отырып, дәлелдей алады, ол
сұрақтарға жоспарлы түрде жауап іздеп,
деректердің себептерін мен салдарын ашады.
Сыни тұрғыдан ойлаудың 5
сипаттамасы:
·
біріншіден,
өз бетімен ойлай білуі;
·
екіншіден,
жалпылама түрде ойлай білу;
·
үшіншіден,
проблемалар және бағалай ойлай білуі;
·
төртіншіден,
деректермен ойлай білу;
·
бесіншіден,
әлеуметті ойлай білу.
СТО бағдарламасында сыни
тұрғыдан ойлау 6 құрылымнан тұрады. Сыни
тұрғыдан ойлаушы:
·
басқа
адамның ойын бағалай біледі және адамның
қабылдауы мен кез келген мәселеге қарым-қатынасы
бірнеше факторлардың әсерінен болатынын түсінеді.
СТО технологиясында 3 кезең жүзеге
асырылады: «шақыру» - жаңа ақпаратты тану, түсіну –
ойлау(рефлексия).
1-кезең – Шақыру. Бұл
кезеңде оқушыларда бар білімді өзектілендіреді,
талқыланатын мәселеге қызығушылық туындайды. Ой
шақыру үшін сурет, сұрақ, тапсырма, мәселе,
жағдаят, миға шабуыл, тірек сөздермен жұмыс, орны
ауысқан логикалық тізбек, еркін хат, кластер, т.б.
қолдануға болады.
Бұл кезеңнің екі мақсаты
бар: біріншісі – бірнеше маңызды танмыдық қызмет
түрлерін жүзеге асыру. Оқушы шақыру кезінде белсене қатысады, себебі
бұл тақырып оған таныс болуы мүмкін. Бұл
кезеңде оқушы өз білімін талдап, тақырып туралы ойлай
бастайды, бір ерекшелігі осы тапсырма кезінде оқушы өз білімін деңгейін анықтай
алады, кейін оған жаңа ақпараттар қосылады. Бұл
жерде оқушы білімдерін бекіте түседі.
Оқыту үрдісі – бұрыннан белгілі
ақпарат пен жаңа білімді байланыстыру. Сөйтіп,
оқушылардың алдыңғы білімін қайта естеріне
түсіру арқылы жаңа ақпаратты толық түсінуіне
қол жеткізу үшін бұл кезеңнің маңызы зор. Екінші
мақсаты – оқушыны белсенділендіру. Оқыту белсенді
жүреді. Көбінесе оқушылар сыныпта өзі ғана
сөйлей беретін мұғалімді енжар тыңдап отырады.
Оқушы жаңа ақпаратты түсінуге саналы және сыни
тұрғыдан келуі үшін олар үнемі оқу үрдісіне
белсене араласуы керек.
1-кезеңнің тапсырмалары:
«Шатасқан логикалық тізбектер»
тәсілі.
Оқушылар өз идеяларын мәтіндегі
идеямен сабақтастыра отырып, жаңа ақпаратты түсінуге
ұмтылады. Тақтаға дұрыс және бұрыс
дәйексөздер жазылады, оқушылар оларды оқып, дұрыс
болса, «+», бұрыс болса, «-» белгілерін қоюы керек. Мысалы,
«Бейметалдар» тақырыбы бойынша қолдануға болады.
«Нұсқаулық» тәсілі. Шақыру
кезінде оқушыларға саабқтың барысы бойынша
нұсқаулық берілуі мүмкін. Мысалы, «Химиялық
реакцияның жылдамдығы» сабағы. Сынып мәтіндегі
бөліктер санына қарай бөлінеді. Оқушыларға
арналған нұсқаулық. 1. Химия оқулығы.
Әр топта өз саласы бойышша эксперт тағайындалады.
1-эксперт. Химиялық эксперттің
жылдамдығы
2-эксперт. Химиялық реакцияларға
әсер етуші факторлар
3-эксперт. Катализаторлар
4-эксперт. Қайтымды және
қайтымсыз реакциялар
Эксперттік топтағы жұмыс ережелері:
2-кезең. Мағынаны
тану.
Мағынаны тану кезеңі мына міндеттерді көздеді.
-
мәтінді
алаңдамай оқу;
-
көңіл-күймен
қабылдау;
«Сызықтардағы белгілер тәсілі». Оқушылар
мәтінді алып, сәйкесінше белгілер қояды.
«+» - оқыған нәрсеңіз білетін ақпаратқа
сәйкес болса;
«-» - егер оқыған нәрсеңіз бен білетін
ақпарат қарама-қарсы болса,
«V» - оқығаныңыз сіз үшін жаңа ақпарат
болса,
«?»- - оқығаныңыз сізге түсініксіз болса. Осылай
оқушылар мәтінді оқу кезінде 4 белгі қойып отырады.
Бұл жұмысқа уақыт мәтіннің көлеміне
қарай беріледі. «Белгіленген кесте» тәсілі. Бұл тәсілді
«Сызықтардағы белгілер» тәсілімен бірге қолданған
дұрыс. Мәтінді оқығаннан кейін оқушы кесте
құрады, осы кезде әр бағанаға жазылған
сөйлемдерге тиісті белгілері қойылады.
|
+ |
- |
V |
? |
|
|
|
|
|
Материал жұппен талқыланады, әр
жұптан бір оқушы ақпаратты хабарлайды, мұғалім
тақтаға түсіріп отырады. Ақпаратты талқылау оны
жүйелеуге, туындаған сұрақтарға жауап беруге
мүмкіндік береді.
«Екі бөлімді күнделік». Бұл
тәсілді сабақта қолданамын. Оқушылар мәтіннен
өз бетінше жұмыс істеп, оқығанын бір-біріне
түсіндіреді. Материалды түсіндіру кезінде екі бөлімнен
тұратын күнделіктер болады, бірінші бөліміне айтылатын материалдың
қысқаша мазмұны жазылады, түсіндіру кезінде сөзін
бөлуге, кедергі жасауға болмайды. Екінші бөліміне
туындаған сұрақтар мен түсініксіз
жерлерікөрсетіліп, кері қайтарылады. Мұндай күнделікпен
мұғалім лекция кезінде де қолдануына болады. Оқушылар
үлкен мәтіндерді үйден талдайтын болған кезде, екі
жақты күнделіктер өте маңызды. Бұл жағдайда
оқушы оқу кезінде қандай көлемде жазба жазуы керек екні
алдын ала айтылуы керек. Бұл тәсілді
«Нұсқаулықтар» тәсілімен бірге қолданған дұрыс.
Эксперт материалды түсіндірген кезде топтың өзге
мүшелері «Екі бөлімді күнделік» жүргізеді. Мысалы,
Эксперттің түсіндіруі кезінде
|
Белгілер |
Сұрақтар |
|
|
|
Әр эксперт түсіндірген сайын, осындай
күнделік жүргізіледі. Екі бөлімді күнделіктер
оқушыларға мәтін мазмұнын өз тәжірибесімен
байланыстыруына мүмкіндік береді. «Мәселені шешу парағы»
тәсілі. Бұл тәсіл оқуы нашар оқушылармен
жұмыс істегенде пайдалы. Бұл жерде материалды
кезең-кезеңмен талдау жүргізіледі. Оқушылар алдына
мәселе қойып, оның шешу жолын іздестіреді.
Мысалы,
|
Мәселе |
Шешу үшін не бар? |
Не жетпейді? |
Шешімі |
|
|
|
|
|
Бұл тәсілді практикалық
жұмыстарда қолдануға болады. СТО мен дәстүрлі
сабақтарды салыстырсақ:
|
СТО сабақтарда |
Дәстүрлі сабақтарда |
|
Оқушылар жекелей, жұппен, топпен жұмысты жақсы ұйымдастырады. |
Оқушы бірден жұмысқа кірісіп кетпейді. |
|
Өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттері, белсенділіктері басым. |
Белсенділік орташа, мұғалімнің көмегін керек етеді. |
|
Шығармашылық қабілеттері артады, топтағы әр оқушының жауапкершілігі басым. |
Шығармашылығы бірқалыпты, ынта-ықыластарын білдіре қоймайды. |
«Сын тұрғысынан
ойлау» бағдарламасының
қай әдісін алсақ та оқушының белсенділігін, ойлау
қабілетін, шығармашылығын жан-жақты дамытатынын
көрудеміз. Осы әдістерді үзбей қолдану – жеке оқушылардың
шығармашылық қабілеттерінің ашылуына жол сілтейді.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. С.Мирсеитова мен Ә.Іргебаева
«Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері, Алматы 2006
2. Ж.А. «Методологические основы совершенствовование педагогической системы обучения в школе